Адам қасиеттерінің қазынасы тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 18 материал табылды

Адам қасиеттерінің қазынасы тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам қасиеттерінің қазынасы тәрбие сағаты қмж ішінде платформаларға ссылка бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: /ДТІЖО/


Сынып жетекші


Күні:


Сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

Адам қасиеттерінің қазынасы

Тәрбие жұмысының бағыты

Ар-ұят

Мақсаты

1) Балаларға асыл қасиет ұғымын түсіндіру.

2)Оқушылардың адамгершілік қағидаларың рухани құндылықтар негізінде қарым-қатынас орнату қабілеттерін домету.

3)Адам бойында адамгершілік қабілетін нормаларын сақтау әдетін үйрету,өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеу дағдысын қалыптастыру

Бағалау критерийлері:

.

Тәрбие сағатының барысы

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар



Кіріспе

10 мин























Негізгі бөлім

25 мин


Қайырлы күн, құрметті оқушылар!

Бүгін біз сіздермен ерекше қызықты тәрбие сағатын өткізбекшіміз;

Бір – бірімізбен танысу мақсатында қане, өз аттарымыздың бас әріпін адамның өмірімен, жақсы қасиеттерімен байланыстыра отырып, танысайық:

Менің есімім Гүлназ;

Гүлназ - гүлдей көркем өмір;

Ал сендердің есімдеріңді қалай таныстырар едіңдер?



Балалар, бір – бірімізбен пікір алмасып, сабағымыз қызықты өтуі үшін топқа бөлініп алайық:

1– топ - «Ақылдылар»

2 – топ «Таланттылар»

3 – топ «Дарындылар»


1 – тапсырма (көрніс) жұптық жұмыс

Әр шыққан оқушы келесі топтың қатысушысын шақыруы керек;

Балалар, адамзат қасиеттерінің бастысы -Сәлемдесу әдебі. Дәстүр бойынша жасы кішілер үлкендерге сәлем береді. Үйге кірген адам үлкен болсын, кіші болсын алдымен сәлемдеседі. Сәлемді алмау – мәдениетсіздік.

Қане, біз бір – бірімізге әртүрлі ел адамдарының амандасу әдебін көрсетейік;

Оқушыларды тақтаға шығару;

Жұптық жұмыс:


Кейбір елдер әдеттегі қол алысумен қатар, үлкен сәлемдесу салтанатын өткізеді. Жаңа Зеландияғасапар шеккен жандар маори халқының «хонги» сәлемдесу рәсіміне куә болады. Бұл сәлемдесудің сан ғасырлық тарихы бар. Бір-бірін көрген жандар сәлемдескен кезде мұрындарын тигізіп амандасады. Мұрынмен үйкелесу арқылы олар «ха» рәсімін жүргізеді. «Ха» рәсімі – Тәңірге құлшылық ету.Жаңа Зеландияға келген кез келген жан ұлысына және жынысына қарамастан, сәлемдескен кезде мұрнымен үйкелесу керек. Бұл заңға тіпті Уильям ханзаданың өзі бағынған.



Тибет. Көптеген елдерде тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл рәсім 9-ғасырда бастау алған. Сол замандағы Тибет елінің көсемі Ландарманың тілі қара болған деседі. Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз емес екендерін көрсету мақсатында бір-бірін көрген кезде тілдерін шығара бастайды. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.





Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі. Жастар өзара бастарын изеп амандасады. Ал татамиде тізерлеп отырып, жерге қарай иілу керек. Күншығыс елі жапондықтар бір – біріне иіліп, екі қолын қусырып,басын шұлғып, белін бүгіп жымия күледі.


Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды. Би арқылы олар бір-бірімен амандасады. Сәлемдесу биі «адаму» деп аталады, яғни «секіру биі». Билеген кезде шеңбер жасап, ырғалып, секіре бастайды.


Тай елінің амандасу рәсімі «вай» деп аталады. Бір-бірлерін көрген жандар алақандарын біріктіріп, бастарына қояды. Содан кейін иіліп, «савадди» деп айтады. Ежелден келе жатқан «вай» сәлемдесу дәстүрі әлі күнге дейін күллі Таиланд елі бойынша өз мәртебесін жоғалтпаған.


Гректер «қуаныңыз» деп сәлемдессе, тибеттіктерде тіпті қызық, бір- бірімен амандасқанда оң қолымен бас киімін алып, сол қолымен құлағының артын ұстап, тілдерін шығарады.


Ауғандар алдымен қолын маңдайына тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді.Бұл «Басымыз аман болсын» деген


2 – тапсырма


Балалар, адамдық қасиет дегенде көз алдымызға не келеді? (оқушылармен пікір алмасу)

Үлестірмелі материал тарату;

Адам бейнесі бейнелеген материалға балалар өзі үшін адамдық қасиеттің не екенін жазады;

Оқу; өз пікірлерін айтқызу;



Адамгершілік туралы видео;



Біз қайда барсақ та үнемі адамдар арасында жүреміз.

Көше әдебі, кино әдебі, сыныптағы әдеп сияқты жерлерде сақталуы керек өз нормасы бар. Сол әдеп ережелерін білесіңдер ме?

Әдеп нормаларын сақтау арқылы – біз адамзат қасиеттерінің қазынасын толықтыра түсеміз;


Онда сендерге сендерге дайындап келген қысқаша сұрақтарыма жауап күтемін:


«Иә» немесе «жоқ» (жеке жұмыс)

  • Көшеде келе жатып түкіруге болады ма? (жоқ)

  1. Тазалық сақшыларының жұмысына алғыс айта білу керек пе? (иә)

  2. Құрбыңмен,немесе досыңмен әңгіме айту үшін жол ортасында тұрып қалуға болады? (жоқ)

  3. Көшеде темекі өнімдерін тартуға болады ма? (жоқ)

  4. Аялдамада тұрып түкіруге болады ма? (жоқ)

  5. Көшеде бақыртып өлең тыңдауға болады ма? (жоқ)

  6. Өзіңнен үлкен адамарға жолдан өтуге көмектесуге болады ма? (иә)

  7. Көшеде анасына адасып қалған балаға көмектесу керек пе? (иә)

  8. Жаяу өткінші жолағы жоқ жерден жүгіріп өте беруге болады ма? (жоқ)


СЕРГІТУ СӘТІ

Жарайсыңдар!



4 –Мақалдың жалғасын тап:

«Арқан тартыс» әдісі

Берілген мақалдар бүгінгі сабақ мақсатын ашуға бағытталған;

Адамгершілік және адамға қажетті сұрақтарға жауап бере отырып, мақалдарды табады;


  1. Атаңның баласы болма,

(Адамның баласы бол.)

  1. Жақсы адам – елдің ырысы.

(Жақсы жер – жанның тынысы.)

  1. Кісінің көзіне көзің түссе,

(Көңлі жібіп, мейірі түсер.)

  1. Жігіттің құны жүз жылқы,

(Ары мың жылқы.)

  1. Ақылың болса арыңды сақта,

(Ар-ұят керек әр уақытта.)

  1. Әдептілік ар-ұят –

(Адамдықтың белгісі,)

  1. Тұрпайы мінез, тағы жат –

Надандықтың белгісі.

  1. Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық,

(Аздырар адам баласын)

  1. Білген адам тауып айтады,

(Білмеген адам қауып айтады.)


Жарайсыңдар!


Ал, балалар, сендерге рақмет!


Балалар, қурап бара жатқан ағашқа, немесе жас көшетке су құйса ол, жайнап өсе түседі;

Көркемденеді, жайнап – жайқалады;

Ал, енді біз қазір сыныпта адамзат қасиеттерінің қазынасын айту арқылы сыныбымызда «Адамзат гүлін» егейік!

Дайынсыңдар ма? (топтық жұмыс)


  1. Адамгершілік деген не?

  2. «Адалдық» сөзін қалай түсінесіңдер?

  3. жалқаулык,өзімшілдік, күншілдік, сараңдық – осы қасиететр туралы не айтасың?

  4. Ізеттілік туалы не айтуға болады?

  5. Әділ болу сөзінің мағынасы?

  6. Кешірімді бол дегенді қалай түсінесің?

  7. «Кешіктеу» әдебі туралы не айтасың? (


Жарайсыңдар!




Слайд

Адамдық қасиеттерге бағытталған сөздер







Музыка








Топ аттары











Слайд




































































Үлестірмелі материал









Видео
















https://www.educaplay.com/learning-resources/17526671-learning_resource.html


















«Қара жорға» биі









Платформалық ойы «Арқан тартыс»




























Платформалық әдіс

«Гүлге су құй»

Қоры

тынды

10 мин


«Алтын сандық» әдісі арқылы кері байланыс береді

«Алтын сандық гауһар тастар



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.01.2024
1666
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі