Мақсаты: Оқушылардың ұжымдағы қарым-қатынас түсінігін
кеңейтіп, дұрыс әрекет құндылығының мәнін
ашу.
Міндеттері:
Білімділік: оқушыларға ұжымдағы
қарым-қатынастың мәнін түсіндіре отырып, сыйластық қасиеті туралы
түсінік беру.
Дамытушылық: оқушыларға ұжымдағы ізгі
қарым-қатынас жасау мәдениетін, тәртіптілік қасиеттері арқылы
арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды айнала қоршаған
ортамен үндестікте, үйлесімде өмір сүруге татулық қасиеті арқылы
тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
Аудиожазба, бейнежазба, кітап,
дәптер, қаламдар, түрлі түсті
қағаздар.
|
Сабақ
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылармен амандасу, өзін-өзі
тану сабағының «5-Т» ережесін қайталау. Топқа бөлу (әр топтағы
шарлардың түсіне байланысты топқа бөлу көк, сары, қызыл, жасыл
түстер)
Тыныштық
сәті
Тыныштық сәті. Нұрға
бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар,
денелеріңізді дұрыс ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз.
Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді
жұмып, елестетіп көріңіз.
Күн нұры сіздің төбеңізден
өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл
түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.
Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,
эмоциаңыз бен тілек- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің көзін
ашады.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға
ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде.
Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға
бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және
баршаға көмектеседі. Енді, нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр
сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге
апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр
сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және
жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,
құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр
көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен
жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,
басыңызға тек сәулелі ой келеді. Нұр бірте - бірте күшейе бастайды,
сіздің денеңізден тарап, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды
туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға
бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да
бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге,
барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға
таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша
айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай
Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра
тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге
орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны
осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзді ашуға болады. Ал енді
сыныбымызға оралып, көзімізді
ашайық.
|
5
мин
|
3.
Дәйексөз.
Сыпайылық,
сабырлылық – асыл адам
белгісі.
(Мәлік
Ғабдуллин)
Келісіп
істесе, көп іс бітеді. (халық
нақылы).
-
Ұлдарға хормен
оқыту
-
Қыздарға хормен
оқыту
-
Дәптерлеріңе жазып
алыңдар
-
Осы дәйексөзден
қандай ой түйдіңдер
-
Оқушылардың жауабы
негізінде қорытынды жасау
Адам өз ұжымында сыйлы, ортақ
істерді атқаруда адал болса еңбегі нәтижелі
болады.
Бірлесіп жұмыс істей білу,
өзара көмек, ұжымдық істің қуанышын сезіну зор жетістікке
жетелейді.
|
4
мин
|
Шығармашылық
іс-әрекет, топтық жұмыс
1-топ. Жағдаятты
талдау.
2-топ. Татулық, бірлік, сыйластық
тақырыптарында өлең шығару.
3-топ. «Екі дос» әңгімесіне көрініс
көрсету.
4-топ. Татулық, бірлік, сыйластық
тақырыптарында мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіріп
беру.
|
7
мин
|
6. Топпен ән
айту
Жан
досым.
Iздегенде табылатын
қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай
ашылған.
Көрiспесек сағыныштан
жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгi
досыңнан!
Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын
мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді
көрейiн,
Сырымыз да
бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз
да бiтпесiн!
Қос бұтағы секiлденiп
ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды сан
аштық.
Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол
таптық,
Адассақ та бiрге жүрiп
адастық.
Қайырмасы:
Жан досым, үстем болсын
мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді
көрейiн,
Сырымыз да
бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз
да бiтпесін!
|
3 мин
|
9. Сабақтың соңғы
тыныштық сәті.
- Балалар, сабақта көрініс
тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне
асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық!
Сабақтарыңа сәттілік тілеймін. Сау
болыңыздар.
|
2
мин
|