Материалдар / Адамдық борыш-асыл қасиет 2 курс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адамдық борыш-асыл қасиет 2 курс

Материал туралы қысқаша түсінік
Құндылық: сүйіспеншілік; Қасиеттер: адамгершілік, адалдық, жауапкершілік; Сабақтың мақсаты: адамдық борыш туралы түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2022
941
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары


Мұғалімнің аты-жөні, тегі Жангабулова Несибелди Қайдаровна

Сабақтың тақырыбы: Адамдық борыш-асыл қасиет

Құндылық: сүйіспеншілік;

Қасиеттер: адамгершілік, адалдық, жауапкершілік;

Сабақтың мақсаты: адамдық борыш туралы түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

білімділігі: адамдық борыш, ізгі қасиет-болмыс, адамгершілік парыз сияқты ұғымдарды сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;

дамытушылығы: жауапкершілік, адалдық қасиеттерін дамыту;

тәрбиелілігі: айнала қоршаған ортасына риясыздықпен адал қызмет етуге тәрбиелеу;


Сабақ барысы


Ұйымдастыру кезеңі: Мұғалім білім алушылардың сабаққа қатысуын тексереді.

1. Жағымды көңіл күй: Мұғалім "Тыныс алу» жаттығуын өткізеді.

2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру

Жастарға хат Ілияс Омаров мәтінін оқып келу

3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (3-4 мин)

Адамдық борышың

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта, оны біл.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Дәйексөз бойынша сұрақтар

1.«Адамдық борыш»,- дегенді қалай түсінесіздер?

2.Арды қалайша сақтауға болады?

4. Оқиғалар айту (әңгімелесу)

Мұғалім Жастарға хат туралы аңызды оқып береді

Жастарға хат

Ілияс Омаров

Біздің заманымыз адамның ардақты атын зәулім биікке көтереді. Мұндай жағдайда адамның қоғам өміріндегі орны өз басының тіршілігіне, еңбегіне байланысты. Былайша айтқанда, бақыт кілті – әр адамның өз қолында. Өмір жолы оңай жол емес. Әркімнің өз сүрлеуі бар. Бірақ та сол сүрлеу жалпы адамдардың салған сара жолына ұласуы керек. Халық мүддесінен аулақ, жеке жол іздеу, қоғам қорынан үзіп жұлып күн көру – адамгершілік жол емес. Адамның қоғамдық еңбегі алдымен оның адамшылық қасиеттеріне байланысты. Ол үшін адам өзіне қатаң талап қоя білуі керек. Сосын уақытты бағалауы басты шарт. Шығыстың ұлы ақыны Саади «Адам әрбір секундта бір дем алады...» деген екен. Ал сол дем алудың өмірде санаулы екенін ұмытпау керек. «Мен әлі бұғанам қатпаған жаспын ғой», – деу балаларға келіспейді. «Болар бала он екісінде жастығын сылтау етпес, жүз жасында кәрімін деп қапа шекпес», – дейді халық. Жас кездегі басты міндет – білім алу. Ілімге төте жол жоқ. Оған тек ұзақ еңбек жолы ғана апарады. Сондықтан да білімде шек жоқ дейді. Халық әр уақытта қарапайымдылықты, сыпайылықты, әдептілікті жақсы көреді. Кішіпейілділік – адамның көркі. Бейпілауыз жаман сөздерге әуестену, темекі тарту, арақ ішу сияқты жарамсыз қылықтар адамды тұрпайылыққа, тәртіпсіздікке, қылмысқа апарады. Адам сыншыл, көңілі ашық, жігерлі болуы керек. Әрине, бұл қасиеттер жасанды бояулы болмай, табиғатына біткенде ғана сәнді. Дүниеде жағымпаз болудан жаман жоқ. Кішіпейілділік пен жағымпаздықтың арасы жер мен көктей. Адамның қасиеттерін нәрлендіре түсетін нәрсе – өзін эстетикалық тәрбиеге бейімдеу. Музыкаға әуестену, музыканы сүйіп тыңдау, жақсы суреттердің мәнін түсіне білу, өлеңге, әдебиетке құлықтану, өткен тарихты білу – адам мәдениетін өсіре түседі. Мұндай адамдармен сөйлесудің өзі бір ғанибет әрі қызықты. Өмір жолы жеңіл жол емес. Бұл жолда кедір-бұдыр аз болмайды. Табысқа мақтанбай, қайғыға бағынбай, қиыншылыққа мойымай, өзіңд іөзің ілгеріге тарту – адамшылық парызың.

, Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болу қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз, – деген Абай сөзін естен шығармаңдар!

Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіздер?

Мәтіндегі «Халық мүддесінен аулақ, жеке жол іздеу, қоғам қорынан үзіп-жұлып күн көру – адамгершілік жол емес» деген ойды қалай түсіндіңіздер? Мәтіндегі «Халық әр уақытта қарапайымдылықты, сыпайылықты, әдептілікті жақсы көреді. Кішіпейілділіктен адам кем болмайды, қайта тұлғалана түседі. Кішіпейілділік – адамның көркі» деген ойды түсіндіріп беріңіздер. Автордың адам бойындағы жақсы қасиеттердің жасанды болмауы керек деуінен нені түсіндіңіздер?

Мәтінде айтылған жастық кезеңнің міндеттері өз ұстанымдарыңызға сай келе ме? Неліктен?

Өздеріңіз күнделікті өмірде талап қоя білесіздер ме? Ол не үшін қажет? Қойылған талап пен уақыттың қандай байланысы бар?

«Өзіңе сыни көзбен қарау» дегенді қалай түсінесіз?

Жас кезеңнің міндеті ретінде тағы нені қосуға болады?

5.Тапсырма: Сөздіктерден «адамдық», «адалдық», «борыш» сөздерінің анықтамасын тауып, оқыңыздар. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңыздар.

6. Шығармашылық жұмыс (топпен немесе жеке)

Осы топта бірге білім алып жүрген достарыңның жақсы қасиеттерін жазып шық

7. Үй тапсырмасы : Менің әкем Ерлан Бекхожин үзіндіні оқып келу.


8 Топпен ән айту: Өміріңе немқұрайлы қарама Сөзі Серік Сейітмандікі

Әні Сәкен Дәрібаевтікі

Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,

Дүниеден өтті бай да, өтті бек.

Өміріңе немқұрайлы қарама,

Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп!

Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,

Зерлі шапан киінсең де жақұттан.

Өміріңе немқұрайлы қарама.

Шақша басың айналса да бақыттан,

Бақ құсыңды қонған кезде бағала.

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала,

Кенелсең де, досым қанша шаттыққа,

Өміріңе немқұрайлы қарама.

Тұсау салып, бас тартқызбай көш дара,

Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба,

Өміріңе немқұрайлы қарама.

Тағдыр жолы қарсы алдыңнан соқса да,

Күн сағатта сақтау үшін өз басын.

Сатып кетсе, сеніп жүрген жолдасың,

Өміріңе немқұрайлы қарама.

Айдын көлге айналса да көз жасың,

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Қанша азап көрсең-дағы бауырым,

Өміріңе немқұрайлы қарама.

9. Сабақтың қортынды сәті : Мұғалім сабақта не ұнағанын еске түсіріп, оны жүрегінде сақтауды ұсынады. Бүгінгі сабағымыз өз мәресіне жетті. Сау болыңыздар.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!