Адам ұжымда

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адам ұжымда

Материал туралы қысқаша түсінік
: оқушыларға ұжымдағы қарым-қатынастың маңызын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Оқу ісінің орынбасары:

«-----------» 2019 ж

---------------------------------

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп. Үстірт орта мектебі Мерзiмі: 29. 01.2018ж

19 сабақ Тақырып: Адам ұжымда

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: түсіністік, сыйластық ,татулық.

Мұғалiм: К. Идирисова

Сынып: 5 «а», «ә», «б», «в»

Сабақ мақсаты: оқушыларға ұжымдағы қарым-қатынастың маңызын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері :

Білімділік: оқушыларға ұжымдағы ізгі қарым қатынастың мәнін түсіндіре отырып, сыйластық қасиетіне түсінік беру;

Дамытушылық: оқушыларды ұжымдағы ізгі қарым –қатынас жасау мәдениетін түсіністік қасиеттері арқылы арттыру;

Тәрбиелік: түсіністік , сыйластық ,татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер,А-4 ақ қағаз, маркер, стикер, плакаттар, үнтаспа

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. ( 5«Т»сақтау)

Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіз нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын да таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін тек жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқындап және шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: біздің «Бөбек» орталығына, біздің гимназияға, барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.

Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын».

Осындай Нұр,Махаббат, және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Енді жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!

Үй тапсырмасын тексеру.Оқулықтағы Д. Қасеновтың «Мойындау» әңгімесн оқып мазмұндап келу

  • Балалар не үшін қатты қысылды?

  • Ұжымдағы сыйластыққа қалай қол жеткізуге болады?

  • Балалардың жасаға іс-әрекетінен қандай сабақ алуға болады?

  • Өзіңнің бейтаныс адамдарға қарым-қатынасың қандай?

Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз

Сыпайылық, сабырлылық-асыл адам белгісі

Мақал

* Ұлдарға хормен оқыту.

* Қыздарға хормен оқыту.

* Дәптерлеріне жаздыру, мағынасын аштыру.

* Оқушылардың жауабына сүйене отырып, қорытынды жасау.

Қанатты сөздер

Әңгiмелеу (мұғалім сыйы) Жақсылық ешқашан ұмытылмайды

бейнежазба


Шығармашылық (топтық) жұмыс.

1-тапсырма:Мәтін берілген оқып өз ойын жазбаша дәптерге түсіру

2-тапсырма: оқулықта берілген сөйлемдерді аяқтау.

3-тапсырма «Жан досым» тақырыбында ой-толғау жазу.


Топпен ән айту. Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар, жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі,

Пенделіктен өресі аспағандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар, жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар, жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем, сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар.


Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар, жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.


Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 20-сабақта Ә. Қалдыбаевтың «Кластың тоқтамы» әңгімесін оқып мазмұндап келу


Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі өткен сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2020
572
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі