Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Адам өміріндегі қиын кезеңдер
Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп мұғалімдерімен өткізілген семинар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
13 Желтоқсан 2018
630
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Адам өміріндегі қиын кезеңдер
«Курчатов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ педагог-психологы Калиева Динара Сагындыковна
Жабырқаған кезде жұмыс істе, ол-қайғыны сейілтудің бірден-бір жолы. Жаның жабықпау үшін жұмыс істе: еш нәрсе де құлазыған жабырқаулықтан жұмыстай құтқармайды. Тасың өрге домалап тұрған кезде жұмыс істе: "бас айналудың" жұмыстан өзге ешқандай дәрісі жоқ. И. Бехер. Әр адам әр түрлі қиыншылықтар немесе қуанышты кезеңдер басынан өткізеді. Адам өмірде қандай күйде болмайды. Кейбір кездерде қуанышы қойнына сыймай, шаттанса, тағы бірде күллі әлем көзіне қара түнек болып көрінеді. Мұндай реттерде, әсіресе, әлі тәжірибесіз адамдар тығырыққа тіреліп, шарасыздыққа ұшырап торығады. Әрине, адам үнемі бірқалыпта әрі көңіл қалағандай күйде ғұмыр кешпейді. Сондықтан ренішті де қуанышты, бейнетті де рақат күндер алма-кезек келіп отыратынын жадына ұстап, соған орай, сабыр, тақат қылу, шүкіршілік ету мәнді қасиет болып табылады. Сабыр-әдептілік-инабаттылықтың рухани тірегі. Сабырлы адам басқа түскен ауыртпалықты мәрттікпен қабыл алады да, жеңіл, ұшқалақ кісі күйіп-піседі, өзін демде отқа бір, суға бір тастайды, қайғы-мұңға салынып, ұнжырғасы оңай түседі. Бейкүнә жандардың жанын жабырқатып, әдепсіздік жасайды. Егер сабыр, тақат болмаса, адам көрген қиыншылықтан тез сағы сынып, майырылып қалар еді. Сабыр сақтаған кісі бостан-босқа абыржып, арам тер болмай, алдымен өзі тап болған істің, жағдайдың байыбына жетіп, зерттейді; себебін табуға тырысып, орынды шешім қабылдайды. Сабыр-қандай жағдайда да адамның өзіне-өзі ие бола білуі, ұшқары сезімге бой алдырып, жеңілтектік жасамай, ұстамды болуы, әр нәрсенің байыбына барып, ақылға салып іс істеуі; іс - әрекетін алдына қойған мақсатына бағындыра білуі, сезімдерін қадағалай алуы, тосын жағдайға душар болғанда торықпауы немесе шалт қимылдарға бармауы. Сайып келгенде, сабырлылық-адамның өз-мінез құлқын басқарып, иелік ете алуы, ашулы, ызалы кезінде, қиын жағдайға тап болғанда, өмірлік маңызды мәселелерді шешкен кезде, ауырып-сырқағанда, өзін-өзі ұстай біліп, ақырын ойлай алуы. А.П. Макаренконың "Ұстамдылығы немесе сабыры жоқ адам тежегіші жоқ машина сияқты", - деген сөзі бұл мінезді жақсы сипаттайды. Адамның ми қабығында қоздыру мен тежеу процестері болып тұрады. Сабырлы адамда бұл процесс бірқалыпта болады. Ал ашуланшақ, қызба, жеңілтек, ойланып алмай, іс істейтін адамдарда қозу тежеуден басым түсіп отырады да, олар кейде өзіне ие бола алмай қалады. Бірақ бұл - әсерге көнбейтін нәрсе емес. Табанда да мақсатты тәрбие барысында жаттығу, машықтану арқылы оны түзеуге, сөйтіп, сабырлылық дағдыларын қалыптастыруға болады. Тағы бір айта кететін жағдай ол қазіргі таңдағы өзекті мәселе – барлық мемлекеттердің басын қатырып отырған дағдарыс жағдайы. Әр мемлекет бұл қиындықтан шығу жолын қарастыруда. Соның өзінде көптеген кәсіпорындар жабылып, жұмыссыздар саны көбеюде. Бұл таяқтың бір ұшы бізге де тиіп отыр. Кейбір мекемелерде жұмыс орны қысқаруда. Дағдарысқа қарсы тұрудың жолдары қазір барлық елдерде қарастырылып жатыр. Банктерге, қор рыногына қаржы құю қайтарымды амалдың бірі деп есептелуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы 6-наурыздағы "Дағдарыстан - дамуға" атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауының басты мазмұны дағдарыс жағдайында болса да, ол еліміздің стратегиялық басымдылықтары сол күйінде қалатындығын, қаражатты қай салаға бағыттау керек, халықты жұмыспен қалай қамтамасыз ету қажет деген өзекті мәселелерді қадап айтты. Жолдаудың басты маңыздылығы - әлеуметтік саланы қолдау. Әлемдік дағдарыс барлық елдерге де өз әсерін тигізуде. Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Дегенмен, бұл кезіңдерден Президентіміздің басшылығымен Үкіметтің дер кезінде дағдарысқа қарсы қаржымен, басқа да іс-әрекеттерімен қамтамасыз етілген бағдарламасының арқасында еліміздің ауыр күйзеліске ұшырамай өтуіне мүмкіндік туып отыр. Жаһандық қаржы дағдарысы Қазақстанды да жан-жақтан қыспаққа алуда. Мемлекет басшысының тапсыруымен Үкімет дағдарысқа қарсы күрес бағдарламасын жасап, оны жүзеге асыруға кірісті. Ұлттық қордан банктерге қаражат бөлінуде. Күннен-күнге өршіп келе жатқан қиындыққа қарамай, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев осындай кезде халықтың дағдарыстан қорықпай, керісінше, дағдарысты еңсеру үшін мемлекеттің жүргізіп жатқан экономикалық саясатына қолдау білдіріп, әрбір азаматтың өз бетінше көп еңбектенуі керектігі жөнінде айтқан. Қазіргі кезеңде тек Қазақстан халқын ғана алаңдатып отырмаған, бүкіл дүниежүзілік дүрліктірген мәселе-экономикалық дағдарыс, яғни қаржы дағдарысы екені белгілі. Қазақстанда басқа мемлекеттерге қарағанда бұл бағытта алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан болар, дағдарыс елімізге соншалықты әсерін тигізіп жатыр деп айта алмаймын. Отанымыздағы түсіністіктің, бірліктің арқасында Қазақстан халқының күш біріктіре жұмылуынын арқасында бүкіл қоғам болып мемлекетіміздің тұрақтылығы бағытында көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр деуге толық негіз бар. Біздің болашағымыз үшін ең басты мәселе-елдегі әлеуметтік тұрақтылық. Бұл бағытта Елбасының тапсырмасы негізінде әлеуметтік саланы қамтамасыздандыруда дер кезінде қажетті шаралар қолға алынуда. Мәселен, отбасына, анаға, балаға, мүгедек, қандай да бір әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға, ауыр жұмыстар атқарып азаматтарға көптеген жеңілдіктер беріліп, көмектер көрсетіліп жатыр. Мемлекет жұртшылыққа бұған дейін беріп келген уәделерінен айнымайды. Бюджеттік мекемелерде істейтіндердің жалақылары мен шәкіртақылар 2010 жылы 25 пайызға, 2011 жылы 30 пайызға, орта жәрдемақы 2010 жылы 25 пайызға, 2011 жылы 30 пайызға көбейеді. Бұлардың барлығын мемлекет тарапынан жасалып отырған үлкен көмек деп есептеуіміз керек. Осындай қиын кезеңде адамның өз-өзіне сенуі, ертеңгі күнге деген үмітін жоғалтпау керек.Адам басына қиындық туған кезде немесе серігімен келіспеушілік кезінде және т.б. жағдайларды жағымсыз эмоциялар пайда болады.
Жағымсыз эмоциядан қалай арылуға болады.
Кешірім жоқ жерде әртүрлі аурулар туындайды. Егер адам ауыра қалса, оның себебін өз жүрегінен іздеу керек. Кешіру қаншалықты қиын болса, сол кісіні іздеп, өзіне кешіргеніңіді айтуыңыз керек. Кешірім-бұл тазару, айығу. Қалай кешіру керек? Бұл жағын білу міндетті емес. Жаратқан әрі қарай өз көмегін береді. Өзің тәнің ауырып жүргенде жаныңды ауыртып көру-үлкен күйзелісті бастан кешіру. Ал, сіз басқаша жол жоқ екенін түсінуіңіз керек. 1-жаттығу. «Өкпені еріту». Тып-тыныш бір жерде, денеңізді бос ұстап отырыңыз. Өзіңізді қаракөлеңке тетрда отырмын деп есептеңіз. Алдыңыздағы шағын сахнаға (ең адамды көретін, көргіңіз келмейтін) сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін, бұрын ренренжітсін, қазір өмірде бар болсын әлде өмірден өтіп кетті ме, оған мән бермеңіз. Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдйы жақсы, жүзіне күлкі үйірілген кейіпте болуы керек. Оны бақытты деп біліңіз. Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызда ұстап тұрыңыз, сонан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз. Сіз кешірген адам сахнадан кетісімен, өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді де тек жақсы жағдайда елестетіңіз. Бақытты, күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз. Бұл әлемде жақсылық барлығыңызға тең жететінін ұғыңыз. Бұл жаттығу қара бұлтша ұйысқан өкпені еріту керек. Кей адамдарға бұл жаттығу өте қиынға соғуы мүмкін. Әр түрлі адамдарды елестетумен айына бір рет осы жаттығуды жасауға болады. Әрі қарай өмір сүрудің жеңілдігіне көз жеткіземіз.
2-жаттығу. «Тазару» жаттығулары. Өзіңізді (5-6 жас) жас баланың кейпінде елестетіңіз. Жақындап көзіне терең үңіліңіз. Көздің тереңіндегі мұңды көруге тырысыңыз, өйткені бұл сізге деген махаббат мұны. Әлгі кішкентай баланы өзіңізге жақын тартып, кеудеңізге қысыңыз. Сондай жақсы көретініңізді айтыңыз. Оның ақылына бас иетініңізді, қателіктер жіберсе де, жөндей білетін жан екендігін айтыңыз. Шындығында бәрі қателеседі. Қандай да бір көмек керек болса, қасынан табылатыныңызды айтыңыз. Енді осы баланы кішірейтіңіз. Бұршақтай боп кішірейгенде алыңыз да жүрегіңізге салып қойыңыз. Оның орны –жүректе. Енді анаңызды 5 жасар кезіндегі бейнесін елестетіңіз. Қорыққан, көмеккүткен кішкентай қыз балаға қолыңызды созып, жақсы көретініңізді айтыңыз. Қандай қиындық туса да көмек бере алатыныңызды айтып, жұбатыңыз. Жұбанып, қауіпсіздікті сезінгенде әлгіндей кішірейтіп, жүрегіңізге орнатыңыз. Ал енді әкеңізді елестетіп көріңіз. 3-5 жастағы кішкентай ұл бала бірдеңеден қорқып, бақырып жылап тұр. Кішкентай бетін жас жуып кеткен. Сіз бала жұбатуға үйреніп те қалдыңыз. Көтеріп кеудеңізге қысыңыз, жұбатыңыз. Сіздегі өзіне арналған махаббатты сезінсін. Көз жасы кеуіп, жұбанғанда жақсы сөздер арнап, кішірейтіп жүрегіңізге жайлап орналастырыңыз. Анаңызбен қатар тұрсын. Кішкене сәбиді жақсы көргендей ұлы сезім болмас, сірә!Сіз оларды сондай сүйесіз. Жүрегіңізде оларға деген орын әрқашан дайын. Жүрегіңізде бүкіл әлемді тазартатын махаббат бар. Әуелі өзімізді тазартудан бастаған жөн. Денеңізге жылу тарап, мамыражай рақатты сезінсеңіз, өміріңіздің басқа жақсы арнаға бұрылғаны деп біліңіз.3-жаттығу. Терең дем алып, барынша қайта шығарыңыз.Денеңізді босатыңыз. Өзіңізге былай деңіз: «Мен өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе, реніштен тазарғым келеді. Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш, өкпелерімнен құтылғым келеді.Мен жанға рақат жайбарақаттылықты сезінемін. Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын. Бірақ өкпені ұмыттым, кештім». Осы жаттығуды үш рет қайталаңыз. Осы жаттығу – сіздің тазару құралыңыз. Шынайы түрде орындап үйренсеңіз, сіздің өкпелегіштік қасиетіңіз жоғала бастайды. Жайланып, жақсылық жайлы ойлаңыз.

- Өзіннің сүйікті ісіңмен айналысу (хобби)
- Кітап оқу көмегімен ойыңды соған аудару, музыка тыңдау, фильмдер көру.
- Өзін ұнататын адаммен сөйлесу (қарым-қатынас жасау), балаларыңмен. (ішіндегі сырды ақтару-излить душу)
- Физикалық жұмысқа белсенді ауысу, (дене шынықтыруға, жаяу серуендеу, баубақшадағы жұмыстармен айналысу, дачада)
- Физиологиялыққа ауысу (тәтті тағамдар сатып алу, сүйіктіңмен бірге болу және т.б.)
- Логика күшімен жағымды ойға ауысу, еске алу.
- Аутотренингпен шұғылдану.
- Психологиялық ойындар ойнау;
- Егер серігің соншалық ашу –ызаға берілсе, оның ішкі сезім күштерін төмендетуге көмектесу керек. Өйтпейінше, онымен келісу өте қиын немесе мүмкін емес. Оның ашулы сәтінде өзіңді сабырлы, сенімді ұста. бірақ өзіңді жоғары қойма. Егер адам ашуға қатты берілсе, ойы теріс пікірлер мен сезімдерге толады. Сондықтан, қалайда оның өз-өзіне келуі әрекет етуі керек.
- Ашуды күтпеген әдістермен қайтар. Серігіңнен сенімді түрде басқа бір кеңестер сұра, бірақ бұл кеңестер оған маңызды болуы тиіс. Оған әр түрлі әзіл-қалжыңдар айт. Ең бастысы, сенің өтініштерің, еске түсірулерің, қалжыңдарың оның ашуын қайтаратындай болу керек.
- Қиындық туғызған мәселе мен өзің қалаған соңғы шешімді мақұлдауын сұра. Шешілмеген мәселенің қалайда шешімін табу керек. Серігіңмен бірге қандай мәселені шешу керегін анықта, одан соң біріге күш салыңдар. Өзіңді сезімге, ашуға билетпе.
- Қандай жағдай болмасын серігіңе өз пікірін сақтауға мүмкіндік бер. Өзіңді еш уақытта өз қолыңнан шығарма, ашуға ашумен жауап беруге мүлде болмайды. Оның ар-намысына тиме. Тіпті сенімен амалсыздан келіскен жағдайдың өзінде сені еш уақытта кешірмейді. Сондықтан оның өзіне емес, іс-әрекетіне ғана жауап бер.
- Оның талап-тілектері мен айтқандарының мағынасын дұрыс қабылда. «Сіз осыны айтқыңыз кеді ме? Мен сізді дұрыс түсіндім бе?» - деп жиі-жиі сұраңыз. Бұл әдіс дұрыс түсінбей қалудан сақтандырады және оны ықыласпен тыңдап отырғаныңызды көрсетеді.
- Өзіңді тең ұста. Өзіңді сенімді, сабырлы ұста. Ол серігіңді ашу-ызаға берілуден сақтап, екеуіңді де абыройсыз жағдайға қалдырмайды.
- Кінәлі болсаң , кешірім сұрауға ұялма. Біріншіден, ашудың алдын аласың. Екіншіден, саған көзқарасы өзгереді. Өзіне сенімді, өзін жетілдірген адам ғана кешірім сұрай алады.
- Қарама-қайшы ойлар шешімін тапқан соң, ол адаммен қарым-қатынасыңды сақтауға тырыс.
- Серігіңе сыйластық сезіміңді көрсете отырып, түсініспеушіліктен болған арадағы жағдайға қиналатыныңды айт. Егер арадағы қарым-қатынасты дұрыс сақтасаң, оның сенімен алдағы уақытта да біріге жұмыс істейтіні даусыз.
Кешірім жоқ жерде әртүрлі аурулар туындайды. Егер адам ауыра қалса, оның себебін өз жүрегінен іздеу керек. Кешіру қаншалықты қиын болса, сол кісіні іздеп, өзіне кешіргеніңіді айтуыңыз керек. Кешірім-бұл тазару, айығу. Қалай кешіру керек? Бұл жағын білу міндетті емес. Жаратқан әрі қарай өз көмегін береді. Өзің тәнің ауырып жүргенде жаныңды ауыртып көру-үлкен күйзелісті бастан кешіру. Ал, сіз басқаша жол жоқ екенін түсінуіңіз керек. 1-жаттығу. «Өкпені еріту». Тып-тыныш бір жерде, денеңізді бос ұстап отырыңыз. Өзіңізді қаракөлеңке тетрда отырмын деп есептеңіз. Алдыңыздағы шағын сахнаға (ең адамды көретін, көргіңіз келмейтін) сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін, бұрын ренренжітсін, қазір өмірде бар болсын әлде өмірден өтіп кетті ме, оған мән бермеңіз. Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдйы жақсы, жүзіне күлкі үйірілген кейіпте болуы керек. Оны бақытты деп біліңіз. Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызда ұстап тұрыңыз, сонан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз. Сіз кешірген адам сахнадан кетісімен, өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді де тек жақсы жағдайда елестетіңіз. Бақытты, күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз. Бұл әлемде жақсылық барлығыңызға тең жететінін ұғыңыз. Бұл жаттығу қара бұлтша ұйысқан өкпені еріту керек. Кей адамдарға бұл жаттығу өте қиынға соғуы мүмкін. Әр түрлі адамдарды елестетумен айына бір рет осы жаттығуды жасауға болады. Әрі қарай өмір сүрудің жеңілдігіне көз жеткіземіз.
2-жаттығу. «Тазару» жаттығулары. Өзіңізді (5-6 жас) жас баланың кейпінде елестетіңіз. Жақындап көзіне терең үңіліңіз. Көздің тереңіндегі мұңды көруге тырысыңыз, өйткені бұл сізге деген махаббат мұны. Әлгі кішкентай баланы өзіңізге жақын тартып, кеудеңізге қысыңыз. Сондай жақсы көретініңізді айтыңыз. Оның ақылына бас иетініңізді, қателіктер жіберсе де, жөндей білетін жан екендігін айтыңыз. Шындығында бәрі қателеседі. Қандай да бір көмек керек болса, қасынан табылатыныңызды айтыңыз. Енді осы баланы кішірейтіңіз. Бұршақтай боп кішірейгенде алыңыз да жүрегіңізге салып қойыңыз. Оның орны –жүректе. Енді анаңызды 5 жасар кезіндегі бейнесін елестетіңіз. Қорыққан, көмеккүткен кішкентай қыз балаға қолыңызды созып, жақсы көретініңізді айтыңыз. Қандай қиындық туса да көмек бере алатыныңызды айтып, жұбатыңыз. Жұбанып, қауіпсіздікті сезінгенде әлгіндей кішірейтіп, жүрегіңізге орнатыңыз. Ал енді әкеңізді елестетіп көріңіз. 3-5 жастағы кішкентай ұл бала бірдеңеден қорқып, бақырып жылап тұр. Кішкентай бетін жас жуып кеткен. Сіз бала жұбатуға үйреніп те қалдыңыз. Көтеріп кеудеңізге қысыңыз, жұбатыңыз. Сіздегі өзіне арналған махаббатты сезінсін. Көз жасы кеуіп, жұбанғанда жақсы сөздер арнап, кішірейтіп жүрегіңізге жайлап орналастырыңыз. Анаңызбен қатар тұрсын. Кішкене сәбиді жақсы көргендей ұлы сезім болмас, сірә!Сіз оларды сондай сүйесіз. Жүрегіңізде оларға деген орын әрқашан дайын. Жүрегіңізде бүкіл әлемді тазартатын махаббат бар. Әуелі өзімізді тазартудан бастаған жөн. Денеңізге жылу тарап, мамыражай рақатты сезінсеңіз, өміріңіздің басқа жақсы арнаға бұрылғаны деп біліңіз.3-жаттығу. Терең дем алып, барынша қайта шығарыңыз.Денеңізді босатыңыз. Өзіңізге былай деңіз: «Мен өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе, реніштен тазарғым келеді. Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш, өкпелерімнен құтылғым келеді.Мен жанға рақат жайбарақаттылықты сезінемін. Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын. Бірақ өкпені ұмыттым, кештім». Осы жаттығуды үш рет қайталаңыз. Осы жаттығу – сіздің тазару құралыңыз. Шынайы түрде орындап үйренсеңіз, сіздің өкпелегіштік қасиетіңіз жоғала бастайды. Жайланып, жақсылық жайлы ойлаңыз.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)