Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Адам оның қоғамдағы орыны
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Адам оның қоғамдағы орны
Тема урока:
Сабақтың мақсаты: беріліп отырған тақырыпты мемлекеттік стандартқа сәйкес оқу бағдарлама негізінде білімалушылардың білімін дамытуда және дағдыны оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып қалыптастыру.
Цель занятия:
Сабақтың міндеттері:
Задачи занятия:
Білімділік: Адамның әлеуметтік және биологиялық ерекшелігі, адамның қызығушылығы және қажеттілігі және әлеуметтік норма мінез-құлық реттеушісі туралы білім беру.
Образовательная:
Дамытушылық: Білім алушылардың ойлау қабілетін арттыру, алған білімдерін дұрыс пайдалана білуге үйрету.Философия пәнінің объектісі туралы ұғымдарын дамыту.
Развивающая:
Тәрбиелік: Өзінің қоғамда алатын орнын, дүниеге деген дұрыс көзқарас қалыптастыра білуге тәрбиелеу.
Воспитательная:
Сабақтың жабдықтары: «Философия» оқулығы, бор, тақта.
Оснащение занятия:
Пәнаралық байланыс: Тарих, қоғамтану.
Межпредметная связь:
Пәнішілік байланыс: Мәдениеттану
Внутрипредметная связь:
Теориялық сабақ барысының технологиялық картасы
Технологическая карта конструирования этапов теоретического занятия
|
Сабақ бөлімдерінің атауы Название раздела занятия |
Уақыт тәртібі Временной режим |
1 |
Ұйымдастыру кезеңі Организационная часть |
2 минут |
2 |
Оқытушының кіріспе сөзі Целевая установка занятия |
3 минут |
3 |
Білімнің негізін өзектілей (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме |
25 минут |
4 |
Жаңа тақырыпты түсіндіру Изложение нового материала |
40 минут |
5 |
Жаңа тақырыпты бекіту Закрепление новой темы |
10 минут |
6 |
Баға қою Выставление оценок |
5 минут |
7 |
Үй тапсырмасы Домашнее задание |
5 минут |
Теориялық сабақтың барысы
Ход теоретического занятия
I.Ұйымдастыру кезеңі. . сәлемдесу, білім алушылардың сабаққа қатысын тексеру, кезекшімен сұхбат, сабаққа әзірліктерін қарау.
Организационная часть.
II.Оқытушының кіріспе сөзі. (сабақтың тақырыбы мен мақсатына шолу) Бүгінгі сабақтың тақырыбы : Адам оның қоғамдағы орны
Білімділік міндеті: философияның дамуы туралы білім беру.
Сабақтың түрі – теория.
Целевая установка занятия. (обзор темы и цели занятия)
III.Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру.
1.Таным формасы мен әдісі.
2. Танымы объектісі және субъектісі.
3. Танымдық қабілеттілігі.
4.Танымдық үрдістің негізгі көзқарасы: гностицизм және агностицизм. 5.Ақиқат және оның түрлері.
Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся
работали дома по теме:
IV.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
1.Адамның әлеуметтік және биологиялық ерекшелігі.
2.Адамның қызығушылығы және қажеттілігі.
3. Әлеуметтік норма мінез-құлық реттеушісі.
Изложение нового материала.
Адам оның қоғамдағы орны.
Жоспар:
1. Адамның әлеуметтік және биологиялық ерекшеліктері.
2. Адамның қызығушылығы және қажеттілігі.
3. Әлеуметтің норма мінез-құлық реттеушісі.
Адам — табиғаттың құрамды бір бөлігі, тірі ағзалардың ұзақ уақыт тарихи дамуының жемісі. Көрнекті орыс ғалымы И. П. Павлов адамның табиғаттағы алатын орнын жоғары бағалаған. Ғалым «адам табиғаттың асқақ туындысы, әрі ол күрделі де нәзік жүйе» — деп, қорытынды жасаған. Адамды табиғаттан мүлде бөліп қарауға болмайды. Біріншіден — оның дене құрылысы, тіршілік әрекеті басқа ағзаларға өте ұксас. Екіншіден — адам қанша саналы болғанымен табиғатсыз өмір сүре алмайды. Адамның әлеуметтік тұлға ретіндегі ерекшеліктері оның ақыл-ой, санасы арқылы айқындалады. Себебі адам — ақыл-ой, санасы арқылы өзін қоршаған табиғи ортаны танып білед Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы философиялық антропология бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер мен ағымдардан тұрады.
. Адам өте күрделі біртұтас жүйе, өз кезіңде одан да күрделі екі жүйенің (биологиялық және әлеуметтік) құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл дегеніміз, адам тек қана биологиялық емес, сонымен бірге әлеуметтік тіршілік иесі болып табылады. Сонда адам тарихи жолмен биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде қалайша қалыптасты екен? Бұл сұрақ антропогенез мәселесінің мәні деуге болады.
ХІХ ғасырда антропогенез мәселесінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне мүмкіндік туа бастады. Эволюциялық теория дүниеге келді (Ч. Дарвин). Адамның шығуы мен қалыптасуын биологиялық заңдарға сүйене отырып түсіндіруге тырсты. Бір кемшілігі - әлеуметтік факторлары қарастырмауы.
Ф. Энгельс антропогенездің еңбек теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша еңбек биологиялық заңдарды жоққа шығармайды, керісінше түрлендіреді, нығайта түседі. Сөйлеудің, тілдің, мидын, ой-сананың дамуын осы еңбекпен байланыстырады.
Адамның мәні туралы мәселе адам туралы ілімнің өзегі болып табылады. і.Адам ағзасының жоғарғы сатыдағы жануарлардан (приматтардан) негізгі ерекшеліктері:
I.Қаңқа
1. Омыртқа жотасының пішіні 4 иілімді S тәрізді
2. Аяқтары қолдарынан едәуір ұзын және күштірек
3. Бассүйек алдыңғы жақта карақұстың үлкен тесігінен арқа жағына «асылып» тұрмай (дорсально) үстіңгі жағына «орныққан»
4. Ми орналасқан бөлік беткі бөліктен едәуір қомақты
5. Тіс, жақсүйек, тұмсық бөлімі нашар дамыған
6. Төменгі жақсүйек таға тәрізді, иегі шығыңқы
7. Шайнау бұлшықеттері жойылып кеткендіктен, бассүйек бұдырлары тегістеліп кеткен
8. Қас үсті буылтығы кас үсті доғасына алмасқан
9. Аяқбасы — дөңес, баспайы — үлкен
10. Басбармағы өзге саусақтарға қарама-карсы орналасқан
11. Қолдары иыққа бекінген; кеуде қуысының ені, ұзындығы мен тереңдігінен кеңірек
12. Жамбас астауы тостаған тәрізді
II. Бұлшық ет
13. Тіл бұлшықеттері күшті дамыған
14. Ымдау бұлшықеттері дамыған
15. Қолды айналдыра қозғайтын білек бұлшықеттері жаксы дамыған
16. Көмекейдің ерекше дауыс шығаратын бұлшықеттері бар
III. Жүйке жүйесі және сезім мүшелері
17. Миы үлкейген, «бедерлер» — үлкен ми сыңарлары қыртысының қатарлары есебінен дамыған
18. Көру, есту, түйсіну дамыған; иіс сезу өзгерген (нашар)
19. Екінші сигналдық жүйе — сөз — дерексіз ойлау, көз алдына елестетумен өзара байланыста қалыптасқан
20. Барлық деңгейлердің психиялық үдерістері жетілген
IV. Жабын (тері)
21. Түкті жабын жойылған
22. Теріде тер бездері және рецепторлары көп
23. Саусақ ұшындағы жұмсақ еттің бүртікті өрнегі күшті дамыған
Қазіргі кезде адамды түрлі бағытта зерттейтін ғылымдар бар. Ол адам табиғатына ерекше мән береді. Адам табиғаты дегеніміз — адамның жеке басына тән сипаттар жиынтығы. Оны кебіне гуманистік касиеттер жүйесі деп атайды. Гуманизм (лат. humanus -адамгершілік, ізгілік) адамды жеке тұлға ретінде тани білу туралы көзқарастар жиынтығын қамтиды. Оған адамның еркін дамуын, шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру құқығын мойындау жатады. Гуманизмнің басты қағидасы — жеке адам бойындағы құндылықтарды мойындап, олардың жүзеге асуына жағдай жасау.Адамның саналы тұлға ретінде қалыптасуында еңбектің рөлі зор. «Адамды адам еткен — еңбек» деген тұжырым соны толық аңғартады. Адамның пайда болуының өзі тікелей еңбек етуге үйренуімен байланысты. Еңбек әрекеттері арқылы ми мен сезім мүшелерінің кызметі жетіле түсті. Соның нәтижесінде, адамның таным кабілеттері де дамыды. Еңбек етіп, бірімен-бірі қарым-қатынас жасауының арқасын-да сөз пайда болды. Айқын сөз негізгі қарым-қатынас құралына айналып, қоғамның қалыптасуына мүмкіндік туғызды.Адамның қалыптасуында жеке адамдардан отбасы құралды. Туыстық жақын отбасылар бірігіп үлкен әулет құрады. Еңбек ету, қарым-қатынас барысында ұжымдар пайда болды. Ұжымдардан бірте-бірте коғам қалыптасты. Әрбір саналы адам — өзі өмір сүрген қоғамның толық мүшесі болып саналады.Қазіргі кезде өмір сүріп жатқан адамдардың дене бітімі, санасы толық қалыптасқан. Қазіргі кезде қалыпты анатомия ғылымында кемел адам (нормальный человек) деген ұғым бар. Дені сау адам қоғамдағы жауапкершілікті жақсы сезінеді (2-кесте).Қазіргі кезде дені сау ересек адамды кейде кемеліне келген (зрелый) адам деп те атайды. Оның бойының ұзындығы — 170 см, дене салмағы — 70 кг, өмір сүру ұзақтығы — 70 жас, терісінің ауданы 1,8 м2.Денсаулық — адам өмірінің басты кепілі. Әрбір дені сау адам қоғамның басты байлығы. Жеке адамдардың денсаулығынан қоғамның денсаулығы қалыптасады. Денсаулық адамның негізгі көрсеткіші болып саналады. «Денсаулық — зор байлық», «Дені саудың — жаны сау», «Халқың сырқат болса, қабырғаң сөгіледі» деген халықтық даналық сөздерде үлкен мән бар.Әрбір адам өз денсаулығын сақтау үшін салауатты өмір салтын ұстануы қажет. «Қазақстан — 2030» бағдарламасында салауатты өмір салтын қалыптастыру шаралары нақты атап көрсетілген. Елімізде 1997 жылы «Азаматтардын денсаулығын сактау туралы» арнайы заң қабылданған.Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Денсаулық дегеніміз біріншіден — аурудын немесе дене кемістігінің болмауы. Екіншіден — адамның денесінің, рухани жан дүниесінің қалыпты жағдайы, өміріне қажетті әлеуметтік жағдайлардың болуы.
Қажеттілік әрекет етуге себепші болады. Адам қажеттілікті сезіне бастағанда, онда талапатану күйі сезілдеі. Талаптану – бұл бір нәрсенің жетіспеушілігін сезіну, белігілі бір мақсат көздеу. Бұл мінез-құлықтағы қажеттілік көрінісі, әрі мақсатқа жеті ниеті болып саналады. Осы тұрғыдан қарастырғандағы мақсат – бұл қажеттілікті қанағаттандырудың өзіндік әрекеті. Адам өз мақсатына жеткен кезде оның қажеттілігі не қанағаттандылығы, не қанағаттанбайтын болады. Келесі схемада мінез-құлықтың осындай типі көрсетілген.Қажеттілік арқылы мінез-құлық мотивациясының моделі.Қойылған мақсатқа жеткеннен кейінгі қанағаттану дәрежмесі адамның мінез-құлқына ықпал етеді. Адамдардың мінез-құлқында қанағаттану сезімін қайталау, керісінше жеткілікті қанағаттанбау сезіміне бой алдырмау байқалады. Бұл факт нәтиже заңы ретінде белгілі.Әрекет етуге талаптанған адамдардың қажетін анықтау, әсіресе маңыздылық ауқымын айқындау үшін мотивацияның маңызды теорисяын зерттеу қажет.А.Маслоу бойынша қажеттілік пирамидасы. Маслоу адамдарды бұрын тәжірибесі бар, әрі білімді деп қарамай, оларды өзін-өзін жетілдіретін және өзін-өзі меңгеретін, өз өмірін қалыптастыра алатын жандар ретінде қаратырылады. Ол адамдарда иерархиялық жүйеден тұратын көптеген қажеттілік болатындығы мойындайды. А.Маслоу бұл қажеттіліктерді бес категорияға бөледі.Физиологиялық қажеттілік өмір сүру үшін керек. Бұған тамақ, су, баспана, демалу және жыныстық қатынас қажеттіліктер жатады. Қауіпсіздік, қорғану, және болашаққа сенімділік қажеттіліктеріне қоршаған орта тарапынан болатын физикалық және психологиялық қауіп қатерден қорғану қажеттілігі, болашақта физиологиялық қажеттіліктің қанағаттандырылуы мүмкін. Әлеуметтік қажеттілік– бұл бір нәрсеге немесе біреулерге қатыстылық сезімі, өзіңді біреулерден құрметтеу сезімі, әлеуметтік қарым-қатынас, құштарлық және сүйемелдеушілік сезімі. Құрметтеу қажеттілігінеөзін-өзі құрметтеу, жеке басының жетістіктері, біліктілігі, басқа біреулердің оны құрметтеуі, мақұлдауы жатады.Өзін-өзі көрсету қажеттілігі - өзінің потенциалды мүмкіндігін жеке ьасының өсіп жетілуін жүзеге асыру қажеттілігі.А.Маслоу көзқарасы «қажеттілік иерархиясы» әдістемесі деп аталады. Ол қажеттіліктің қатаң иерархиялық құрылымды орналастыруға болады деп есептеді.А.Маслоу бойынша қажеттілік иерархиясы А. Маслоудың жорамалдауынша, төменгі деңгейдегі қажеттілік қанағаттандырылған жағдайда ғана едәуір жоғары деңгейдегі қажеттілік пайда болады да, адамдардың назарында осы жоғары деңгейдегі қажеттілікті қанағаттандыру ой ниеті туындайды. әрбір нақты уақыт кезеңіне орай адамдар өзіне аса маңызды немесе күшті қажеттілікті қанағаттандыруға ұмтылады.А.Маслоу теориясы адамдардың жұмысқа ынталану негізін түсінуге зор үлес қосты. Басшылар адамдардың мотивациясы, олардың жан-жақты қажетсінуімен айқындалатынын түсінді.Бүкіл ұйымның ойлаған мақсатына жету үшін басшылар адамдардың ең ажетті нәрселерін, мүмкіндігінше тлық қанағаттандыруға тырысу қажет.Басшы өзінің қарамағындағыларды мұқият бақылауы, сөйтіп, қандай қажеттілік олардың белсенділігін арттыратындығын білуі тиіс. Қажеттік уақыт өткен сайын өзгеріп отыратындықтан, адамдарға бір рет қолайлы жағдай жасағаннан кейін, ол үнемі жұмысқа тиімді әсер етеді деп есептеуге болмайды. Уақыт өте келе мотивация көзқарасы да өзгереді. Мәселен, бұрын экономикалық тәсіл басым болса, енді мотивацияға әлеуметтік-экономикалық тәсіл бола бастады.
Қазіргі уақытта әлемдегі барлық проблемалар түптеп келгенде экономикалық хал-жағдайға келіп тіреледі. Бұл ретте, экономикалық жақтан гүлденіп, дамыған, дамып келе жатқан және даму жолына түскен, не болмаса артта қалған мемлекеттердің қай-қайсысында болмасын ерекше мән беруді талап ететін жеке адамдар мен топтар кездеседі. Олардың қатарында психикасына зақым келген, дене мүмкіндігі шектеулі, мүгедек адамдармен қоса, мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдауды қажет ететін адамдар да бар.
Қоғамда әдеттегі «қалыпты» дамыған адамдар мен қатар, одан ауытқыған адамдардың болуы заңдылық ретінде қарастырылады. Әр түрлі теріс әрекеттерге душар болған, қылмысқа барған, ұрлық, қарақшылық, зорлық, маскүнемдік, нашақорлыққа салынған. Сонымен қатар, туа біткен мүгедектер, ауруға ұшырағандар, еңбекке жарамсыз адамдарды «қалыптан» (нормадан) тыс, теріс (негативті) ауытқыған адамдар қатарына жатқызсақ, дарынды, іскер, ғылым және техникада зор игіліктер мен табысқа жеткендер, әдепби шығармашылықта, өнерде басқалардан озық туындылар жаратқан адамдарды «қалыптан» (нормадан) тыс, оң (позитивті) сипатта ауытқыған адамдар деуге болады.Осылардың ішінде аса қауіпті қылмыскерлер, өз басына не басқаларға қауіпті істерге баратындар, қоғамдық тәртіпті бұзушылар, заңсыз әрекеттерге баратын алаяқтар мен ұрылар басқа да заң бұзушылар «қалыптан» ауытқушылар қатарына қосылады. Әлеуметтану ғылымында мұндай әрекеттерді «девиация» (ауытқу-отклонение) деп атайды. Бұл қоғамның алға басуына өз кесірін тигізетіні де белгілі. Осы жоғарыда айтылып өткен девиацияға ұшыраған адамдармен әлеуметтік педагогикалық жұмыс жасау бүгінгі күннің қажетті де өзекті ісі болып табылады.
V.Жаңа тақырыпты бекіту. Бекіту сұрақтары, тапсырмалары.
1.Адамның әлеуметтік және биологиялық ерекшеліктері дегеніміз не?
2. Павлов адамның табиғаттағы алатын орны туралы кандай қорытынды айтты?
3. Адам ағзасының жоғарғы сатыдағы жануарлардан (приматтардан) негізгі ерекшеліктері?
4.Адамның қызығушылығы және қажеттілігі дегенді қалай түсінеміз?
5. Маслов қажеттілік пирамидасын неше категорияға бөлді?
Закрепление новой темы.
VI.Баға қою Сабаққа қатысқан және өз ойын жеткізе білген білім алушылардың білімін бағалау (түсініктемесімен).
Выставление оценок
VII.Үй тапсырмасы. Тақырып: Адам оның қоғамдағы орны.
Пайдаланатын оқулықтар: «Философия» лекциялар курсы Г.Нұрышева конспект оқу. Адам туралы презентация дайындау.
Домашнее задание.