Материалдар / «Адамдық борыш ар үшін» («Оқуға құштар мектеп» жобасы)

«Адамдық борыш ар үшін» («Оқуға құштар мектеп» жобасы)

Материал туралы қысқаша түсінік
«Адамдық борыш ар үшін» («Оқуға құштар мектеп» жобасы) атты қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
04 Маусым 2024
181
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді: ______________


Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Дулатқызы Д.

Күні:

06.05.24

Сынып: 5 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

«Адамдық борыш ар үшін» («Оқуға құштар мектеп» жобасы)

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір - біріне деген достық сезімдерін нығайту.

Құдылықтарға баулу

ТАЛАП : Білуге, жаңаны тануға құштар болу;

Музыкалық және бейне көркемдеу

Тақырыпқа сай презентация, тапсырма парақшалары

Ресімдеу

Слайд, суреттер

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут


Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

Оқушылардың назарын тақырыпқа аудару.

Бүгін біз әдептілік, адалдық, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз. Олай болса АДАМ!

Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Адамның адамгершілік, адалдық, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс - әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.

Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.

Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді.

Шығыстың ұлы ғалымы әл - Фараби: Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін деген екен.

Бүгінгі адамгершілікті, адалдықты сендер қалай түсінесіңдер, әдеп - нормаларын білесіңдерме, озара пікірлесіп ой бөлісеміз.


Тақырыпқа назар аударады

ҚБ

Мадақтау, қолдау

Қорапша, қима қағаздар, стикер

Сабақтың ортасы

20 минут

Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі.

"Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар - ұждан, жан тазалығы. Адал дос дегеніміз - өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын, барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп көқмектесетін, қашан да қасынан табылатын, барын бөлісетін нағыз жолдас.

Мұғалім. 2 - арал. Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде үлкен қалалар бар:
Астана, Алматы, Ақтау, Жезқазған, Көкшетау, Ақтөбе, Семей, Павлодар, Атырау, Қызылорда т. б.
Ал, балалар, өздеріңе қай қалалар ұнайды? Ұнаған қала аты жазылған қима қағазда сұрақ бар. Соған жауап беру керек.

Сұрақтар:
– 1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
– Үлкен кісімен амандасып жол беремін.
– 2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
– Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.
– Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.
– 3. Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?
– Асықпай түсіндіріп беремін.
– 4. Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?
– Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.
– 5. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
– Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.

6. Әдептілік деген не?
– Адамдардың жүріс - тұрысы мен өзара қарым - қатынасының ережелері.

- 7. Ата - ананның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытта келіп қалды делік, сен оны үзбей қарайсың. Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі. Сен қандай шешімге келер едің?

- 8. Құрметті досым! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.

Мен бермесем, «Сен сараңсың»- дейді. Мен не істеуім керек?
9. «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?».

- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)

10. «Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)


Тапсырмаларды орындайды













































Кері байланыс, талқылау


Мадақтау және қолдау көрсету.






















ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.
























Слайд
























Маркер, стикер, плакат

































Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия.

3 «Қ»

Қызық

Құнды

Қиын


Оқушылар ойларын қортындылайды.

ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.


Стикерлер қалам










































Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермекова Г

Күні:

29.04.24

Сынып: 5 «Г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

«Ұлттар достастығы»

Сабақтың мақсаты:

Халықтар арасындағы достықты нығайту. Осы мақсатта оқушылардың достық қарым –қатынастарын нығайтуды жалғастыру.Қазақсатанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

Құдылықтарға баулу

. ТАЛАП : Білуге, жаңаны тануға құштар болу;

Музыкалық және бейне көркемдеу

Тақырыпқа сай презентация, тапсырма парақшалары

Ресімдеу

Слайд, суреттер

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут


Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

Оқушылардың назарын тақырыпқа аудару.



Тақырыпқа назар аударады

ҚБ

Мадақтау, қолдау

Қорапша, қима қағаздар, стикер

5мин

«Миға шабуыл». «Бірлік күні жайлы не білеміз?».

https://www.youtube.com/watch?v=sHNx8jrYoDs. Бейне жазба көру.

Сұрақтарға жауап беру


Бейнежазба, Үлестірмелік қағаздар

Сабақтың ортасы

20 минут

Оқушыларға қысқаша мәлімет беру.

Мақал-мәтелдер.

Монолог.





Тақырыпқа назар аударады.














































Кері байланыс, талқылау


Мадақтау және қолдау көрсету.






















ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.
























Слайд
























Маркер, стикер, плакат






































Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия.

Қорытынды. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады».

Оқушылар ойларын қортындылайды.

ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.


Стикерлер қалам





Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермекова Г

Күні:

29.04.24

Сынып: 5 «Г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

«Ұлттар достастығы»

Сабақтың мақсаты:

Халықтар арасындағы достықты нығайту. Осы мақсатта оқушылардың достық қарым –қатынастарын нығайтуды жалғастыру.Қазақсатанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

Құдылықтарға баулу

. ТАЛАП : Білуге, жаңаны тануға құштар болу;

Музыкалық және бейне көркемдеу

Тақырыпқа сай презентация, тапсырма парақшалары

Ресімдеу

Слайд, суреттер

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут


Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

Оқушылардың назарын тақырыпқа аудару.



Тақырыпқа назар аударады

ҚБ

Мадақтау, қолдау

Қорапша, қима қағаздар, стикер

5мин

«Миға шабуыл». «Бірлік күні жайлы не білеміз?».

https://www.youtube.com/watch?v=sHNx8jrYoDs. Бейне жазба көру.

Сұрақтарға жауап беру


Бейнежазба, Үлестірмелік қағаздар

Сабақтың ортасы

20 минут

Оқушыларға қысқаша мәлімет беру.

Мақал-мәтелдер.

Монолог.





Тақырыпқа назар аударады.














































Кері байланыс, талқылау


Мадақтау және қолдау көрсету.






















ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.
























Слайд
























Маркер, стикер, плакат






































Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия.

Қорытынды. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады».

Оқушылар ойларын қортындылайды.

ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.


Стикерлер қалам







Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Ермекова Гулназира Кенжесовна

Күні:

22 04 2024

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Көңілді мәре» («Ұлттық мектеп лигасы» жобасы) ЖҚЕ Жараланған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету. Жоғарғы және төменгі аяқ-қол , дене бөліктерінің сынған немесе буын шығып кеткен кезде алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері

Сабақтың мақсаты

Меңгерген білімдері арқылы көңілді мәреге бірінші жететін топты анықтау, алғашқы медициналық көмек туралы ақпарат беру

Құндылықтарға баулу

ТАЛАП : Білуге, жаңаны тануға құштар болу;

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Гимн орындау

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Мұғаліммен амандасады

Назарын сабаққа аударады

Сабақ тақырыбы және мақсатымен танысады

Жарайсың!

Тамаша!

Керемет!


Сабақтың ортасы

1 - кезең: «Бәйге»

2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»

3 - кезең: «Ғажайып төрттік»

4 - кезең: «Жорға»


Негізгі бөлім:

- Мықты болсаң - алдағыны басып оз,

Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыз бәйге сайысына кезек береміз.


1 - кезең: «Бәйге».

Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап бере алады. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға мүмкіншілік бар. Сонымен, балалар бір-бірлеріңе сәттілік тілейік!

- Ал, бастайық!

1. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)

2. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров)

3. Қ. Р. рәміздерін атаңдар? (Ту, елтаңба, әнұран)

4. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

5. «Оян қазақ» кітабын жазған жазушы?(М. Дулатов)

6. Екі тәулікте неше сағат бар?(48 сағат)

7. Қазақтың ұлы ақыны?(Абай)

8. Азиада ойындарының бойтұмары не? (Барыс күшігі Ирби)

9. Өсімдік мүшелерін ата? (Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)

10. Қ. Р. мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)

1. Теңдеу құр және оны шеш: х пен 50 - дің қосындысы 60 - қа тең.(х+50=60 х=10)

2. 28 сағатта неше тәулік, неше сағат бар?(1 тәулік 4 сағат)

3. Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған, адам басына құрылған әңгімені аңыз дейміз)

4. Топырақтың құрамы? (Су, ауа, шірінді, құм, саз)

5. Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?((Қосымша)

6. 2 минут 30 секундта неше секунд бар?(150 секунд)

7. Мақалды жалғастыр: Оқусыз білім жоқ,....................(Білімсіз күнің жоқ)

8. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?

9. Тамырлар сөзін сөз құрамына талда

10. а+35қай түріне жатады? (санды өрнек)


2 - кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»

Айыра біл, жақсы менен жаманды,

Айыра біл, қарындаш пен қаламды.

Айыра біл, соқпағында өмірдің,

Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті сайысымыз

«Жеті жұрттың тілін біл».

Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендер жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа табыс тілеймін!

1. Қабат – қабат қаттама

Ақылың боллса аттама. (кітап – книга - book)

1. Футболшының алаңдағы ойын заты? (доп – мяч - ball)

2. Жүз теңгең болғанша,

Жүз....... болсын. (дос – друг - friend)

3. Әй, керемет бір ит бар

Үй бағады үрмейді.

Аяғы жоқ жүрмейді.

Рұқсатсыз ол иттен

Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)

4. Жеті қазынаның бірі –

Адамды қорып жүретін досы.

(ит – собака - dog)


3 - кезең: «Ғажайып төрттік»

-Бұл ғажайып төрттік дегеніміз өзіміздің төрт пәнімізден берілетін сұрақтар.

- Бұл кезеңде сендер өздерің таңдап алған сұраққа жауап бересіңдер. Мына сызбаға назар аударайық

Сұрақтары:

Әдебиеттік оқу пәнінен.


1..Алты айғы қыс тартқаны – аштықтың азабы.Бар сенетіні – күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып, тілек тілейді. Ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ оның да табатыны жоқ... («Күлпаш». Б.Майлин)

2. Өнер, білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.

(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)


3. «Бүгіннен бастап, сен де менің шәкіртімсің!-дейді.Сөйтіп төрт жасар бала мектеп есігін ашады.» Мәтіннің аты, кім туралы?

( «Ауылға келген мұғалім», М.Жұмабаев туралы)


4. Ұлытау өңірінде Қоңырбай батырдың отбасында дүниеге келген.Он екі жасында әкесіз қалған.Шешесі Қойсана-Абылай ханның сенімді серігі, атақты қазақ батыры Байқозының қызы.Әңгіме кім туралы?

(Ақжолтай Ағыбай батыр).

Қазақ тілі

1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? (Түбір)

2. Сын есімнің сұрақтары...(Қай? Қандай?)

3. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу)

4. Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіретін сөздер...(Етістік)

МАТЕМАТИКА

1.Ең кіші үш таңбалы сан. 100

2.4 жүздік, 7 ондық, 0 бірлік қандай сан? 470

3.5пен 8 санының көбейтіндісі 40

4.3*5+40 мәні қанша? 55

БИОЛОГИЯ

1.Адам денесінің тірегі Қаңқа

2.Жүрек қайда орналасқан? Сол жақ кеудеде

3.Біздің Отанымыз қалай аталады? Қазақстан Республикасы

4.Сезім мүшелерін ата. Тіл, көз, құлақ, мұрын, сипап сезу

4 - кезең: «Жорға»:

- Сендер бұл кезеңде дайындалған 20 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңе қарай ұпай жинауға болады. 1 сұраққа 1 минут уақыт беріледі. 1 сұрақ 1 ұпай болып есептеледі. Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!

1-топқа

1.ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жыл)

2.16 желтоқсан-қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)

3.Қазақстанның солтүстік көршісін ата. (Ресей)

4. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)

5.Абайдың шын аты. (Ибраһим)

6.Атақты қазақ күйшісі кім? (Құрманғазы Сағырбайұлы)

7.ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды? (1995ж.)

8. Сәулелі жұлдыз іздеген адам. (Ы.Алтынсарин)

9.Парталас көршің?

10. Қазақтың үш биін ата. (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би)


11. Қазақ тілінде неше әріп бар?

12. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

13. Сөйлем неден құралады?

14. «Қасқыр мен түлкі» ертегінің қай түріне жатады?

15. 1 сағатта неше минут бар?

16. Өсімдік тіршілігіне не қажет?

17. 1 дм неше см?

18. Әкеңнің әкесі саған кім болады?

19.Ұя салмайтын құс?

20. Абайдың әжесі?

2-топқа


1.ҚР Елбасы Н.Назарбаев президент болып қай жылы сайланды?(1991ж)

2.Білім күні қашан тойланады? (1-қыркүйек)

3.Үш жүздің басын біріктірген хан. (Абылай хан)

4.Ертең аптаның қай күні? (жұма)

5.Азаттық жолында күрескен кім? (Тоқаш Бокин)

6. Балаларға тұңғыш Әліппе жазған кім? (А.Байтұрсынов)

7.Құрманғазының шәкірті. ( Дина)

8.4 жасынан бастап білім алған ақын ( Мағжан)

9.Нешінші сыныпта оқисың? (үшінші)

10.Кімнің баласысың?

11. Орман дәрігері?

12. 12 мен 5 - тің қосындысы неге тең?

13. Дауыссыз дыбыстар нешеу?

14. Балықшы сөзінің түбірін тап?

15.Түйенің төлі қалай аталады?

16. Абайдың анасы?

17. . Шаршы қандай фигура?

18. Түбір сөз дегеніміз не?

19. «Сұлба» деген не?

20. 1 метрде неше см?





Сайыс кезеңдерімен таныстырады












































Тапсырмаларды орындайды















Үй тілге аударады























Сұрақтарға жауап береді






























Ауызша мадақтау












































Ауызша мадақтау





Әділқазы

лардың бағалауы






Слайд

Сабақтың соңы



3 «Қ»

Қызық

Құнды

Қиын



Сабаққа кері байланыс береді





     





























Мектебі:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Күні

15.04.2024

Сынып жетекші:

Ермекова Г

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Отбасыммен бірге өткізген қуанышты күндерім!»

Сабақтың мақсаты:

 Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;
Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру;


Құндылықтар

«АР-ҰЯТ» Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу,мейірімділік таныту;

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурс

тар


Бағалау


Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Бір түрлі кәмпит алғандарды

1-топқа «», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «» тобына бөлемін.

Ой қозғау

Оқушыларға актуалдық сұрақтар:
1. Үй дегенді қалай түсінесің?
2. Үйдің жылу, ата – ананың аялы алақаны дегенді қалай түсінесің?
3. Бақытты отбасы дегенді қалай түсінесіздер?

Балалар, бүгінгі сабағымыз отбасы құндылықтары туралы болмақ. Әр адам өмірге келгенде ең алдымен ең мейірімді, жылы жүзді анасын көреді. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, шыр-пыр болатын –Ана. Ана тәрбиесі-қызға үлгі, әке тәрбиесі-ұлға үлгі. Ана-ақылшың,әкең-қамқоршың, Отбасың-қорғаның, бауырларың-тірегің болады. Өмірдегі маңызды құндылық ол отбасы

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуал


Оқушылар

дың пікірі тыңдалады

















Компьютер



























Ауызша мадақтау

























Сабақ басы (13 мин)












Отбасы мүшелерінің қайсысына қатысты екендігін белгілеу.

А Т А                       Тіл алғыш.

Әже                           Ата ананың қолғанаты.

Б А Л А                    Ақыл айтушы.

А Н А                        Бар баланы сүйетін.

 Ә К Е                        Немереге ертегі айтатын.

Н Е М Е Р Е              Әрқашан саған қамқор болатын

 І бөлім. Кезекті мақал-мәтелге берейік. 

«Әке-асқар тау, ана-қайнар бұлақ,  бала-.......»,

«Алты аға бірігіп әке  болмас, жеті жеңге бірігіп ......»,

«Ата-бәйтерек,бала-.......»,

«Ананың көңілі балада, баланың............»,

«Ағайын алтау, ана -........»,

« Әкесін сыйламаған кісіні баласы .......»,

«Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап ..........  .

суреттер

 














Ортасы (20 мин)



Отбасы ол ешкім де ештеңе де теңесе алмас жеке бір ғалам. Отбасыңмен бірге өткізген әр сағатқа, тіпті минутқа қуана білу қажет. Себебі, бүгінгі күн кешегі күндей болмайды ал, ертеңгі күн бүгінгі күндей болмас. Сондықтан, әр күніміз бір ертегі деп бір-бірімізді сыйлап, отбасымызды қадірлейік! 



Кластер

1-топ «Менің отбасым »

2топ «Отбасыммен өткізге қуанышты күндерім »





Оқушылар кластерді топтаса отырып жасайды







«Отбасыммен өткізге қуанышты күндерім »

Тақырыбында эссе жазу













Екі жұлдыз бір тілек

Соңы








«Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесін толтыр.

Қандай ой пайда болды?

Не сезіндім?

Не ұнады?






Рефлексия жасайды.

Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не сезінгенін, не ұнағанын айтып, алған әсерімен бөліседі









презентация








Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермекова Г К

Күні:

08 04 2024

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Ғарыш әлемі

Сабақтың мақсаты:

Білім алушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, патриоттық сезімін, әрі ұшқыш, ғарышкер болуына оқушылар қиялын тәрбиелеу, табандылыққа, шыдамдылыққа, тәртіптілікке үйрету.

Құдылықтарға баулу

«ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу;

Музыкалық және бейне көркемдеу

Тақырыпқа сай презентация, тапсырма парақшалары

Ресімдеу

Слайд

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс-

тар

Сабақтың басы

5 минут

Оқушылармен амандасу

Оқушыларды түгендеу

Гимн орындау


Мұғаліммен амандасады

Гимнді орындайды










Ауызша мадақтау






Слайд

Сабақтың басы

5 минут

Жаңа сабаққа мәлімет беру және сұрақ қою арқылы ену.

- Ең бірінші болып ғарышқа ұшқан ресейлік ғарышкер екен

Юрий Гагарин болатын.

- Ал, әйел адамдардан ВалентинаТерешкова.

-Қазақстаннан да ғарышкерлер ұшты.

- Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров

- Ғарышқа үш рет сәтті сапар жасаған, атақты ғарышкер Талғат Мұсабаев.

- Үшінші қазақ ғарышкері – Айдын Айымбетов.

Қызықты мәлімет: ғарышқа ұшқан ең алғашқы тіршілік иесі — Лайка атты ит еді. Ит 1957 жылдың 3 қарашасында Мәскеу уақытымен таңғы алты жарымда Кеңес Одағының «Спутник-2» кемесімен ғарышқа аттандырылды. Лайканың жасы – 2-де, салмағы – 6 келі болған. Сол кездегі басылымдар оның орбитада бір апта болып, қалыпты түрде тамағын ішіп, ұйықтап, үргенін жазған болатын. Ал шын мәнінде Лайка ұшырылған соң, 5-6 сағаттан соң өліп қалған. Кабинадағы температура біртіндеп көтеріліп, ақырында Лайканың денесі қызып, өртеніп кетті.

Мұнан кейін, 1960 жылдың 20 тамызында Белка және Стрелка атты иттер ұшты. Бұл екеуі ғарыштан жер бетіне аман-есен оралған ең алғашқы тіршілік иелері болып есептеледі. Олар жер бетіне оралған соң, аттары аңызға айналып, сапардан ешқандай жамандық көрмей, баяғыша өмір сүре берді. Тіпті бірнеше айдан кейін Стрелка дүниеге алты дені сау күшіктерді алып келді.









Жаңа сабақ туралы ақпарат алады














Комментарий жасау









Слайд

Сабақтың ортасы

30 минут


1-тапсырма Жұмбақ шешу.
Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз.

(зымыран)

Ұшқыш емес, бірақ ол,
Аспанда қалықтап ұшады.
Оны кім деп ойлайсыңдар?

(Ғарышкер)

Етегім толы сөк,
Ерте тұрсам жоқ.

(жұлдыз)

Қызыл күлше тау асты,
Ыстық нұрын шашады.

(күн)



2-тапсырма

«Ғарышерлер» ойыны.

Бес орындық қойып, 6 оқушы шығып, орындықты ұшқыш қимылын жасап айналады. Музыка тоқталғанда орындыққа отырып, үлгермеген оқушы ойыннан шығады. Сөйтіп ойын жалғаса береді.

3-тапсырма

«Кім тапқыр?» ойыны.

Араласып берілген әріптерден сөздер құрастыру.

ЗЫДЛҰЖ, НАПШОЛ, ШЫРАҒ, ШАРМАҒАЛ, БЙҚАҢОРЫ


Тапсырмаларды орындайды 

 

 

 

 

Оқушылар ойын ойнау арқылы, сергіту сәтін орындайды

Жарай-

сың!



Тамаша!





Керемет!









Ауызша мадақтау







Cлайд

Сабақтың соңы

5 минут



Рефлекция: 

«Еркін микрофон» әдісі (бір оқушы шығып басқаларына сұрақ қояды):

1. Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Несімен?

2. Бүгінгі сабақта нені білдің?

3. Бүгінгі сабаққа қатыспағанда қайтер едің, елестетіп көрші


Мадақтау және қолдау көрсету.




Интерактивті тақта





















Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермекова Г К

Күні:

01 04 2024

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

«Ұмыт болған ұлттық тағамдар» («Ата-аналар мектебі» жобасы)

Сабақтың мақсаты:

Ұмыт болып бара жатқан қазақтың ұлттық тағамдарының жасалу жолдарына түсінік беру.

Құдылықтарға баулу

«АР-ҰЯТ» Адал еңбекті құрметтеу;

Музыкалық және бейне көркемдеу

Тақырыпқа сай презентация, тапсырма парақшалары

Ресімдеу

Слайд

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс-

тар

Сабақтың басы

5 минут

Оқушылармен амандасу

Оқушыларды түгендеу

Гимн орындау

«Миға шабуыл»


Мұғаліммен амандасады

Гимнді орындайды





Суреттер арқылы бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбын болжайды






Ауызша мадақтау






Слайд

Сабақтың ортасы

30 минут




«Топтастыру»

Прямая со стрелкой 25

Овал 24 Прямая со стрелкой 26 Прямая со стрелкой 27 Прямая со стрелкой 28

















Мақал-мәтелдің жалғасын табу

Нан бар жерде ән бар


Дәнді шашпа, нанды баспа.


Нан— тамақтың атасы
Ынтымақ — көптің батасы.


Нан — асалы,
Ана — адамның асалы.


Нан астығын жинаймын,
Елге астық сыйлаймын.


Ас атасы - нан.


Таңғы асты тастама.


Дастарқанның басында дұшпан да дос.


Атың барда – жер таны желіп жүріп,
Асың барда – ел таны беріп жүріп.


Берген ас түске жетпейді,
Ниет естен кетпейді.


Жоқты бар десең – құт болар,
Барды жоқ десең – жұт болар

Оқушылар өзздері білетін қлттық тағам түрлерін жазады


Бауырсақ (тоқаш).

Бөкпен – қуырылған ұнды сүтке бөктіріп пісірген тағам.

Салма – пісірілген қамырды сүтке қайнатып жасайтын тағам.

Атала – суға ұн салып жасаған сұйық көже.

Быламық – ұннан пісірілетін қоюлау тамақ.

Жайма (шелпек, қаттама және т.б.).

Ет (жас ет, сүр ет).

Жаубүйрек – жаңа сойылған малдың бүйрегінен, етінен пісірілген тағам.

Жөргем– бунақтап өрілген ішек.

Жұмыр – ішіне сарымсақ, сәбіз, күріш, майлы ет салып, аузын түйреген қарын.

Қуырдақ – майға қуырылып пісірілген ет.

Мипалау – пісірілген бастың миына құйқа, ішек–қарын араластырып, тұздық құйып жасаған тағам.

Нарын – піскен ет пен қамырды ұсақтап турап, әбден араластырғаннан кейін, үстіне тұздық құйып берілетін тағам.

Түймеш – туралып, жаншылып, майға қуырылған тағам.

Үлпершек – жүрек қабына май, кесек ет т.б. салып жасалған, шұжық тәрізді тағам.

Шұжық – шикі еттің майлы жерінен турап, тұз, бұрыш қосып, ішекке тығып жасаған тағам.

Бұқтырма -ет,картоп,сәбізді бұқтырып пісіретін тағам



Ұмыт болған ұлттық тағамдар туралы ақпараттар алады







Мақал-мәтелдердің жалғасын табады









Жарай-

сың!



Тамаша!





Керемет!































Ауызша мадақтау







Cлайд

Сабақтың соңы

5 минут

«Еркін микрофон» әдісі (бір оқушы шығып басқаларына сұрақ қояды):

1. Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Несімен?

2. Бүгінгі сабақта нені білдің?

3. Бүгінгі сабаққа қатыспағанда қайтер едің, елестетіп көрші?


Мадақтау және қолдау көрсету.




Интерактивті тақта





Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермекова Г

Күні:

11/03/2024

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Ізгіліктің бір ізі алғыс айту.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Құдылықтарға баулу

«Ұлттық Мүдде» Жауапкершілік, денсаулық, достық және қоршаған ортаға қамқорлық көрсету .

Ресімдеу

Слайд, суреттер

Сабақтың барысы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Баға

лау

Ресурстар

Сабақ басы

5 минут



























Сабақтың ортасы



25 мин


















Оқушылармен сәлемдесу

-Психологиялық атмосфераны қалыптастыру.

Мемлекеттік гимн орындалады.

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.

Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

Алғыс – қуаныш үстінде, жиын, мереке, той-томалақта адамдардың бір-біріне білдіретін игі тілектің этикалық мәнді атауы.

Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу…
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін..

Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз. «ЖАҚСЫЛЫҚ ҚЫЛСАҢ ӨЗІҢЕ, ЖАМАНДЫҚ ҚЫЛСАҢ ӨЗІҢЕ...» видео ролик. — Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

«Автограф» ойыны:

М.Әуезов шығармаларында қазақы алғыстың мынадай түрлері айтылады: Алдыңнан жарылқасын; амандық шаттықпен көрісуге жазсын; аруақ жар болсын; аруақ қолдасын; бақыл бол; жолыңа жұп шырақ; жолың болсын; көрісуге күн жақсы болсын; қадамың құтты болсын; қайырлы болсын; қайыры бірге болсын; қосағыңмен қоса ағар; байлар көбейсін; құдай көңіліңді өсірсін; құсың құтты болсын; қызығың ұзақ болсын; ойнар көбейсін; осы бетіңнен жарылқасын; өмір жасың ұзақ болсын; от анасын жарылқасын; өркенің өссін; садағаң келс

ін; сауық молайсын; сақтай гөр терістен; тие берсін; тілектерің тап болсын; тілеуің берсін; ұзағынан сүйіндір.



Мұғаліммен амандасады

Гимнді айтады





Назарларын сабаққа аударады





















Рақметке лайық тізімдер қатарын құрастырады















Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазуы қажет










Ауыз

ша мадақ

тау





























Тама

ша!

Кере

мет!

Слайд











https://www.youtube.com/watch?v=mnPixK_vwAA

Сергіту сәті

5 мин

Көз жаттығулары

https://youtu.be/04JHgVdcRuM?si=O-byzuXOg6n4ZwF4

Сабақтың соңы

5 мин

ҚБ: «Басбармақ» әдісі

Рефлексия:



Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермекова Г К

Күні:

04 03 2024

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

«Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталды» («Ата-аналар мектебі» жобасы)

Сабақтың мақсаты:

Ана жайлы ұлағатты сөздер, мақал- мәтелдер арқылы ана мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсіндіру; ананы сүю арқылы елі- жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Құдылықтарға баулу

«АР-ҰЯТ» Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу,мейірімділік таныту;

Музыкалық және бейне көркемдеу

Тақырыпқа сай презентация, тапсырма парақшалары

Ресімдеу

Слайд

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Оқушылармен амандасу

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні


Күн жер бетіне молынан шуағын шашып, тіршілік ояна бастаған кезде аналар мерекесі тойланады. Әуел бастан таңды қалай қарсы алсаңыз күніңіз солай өтеді , ендеше, Әр елдің амандасу салты бар. Әр ұлттың салтымен амандасып , бір- бірімізге амандық саулық тілейік

1. Индияда екі алақандарын маңдай тұсына апарып бас ию

2.Германияда қол алысып көз түйістіру 3.Қытайда қолын кеудесіне айқастырып иіліп сәлем беру

4.Малайзияда саусақтың ұшымен ғана қол алысу

5. Японияда қолын екі жанына қойып бас ию, 6. Қазақстанда қол аласып төс қағысып амандасады

Міне бәріміздің бойымыздан тараған күш қуат бүгінгі тәрбие сағатымның мақсатына жетуге көмектеседі деп сенемін. құрметті қыз – келіншектер қауымы сіздерді осынау айтулы мерекемен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық ұзақ ғұмыр, өмірде бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Ана – жүрек , жүректі құдірет де, Ана-тірек тіректі құрметте. Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет, Ана күнің, күніңе табынып өт. деп бүгінгі « Бәрі де ана ,бір өзіңнен басталады» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.








Мұғаліммен амандасады



Гимн орындайды





Бір-бірімен амандасады


















Жарай

сың!




Тамаша!





Керемет!




слайд

Сабақтың ортасы

30 минут

Ана туралы айтпай ,тебіренбей өмірден өту мүмкін емес.

Қадыр Мырзалиев ағамыздың «Бәрі де на, бір өзіңнен басталды» атты өлеңін тыңдау.

Иә, шынында да кей кезде біз ана қадірін түсінбей жатамыз. Сондықтан адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту- таралғының керегі жоқ


8 Наурыз мерекесінің шығу тарихы

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі 1857 жылы Нью-Йорк қаласында болған көтеріліспен байланысты.Бұл көтеріліске тігін шеберханаларымен аяқ киім фабрикасында еңбек ететін әйелдер шыққан болатын. Олардың қойған талаптары: 10-сағаттық жұмыс, жарық және құрғақ бөлмелерде жұмыс жасау, ер азаматтардың алатын жалақы мөлшерімен бірдей жалақы алу еді. Ол кезде әйелдер қауымы тәулігіне 16-сағат жұмыс жасап, еңбек ақыларына болмашы жалақы алатын болған. Ерлер өздерінің табандылықтарының арқасында жұмыс уақытын 10-сағатқа түсірген болатын. АҚШ-тың көптеген мекемелерінде кәсіподақ ұйымдары құрыла бастады. 1857 жылдың 8-наурызынан кейін әйелдер қауымының да кәсіподақ ұйымы құрылды. Бұл ұйымның  бірінші мүшелері болып әйелдер тіркелді. Дәл осы күні АҚШ-тың көптеген қаласында өздеріне  дауыс беру құқығын беруді талап етіп жүздеген әйелдер көтеріліске шықты.


Ойын «Қыздарды қалай сыйлаймыз?» ұлдарға сұрақ:

  • Сенімен бірге оқитын қызды басқа сыныптың ұлдары ренжітіп алды. Ол жылап жатыр. Сен не істейсің?

  • Сыныптас қыздар сені туған күніңмен құттықтап үйіңе келді. Оларды қалай қарсы аласың?

  • Жолда келе жатқан сыныптас қыздың біреуі құлап, аяғын жарақаттап алды. Сен не істейсің?

  • Сыныптас достарың бір қызбен бірге отыруға таласып жатыр. Төбелеске де жақын қалды. Сен не істейсің?

  • Сыныптас қыз сенің затыңды рұқсатсыз алды. Сен не істейсің?

  • Саған анаң қызықты кітап сатып алып берді. Сыныптас қыздар оқуға сұраса бересің бе?

  • 8-наурыз мерекесі жақындады. Сен сыныптас қыздарға қандай сыйлық бергің келеді?

Мақал- мәтелдің жалғасын табу

  1. Ағайын — алтау,
    Ана — біреу.

  2. Бала — Ананың бауыр еті, көз нұры.

Алып анадан туады.

  1. Баласы атқа шапса анасы үйде тақымын қысады.


  1. Ананың сүті - бал, баланың тілі – бал.

  2. Анаңа ауыр сөз айтпа!

Атыңа ауыр жүк артпа!


  1. Ана алдында құрмет,

Ата алдында қызмет.


  1. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,

Атадан тағылым алмаған ұл жаман.


  1. Ананың сүті — бал,

Баланың тілі — бал.


  1. Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да,                қарызынан құтыла алмайсың.

  2. Ана сүті бой өсіреді,

Ата тілі ой өсіреді.


  1. Анасыз өмір — сөнген көмір.

  2. Баланың білегі ауырса ананың жүрегі ауырады.


  1. Әке ақылы - бұлақ, Ана ақылы - шырақ,                                                               

  2. Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.


  1. Ана даңқымен қыз өтер,

Мата даңқымен бөз өтер.


  1. Ананың көңілі балада,  баланың көңілі далада


«Бәрі де, Ана, бәр өзіңне басталды» эссе жазу


Хор «Ана»








Өлеңді тыңдайды, өлең шумағының мазмұнын ашады






Мерекенің шығу тарихымен танысады


















Сұрақтарға жауап береді














Мақалдың жалғасын табады













































Эссе жазады








Ән айтады




ҚБ

Мадақтау, қолдау


































ҚБ

Мадақтау, қолдау
































Екі жұлдыз, бір тілек





https://youtube.com/watch?v=BPOHtVB09dU




Дерек көзі: https://erketai.kz/siz-bilisizbe/8-nauriz-merekesinin-shigu-tarihi/?ysclid=ltbpkire8m424970956










































Слайд

Сабақтың соңы

5 минут

«Еркін микрофон» әдісі (бір оқушы шығып басқаларына сұрақ қояды):

1. Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Несімен?

2. Бүгінгі сабақта нені білдің?

3. Бүгінгі сабаққа қатыспағанда қайтер едің, елестетіп көрші?


Мадақтау және қолдау көрсету.




Интерактивті тақта




















Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермекова Г К

Күні:

26.02.24

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Өзіңді мамандықтар әлемінде тап

Сабақтың мақсаты:

Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өз - өзін тану аймағын кеңейту, кез - келген кедергіден шыға білу мақсатында жүргізіледі.

Құдылықтарға баулу

«ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ»

Ұлттық мұраға ұқыпты қарау;

Музыкалық және бейне көркемдеу

Тақырыпқа сай презентация, тапсырма парақшалары

Ресімдеу

Слайд

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Тренинг барысы.
1.Кіріспе сөз(тренингтің тақырыбын, мақсатын, жоспарын, эпиграфын айтып кету)
Тренингтің эпиграфы «Кәсіп таңдау - тек қана болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің ішкі жан - дүниеңе үңілу...»
сынып жетекші Қайырлы күн, құрметті Қазақстанның жарқын болашақтары! Сәлеметсіздер ме! Көңіл күйлеріңіз қалай?
Біздің бүгінгі тренингіміздің тақырыбы:
«Менің болашақ мамандығым»

Сіздерді тренинг ережелерімен таныстырып өтейін.
Тренинг ережесі:
- бір - бірін тыңдау
- уақыт үнемдеу
- белсенділік таныту
- достық қарым - қатынас.
Жоспар:
- Жақсы тілек.
- Мамандықты тап (ойын)
- Жағдаяттық сұрақтар.
- Менің болашақ мамандығым.
- Ең - ең... (ойын)
- Ақ тілек. (жаттығу)
- Бос микрофон
Тренингіміздің
1 - ші жаттығу « Жақсы тілек». Адамға жақсы тілеу тілесең әр қашан жолың ашық болады. Сонымен балалар жаттығуымызды жақсы тілектен бастайық.
Міне осы оқушылардың айтылған жақсы тілектері осы отырған бәрімізге жақсы көңіл - күй сыйлады.

Мұғаліммен амандасады


«Жағдаяттық сұрақтар». Енді сіздер жаңа өмірге қадам басып жоғарғы оқу орнына түсесіздер, сол кезде сіздер көптеген жағдаятқа кездесесіздер, сол жағдаятты қалай шешесіздер.
Жағдаяттық сұрақтар.(уақыты 5мин).
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата - анаң қарсы.
Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата - анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады.
сен ата - анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
3. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» деген сөздің мағынасын ашып бер?
Сенің арманыңның орындалуына қандай да, бір кедергі келіп тұр қандай шешім қабылдайсың?
4. Айжан мектепте жақсы оқыды, мектеп бітіргеннен кейін заңгер мамандығын таңдады, бірақта оқуға түсе алмады. Ал құрбысы Алма мектепте орташа деңгейде оқыды да заңгер маманына түсіп кетті.
Сіз бұған не айтасыз?

ҚБ

Мадақтау, қолдау


Суреттер

Сабақтың ортасы

20 минут

Парақшалар таратылады. Ол парақшаларда келесі жазулар болады: Топтың ішінде бірге ақылдасып мамандықтардың тізімін құру керек және де топтың мүшесі тізімдерімен таныстырып шығады.
- ең жасыл мамандықтар (эколог, биолог, географ, бақташы, гүл өсіруші)
- ең ақшалы мамандықтар (банк қызметкері, экономист)
- ең таза мамандықтар (дәрігер, мұғалім, заңгер)
- ең көңілді мамандықтар (клоун, әзіл - сықақшы)
- ең тәтті мамандықтар (аспаз, кондитер)
- ең жауапкершілікті мамандықтар (бухгалтер, сот)
6. жаттығу.«Бұл кім» кәсіби бағдар ойыны.
Қазір мен сендерге әртүрлі мамандықтар айтамын, ал сендер секунд ішінде жолдастарыңызға қарап аталған мамандық көбірек кімге үйлесетінін іштей анықтайсыңдар. Сосын не себепті сол адамға таңдағандарыңды және не себепті сол мамандыққа сәйкес келетіндігі туралы өз ойларыңды жеткізесіңдер.














Сұрақтарға жауап табады



Пікірлері тыңдалады











Барлығы қатысады











ҚБ

Мадақтау, қолдау




ҚБ

Мадақтау, қолдау








Презентация







Қима қағаздары

Сабақтың соңы

5 минут

« Ақ тілек» (жаттығу).
Әр топқа, түрлі түсті қағаздардан қиылған күннің шуақтары, гүлдер, таратылады. Осы қиындылармен, ватман бетіне мейірімділік алаңын құрастырыңыздар. Соңында әр топ жетекшілері түсіндіріп қорғап кетеді.
Мақсаты: сыныптастарыма деген жақсы тілектеріңіз бен жылы лебіздеріңізді білдіру.
Рефлексия.

«Еркін микрофон» әдісі (бір оқушы шығып басқаларына сұрақ қояды):

1. Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Несімен?

2. Бүгінгі сабақта нені білдің?

3. Бүгінгі сабаққа қатыспағанда қайтер едің, елестетіп көрші?

Сабаққа қорытынды жасайды.

Мадақтау және қолдау көрсету.




Интерактивті тақта











Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермекова Г

Күні:

19.02.2024

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Тарихқа тағзым

Сабақтың мақсаты:

Тарихқа тағзым оқушылар өз тарихына байланысты жалпылама шолу жасайды

Құдылықтарға баулу

«Ұлттық Мүдде» Жауапкершілік, денсаулық, достық және қоршаған ортаға қамқорлық көрсету .

Ресімдеу

Слайд, суреттер

Сабақтың барысы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақ басы

ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

3 минут








Оқушылармен сәлемдесу

-Психологиялық атмосфераны қалыптастыру.

«Тосын сый» Дайын қораптың ішіндегі айнаны ешкімге көрсетпей, тек оқушыға көрсетемін. Сонда әр оқушы өзінің күліп тұрған жүзін көріп, көңілі көтеріле түседі.

К иіз үйдің ішінен қазақтың ұлттық аспабы домбыра мен асықты пайдаланып, оқушыларды топқа біріктіру.

1-топ: «Домбыра»

2-топ: «Асық»

3-топ: «Тарих»

1-тапсырма. «1минуттағы ой» әдісі

«Ел» сөзі ұсынылады.

Жаңа материалға қызығушылықты арттыру мақсатында «4 сурет, 1сөз» әдісі қолданылады.

Яғни, бүгінгі біздің тақырыбымыз «Тарих қойнауында».

Слайд


«Тосын сый»









Оқушылар осы сөзге сәйкес синоним сөздерді 1 минут ішінде жазады.

Суреттерде тарихта іздері қалған ұлы ғұламалар мен билер бейнеленген және өткенімізде қалған соғыс уақыттары бейнеленген. Демек, жауабы тарих.


Сабақтың ортасы





2-тапсырма  «Тарих тереңіне үңілсек» атты сұрақ - жауап бөлімі.

Сұрақтар:
1. Алғашқы рет бір жылда 365 күн болатынын есептеп шығарған кімдер? (Ежелгі египет тұрғындары)
2. Қазақстан тарихы қаншаға бөлінеді және оларды ата.
(Қазақстан тарихы негізінен төртке бөлінеді: Ежелгі Қазақстан, Орта ғасырлардағы Қазақстан, Жаңа заманғы Қазақтан тарихы және Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы).
3. Осыдан 1 млн. 750 мың жыл бұрын өмір сүрген, Африканың Кения жерінде Олдувай шатқалынан табылған алғашқы адам қалай аталады? (Епті адам)
4. Атамекен атауларын анықтап, оның халықтық және ғылыми этимологиясының зерттейтін ғылым? (Топономика)
5. Сақтарға «массагет» деп ат берген кім? (Геродот)
6. Қағанаттың жері Орта Азияның оңтүстік - шығысындағы Шаш қаласынан (Ташкент) шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтиды. Орталығы Суяб қаласы. Айтылған мәлімет қай қағанатқа байланысты? (Түргеш қағанаты)
7. Б. з. б. 7 ғасырдан бастап далалы аймақтарда аңдарды бейнелеу - аңдық стиль пайда болды. Осы «Аң стилі» өнерімен сақтар қайда жасаған жорықтарында танысты? (Алдыңғы Азия мен Иран)

3-тапсырма. Жылдарға қарай отырып, оқиғаны еске түсіру. «Жылдар сыр шертеді».

453 жылы – Аттиланың өлімі
Б. з. б 2 ғ - Ұлы Жібек жолының қызмет ете бастауы
1941 - 1945 ж - Ұлы Отан соғысы жылдары
1930 - 1931 ж - Ашаршылық кезеңі
1986 жылы - Желтоқсан оқиғасы
1995 жылы - Ата заң, Конституцияның қабылдануы
1773 - 75 ж Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі
1771 - 81 ж - Абылайдың ел билеген кезеңі
1998 ж - Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.



Қол көтеру арқылы сұрақтарға жауап береді









Тақтаға жылдар ілінеді, оқушылар топпен бірлесіп жауап береді


4-тапсырма. Топтық жұмыс

Әр топқа А3 парағы таратылады. Оқушылар берілген тақырыпқа постер құрастырады

1-топ. Қазақ хандығы

2-топ. Ақын, жазушылар

3-топ. Қазіргі Қазақстан


ҚБ: «Басбармақ» әдісі

Постер құрастыру

Сергіту сәті

Көз жаттығулары

https://youtu.be/04JHgVdcRuM?si=O-byzuXOg6n4ZwF4

Сабақтың соңы

3 мин

ҚБ: «Басбармақ» әдісі

Рефлексия:







Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермекова Г

Күні:

5.02.2024

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Мақал- сөздің азығы, жұмбақ- ойдың қазығы

Сабақтың мақсаты:

Мақал - мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық туралы мағлұмат беру. Білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, мақал – мәтелдерді орынды қолдану дағдыларын қалыптастыру. 

Құдылықтарға баулу

«ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ»

Ұлттық мұраға ұқыпты қарау;

Музыкалық және бейне көркемдеу

Тақырыпқа сай презентация, тапсырма парақшалары

Ресімдеу

Слайд

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, дайындықтарын тексеру, Оқушылардың ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау.

Мұғаліммен амандасады

ҚБ

Мадақтау, қолдау


Суреттер

Сабақтың ортасы

20 минут

Жанның жайын жарыққа шығару үшін, жанның сырын сыртқа білдіру үшін адамның екі құралы бар. Біреуі – мимика, біреуі – сөз. Мимика жанның сыртының дене арқылы сыртқа білінуі (күлу, жылау). Ал ым – ішкі тіл сезімі. Ым арқылы ойды жарыққа шығару мүмкін емес. Ойдың тілі – сөз. Тіл – жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалар еді. Адам тіл арқасында жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Тіл адамға осындай қымбат болса, әрине ұлт болу үшін бірінші шарт тіл болмақ.

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім.

Таза терең өткір, күшті, кең тілім.

Таралған балаларын бауырына

Ақ қолыңмен тараларсың сен тілім.

І. «Ойлы болсаң, озып көр»
1. Алдыңғы арба қайда жүрсе,... (соңғы арба сонда жүреді.)
2. Сын түзелмей, (мін түзелмес).
3. Кісінің кісілігі, (Киімінде емес, білімінде).
4. Шебердің қолы ортақ,...(шешеннің сөзі ортақ).
5. Байлықтың кілті – (ғылым…).
ІІ. «Тапқыр болсаң тауып көр»
Жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуларың керек.
1. Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз - frost)
2. Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег - snow)
3. Бір кісі бар дүниеде,
Шемішке шағып тұрады.
Бұл кісіден әр уақыт,
Әркім мезгіл сұрайды.(сағат - часы - watch)
4. Жұмбақ шешкіш кім екен?

Сыртқа шықсам түн екен
Моншақтарын шашып ап,
Бір сары қыз тұр екен (ай - луна - moon, жұлдыздар - звезды - stars)

ІІІ. «Біз білмейтін бір мақал» Мағынасын ашу

1. Қараңғыда тапқаныңды ханға берме,

Жарықта тапқаныңды жанға берме.

Мағынасы: еңбекпен тапқаныңды орынсыз шашпа.

2. Өзін - өзі сыйлаған ер бақытты,

Өзін — өзі билеген ел бақытты.

Мағынасы: Адам әуелі өз қадірін білсе ғана ел мен жер қадірін де біле алады.

3. Шын ер жеңсе, тасымас,

Жеңілсе, жасымас.

Мағынасы: Қандай жағдай болса да өз — өзіңді сабырлы ұстап үйрен

ІV. «Айшықты сөздер»

Тұрақты сөз тіркестері беріледі. Ойланып, мағынасын толық айтуларың керек.
1. Төбесі көкке жетті (қуанды)

2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)

3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)

4. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. (кеш, жәй)

5. Тілдің ұшында тұр. (ұмыту, жеткізе алмау)

V. «Кім жүйрік». Жұмбақ жасырылады да, оны шешеді, соның жауабына мақал айтады.

1. Отыз екі батыр,
Екіге бөлініп жатыр (тіс,)
Отыз екі тістен шыққан сөз,
Отыз рулы елге тарайды.
2. Бір беткейде екі көл. (көз,..)
Көзің ауырса – қолыңды тый,
Ішің ауырса – ауызыңды тый.
3. Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды. (су.)
Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.
4.
Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді (ұстаз)
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.













Мақалдың жалғасын табады









Жұмбақтың жауабын айтады










Мақалдың мағынасын ашады







Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашады










Жұмбақтың жауабын шешіп, соған сәйкес мақал айтады




ҚБ

Мадақтау, қолдау



















ҚБ

Мадақтау, қолдау











ҚБ

Мадақтау, қолдау





Презентация













Қима қағаздар






















Презентация














Сабақтың соңы

5 минут

Ата - салтым, асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын
Сан ғасырда қалпын бұзбас, қадірім,
Өткенімді бүгініммен жалғадым.
Ұлттық өнерімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін біздер, сондықтанда құнды мұраларымызды насихаттап жүрейік.


ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.



Интерактивті тақта









Бекітілді



Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермекова Г К

Күні:

29. 01. 2024

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Отбасылық таланттар

Сабақтың мақсаты:

1) Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау; 2) Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру; 3) Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.

Құдылықтарға баулу

«АР-ҰЯТ» Отбасының, өз ортасының абыройын асыру;

Музыкалық және бейне көркемдеу

Ата-ана туралы ән

Ресімдеу

Слайд

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Отбасы – адам баласының діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Оқушыларды отбасының бірлігін сақтап, ата - ананың алдындағы парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында

ұйымдастырылып отырған тәрбиелік шараны ашайық!

-Адамзат бесігін тербеткен ұя -Үлгі – өнеге бастауы

-Жағымды қасиеттерге баулиды Жүректен жүрекке.


Мұғаліммен амандасады

Гимн айтады

Тақырыппен танысады










Суретті болжау стратегиясы

ҚБ

Мадақтау, қолдау






Презентация

Сабақтың ортасы

30 минут

І « Тренинг Тез орында» (әрбір топ өздерінің туған айлары бойынша шеңбер құрады) 3 топқа бөлінеді.

«Үлгілі жанұя»

«Бақытты жанұя»

«Бәйтере жанұя»

Отбасы үш тіректен тұрады: бала, ана,әке.

Баланың басты ұстазы-ата-анасы.Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы, киім киюі, мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі.

Өйткені «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі». Бала отбасында әкеден-ақыл, шешеден- мейір алады. Әке-тірек, ана-жүрек, бала-тілек.

Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасының үш тағаны іспетті Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі туралы

Тайпақов Сабырғали Бақтығалиұлы әңгімелейді.

Отбасындағы шаңырақтың тірегі-әке. Отбасының қамқоры, отағасы болғандықтан, әкенің сөзіне отбасы мүшелері мән беріп, тоқтам жасайды.

Ер баланың әке-досы, әрі ақылшысы, қыз- баланың қамқоршысы.


Отбасы деген сөзді қалай түсінесіздер?

Сен отбасыңа кімсің?

Өзіндік орның қандай?

Отбасының басты қызметі не деп ойлайсыздар?


Шығармашылық жұмыс


«Үлгілі жанұя» «Ата-анам алтын тұғырым» шығарма «Бақытты жанұя» «Бақытты отбасы» постері «Бәйтерек жанұя»Жанұя моделі

Ой толғаныс стратегиясы.

Берік шаңырақ» сөзіне ассоциация құрау.
































Әңгімелесу










Шығармашылық жұмыс







ҚБ

Мадақтау, қолдау













ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»












Презенатция


Сабақтың соңы

5минут

Ой толғаныс стратегиясы.


Берік шаңырақ» сөзіне ассоциация құрау.


Кері байланыс береді

ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.


Стикерлер қалам



Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермекова Г

Күні:

22 01 2024

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Туған өлке ақындарының шығармалары («Жеткіншектің Жеті жарғысы» жобасы)

Сабақтың мақсаты:

Ақтөбе облысына танымал ақындардың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беру, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру


Құдылықтарға баулу

Сөзіне берік, ісіне адал болу;

Музыкалық және бейне көркемдеу

Тақырыпқа қатысты ақындардың өлеңдері

Ресімдеу

Слайд

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут

Оқушылармен амандасу

Мемлекеттік гимннің орындалуы

Бүгінгі сынып сағатының тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Мұғаліммен амандасады

Гимн айтады

Тақырыппен танысады






Презентация

Сабақтың ортасы

30 минут

Жергілікті ақын- жазушылардың өмірбаянымен таныстыру


Өмірбаянына қатысты сұрақтар қою


Ақындардың өлеңін мәнерлеп оқу





«Жыр жазамын...»


Оқушылар өздерінің туған қаласы Ақтөбе арнап өлең жазады







Ақындардың өмірбаянымен танысады
















Cұрақ

тарға жауап береді









Мөңке бидің, Сағи Жиенбаевтың, Нұрпейіс Байғаниннің өлеңдерін мәнерлеп оқиды
























Туған жерлеріне арнап өлең шығарады




ҚБ

Мадақтау, қолдау










ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»

















ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»






Презенатция


















Сабақтың соңы

5минут

3 «Қ»

Қызық

Қиын

Құнды


Кері байланыс береді

ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.


Стикерлер қалам





























Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермекова Гулназира Кенжесовна

Күні:

4.09.2023

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі»

А.Байтұрсынұлының туған күні қарсаңында(«Балалар кітапханасы» жобасы)


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету, өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап ой - өрісін, білім деңгейін кеңейту.
Қазақ тілі туралы мақал - мәтелдер, өлең, тақпақ, нақыл сөздер айту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
Адамгершілікке, ізденуге, Тілді құрметтеуге, тіл байлығын, маңызын түсіне баулу.

Құдылықтарға баулу

Өмір бойы оқу, Қазастандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Музыкалық және бейне көркемдеу

Тақырыпқа сай презентация, тапсырма парақшалары

Ресімдеу

Слайд, суреттер

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут


Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

Оқушылардың назарын тақырыпқа аудару.

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құрметті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өзі ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ.
«Халықтың мәңгі ғұмыры - оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы – ұлы»,- деген Шыңғыс Айтматов, айтқандай!
Сондықтан, әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге міндетті.


Тақырыпқа назар аударады

ҚБ

Мадақтау, қолдау

Қорапша, қима қағаздар, стикер

Сабақтың ортасы

20 минут

 1- кезең. «Бәйге» деп аталады. Әр топ берілген сұрақтарға тез және нақты жауап берулері керек» І - топ
1. Қазақстан қандай мемлекет?(бай, кең - байтақ)
2. ҚР – мемлекеттік тілі?(Қазақ тілі)
3. Қанша жыл мезгілі бар?
4. Қазақстанның түсі қандай?(Көгілдір түс)
5. Наурызда пісірілетін басты тағам?(Наурыз көже)
6. Тұрлаулы мүшеге нелер жатады?
7. Ешкінің иесін қалай атайды?(Шекшек ата)
8. Күздің бірінші айы?
9. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?(42)
10. Абай Құнанбаевтың шың аты (Ибраһим)

ІІ - топ
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?(9табы)
2. Бұл, мынау сөздер есімдіктің қай сөз табына жатады? (указательные местоим)
3. Бір тәулікте қанша сағат бар?
4.. Зат есімде қанша септік жалғаулары бар?
5. Тәуелсіздік ел болғалы қанша жыл болды?(20жыл)
6. Абай Құнанбаев кім?(ақын, жазушы, әнші, философ, данышпан)
7. Түйе иесін қалай атайды?(Ойсылқара)
8. Қазақ тілінде тән дыбыстар нешеу?(9)
9. Тамақты бұзбайтын салқын жәшік?(Мұздатқыш)
10. Дауыссыз дыбыстарға басталып, д - з аяқталатын дыбыс?(Бітеу буын)
ІІІ - топ
1. Заттың, нәрсенің атын білдіретін сөз табы?(Зат есім)
2. Тіл мерекесі қай күн?(22 қыркүйекте)
3. Қазақтың үш дана биі кімдер?(Төле би, Әйтеке би, Қазыбек)
4. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (Түркі тілдер тобына жатады)
5. Неологизм дегеніміз не?(Жаңа сөздер)
6. Абайдың неше қара сөзі бар?(45сөз)
7. Қазақстанның Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды?(1991ж)
8. Есімдік мағынасына қарай неше топқа бөлінеді? (7түрі)
9. «Закон сингармонизма» сөзінің қазақша мағынасы қандай?
10. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары? (Ж. Мәлібекұлы, Шота Уәлихан).

ІІ – кезең.» Тіл - өнер» Мен ұнатқан үш пән» Полиглот.
Мақал - мәтелді жасырын тұрған сөзді тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерде.
1 - топ
1. Бірлігі жарасқан....... бұзылмас. (Ел - страна - country)
2. Татулық - табылмас....(бақыт - счастье - happiness)
2 - топ
3..... - ұлы қару(сөз - слова - word(
4. Адамды........ үйретеді(өмір - жизнь - live)
3 - топ
5........ - таптырмас байлық (еңбек - труд - work)
6.......- байқап сөйлер(жақсы - хорошо - gut)

ІІІ - кезең «Кім жылдам»? Синоним сөздерді сәйкестіру.
Ертеде – баяғыда
Алыс - шалғай
үлкен - дәу
кішкентай - ұсақ, шағын
сұлу - әдемі, көрікті
таңертең - азанда
тамақ - дәм, ас.
ІҮ - кезең.. Берілген сызбалар б - а зат, с, сын е, етістік тұрақты сөз тіркес құрастыру;
І - топ: 1. Төбесі көкке жету -(қуану)
2. Қырық пышақ болу -(араздасу)
3. Ит өлген жер - (алыс)

ІІ - топ: 1. Тіс жарады -(үндемеді)
2. Қыздың жиған жүгіндей – (әдемі) 3.. жерден жеті қоян тапқандай -(шаттанады, қуану)

ІІІ - топ: 1. Ат ізін салмады -(хабарласпады)
2. Айы оңынан туды - (жолы түсті, жолы болды)
3. Екі құлағы езуіне жетті - (мәз - мейрам, қуанды).

Ү - кезең: Мына сөздердің ішінен тура мағыналы сөздерді тауып беру.

1. Адамның тілі, орыс тілі, ана тілі;
2. Жұмыстың аяғы, құстың аяғы, жиналыстың аяғы;
3. Өткір ой, өткір мінез, өткір пышақ;

ҮІ - кезең: Антонимдер жарысы.


Ақ - қара, үлкен - кішкентай, жақсы - жаман, биік - аласа, жас - кәрі, суық - жылы, таза - кір, кең - тар, ащы - тәтті, ұзын - қысқа, жиі - сирек.


Тақырыпқа назар аударады.



Кезеңдер бойынша сайысқа түседі.





















Кері байланыс: талқылау












Кері байланыс: талдау



















Мадақтау және қолдау көрсету.









Мадақтау және қолдау көрсету.
















ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.





Слайд
























Маркер, стикер, плакат





























Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия.

Үй тапсырмасы: эссе жазу.

Жеңімпаз топ анықталады.

ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.


Стикерлер қалам





Бекітілді

Күні:

11.09.2023 жыл

Мұғалімнің аты-жөні:

Ермекова Г К

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Отбасым – адамзат бесігін тербеткен ұя»(«Ғаламтор қауіпсіздігі» жобасы)

Сабақтың мақсаты:

 Оқушыларға «Отбасы» туралы, оның құндылығы туралы түсінік беру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана алдындағы парызын өтеуге, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

- сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Музыкалық және бейне көркемдеу

Аудио, видео материалдар

Ресімдеу

фотосуреттер, көрнекіліктер

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Сабақ басы




Ұйымдастыру кезеңі

. Кіріспе Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай? Сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық.
- Біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық?
Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.
Ойсергек: «Сәлемдесу»
Шеңберде тұрып оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі. Мысалы:Салем! Сәлеметсің бе? Есен-амансың ба? Қалайсың? Ні Т.б
Топқа бөлу: Оқушыларды Отбасы, ата-ана туралы мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу.
- Балалар, біз неге осы сөздер арқылы бөліндік?
Мақал-мәтел қиындылары:
«Әке-асқар тау, ана-бұлақ, бала-жағасындағы құрақ»
«Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі»
«Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя» Оқушылар мақал-мәтелдерді құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді.


Мұғаліммен амандасады



Сабақ мақсаты, тақырыбымен танысады



Оқушылар топқа бөлінеді.









Слайд

Негізгі бөлім








































Тұсаукесер -Отбасы дегеніміз не? Қалай түсінесізіңдер? Отбасы қандай болуы керек?
Отбасы туралы пікірлерін ортаға салу.



-Бүгін біз бір ғажайып әлем туралы сыр шертеміз. Қалай ойлайсыздар ол қандай әлем болуы мүмкін. Ол сіздер өскен шағын мемлекет, яғни жанұя бірлігі, ынтымақтастығы, достығы, өзара сыйластықтары.
Сыйластық, жарастық орнаған орта; шағын мемлекет;ата-әже, әке-шеше; қоғамның басты негізі; бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы; адам ғұмырының тірегі.
Отбасы әр адамның шағын отаны.Отбасынды өсіп-өніп тәрбие алады. Біз жастаймыздан өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата –әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады.
Отбасы- Бірге тұратын, бір -біріне қамқорлық жасайтын және ортақ шаруашылық жүргізетін бір үйдің адамдары.
Ата-анамыз біздің тұрмысымыз жақсы болуы үшін еңбек етеді.
-«Батыр ана» қалай түсінесіңдер?
Көп баланы дүниеге әкелген ананы- Батыр ана деп атаймыз.
Көп бала өсірген аналарға «Күміс алқа», «Алтын алқа» беріледі.
Ауыл бойынша Алтын алқа, күміс алқа алған аналалар туралы мәліметті мониторинг арқылы көрсету.
Ойланып дәптерге түсіріп, анықтама береді, жауап береді.
Топтардағы әр оқушының пікірін тыңдау.

Интербелсенді тақтаға келіп жазады
- ойланады;
- естеріне түсіреді
-мысалдар келтіреді.


Негізгі бөлім 1-топ: «Отбасы татулық негізі» атты постер жасайды.
2-топ: «Әке- алтын діңгек»
3-топ: «Отбасы бақыты-ел бақыты»
Осы тақырыпты ашу үшін әр топқа флипчарт,бояулар беріледі, әр топ мүшесінің ойын осы қағазға түсіруін сұраймын және постерлеріңіз эстетикалық жағынан да, мазмұны, көркемделуі жағынан да жақсы болуы тиіс.
Қыркүйек айының бірінші жексенбісі «Отбасы күні» болып белгілендігін және Астана қаласында өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы, біздің облыстан қатысқан Сәндібековтар отбасы туралы мәлімет беру.
Көрсетілім: «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қорытындысы.
Көрсетілім: Орал қаласындағы қарттар үйі мен балалар үйінде тәрбиеленушілер туралы статистикалық мәліметтер келтіру.


Видеоклип: А.Жорабаеваның «Перзент парызы».
Осыдан кейін оқушылар төмендегідей тапсырмаларды орындайды.
1-топ: «Менің бақытты жанұям» тақырыбында эссе жазады.
2-топ: Венн диаграммасы: Отбасы және мектеп
3-топ: 5 жолды өлең.
Әр топқа тақырып төңірегенде мәтіндер беріледі.

Берілген сөздерге топтастыру жасайды



Видеоны көреді, түсінгендерін айтады



Интерактивті тақта арқылы ән айтады

«Кубизм» әдісі арқылы жазғы демалыстары туралы әңгімелейді



«Өзімнің жанұям туралы айтып берейінші...» (алдын ала үйге берілген тапсырма негізінде топ ішіндегі оқушылар өз отбасы туралы слайд не бейне таспа арқылы әңгімелейді



Әр топ тақырыптың мазмұнын, тақырыбын, идеясын, тәрбиелік мәнін ашу мақсатында жоба құрады, қорғайды. Жұмыстану үшін топ басшысын сайлап алады. Әрбір топтан шыққан 3 көшбасшыны қалған топтар формативті: «басбармақ», «бағдаршам», «2 жұлдыз бір тілек» арқылы бағалайды.

слайдтар

https://youtube.com/watch?v=K65Bp_FdR2E



Мектебім ,аяулы мектебім! +KARAOKE | ҚАЗАҚША БАЛАЛАР ӘНДЕРІ | БОТА БЕЙСЕНОВА | МИНУС - YouTube

Соңы




Рефлексия.

Қорытынды «Жақсы тілек – менен» әр оқушы көбелекке, алмаға тілек жазып, тақтадағы «Тілек ағашына» қондырады.
Кері байланыс парағын толтыру.
Кері байланыс парағы:
Бүгін мен сабақта білдім (нені)?
Бүгін мен сабақта үйрендім (неге?)
Бүгін мен үшін күтпеген нәрсе болды (не?)
Оқушыларға жаднама таратып беру.
Үйге:
«Біз бақытты жанұямыз!» тақырыбында сурет салу
«Отбасы ағашы» (отбасыңның шежіресін құру) «Тілек ағашына» оқушылар алмаға, көбелекке ата – аналарына тілектері немесе шығарған өлеңдерімен, тәрбие сағатынан алған әсерлерімен бөліседі.




Қорытындылау



Бекітілді

Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермекова Г

Күні:

25.09.2023

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Атаның сөзі-ақылдың көзі. 1 Қазан –Қарттар күні.

Сабақтың мақсаты:

Халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігі, ұлттық қасиетімізді оқушылар бойына қалыптастыру;
Үйретушілік; оқушыларды сөздің төркінін түсініп, орынды сөйлеуге, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету, ізгілік негіздерін бойларына дамыту;

Шешендік сөздер, мақал - мәтелдерді көп білу арқылы шәкірттерді адамгершілікке, имандылыққа, әділдікке тәрбиелеу және бала лексикасының қорын одан әрі молайту, мағлұмат арқылы рухани байлығын, ұшқырлығы мен ойлау қабілетін дамыту;

Құдылықтарға баулу

Өмір бойы оқу, Қазастандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут


Психологиялық ахуал туғызу.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

Мақсаты: топ ішінде жағымды атмосфера қалыптастыру, өздерін жоғары бағалауға дағдыландыру.

Әр оқушы нақыл сөздің мағынасын аша отырып, тақырыптың атауын біледі.


ҚБ

Мадақтау, қолдау


Парақ

Сабақтың ортасы

20 минут

Мұғалім:

Бүгінгі «Ата сөзі - ақылдың көзі» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Адам баласы өмір көшінде қандай кезең, қандай заман, қандай кез келсе де, ұрпақ қамын, оның тәрбиесін бір сәтте де ұмыт қалдырған емес. Өйткені әркім өзі өмірге әкелген ұрпағына ғұмырының жалғасы, болашағы ретінде қарайды. Тәрбие – адам тағдырын шешетін ұлы іс. Халқымыз ежелден салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын, тілін, дінін, өнеге - өсиетін ұрпақтан - ұрпаққа ж

еткізіп отырған. Олай болса бізде өз үлесімізді қоса отырып, бабалар қалдырған өсиеттердің мағыналарына терең бойлап, сөз маржандарының теңізінде жүріп көрейік! Ата бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп. Ендеше, күнделікті өмірде ата - әжелеріміздің, ата – аналарымыздың айтып отыратын, І. «Аталар сөзі – ақылдың көзі» бөліміне сөз кезегін берейік.

«Асылдың сөзі - ақылдың кені» бөлімінде сұрақ – жауап әдісі қолданылады. Бұл кезеңде топтарымыз салт - дәстүр, әдет - ғұрып бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Сұраққа бірінші болып белгі берген топ жауап береді.
1. Пышақтың жүзі шалқасынан жатса, не деп ырымдайды? (Малы пышаққа түседі)
2. Жеті жарғы заңы бойынша көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге қандай жаза қолданған? (өлім жазасы)
3. Киіз үйдің 12 қанатты үйін қалай атайды? (Ақ Орда)
4. Баланың (ұл, қыз) кішкентай кезінде шашын өсірмей, екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны қалай атайды? (Тұлым).
5. Қазақ ырымында балаға ми жегізбейді. Ол нені білдіреді?(Себебі мидай былжыр, бос белбеу, ынжық болып, өседі дейді.)

6. Жеті жарғы бойынша жазықсыз кісі өлтіргендерге қандай жаза қолданған. (Өлім жазасын бұйырған).
7. Киіз үйдің құрылысында кереге мен шаңырақ ортасын қосатын бөлігі? (уық)
8. Ұзатылған қыз өзінің тетелес сіңлісіне басына тартатын орамал береді. Бұл – ендігі кезек сенікі дегенді білдіреді. Бұл дәстүр қалай аталады? (Шарғы)
9. Қазақта тіл ұшын жесе сүйреңдеп сөйлей беретін болады деп ырымдаған. Ал, таңдай жесе... (Шешен болады)
10. Тұрмысқа шыққалы отырған қыздың туған туысқандарымен қоштасу өлеңі?(сыңсу)
11. Жүн сабарда, сабап болған соң тамақ беру дәстүрі? (Тулақ шашу)

12. Құмырсқалар күндіз илеуіне асығып жатса, нені білдіреді? (Ауа райы бұзылады.)
13. Ұста пышаққа жарымас, етікші неге жарымас?(Етікке жарымас)
14. Дос басқа қарайды, ал дұшпан ше? (аяққа)
15. Қылыштан өткір не бар? (тіл)
16. Ең киелі құс?(аққу)
17. Сәукеле желегін кім қай уақытта киген? (қалыңдық киген)
18. Қазақ шопандарының шахматы? (тоғызқұмалақ)
19. Жаңа дүниеге келген сәбидің киетін алғашқы киімі?(иткөйлек)
20. Мұсылманның қасиетті кітабы? (құран).

ІІ. «Ескірмейтін есті сөз» бөлімі. Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының тыйымдары мен ырымдарының орны ерекше. Бұл ырым - тыйымдарды, наным сенімдерді кейде халықтың ұзақ жылғы тәжірибесінен шыққан түсінігіне, кейде қарапайым әдеп қағидаларына жатқызуға болады. Мысалы, адамзаттың алтын бесігі - табиғатқа байланысты: құмырсқаның илеуін бұзба, суға түкірме, көкті жұлма, ысырапшылдыққа жол берме, т. с. с.

1.Аққуды атпайды (киесі ұрады, аққу - киелі құс)
2. Жолаушыға қайда барасың деп сұрамайды (жолаушының жолы болмай қалады дейді, сондықтан, «жол болсын» деп сұрайды.)
3. Балаға құйымшақ жегізбейді (бала ұшқалақ, жеңілтек, сабырсыз болады дейді)
4. Әлдеқайда біреу қайтыс болды деп жаңсақ айтса неге жориды? (ұзақ өмір сүреді деп жориды)
5. Ауылға атпен шауып келуге болмайды (қаралы хабар жеткізгенде немесе ауылға жау шапқанда шауып кіреді)
6. Жақын адамға мысық, ит, пышақ немесе басқа да қару сыйламайды (араздасып қалады дейді)
7. Аң - құс балалағанда, төлдегенде, құстар балапан өргенде аңға шықпайды (табиғатты аялау, жан - жануар басының көбеюін қадағалау, обалына қалмау).
8. Ішінде суы, тамағы бар ыдыстың бетін ашық қалдырмау (тазалық жағынан шөп - шалам, шіркей түсіп кетеді және жын - шайтан жалап кетеді дейді)


9. Жас балаға, қызға кәрі жілік ұстатпайды (ер бала бойдақ жүріп қалады, қыз бала оң жақ босағада отырып қалады дейді.)
10. Ымырт түсе үй тазалама, қоқыс шығарма (үйдің ырысы кетеді).
«Тапқыр болсаң озып көр».
Киелі сандарға байланысты сенімдер мен нанымдар сөз болады. Оқушылар қоржындағы асықтарға жасырылған сұрақтарға жауап береді.
1. Үш санына байланысты қандай ұғымдар бар?( Үш жүз. Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз.)
2. Үш жұрт (Өз жұртың, Нағашы жұрт, қайын жұрт)
3. Үш қуат (Ақыл қуат, жүрек қуат, сенім қуат)
4. Үш арсыз (Ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз)
5. Үш дауасыз (Мінез, кәрілік, Ажал)
6. Үш би (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
7. Үш қадірсіз (Жастық шақ қадірсіз. Денсаулық қадірсіз. Жақсы жар қадірсіз.)



Тақырыпқа назар аударады.


















Сұрақтарға жауап береді.








































Сұрақтарға жауап береді.


























Берілген сөздердің мағынасын ашу.
















































Асық бойынша берілген сөздерден сөз тіркестерін құрастыру.


ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»










ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.









ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.
















ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.





























































































Мадақтау.












Слайд

Қима қағаздар









Суреттер










Мәтін




















Слайд































































Қоржын.


Сабақтың соңы

5 минут

Қорытындылау.

Міне оқушылар біз бүгін ата - бабаларымыздан мұра болып қалған асыл сөздерге тоқталып, олардың мән - мағынасына тағы бір мәрте саяхаттап қайттық.

Үй тапсырмасы:Эссе жазу.

Оқушылар ойларын қортындылайды.

ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.


Стикерлер қалам











































Бекітілді

Күні:

18.09.2023 жыл

Мұғалімнің аты-жөні:

Ермекова Гулназира Кенжесовна

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Жақсылық жасап жарысайық»

( «Еңбегі асыл жас өрен» жобасы)

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Оқушылардың жақсылық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту және жақсылық пен жамандықтың қатар жүріп адам өмірінде сан қилы белең көрсететінін ұғындыру.

Құндылықтарды дарыту

- жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;

- жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

- қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.


Музыкалық және бейне көркемдеу

«Адалдық өтемі» видеосы

Ресімдеу

Слайд, суреттер

Сабақтың барысы



Сабақ

тың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Сабақ басы




Оқушылармен амандасу

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

«Бес қадам» арқылы оқушылар адам бойындағы жақсы қасиеттерді атап шығады

Қалған оқушылар тәрбие сағаты дәптерлеріне адам бойындағы іхзі қасеиттерді топтастырады

Мұғаліммен амандасады

Назарын сабаққа аударады

Адам бойындағы ізгі қасиеттерді топтастырады

Слайд

Негізгі бөлім








































Жаңа ақпарат

Адам  өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуі, өзін-өзі тануы, ар-ұятты,алдында жауапкершілікті сезінуі үшін адалдық қажет. Адам өзгелермен қарым-қатынаста, іс-әрекетте  адалдық танытуына байланысты оның сенімді достары да көп болады. Адалдық болғанда ғана адамдар шындықпен өмір сүре алады.

Адал болудың, өтірік айтпаудың да өзіндік қиындықтары бар. Өйткені өмірде шындықты айту барысында қайырымдылық, төзімділік, басқаның басындағыны түсіне білуі т.с.с. қасиеттерді бойға сіңіруге ұмтылған жөн.

Шындықты айтуым қажет деп, тұрпайылық танытқан дұрыс емес.

Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады



«Адалдықтың өтемі» туралы видео көру

«Зымыран сұрақтар» әдісі

  • Аңызда айтылатын шаһар

  • Ең басты кейіпкердің аты

  • Абзал қандай бала?

  • Етік жамағанда жіпті түймеуіңнің себебі неде?

  • «Кәсібіне адалдық» дегенді қалай түсінесің?

  • Неліктен етікші «Адалдық адамға нан болмайды» дейді?

Жақсылық жасаудың маңыздылығы туралы айту. «Жақсылық жасасаң алдыңа келеді» (Бумеранг добра) бейнежазбасын көріп, талқылау.

Мақал-мәтелдердің жалғасын табу


1.Жақсы жүрген жеріне кент салады,
Жаман жүрген жеріне өрт салады.

2 Жаманның берген асынан,
Жақсының берген сөзі артық.

3.Жақсының өзі өлгенмен Сөзі өлмейді.
4.
Жақсы қыз –

Жағадағы құндыз,

Жақсы жігіт –

Көктегі жұлдыз.

5.Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.

6.Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.

7.Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

8.Асылдың бірі - адалдық.

9.Білегіңе сенбе, біліміңе сен.
10.Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер,
Залыммен жақын болсаң, басың кетер.



Алдық туралы мұғалім ақпарат тыңдайды











Видеоны көреді және сұрақтарға жаап береді







Жақсылық туралы видеоны көреді.

Қорытынды шығарады

Мақалдың жалғасын табады













Адалдық туралы тәрбие сағаты - YouTube











https://www.youtube.com/watch?v=6xUjLDCChlY


Соңы




Рефлексия.




Қорытындылау









Бекітілді

Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермекова Г

Күні:

09.10.2023

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

«Кідіріс жасап, айналаңа қара. Өткенді сараптап, келер күнді бағамда»


Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру.
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету.
3. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру. Сөздік қорларын байыту.

Құдылықтарға баулу

Сөзіне берік, ісіне адал болу;

Музыкалық және бейне көркемдеу

«Жолда жүру ережесі туралы» видео

Ресімдеу

Слайд, суреттер

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут


«Ой қозғау»
Жұмбақтар

1. Ала таяқ ұстаған, 
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен, 
Ысқырықпен түзеткен. (Жол полициясы)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,

Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)
7. Сом дене, табаны бар сонша тісті,

Бір өзі бітіреді сонша істі. (Трактор)

8. Кеудесінде жаны жоқ,

Тамырында жаны жоқ,

Май жейді,

Су ішеді. (Машина)

9. Дыз-дыз етіп жүрегі,

Сымнан ұстап жүреді.

Өзіне адам мінеді,

Ол не, кім біледі? (Троллейбус)

10. Ала таяқ ұстаған

Жол тәртібін нұсқаған

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы күшті адам. (Полиция қызметкері)

11.Көзін ашып жұмады,

Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)

Мұғалім:Жарайсыңдар!







Жұмбақтар

ды шешу арқылы тақырыпты ашады










ҚБ

Мадақтау, қолдау


Слайд


Сабақтың ортасы

20 минут

Тақтадан

http://www.bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/12027-zholdar_men_zhol_belgileri

бейнеролик көрсетіледі.

Бүгінде қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын қажет етеді. Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды.

Бағдаршам –өмірімізді апаттан сақтандыратын жалғыз көмекшіміз.Оның сырын біліп, тілін алу баршамыздың міндетіміз. Бағдаршам-жол элементтерінің ішіндегі ең ерте қолданыла бастағаны. Қазір бағдаршамның жасы жүзден асып кетті. Оның кескін келбеті де құрылысы да әлденеше рет жаңарды. Бағдаршамның жаяулар және автомашиналар жүрулеріне арналған түрлері болады. Олардың айырмашылықтары көздерінде: адамдарға арналған бағдаршамның екі көзі болады, қызыл да – тоқтайды, жасыл да – жүреді. Ал, жүргізушілерге арналған бағдаршамның 3 көзі болады: қызыл да – тоқтайды, сары да – әзірленеді, жасыл да – жүреді. Жол белгілері 4 топқа бөлінеді:

- Ескерту, тыйым салушы бұлар - қызыл түс

- Сілтеуші, рұқсат беруші белгілер – көк түс


Викториналық сұрақтар.
1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ?
Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ?
Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қоғалысын реттейді.
3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?
Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?
Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн



Тақырыпқа назар аударады.














Сұрақтарға жауап береді




















Өз ойын жеткізеді


















ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»












ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.









ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.
















Слайд
































Слайд











Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы:

Оқушылар ойларын қортындылайды.

ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.


Стикерлер қалам

Бекітілді

Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермекова Г

Күні:

02.10.2023

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

«Ұстаз! Сіздің алдыңызда........»

(«Оқуға құштар мектеп» жобасы)

Сабақтың мақсаты:

Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту. 
Ұстаз  мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.

Құдылықтарға баулу

Адал еңбекті құрметтеу;

Музыкалық және бейне көркемдеу

«Ұстазым» әні

Ресімдеу

Слайд, суреттер

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут


Мұғалім:

Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына, қасиетті ұғым жатыр.Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім—мектептің жүрегі»— деген Ы.Алтынсарин атамыз.Жүрексіз өмір болмаса ,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол-ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп,оны азамат етудіңөзі бір үлкен күш, сондықтанда ұстаздың еңбегі — ұлы еңбек


Тақырыпқа назар аударады

ҚБ

Мадақтау, қолдау


Парақ

Сабақтың ортасы

20 минут


Мұғалім: Балалар қазақтың тұңғыш ұстазын білесіңдер ме?

- Әрине Ыбырай Алтынсарин. Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым-жазушы Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, көркем әдеби тілдің тазалығы үшін күресуші, балаларға таза ана тілін үйрету арқылы халықтың бай тілін меңгеріп, өнер-білімге бастаушы. Ыбырай Алтынсарин туған халқына оқу-білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Тұңғыш қайраткер жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып, бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан, 1864 жылы мектеп ашты



Қане, балалар, бүгін ұстаз туралы әңгімелесейікші. Әңгімеміз түсініктірек болуы үшін мен сендерге « Өнерлі жігіт » аңызын оқып берейін.
Өнерлі жігіт Әл-Фараби бір күні базарға барса, бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әртүрлі өнер көрсетіп отыр екен. Оны көрушілер риза болып, тиын-тебен тастап кетіп жатады. Әбунасыр одан:

Күніне қанша табасың? – деп сұрайды

. — Екі дирхемге жетер-жетпес қана.

Онда сен бұл өнерді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін, – деп оны ертіп алады.

Мұны естіген саудагер:

Мына дәруіштің дені сау ма? Өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем төлегені несі? – деп күліпті.

Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар.


Әл-Фараби жігітке нені үйреткісі келді?
Не үшін?
Шәкірттерінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы қаншалықты еңбек сіңіреді деп ойлайсыңдар?
Білім адамға не үшін керек деп ойлайсыңдар?

Дұрыс айтасыңдар. Әрине ұстаздың еңбегі зор. Ұстаз әр баланың бойындағы жақсы қасиеттерді байқап, оның болашықта өз орнын табуына көмектеседі. Сол үшін аянбай еңбек етеді.

Ұстаз мектепте білім – тәрбие беріп, адамгершілік нұрын төгеді. Мұғалім жас ұрпаққа өз өнерін, тәжірибесін, білімін үйретеді. Адамдардың айналаға, достарына, табиғатқа деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады. Ол адамның өмірге деген сенімін арттырады, өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектеседі.

1-тапсырма

«Ұстаз» сөзінің формуласын дәптерге жаздыру

Ұ – ұлағатты
С – салмақты
Т – тапқыр
А – ардақты
З –зиялы


2-тапсырма. Мақаләтелдің жалғасын табу

Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.

Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.

Ғылым – теңіз, білім – қайық.

Білетінің бір тоғыз,
Білмейтінің тоқсан тоғыз.

Жердің сәні – егін, ердің сәні – білім.

Күш — білімде, білім — кітапта.

Кісінің кісілігі,
Киімінде емес,
Білімінде.

Киіміне қарап,қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.

Білім гауһар-
Бағасы жоқ.
Надандық кесел-
Дауасы жоқ.

Қарғыстың ең жаманы —
Өзің білме,
Білгеннің тілін алма.

Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.



Кітап-ғылым — тілсіз мұғалім.


Білімі жоқ ұл — жұпары жоқ гүл.


Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын.


Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.

3-тапсырма. Ұстаздарға арнап өлең шығару

____________________________алақаны,
___________________________-бала қамы
_____________________________алғыс
______________________________арманы.



Ұстаздың оттай ыстық алақаны,
Болған соң ойлайтыны-бала қамы
Баладан ұстазыма мың сан алғыс
Өйткені ол ұстазымның ақ арманы.

4-тапсырма «Ұстазым» әнін хормен шырқау



Тақырыпқа назар аударады.














Сұрақтарға жауап береді



























Өз ойын жеткізеді



















Ұстаз сөзіне анықтама береді








Жалғасын табады


Өлең шығарады










Ән шырқайды






ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»



















ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.









ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.
















ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.






























Слайд
































Слайд































Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы: «Ең сүйікті ұстазым»

Оқушылар ойларын қортындылайды.

ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.


Стикерлер қалам









Бекітілді

Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермекова Г

Күні:

16.10.2023

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

«Әкем айтқан нақыл сөз...» («Еңбегі адал жас өрен» жобасы)


Сабақтың мақсаты:

-Отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу.
-Үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін түсінуге тәрбиелеу.


Құдылықтарға баулу

Сөзіне берік, ісіне адал болу;

Музыкалық және бейне көркемдеу

Тақырыпқа сай презентация, тапсырма парақшалары

Ресімдеу

Слайд, суреттер

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут


Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

Оқушылардың назарын тақырыпқа аудару.

«Мен үшін әке...». Оқушылар берілген тіркесті жалғастыру арқылы өз ойларымен пікір алмасады.

Мысалы: «Мен үшін әке – қамқоршы, ақылшы, мақтаныш, отбасын асыраушы».



Тақырыпқа назар аударады

ҚБ

Мадақтау, қолдау

Қорапша, қима қағаздар, стикер

5мин

«Миға шабуыл»

Видеоролик

Ребус шешу:      

Маған да,саған да
 Жақын туыс бес адам
 Үш әріптен тұратын
Оңға оқы,солға оқы.
 Өзгермейді еш одан
 Бәрі де өз жұртын
 Айтады кәне кім атын?
( ата,ана,апа,аға,іні )


Сұрақтарға жауап беру


Бейнежазба, Үлестірмелік қағаздар

Сабақтың ортасы

20 минут

Балалардан 7 атасын сұрау.
 (әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат)

Әр оқушыны өзінің жеті атасын айтып, білудің маңызы туралы түсінеді.

Оқушылар мұғалімнің көмегімен тақырыпқа сай әңгімені оқып, сұрақтарға жауап береді. Ыбырай Алтынсарин. "Әке мен бала" (әңгіме)

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты.

Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп айтады. Бала әкесіне: — Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды.

Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды.

Сұрақтар:

Не себептен әкесі баласына тағаны алуын сұрады?

Әкенің айтпақ ойы не?

Мәтіннен не түйдің?

«Әкем айтқан нақыл сөз кезеңі»

Әкені не үші «асқар тау» дейміз?

Ананы не үшін «бұлақ» дейміз? Ана тілімізде анаға, әкеге, балаға қатысты қандай мақалдар бар?

  1. Ұяда не көрсең, ұшқанда...

  2. Балалы үй базар, ...

  3. Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің...

  4. Білімдіге дүние жарық, білімсіздің...


Тақырыпқа назар аударады.





















Кері байланыс: талқылау












Кері байланыс: талдау



















Мадақтау және қолдау көрсету.









Мадақтау және қолдау көрсету.
















ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.




Слайд
























Маркер, стикер, плакат





























Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия.

Міне, оқушылар біз бүгін отбасы мүшелерінің, оның ішінде әкенің отбасыдағы рөлін ерекше ұғындық.

Үй тапсырмасы: эссе жазу.

Оқушылар ойларын қортындылайды.

ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.


Стикерлер қалам







Бекітілді

Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермекова Г

Күні:

23.10.2023

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

«Мәңгілік жаса, Қыран елім Қазақстаным!» «Мен жастарға сенемін!»

Мағжан Жұмабевтың туғанына 130 жыл(«Оқуға құштар мектеп»жобасы)

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру.
Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

Құдылықтарға баулу

Сөзіне берік, ісіне адал болу;

Музыкалық және бейне көркемдеу

Тақырыпқа сай презентация, тапсырма парақшалары

Ресімдеу

Слайд, суреттер

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут

Психологиялық ахуал туғызу

«Сенің есімің» жаттығуы.

Мақсаты: топ ішінде жағымды атмосфера қалыптастыру, өздерін жоғары бағалауға дағдыландыру.

Мұғалім: Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан. 1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.



Әр оқушы өз есімін параққа жазып, әр әріпіне жағымды сөздер табады. 




Тақырыпқа назар аударады

ҚБ

Мадақтау, қолдау


Парақ





Презентация

Сабақтың ортасы

20 минут

Отан, Отан!!! Сен болмасаң нетер ем?

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем!

Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі мереке кезінде қалай болса да шалқитындай реті бар. Ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәлсіздікке қол жеткізгелі бері еліміз талай – талай асқарлы асуларды бағындырды. Өтпелі кезең ауыртпалықтарын бастан өткізіп, оңай тимеген экономикалық, саяси реформалар жүзеге асырылды. 

1-тапсырма. Сөзжұмбақ «Отан»

1. Ұлттардың бірлігі, татулығы
2. Елордамыз қай қала

3. Біз қай ұлтпыз?

4.Мемлекеттің рәміздеріміздің бірі

д

О

с

т

ы

қ


а

с

Т

а

н

а


қ

А

з

а

қ

 


ә

Н

ұ

р

а

н


Мұғалім.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін!

Мағжан Жұмабаев Бекенұлы - Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы  1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында - ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді.

2-тапсырма: «Біз туған жер табиғатына не бере аламыз?» деп жазылған ұзын ағаш ілінеді. Ортада табиғатқа байланысты әртүрлі мазмұндағы суреттердің ішінен керектісін алып, гүл күлтелін құрастыру. Гүлдің бейнесі пайда болады.






Тақырыпқа назар аударады




Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, сөзжұмбақты атауын табады







Тақырыпқа назар аударады


Мағжан Жұмабаевтың «Туған жер» атты өлең жолдарын тыңдайды





Керек суреттерді алып гүл күлтесін құрастырады. Керек емес суреттерді қоқыс шелегіне тастайды





ҚБ

Мадақтау, қолдау




ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»

















ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»







Презенатция





Парақ, маркер









https://youtu.be/3plvNw16Jes?si=d_f3s8j2nM-1kpAP











Суреттер

Сабақтың соңы

5 минут

Қорытындылау. «Аспанымыз ашық болсын!» жаттығуы жасалады. Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді. Әр бұлтта тапсырмалар берілген.

1. 25 қазан қандай мереке-Республика күні

2. Отанымыз – Қазақстан

3. Туған қаламыз – Ақтөбе

4. Ана тіліміз – қазақ тілі

5. Жер көлемі бойынша нешінші орын-9




Сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы күннің көзін бұлттардан ашады

ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.


Стикерлер қалам


Үй тапсырмасы: «Мен жастарға сенемін» өлеңін жаттау






Бекітемін:

Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермекова Г

Күні:

20.11.2023

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

«Ұлы Дала перзентімін» («Еңбегі адал жас өрен» жобасы)


Сабақтың мақсаты:

қазақстандық  патриотизм  идеясын  дамыту. Аталардың батырлық дәстүрін, тарихын, ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі тұту, мақтаныш сезімдерін ояту және оларға құрметпен қарау. Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, ерлікке, адал да батыл болуға тәрбиелеу.


Құдылықтарға баулу

Сөзіне берік, ісіне адал болу;

Музыкалық және бейне көркемдеу

Тақырыпқа сай презентация, тапсырма парақшалары

Ресімдеу

Слайд

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут

Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық ахуал орнату.

Тренинг -шеңберге тұрып бүгінгі күнге сәттілік тілейді.


Мұғаліммен амандасады



Бүгінгі күнге сәттілік тілейді

ҚБ

Мадақтау, қолдау



Сабақтың ортасы

20 минут

Оқушыларға эссе туралы түсінік беру

1-абзац. Кіріспедегі сөз оралымдары:

Халық арасында ........ деп саналады.

Адамдар көбінесе .......... деп айтады.

Көп адамар................... деп ойлайды.

Көп жағдайда ........................................... деп саналады.

Көп адамдар ..................деген пікірді ұстанады.

Көп адамдар................. сенімді.

2- абзац. Өз пікірін білдіретін сөз оралымдары:

Мен осы жағдайға өз көзқарасымды білдіргім келеді.

Мен осы мәселе бойынша өз пікірімді айтқым келеді.

Қаралатын мәселенің артықшылығын сипаттайтын сөз оралымдары:

Жоғарыда айтылғандай, мен ....... қолдаймын, оған бірқатар себептер бар...

Осы жақты қолдау үшін көптеген артықшылықтар бар. Олар.. Ең жақсысы /

Көзқарасын тізбектейтін оралымдар:

Біріншіден, / ең алдымен...

Бірінші кезекте ...... бастау / ең басынан,

Екіншіден, үшіншіден, сөз соңында, ең соңғысы, бірақ маңыздысы.

Жаңа аргументтерді келтіретін сөз оралымдары:

Бұдан басқа, Сонымен қатар, / оның үстіне, сияқты / осыған қоса/,

Сондай-ақ, / .......ғана емес. Бұдан басқа/ да айта кетпеуге болмайды.

Жеке көзқарас оралымдары:

Менің ойымша, бұл мәселе даулы болып табылады.

Менің пікірім бойынша

Менің түсінуім бойынша

Мен өзім ...... деп санаймын.

Мен өзімді ....................... деп дұрыс пікірдемін деп есептеймін.

Мен .......... деп түсінемін.

3 -абзац.

Кейбір адамадар ........ деп есептейді, бірақ олар .......... түсінбейді / олар ........ ескермейді.

Кейбір адамдар ........... деп айтады. Мен олармен келісе алмаймын. Мен бұл көзқараспен (ұстаныммен, пікірмен) келіспеймін., себебі....

..... деген пікірді қазір көпшілігі қолдайды. Соған қарамастан, мен ....... деп ойлаймын. Жоғарыдағы пікірден басқа... мен ...... деп санаймын.

4-абзац. Қорытынды сөз оралымдары:

Қорытындылай келе,

Жалпы

Соңында жалпы қорытындалайтын болсақ.

Барлық мәселелерді атап өттік.

Сөз соңында

Барлығын ескере отырып, барлығын назарға ала отырып...

Қажетті ақпараттар

Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз – солардың жалғасымыз! Ұлы Даланың мұрагерлеріміз!

Иә, мен – ұлы дала перзентімін. Қазақтың кең байтақ даласын мекендеген ежелден еркіндік аңсаған бабалардың ұрпағымын. Қазақ елі өзінің егемендігі жолында тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Сол себепті қазір біз үшін тәуелсіздік – ұлы мереке.

Тәуелсіздіктің тарихына үңілейікші. 1991 жыл 16 желтоқсан - Қазақстан тарихына Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні. 1992 жылы еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданды. Біріккен ұлттар ұйымына кіріп, әлем елдерімен бейбіт қарым–қатынас жасауға кең мүмкіндік алды. Мемлекетіміздің рәміздерінің, Ата заңының қабылдануы да алғашқы қадамдардың бірі болды.

Н.Ә.Назарбаев Астанаға көшуге ұсыныс жасады. 1997 жылы Қазақстаннның астанасы Ақмола болып жарияланды 1998 жылы Ақмола аты Астана болып ауысты. Ал қазіргі Астан – Арман қала, біздің мақтанышымыз, Қазақстанның жүрегі.





Эссе туралы түсінік алады

























Қажетті ақпарат

тарды қолданады















ҚБ

Мадақтау, қолдау




























ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»





















ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»






Слайд

































Сабақтың соңы

5 минут

Ең үздік эссені анықтау



ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.









Бекітілді

Сынып жетекшінің аты-жөні:

Ермекова Г К

Күні:

13.11.2023

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

«Теңге –мемлекет келбеті»

15 қазан – Ұлттық валюта күні ( «Еңбегі асыл жас өрен» жобасы

Мақсаты

Ұлттық теңгенің Тәуелсіздік символы екендігін насихаттау, теңгенің шығу тарихын және авторлары жөнінде мәлімет беру, оқушыларды туған елін сүюге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Құндылық

Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу;


Тәрбие сағатының барысы

Барысы

Педагогтің іс -әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар



Кіріспе

10 мин























Негізгі бөлім

25 мин


  1. Ақша туралы түсінік

  2. Теңгенің шығу тарихы

  3. Кім білгір? танымдық сұрақтар бөлімі

«Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге – бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны».

Ақша туралы түсінік. Ақша (ағылш. money; cash; нем. Geldn, Geldmittelpi) — жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ол барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қаматамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы

кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп, құнның толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі – ақша пайда болды.

1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ”Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы”жарлық шығарды.

Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990 жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған.


Әбу-Насыр –әл –Фараби

Ол Отырарда дүниеге келген. Арабтар бұл қаланы Фараб деп атаған.Әл- Фараби орта бойлы,мығым денелі, батыл болып өседі.Бала күнінен атқа шапқыштығымен,мергендігімен көзге түседі.Түркі,парсы,араб тілдерін мүлтіксіз сөйлейді.Грек,латын тілдерін жақсы білген. Ол дүние жүзінде Аристотельден кейінгі екінші ұстаз. Әл- Фараби 150 жуық еңбек жазған.

Сүйінбай. Алматы облысы,Жамбыл ауданында дүниеге келген.Балалық шағында кедейшілік,жоқшылық көреді.Соған қарамастан 14-15 жасынан бастап ақындық өнерге машықтана бастайды.Сүйінбай келе-келе нағыз суырып салма,айтыстың ақиық ақынына айналады.

Сүйінбай халық мұңын мұңдап,үстем тап өкілінің әділетсіздігін бетіне басып,әшкерелеп отырған батыл да әділ ақын. Оның өлеңдерінде адамның мінез-құлқы,адамгершілігіне, жақсы-жаман қасиеттеріне көңіл бөлінеді.

Құрманғазы. Құрманғазы – қазақтың күйші, сазгері,домбырашысы.Күй өнерінің классигі.Оның әнге әуестігі жастайынан байқалады. Алты жасында әкесі байдың қозысын бағуға жібереді.Зейінді туған бала әке-шешесінің жағдайын түсініп, олардың айтқанына қарсы келмейді. Жалғыз серігі қолдан жасалған домбырасын йығынан тастамайды.

Құрманғазы қуғын-сүргінді көп көрді.1880 жылдардың бас кезінде Астрахань жаққа қоныс аударды.

Ортаға 10,20,50,100 теңге кейіпкерлері шығады.

Шоқан Уәлиханов. Ол өте ақылды,көреген,өз заманының білімді адамы болды. Орысшаға қоса бірнеше шығыс тілін білген. Шоқан әуелінде қазақ мектебінде оқиды.Мұнда арабша оқумен сурет салуды үйренді.Шығыс әдебиетімен танысады.Араб,парсы,ұйғыр тілдерін меңгерген.1853 жылы Кадет корпусын бітіреді.Сол мамандығы бойынша қызметте істейді. Шоқан ғалым, саясатшы,географ, суретші,әдебиетші,тарихшы.

Абай Құнанбаев. Абай - қазақтың ұлы ақыны,сазгер,философ, қазақ әдебиетінің негізін салушы.Ол әуелде ауыл молдасынан оқиды.10 жасқа толғанда әкесі оны Семейге медресеге оқуға жібереді.Мұнда араб,парсы,шағатай тілдерін меңгереді.Науаи,Низами,Фирдауси сияқты оқымыстылардың шығармаларын құныға оқиды. Орысшасын өз бетінше жетілдіре түседі.

Абай өлеңдері татулықты, достықты уағыздайды.Оның елуге жуық қара сөздері бар. Көлемі қысқа,мағынасы терең.


3.Кім білгір? танымдық сұрақтар бөлімі

1. «Әр елде — өз валютасы »

«Табыс» « Теңге» « Тиын»

Қырғызстанда-/сом/ Ресейде -/рубль/ Германияда — /марка/

Америкада — / доллар/ Ұлыбританияда-/фунт/ Украинада — /гривна/

/ стерлинг/ /карбовенец/

Қытайда — / юань/ Тәжікстанда — /манат/ Өзбекстанда — /сум/

Түркияда -/ лира / Латвияда - / лат / Кореяда — / йена /

1-жағдай:Биылғы оқу жылында қазақ тілі оқулығы жетіспейді,базардағы оқулық бағасы 800 теңге.Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді.Бірақ оқулық ескі.жыртық.Сен оқулықты ұстағың келіңкіремей тұр .Сенің іс-әрекетің …?

2-жағдай: Сен екі ініңді бала бақшадан алып қайттың.Інілерің қарындары ашқандарын айтты. Сенде 60 теңге бар.

Балмұздақ 60 теңге, 3 алма 60 теңге, 1 қорап сағыз 60 теңге

Қай затты алар едің? Неге?

3-жағдай: Сенің былтырғы етігің өзіңе шақ.Бірақ оны кигің келмей тұр.Жыртық болмағанмен,ескі.Ойыңды әкеңе айтып едің,әкең айлықәлі алмағанын айтты.Сенің әрекетің…?

















Ақша туралы мәлімет алады









Ақпараттарды есте сақтайды













































Тұлғалар туралы ақпарат алады





















Сұрақтарға жауап береді
























Жарайсың!





Тамаша!





Керемет!















































Екі жұлдыз, бір тілек





















Ауызша мадақтау






Слайд

















Бейнематериал




















Презентация



















Монеталар











Танымдық сұрақтар














Ситуациялық сұрақтар















Қоры

тынды

10 мин


1. Теңгенің суретін салған кім?

2.Теңгенің алғашқы нұсқасы қайда басылды?

3.Теңгенің шыққан күні?

4.Ата-анаң алатын ақша.

5.Түрлі елдердің банкнотасы мен монетасын, көне ақшаларды жинайтын адам.

6.Қазақстандағы валюта.

7. Ұлттық валютаға биыл неше жыл?

8. Елімізде биыл тағы қандай мерекелі атаулар болды?

9. Ақша дегеніміз не?



Сұрақ-жауап


Бекітілді


Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермекова Гулназира

Күні:

6.11.2023

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

«Оян, ар мен адалдық».

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру; олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.

Құдылықтарға баулу

«АР-ҰЯТ» Адал еңбекті құрметтеу; Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу,мейірімділік таныту;

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Сабақтың басы

5 минут


Психологиялық ахуал туғызу

«Сенің есімің» жаттығуы.

Мақсаты: топ ішінде жағымды атмосфера қалыптастыру, өздерін жоғары бағалауға дағдыландыру.

Әр оқушы нақыл сөздің мағынасын аша отырып, тақырыптың атауын біледі.


ҚБ

Мадақтау, қолдау


Парақ


Сабақтың ортасы

20 минут

Мұғалім: Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі.Видео сабақты қарау. https://www.youtube.com/watch?v=f2J53JvJ2j8 Ары қарай сұрақтар қойылады.

Сұрақтар:
– 1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
– Үлкен кісімен амандасып жол беремін.
– 2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
– Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.
– Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.
– 3. Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?
– Асықпай түсіндіріп беремін.
– 4. Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?
– Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.
– 5. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
– Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.
– 6. Әдептілік деген не?
– Адамдардың жүріс - тұрысы мен өзара қарым - қатынасының ережелері.
- 7. Ата - ананның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытта келіп қалды делік, сен оны үзбей қарайсың. Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі. Сен қандай шешімге келер едің?
- 8. Құрметті досым! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың»- дейді. Мен не істеуім керек?
9. «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?».
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға болмайды.)

- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
10. «Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

Тыныштық әті.  Оқушыларға «Тыныштық сәті»әдіс-тәсілін қолдану.    –Балалар,денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алулар-ыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаныңтұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді балалар көздеріңді ашып, бұрынғы қалпымызға келейік.


Тақырыпқа назар аударады. Сұрақтарға жауап береді.



































Мәтінді жалғастырады. Талдайды.Өз ойын қосады.

Мұғалімнің қойған сұрақтарына да жауап іздейді.





















Оқушылар айтылған іс-әрекетті жасайды.











ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»










ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.























ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.
















Слайд

Қима қағаздар









Суреттер










Мәтін




















Слайд



https://www.youtube.com/watch?v=f2J53JvJ2j8














Сабақтың соңы

5 минут

Қорытындылау. Адамгершілік қасиет - жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның қордалы байлығы.Адамдық борыш ар үшін,
Барша адамзат қамы үшін.
Серт берген еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін.

Мәнерлеп оқиды.

ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.


Стикерлер қалам




Бекітілді

Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермекова Г

Күні:

20.11.2023

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

«Ұлы Дала перзентімін» («Еңбегі адал жас өрен» жобасы)


Сабақтың мақсаты:

қазақстандық  патриотизм  идеясын  дамыту. Аталардың батырлық дәстүрін, тарихын, ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі тұту, мақтаныш сезімдерін ояту және оларға құрметпен қарау. Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, ерлікке, адал да батыл болуға тәрбиелеу.


Құдылықтарға баулу

Сөзіне берік, ісіне адал болу;

Музыкалық және бейне көркемдеу

Тақырыпқа сай презентация, тапсырма парақшалары

Ресімдеу

Слайд

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут

Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық ахуал орнату.

Тренинг -шеңберге тұрып бүгінгі күнге сәттілік тілейді.


Мұғаліммен амандасады



Бүгінгі күнге сәттілік тілейді

ҚБ

Мадақтау, қолдау



Сабақтың ортасы

20 минут

Оқушыларға эссе туралы түсінік беру

1-абзац. Кіріспедегі сөз оралымдары:

Халық арасында ........ деп саналады.

Адамдар көбінесе .......... деп айтады.

Көп адамар................... деп ойлайды.

Көп жағдайда ........................................... деп саналады.

Көп адамдар ..................деген пікірді ұстанады.

Көп адамдар................. сенімді.

2- абзац. Өз пікірін білдіретін сөз оралымдары:

Мен осы жағдайға өз көзқарасымды білдіргім келеді.

Мен осы мәселе бойынша өз пікірімді айтқым келеді.

Қаралатын мәселенің артықшылығын сипаттайтын сөз оралымдары:

Жоғарыда айтылғандай, мен ....... қолдаймын, оған бірқатар себептер бар...

Осы жақты қолдау үшін көптеген артықшылықтар бар. Олар.. Ең жақсысы /

Көзқарасын тізбектейтін оралымдар:

Біріншіден, / ең алдымен...

Бірінші кезекте ...... бастау / ең басынан,

Екіншіден, үшіншіден, сөз соңында, ең соңғысы, бірақ маңыздысы.

Жаңа аргументтерді келтіретін сөз оралымдары:

Бұдан басқа, Сонымен қатар, / оның үстіне, сияқты / осыған қоса/,

Сондай-ақ, / .......ғана емес. Бұдан басқа/ да айта кетпеуге болмайды.

Жеке көзқарас оралымдары:

Менің ойымша, бұл мәселе даулы болып табылады.

Менің пікірім бойынша

Менің түсінуім бойынша

Мен өзім ...... деп санаймын.

Мен өзімді ....................... деп дұрыс пікірдемін деп есептеймін.

Мен .......... деп түсінемін.

3 -абзац.

Кейбір адамадар ........ деп есептейді, бірақ олар .......... түсінбейді / олар ........ ескермейді.

Кейбір адамдар ........... деп айтады. Мен олармен келісе алмаймын. Мен бұл көзқараспен (ұстаныммен, пікірмен) келіспеймін., себебі....

..... деген пікірді қазір көпшілігі қолдайды. Соған қарамастан, мен ....... деп ойлаймын. Жоғарыдағы пікірден басқа... мен ...... деп санаймын.

4-абзац. Қорытынды сөз оралымдары:

Қорытындылай келе,

Жалпы

Соңында жалпы қорытындалайтын болсақ.

Барлық мәселелерді атап өттік.

Сөз соңында

Барлығын ескере отырып, барлығын назарға ала отырып...

Қажетті ақпараттар

Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз – солардың жалғасымыз! Ұлы Даланың мұрагерлеріміз!

Иә, мен – ұлы дала перзентімін. Қазақтың кең байтақ даласын мекендеген ежелден еркіндік аңсаған бабалардың ұрпағымын. Қазақ елі өзінің егемендігі жолында тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Сол себепті қазір біз үшін тәуелсіздік – ұлы мереке.

Тәуелсіздіктің тарихына үңілейікші. 1991 жыл 16 желтоқсан - Қазақстан тарихына Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні. 1992 жылы еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданды. Біріккен ұлттар ұйымына кіріп, әлем елдерімен бейбіт қарым–қатынас жасауға кең мүмкіндік алды. Мемлекетіміздің рәміздерінің, Ата заңының қабылдануы да алғашқы қадамдардың бірі болды.

Н.Ә.Назарбаев Астанаға көшуге ұсыныс жасады. 1997 жылы Қазақстаннның астанасы Ақмола болып жарияланды 1998 жылы Ақмола аты Астана болып ауысты. Ал қазіргі Астан – Арман қала, біздің мақтанышымыз, Қазақстанның жүрегі.





Эссе туралы түсінік алады

























Қажетті ақпарат

тарды қолданады















ҚБ

Мадақтау, қолдау




























ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»





















ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»






Слайд

































Сабақтың соңы

5 минут

Ең үздік эссені анықтау



ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.











Бекітемін:

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермекова Г

Күні:

27.11.2023

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Тоғызқұмалақ-day» «Ұлттық мектеп лигасы» жобасы


Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың қазақтың ұлттық ойындары туралы алған мағлұматтарын естеріне түсіре отырып, білімдерін бекіту. Тоғызқұмалақ ойыны туралы түсінік беру.

Құдылықтарға баулу

Сөзіне берік, ісіне адал болу;

Музыкалық және бейне көркемдеу

Ұлттық ойындар туралы кітаптар, суреттер, тоғызқұмалақ.

Ресімдеу

Слайд, суреттер

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар


Сабақтың басы

5 минут


Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

Оқушылардың назарын тақырыпқа аудару.

Мұғалімнің сөзі.“Қазақ халқының ескі мұрасының бірі – Тоғызқұмалақ ойыны. “Тоғызқұмалақтың орны бөлек. Бұл ойын адамды тапқырлыққа үйретеді. Миды шыңдайды”. Мұның қашаннан келе жатқаны жөнінде анық мәлімет жоқ. Тоғызқұмалақ ойыны бүкіл Орта Азияда, әсіресе қазақ пен қырғыз халықтарының арасында көп ұшырайды. Бұл ойын қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның миы істеп, есепшілігі тез артып, тапқыштық жағы күшеймек”.
1-оқушы:  “Тоғызқұмалақ ойыны шахмат, дойбы ойындары сияқты тапқырлықты, мол фантазияны талап етеді. Алайда бұл ойынның есебі ерекше, өзіне ұқсас ойындарға қарағанда анағұрлым күрделірек. Оның басты себебі – тоғызқұмалақ ойынын немесе оның кейбір жеке позицияларын тақтаға қарамай, абстракты түрде ойлау аса қиын"


Тақырыпқа назар аударады

ҚБ

Мадақтау, қолдау

Қорапша, қима қағаздар, стикер

5мин

2-оқушы: "Терең ойды талап ететін, ойнасаң қызығына тоймайтын халық даналығы қалдырған ойындардың бірі тоғызқұмалақ. Тоғызқұмалақ ойыны қай кезде, қалай қалыптасқаны жөнінде нақтылы тарихи деректер әзірше аз. Ал негізінде көшпенді қазақ халқының арасында дамығанын Қазақстан жерінде жартастардың, болмаса төбенің үстіндегі тегіс тас бетіне ойып салынған тоғызқұмалақ ойынының тақталары біздің осы ойымызды дәлелдей түседі. 3-оқушы: "Спорттың да өнер ретінде таңдап алар түрі көп. Бір түрі – бұл күштің толысуына әкелсе, екінші – жылдамдыққа, үшіншісі – табандылыққа бастайды. Ал төртінші бір спорт түрі жас адамды ойлылыққа, күрделі бір істің күрмеу жібін тез шешуге дағдыландырады. Мұндай спорт түрлерінің қатарына шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ сынды спорт түрлері жатады.
4-оқушы: "Қазақ халқы атам заманнан бері спортқа әуес болған. Атқа шабу, көкпар тарту, ит жүгіртіп құс аулау секілді небір сайыстарға түскен. Соның ішінде адам санасын шынықтыратын ой спортынан да құр алақан болмаған. Адамдарды тәрбиелеу, олардың ой санасын шынықтыру, жетілдіру жолындағы қызық ой спорты түрлерінің бірі – қазақтың тоғызқұмалағы".
- Қазір сендермен тоғызқұмалақ ойынын ойнаймыз.

Сұрақтарға жауап беру


Бейнежазба, Үлестірмелік қағаздар

Сабақтың ортасы

20 минут

Қазір сендермен тоғызқұмалақ ойынын ойнаймыз.
Ойынымыз сайыс түрінде өтетіндіктен әділ баға беретін әділ – қазылар алқасын сайлап алайық. (әділ – қазылар алқасын сайлау)
Ол үшін сендер ойынның ережесін білулерің керек- деп, ойын ережесімен таныстырамын .
Ойын ережесі: Тоғызқұмалақты ережеге сай төрешінің белгілеген уақытымен бастап, тоғызқұмалақ тақтасында ойыншылар ойнай бастайды. Бірінші жүрісті жеребе бойынша анықталған ойыншы бастайды. Алғашқы жүрісті ойыншы, таңдық пен маңдайдан жүргенін хабарлайды. Алғашқы жүрісті тек тоғызыншы отаудан ғана еме

с, басқа кез-келген отаудың бірінен жүре беруіне болады. Оқушыларды сапқа тұрғызып тоғызқұмалақ ережежелерімен таныстыру. Ойын барысында ойыншылардың ешқайсысына рұқсатсыз тасқа қол тигізуге болмайды. Егер ойыншылардың біреуі тасқа қолын, санап жатырған болып тигізсе, онда қарсыласына түсіндіруі тиіс. Егер тасқа қолын рұқсатсыз тигізсе, онда ойынды сол ұяшықтан бастауы керек. Партияны түсіндіру барысында ойыншы қарсыласының ұяшығында қанша тас бар екендігі туралы сұрауына болады. Жеңіске жету үшін 81 тас жинауы керек.Ойында тең есептің болуы сирек кездесетін жағдай. Ол екі ойыншы да бірдей «тұздық» алған жағдайда болуы мүмкін. Ойын тәртібі бойынша жеңімпаз 1ұпай алады, ал тең есепке 0,5 ұпай беріледі, -деп сайысқа қатысушыларға ойын ережесін түсіндіре отырып, ойынды бастаймын.




















Кері байланыс: талқылау































Мадақтау және қолдау көрсету.















ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.




Слайд
























Маркер, стикер, плакат











Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы: эссе жазу.

Оқушылар ойларын қортындылайды.

ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.


Стикерлер қалам













Бекітілді:

Мектеп:

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермекова Г

Күні:

04.12.2023

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Тарих пен тіл тамырлас

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың білімін саралау, пәндерге деген қызығушылығын арттыра отырып, сөйлеу, ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту, “жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар”озып шығып, жаратылыстану пәнінің лидері атағын алатын оқушыны анықтау.Ел ертеңі жастарды ұлтжандылыққа, өз елін, туған жерін сүюге, елбасыны құрметтеуге тәрбиелеу.


Құдылықтарға баулу

Сөзіне берік, ісіне адал болу;

Музыкалық және бейне көркемдеу

Тақырыпқа сай презентация, тапсырма парақшалары

Ресімдеу

Слайд, суреттер

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут

Сайыстың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

- Құрметті оқушылар, әріптестер бүгінгі «XXI – ғасыр көшбасшысы» атты білім сайысына қош келіпсіздер! Бұл білім сайысының мақсаты екінші сынып оқушыларының білім деңгейін жетілдіру, дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
- Бүгінгі сайысымыз төрт кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін ұпайы аз бір оқушы шығып отырады.


ҚБ

Мадақтау, қолдау


Парақ





Презентация

Сабақтың ортасы

20 минут

1. Бәйге
2. Полиглот
3. «Сөз ойла, тез ойла»
4. «Жас қалам»

«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» демекші баршаңызға сәттілік тілеймін!
I – тур «Бәйге»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер. –деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық
Шарты:
1. Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан 10 сұрақ беріледі.
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. 2 минут ішінде қойылған сұрақтың жауабын қолдарындағы параққа белгілеп, дұрыс жауапты тексеріп тұрасыңдар. Яғни тұсына «+» белгісін қойындар. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
4. «Бәйгенің» сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.

16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
2. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров)
3. Қ. Р. рәміздерін атаңдар? (Ту, елтаңба, әнұран)
4. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
5. «Оян қазақ» кітабын жазған жазушы?(М. Дулатов)
6. Екі тәулікте неше сағат бар?(48 сағат)
7. Қазақтың ұлы ақыны?(Абай)
8. Азиада ойындарының бойтұмары не? (Барыс күшігі Ирби)
9. Өсімдік мүшелерін ата? (Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)
10. Қ. Р. мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)
11. Теңдеу құр және оны шеш: х пен 50 - дің қосындысы 60 - қа тең.(х+50=60 х=10)
12. 28 сағатта неше тәулік, неше сағат бар?(1 тәулік 4 сағат)
13. Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған, адам басына құрылған әңгімені аңыз дейміз)
14. Топырақтың құрамы? (Су, ауа, шірінді, құм, саз)
15. Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?((Қосымша)
16. 2 минут 30 секундта неше секунд бар?(150 секунд)
17. Мақалды жалғастыр: Оқусыз білім жоқ,....................(Білімсіз к

үнің жоқ)
18. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
19. Тамырлар сөзін сөз құрамына талда
20. а+35қай түріне жатады? (санды өрнек)

Әділ қазылар өз бағаларын береді.
Келесі айналым – Полиглот. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» дегендей, өз ана тілімізбен қоса орыс, ағылшын тіліндегі білімдеріңіз сараланады.
1. Алыстан қарасаң, аппақ,
Татып көрсең, тәтті - ақ (Қант – сахар - sugar )
2. Жұдырықтай қызыл шар,
Тілді үірген шырын бал. ( алма – яблоко - аpple )
3. Бұл үйге көзсіз боп басың сұғасың,
Бұл уйден көреген болып шығасың.(мектеп - школа - school)
4. Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді. ( ауа, воздух, air )
5. Қазақтардың қасиетті саны... «жеті, семь, seven»
6. Кеудесінде жаны жоқ,
Тамырында каны жоқ
Май жейді, су ішеді (көлік - машина - car)
7. Мамықтай ұлпа, қанаттай ақ
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады (Қар - снег - snow)
8. Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолына алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем
(Кітап - книга - book)
9. Ұшып - қонып тынбайды,
Тасқа соқсаң сынбайды.
Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды
(Доп - мяч -. ball)
10. Жолбарыстан аумайды
Пеш түбінде аунайды (мысық - кошка cat )
11. Ашылып жабылады
Әр үйден табылады
12. Жылт – жылт еткен
Жылғадан өткен (су – вода - water )
13. Жұпар иісі еседі,
жайнап бақта өседі ( гүл – цветок - flower)
14. Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег - snow)
15. Тар шеңберді айналып,
Тұр қазықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен таңбайды.
(Сағат - часы - clok)
16. Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан (Сәбіз - морковь - carrot.)
Әділ қазылар осы кезең бойынша өз бағаларын береді. Әділқазылар есептеп ең аз ұпай жинаған 2 ойыншыны атайды. Оларға өмірде сәттілік тілеп, қош айтысамыз. Ойында жеңілгендеріңмен, өмірде жеңілмеңдер.
Келесі кезекте: «Білімпаз» бұл сайыста негізгі 4 пән бойынша сұрақтар беріледі. Математика:
1. Көбейтудің қасиеттерін ата? (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімдік)
2. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
3. Ең үлкен 2 таңбалы санға бірді қоссақ неше шығады? (99+1=100)
4. Ә

лібек 1 күнде 2 ертегі оқыды. Ол 1 жұмада неше ертегі оқиды. Осы қарқынмен? (14 )
Қазақ тілі:
5. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, олардың түрлері? (қатаң, ұяң, үнді)
6. Қарсы мағыналы сөздерді тауып ата: семіз – (арық), терең – (таяз), қою – (сұйық), қысқарды – (ұзарды)
7. Қандай зат есімді туынды зат есім дейміз? (түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім)
8. Жұмбақты шеш. Өзім сөзден тұрамын
Біткен ойды құрамын (сөйлем)
Дүниетану:
9. Өсімдік бөліктерін ата? (тамыр, сабақ, жеміс, гүл, тұқым)
10. Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады? (60 – 80 рет)
11. Ауаның 1жерден 2 - ші жерге ауысуы? (жел)
12. Желдің күші мен бағытын анықтайтын арнаулы құрал? (флюгер)
Ана тілі:
13. Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, тұңғыш ағартушы ұстаз. Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан бұл кім? (Ыбырай)
14. «Дарабоз» атанған батыр? Кім қойды сол атты? Батырдың шын аты кім? Ол неге солай атанды? (Ерасыл – Қабанбай)
15. Бата дегеніміз не? (той - жиында, дастарқанбасында айтылатын тілек түрі)
16. Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық?
5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ

Келесі сайымыз «Жорғада» келіп жетті
1.ҚР Елбасы Н.Назарбаев президент болып қай жылы    сайланды?(1991ж)

2.Білім күні қашан тойланады?  (1-қыркүйек)

3.Үш жүздің басын біріктірген хан.  (Абылай хан)

4.Ертең аптаның қай күні? (Сейсенбі)

5.Азаттық жолында күрескен кім?   (Тоқаш Бокин)

6. Балаларға тұңғыш Әліппе жазған кім?          (А.Байтұрсынов)

7.Құрманғазының шәкірті.  ( Дина)

8.4 жасынан бастап білім алған ақын   ( Мағжан)

9.Нешінші сыныпта оқисың?         (үшінші)

10.Кімнің баласысың?

11.Адам денесінің тірегі            Қаңқа

12.Жүрек қайда орналасқан?   Сол жақ кеудеде

13.Біздің Отанымыз қалай аталады?    Қазақстан Республикасы

14.Сезім мүшелерін ата.             Тіл, көз, құлақ, мұрын, сипап сезу

15.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. ( қазақ тілі)

16.Қ.Р. ақшасы қашан енгізілді? ( 15.11.2003 ж)

17.Басты байлық. ( денсаулық )

18.12 ай (жыл )

19.Күйді орындаушы адам ( күйші )

20.Заттың атын білдіретін сөз табы ( зат есім)

Әділ қазылар алқасы өз баллдарын береді.Ең аз ұпай жинаған 2 ойыншы шығады
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
Біліміңмен шарықтай бер әрдайым, - дей келе келесі сайымыз «Жас қалам» кезеңіне көшеміз

-Алдымызда қандай мереке келе жатыр?

- Иә,дұрыс айтасыңдар Тұңғыш Президент күні.

Осы Президент күніне орай елбасы жайлы эссе жазыңдар. Балалар келесі кезекте 2 жеңімпаз берілген тақырып бойынша шағын эссе жазады.
Келесі сөзді әділқазы алқасына береміз
Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ - дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман - сау болайықшы көріскенше
Көк түсті байрақ, желбірейді көгімізде
.


Cұрақ

тарға жауап береді



























Cұрақ

тарға жауап береді























































Cұрақ

тарға жауап береді








































































ҚБ

Мадақтау, қолдау




ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»

















ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»






Презенатция





Парақ, маркер









https://youtu.be/3plvNw16Jes?si=d_f3s8j2nM-1kpAP











Суреттер

Сабақтың соңы

5 минут

Жеңімпазды марапаттау


ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.


Стикерлер қалам













Бекітемін:

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермекова Г

Күні:

11.12.2023

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Бабалар салған ізімен. «Ұлттық рух – тәуелсіздік тірегі» («Жеткіншектің Жеті Жарғысы» жобасы

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру.
Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

Құдылықтарға баулу

Сөзіне берік, ісіне адал болу;

Музыкалық және бейне көркемдеу

«Қазақстан» суреттер, слайд, видеофильм, сызбалар, түсті қағаздар.

Ресімдеу

Слайд, суреттер

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут

Психологиялық ахуал туғызу

«Сенің есімің» жаттығуы.

Мақсаты: топ ішінде жағымды атмосфера қалыптастыру, өздерін жоғары бағалауға дағдыландыру.

Мұғалім: Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

 

Әнұран орындалады.

Кіріспе бөлім

Сұрақтар:

1.Отанымыз қалай аталады? / Қазақстан /

2. Қазақ елі қандай мемлекет? / тәуелсіз /

3.Тәуелсіздікті қашан алды?  / 1991 жыл /

4. Мемлекеттік  тіліміз қай тіл? / қазақ тілі /

5. 16-желтоқсан қандай күн?



Әр оқушы өз есімін параққа жазып, әр әріпіне жағымды сөздер табады. 




Тақырыпқа назар аударады

ҚБ

Мадақтау, қолдау


Парақ





Презентация

Сабақтың ортасы

20 минут

Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Шырқатып ән салған күн.

- Өлеңде не туралы айтылған?  - Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?

Тәуелсіздік 11 әріптен құралған,                                                                                                

Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл.                                                                                 

Т - білдіреді теңдейді.                                                                                                                                

Ә - әдептілік ерлікті.                                                                                                                                   

У - уайымсыз, уақытты.                                                                                                                                

Е - егеменді, елдікті.                                                                                                                                       

Л - дейді лағып, лепірме.                                                                                                              

С - сенімділік , секілді ең.                                                                                                                          

І -  ілтипат пен ізет қой.                                                                                                                               

 З - зиялылық  тілек қой.                                                                                                                     

Д - шақырады  достыққа.                                                                                                                      

І   -ілкімді  бол сақтыққа.                                                                                                                        

К - дейді  күн боп  көктегі.                                                       Тәуелсіздік-баға жетпес бағымыз,                                                            

Қымбаттанда ең қымбатты барымыз.                                                                                   

Тәуелсіздік - білектегі әліміз,                                                                                                

Тәуелсіздік - жүректегі әніміз. 

Тәуелсіздік - топтастыру. 

1991жылдың желтоқсан айының 16 күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Биыл міне 31 жыл толып отыр. Тәуелсіздік бұл басымызға қонған бақ, бақыт. Осы атаулы күнге арналған «Тәуелсіз елім - Қазақстан» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

 ҚР-ның тәуелсіздік алған мерекесі құтты болсын! Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді.

Тәуелсіздік, еркіндік - ежелден елдің тілегі.  Тәуелсздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы  ғасырлық күресі. Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің «Тәуелсіз ел» атануы үшін ұзақ, талай қанды қырғынды, зорлық-зомбылықтарды көрді, қасірет шекті.

Видео тамашалау

Тәуелсіздік туын ең алғаш  көтерген  әйгілі 1986-жылдың 16-желтоқсаны еді. 1986 жылы желтоқсан көтерілісіне жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысты.  Алматы қаласында болған жастар көтерілісі  халық жүрегінде мәңгі сақталады. Өмір-өзен толқындары бізді әйгілі 16-желтоқсан оқиғасынан  уақыт өткен сайын алыстатып әкетіп бара жатса да жүректерімізде дүниені дүр сілкіндірген сол үш күн ішінде қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне  деген  тағзым,  құрмет ... .

Бүгінгі біздің дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі – осы тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса тәуелсіздігімге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйым

ымыздай етіп, құрметтеп келер ұрпаққа аманаттап тапсыруға тиіспіз, оны ішкі - сыртқы дұшпандардан сақтауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.

Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы!                                              Балалар бір сергіп алайық.

 -  Мақал-мәтелдерді толықтырып жазу

 1. Халықтың ортақ үйі ...  ( Отаны )

2. Отан - ....      ыстық       ( оттан да )

3. Туған жердің  ......      ыстық,   .....   ыстық  (күні де, түні де )

4. Отансыз адам - .....   ( ормансыз бұлбұл )       

5. Өзге тілдің бәрін біл, .....  ( өз тіліңді құрметте )

6. Өз елім - ... ( өлең төсегім )

7. Туған жердің жері  де  ..... , елі де     .... ( көрікті, сүйікті )

8. Найзасыз   .....   болмайды,  таңбасыз   .... болмайды. ( ел,  ер )

 

Өлеңді  тиісті  сөздермен  толықтырып жазады.

 

Мен  оның  ............... сүйем, күнін сүйем,

Ағынды  ..............., асқар тау,  ...................  сүйем.

Мен  оның  .............................. тілін сүйем,

Мен  оның  .............................. үнін  сүйем.

Бар  ....................  сүйемін  қыбырлаған,

Бәрі  маған  ......................... – деп сыбырлаған.

 

Тиісті сөздер: қасиетті,  түнін,  Отан,  құдіретті,  жәндігін, өзен,  гүлін.

 

                                                      

                                                             





Әріптердің мағынасын ашады.







































































Бейнеролик көреді.

































Мақал – мәтелдерді толықтырады.




ҚБ

Мадақтау, қолдау




ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»

















ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»






Презенатция





Парақ, маркер









https://youtu.be/3plvNw16Jes?si=d_f3s8j2nM-1kpAP











Суреттер

Сабақтың соңы

5 минут

Қорытындылау.

Тәуелсіздік күні - Қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн, қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалған күні. Егемендік алғаннан бері Қазақстан өзін әлемге  әйгілі еді, бейбітшілікте өмір сүретін мемлекет ретінде танытты. Осы Тәуелсіздікті тұғырында нық ұстау үшін сапалы білім мен тәрбие керек.  Қазақстанның Тәуелсіздігі баянды болсын! деп бүгінгі "Тәуелсіз елім - Қазақстаным " атты тәрбие сағатымыз аяқтаймыз. 



ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.


Стикерлер қалам


Үй тапсырмасы: Эссе

































Бекітемін:

Педагогтің Т.А.Ә.

Ермекова Г

Күні:

25.12.2023

Сынып: 5 «Д»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

«Төрлет, құтты жаңа жыл»


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.

Құдылықтарға баулу

Сөзіне берік, ісіне адал болу;

Музыкалық және бейне көркемдеу

Ән, музыка

Ресімдеу

Слайд, суреттер

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут


Жаңа жыл –ең қызықты,қуанышты, ерекше мереке.Неге десеңіздер?Өйткені бұл күні жер шарымызды Ертегі аралайды.Ертегі әр елдің шыршасына саяхат жасайды.Бүгін бізде Ертегі мен бірге саяхат жасаймыз.Жер шарының Жаңа жылын бірге атап өтеміз.



Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.

Қазақтар үшін 'Жаңа жыл мерекесін наурыздың 22-сінде, күн мен түн теңелген қасиетті мезгілде басталған. Түрлі тарихи басылымдарда Жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қаңтардың 1-інде I Петрдің енгізгені, дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталғаны, I Петрдің өзі басқарған Мәскеудегі мейрамның таңға дейін созылғаны жазылып жүргенімен, бірқатар этнограф-тарихшылар қыпшақтардың шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың – көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін жазады.






Жұмбақтар

ды шешу арқылы тақырыпты ашады










ҚБ

Мадақтау, қолдау


Слайд


Сабақтың ортасы

20 минут

Жаңа жыл Кеңес дәуірінде

Жаңа жыл туралы көпшілігіміз біле бермейміз. Ол мейрам қайдан шықты, кімдер тойлаған еді және жаңа жылмен христиан дінінің қатынасы бар ма?. Қала берді жаңа жыл туралы мұсылмандар қандай ойда немесе ол мейрамның мұсылмандарға қаншалықты қатысы бар? Алдымен айтармыз: Кеңес Одағында 1927-1936 жылдары жаңа жылды тойлап, шырша тігуге тыйым салынған болатын. Тек 1937 жылы ғана Сталиннің бұйрығымен 1 қаңтарда шырша тігіліп, жаңа жылды тойлауға рұқсат берілді. 1937 жылға дейінгі шыршалардың басында 8 бұрышты жұлдыз болған, тек 1937 жылы Кеңес Одағының үкімі бойынша 8 жұлдыздың орнына 5 жұлдыз қолданылатын болды.

Жаңа жылды қай халық қалай қарсы алады?

Болгарияда

Болгарияда сағат тілі 12-ні соққанда барлық үйде жарық сөне бастайды. Сол кезде әркім көңілі қалаған адамымен 3 минут бойы сүйседі екен. Дастарқанға міндетті түрде самса қойылады екен.

Венгрияда

Венгрияда дастарқанға үйрек пен тауық еті қойылмайды. Себебі венгрлер құстардың барлығын “Бақыт құсының” туыстары деп есептейді екен.

Италияда

Итальяндықтар ескі жылдың соңғы сағаттарында ешкіммен ренжіспеуге және ешкіммен қарыз ақша алмауға тырысады екен. Жаңа жылдың алғашқы түнінде үйлеріндегі сынған ыдыстарын, ескірген жиһаздарын аулаларына шығарып тастайды екен.



Оңтүстік Америкада

Оңтүстік Америкадағы Эквадор елінің халқы Жаңа жылда сабаннан жасалған қарақшыны ескі жылдың символы ретінде далада жағылған отқа өртеп жібереді.

Франция

Францияда адамдар Жаңа жыл кешінде жомарт болуға құмар келеді екен. Бұл күні мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай кетерінде сыйлықтар береді екен.

Үндістан

Үндістанда Жаңа жыл - Дивали жарық пен оттар мерекесі деп аталады екен. Айтса айтқандай осы күні қалалар мен ауылдардың барлығы оттың ішінде тұрғандай жарқырап кететін көрінеді. Жарығы сөніп тұран бірден-бір терезені көре алмайды екенсің. Әйел адамдар көшеге шығып жерге түрлі оюлы суреттер салып, оларға ұн, топырақ сеуіп, шырақтар жағып көркемдейтін көрінеді.

Еврейлер

Дивали мерекесі еврейлердің Жаңа жыл - Рош Хошан қазан, қараша айларында тойланады. Бұл күні адамдар алма мен нанға бал жағып жейді. Бұл жаңа жылда өміріміз балдай тәтті болсын дегені. Жаңа жыл таңы діндарлардың қойдың мүйізінен жасалған труба арқылы адамдарды синагогқа құдайдың алдында өткен жылда жасаған кемшіліктері, күнәлары болса кешірім сұрауға шақырудан басталады. Осыдан кейін Жаңа жылды күнәдан тазарып, жаңадан бастауға мүмкіндік туады.

Голландия

Голландияда Жаңа жыл кешіндегі дастарқанға жүзім салып пісірген нан тағамы қойылады. Бұл тағам жылына бір-ақ рет дайындалатын көрінеді.

Финляндия

Финляндияда Жаңа жыл кешінде тұрмыс құрмаған бойжеткендер кебістерін иықтарынан асыра лақтырады, кебіс есікке тұмсығымен тисе, сол жылы жолы болып, сол жылда тұрмысқа шығады деп есептеген.

Бирма



Бирмада Жаңа жылда да күн ыстық болып тұратындықтан, адамдар бір-бірінің үстеріне су шашып құттықтайды екен. Сондықтан осы күні үсті-басы су болған адамдарды жиі ұшаратуға болады.

Гвинея

Гвинеяда көшеге піл жетектеп шығады екен. Жұрт осы пілдерді айнала би билеп, ән салатын көрінеді.

Куба

Кубада сағат 12-ні соққан кезде, әркім 12 түйір жүзім жейді екен.

Қазақстан

Қазақстанда жыл басы мерекесі наурыз айында тойланады. Бұл қазіргі күн есебі бойынша наурыздың 22-ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні адамдар жұмыс істемейді, сапарға шықпайды ,кір жумайды, ешкімді ренжітпейді. Барлық үйде мерекелік дастарқан жайылады. Бұл күні күн мен түн тенеседі.

Қытай

Қытайда Жаңа жыл мерекесі көшеде барабандар, темір тәрелкелер соғылып, фейерверктер атылып, жаңа жыл салтанатын билеген айдаһарлар шеруі бастайды екен. Дастарқанға туралған нарцис гүлін қою дәстүрге айналған. Жаңа жыл мерекесі он бес күнге созылады. Бұл қаңтардың аяғы мен ақпан айының басына келеді.

Ұлыбритания

Ұлыбритания алғаш ашық хаттарды (открытка) шығарған ел болып есептеледі. Сондықтан да Жаңа жылда осы елдің әр жанұясы таныстарын ашық хат арқылы құттықтағанды ұнатады.

Мұсылман мелкеттері оның ішінде біршама араб мемлекеттерінде жаңа жыл тойланып жатады. Мысалы Египет, Ливан, Сирия, Біріккен Араб Әмірлігі. Египет пен Ливанда жергілікті, тұрғылықта христиан арабтар бар. Осы себепті онда Рождество мен жаңа жыл тойланып жатады. Сирия туризмге ашық ел. Туризмді сылтауратын Батыстан көптеген христиандар, миссионерлер ағылып келіп жатады. Олар құр келмей әлгі жаңа жыл мен Рождестволарын арқалай келеді. Өз діндеріне кіргізу үшін ақшалай марапаттар жасайды. Бірақ жаңа жыл барлық араб елдерінде тойланбайды. Мысалы Сауд Арабияда 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні жаңа жылды тойлайтын болсаңыз жауапқа т

артыласыз. Жаңа жылды тойлағандар қамауға алынып, жазаланады. Сөзімізді қорытындылап айтар болсақ: Жаңа жылды атап өту арқылы біз христиандарға ұқсап қаламыз.



Тақырыпқа назар аударады.














Сұрақтарға жауап береді




















Өз ойын жеткізеді


















ҚБ: «Комплименттер бұрқасыны»












ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.









ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.
















Слайд
































Слайд











Сабақтың соңы

5 минут

Қорытынды: Демек, Жаңа жылды тойлағанда бұл мерекенің де көшпелілер пайымымен байланысты екендігін ескерген жөн. Өкінішке орай, бұл деректер бүкіл халықтың жадының игілігі бола алмай келе жатыр. Қысқасы, сол деректерге ден қойғанда, Жаңа жыл таза көшпелілердің мейрамы екенін мойындауға тура келеді. Бірақ Еуропаға бұл мейрам жерсінді. Бұған Аяз ата, шырша, шырақ жағу деген сияқты Еуропа елдері өздерінің этнографиялық реңктерін беріп, байытты. Содан бүгінгі күні мүлдем танымастай өзгеріп, Еуропалық мейрам болып шыға келді.

Оқушылар ойларын қорытындылайды.

ҚБ. Мадақтау және қолдау көрсету.


Стикерлер қалам

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ