Материалдар / Адамгершілік-асыл қасиет

Адамгершілік-асыл қасиет

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамгершілік сана мен мінез-құлықтың маңызды компоненті адамгершілік қажеттілік,ерік,тілек,тұрақтылық,өмірде адамагершілік таңдауын жүзеге асыра білу білігі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2018
381
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбиеші сағаты.Тақырыбы: «Адамгершілік – рухани байлық»Мақсаты: Білімділік: Адамгершілік сана мен мінез-құлықтың маңызды компоненті адамгершілік қажеттілік,ерік,тілек,тұрақтылық,өмірде адамагершілік таңдауын жүзеге асыра білу білігі. Дамытушылық: оқушыларды адамдық асыл қасиеттерді, өмір заңдылықтарын оқып үйренуге тәрбиелеу, жаман қасиеттерден бойын аулақ ұстауды үйрету. Тәрбиелік: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой толғау, Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар.Жүру барысы: Тәрбиеші: Адам өмірінің алтын бесігі мектеп қабырғасында адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын үйренеді.Балалар, адамгершілік дегеніміз не......? Адамгершілік – қоғамдық өмірдің заңдылығына сәйкес адамдар арасындағы қарым – қатынастарды зерттеуге негіз болатын, белгілі бір ізгілік ұстанымдарын білдіретін моральдық ұғым. Адамгершілік адамдардың бірін – бірі құрметтеуінен, оған сенуінен, басқаның мүддесі үшін өзін құрбан етуінен, шыншыл болу әрекеттерінен байқалады. Осы адамдық асыл қасиетке қарсы нәпсі деген ұғым бар. Нәпсі деген не? Нәпсі – адам бойындағы ең жаман қасиеттерінің жиынтығы. Адамның бойында адамгершілік қасиеттер мен нәпсі қатар жүреді. Жаман қасиеттерге нелер жатады? Жаман қасиеттерге ұрлық, қорлық, тонаушылық, арақ – шарап ішу, біреуге жамандық ойлау, күндеу, өтірік айту, балағаттау, ұру, жер –жебіріне жете ұрсу т.б жатады. Осындай жаман қасиеттерден әрқашан да аулақ болу қажет. Ал адамгершілік қасиеттерге нелер жатады? Адамгершілік қасиеттерге әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, әділдік, өзара көмек, достық, адалдық, үлкенді сыйлау, кісілік т.б жатады. Әдептілік - өзге біреудің жанын жараламауды, адамға қуаныш әкеле алатынның бәрін түсінуді, басқа біреудің уайым – қайғысына ортақтаса білуді талап етеді. Әдепті адам әрқашан қоғамға, басқа адамға қиянат жасаудан бойын аулақ ұстайды. «Әдебі жақсы - әдемі» деген қанатты сөз осының айқын дәлелі.Намыс, ерлік, рухтандырушылық, адамгершілік, патриоттық сынды игі қасиеттерді бастан ұрып, көзден шұқып үйретпейді. Мұндай дүниелер тәрбие, ұлттық мәдениет, тарих пен ана тілін білу арқылы келеді. Тек білу аздық етеді. Бойға сіңірмейінше, ұлттық рух пайда болмайды.Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары көшпелі заманда болмаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр, әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Кәсіби тіршілігі мал шаруашылығына байланысты болғандықтан бала 5-6 жасынан бастап ат құлағында ойнаған.Ғалым Ш.Ахметов өзінің қазақ отбасындағы тәрбие ісі зерттеулерінде негізінен басты сегіз түрлі мәселені қамтыған.Біріншіден, тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуді көздеген. Әке-шеше баласына «Әдепті бол»дегенді басты міндет етіп алған.Екіншіден, олар баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға тәрбиелеген.Үшіншіден, тіл алғыш,елгезек болуға баулыған.Төртінші, адал, шыншыл болуға үйреткен.Өтірік өрге баспайды деген сөздің мәнін түсіндіре білген.Бесіншіден, өнегелі ұстазбен көпті көрген қариялардың сөзін тыңдап, зерделеп есте сақтауға дағдыландырған, ақпа құлақ болмай, құйма құлақ бол деп үйреткен, біздерге жүрегінің есігі бар, құлағының тесігі бар, зерделі құйма құлақ бала керек деген.Алтыншыдан, үлкендерді, ата-анасын сыйлап, құрметтеп, оларды риза қылып, бата алуға тәрбиелеген.Жетіншіден, кісі айыбын әшкерелемей, біреуге тіл тигізбей, адамның табиғи кемдігін бетіне баспауға тәрбиелеген.Сегізіншіден, ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса, адам баласына қайырымдылық, жақсылық, қамқорлық жасауға үйреткен.Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев өзінің шығармаларында адамгершілікке байланысты көп үгіт-насихаттар айтады. Егер санатты білікті адамдардың қатарына қосылғың келсе, күн сайын күннің аясында өзіңе-өзің есеп бер, күн сайын есеп бере алмасаң 3 күн есеп бер. 3 күнде есеп бере алмасаң 1 апта есеп бер.Егер есеп бере алмасаң, онда сен санатты адам емессің, сонымен бірге бес нәрсе асық бол, бес нәрседен қашық бол деген.

«Ситуациялық сұрақтар»
  • Велосипедпен жарысып келе жатқан Қанат жолдың
шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе, жолдастарынан қалып қояды. Жолдастарының жол шетінде тұрған қарияға қарар түрі жоқ. Жарыстың аты – жарыс. Қанат қарияның жолын кесіп кетті. Қанаттың қылығы дұрыс па? Егер Қанаттың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
  • Жатақханада балалармен бірге теледидар қарап отырсың делік. Болып
жатқан бағдарлама саған мүлде ұнамайды. Сенің басқа арнада болып жатқан киноны қатты көргің келіп отыр. Не істер едің? Жатақханадағы әдептілікке нелер жатады?Жатақханадағы әдептілікке жатақхана ережесін сақтау, кешігіп келмеу, педагогтармен, жолдастарыңмен дұрыс амандасу, жатақхана мүлкін сақтау, сабаққа дұрыс дайындалып келу, үлкендер мен кішілерге дөрекілік көрсетпеу т.б. жатады. Амандасу - әдептіліктің басы. Әрқашан үлкендерге жастар бірінші болып амандасу қажет. Қол алысып амандасса, қолғабын шешу керек. Әркез инабатты, кішіпейіл бола білу керек. Екі қолыңды қалтаға салып шіреніп тұру - әдепсіздіктің, сыйламағандықтың белгісі. «Ситуациялық сұрақтар»
  • Группаласа досың үй тапсырмасының орындалмау себебін
өтірік айтып мұғалімді алдады. Сен не істер едің? «Дос жылата, дұшпан күлдіре айтар» дегендей жолдасыма өтірік айту жаман қылық екенін, ұстаздарды сыйлау керек екенін айтамын.
  • Қоңырау кезі. Жатақхана балалары барлығы
сыртта жүр. Бөлмеге кіріп келсең, сенің танитын балаң біреудің қалтасын қарап жатыр екен. Не істер едің? «Ұрлық түбі – қорлық» екенін айтып түсіндірер едім. Әрбір адамда намыс оты болады. Игілікке бастаған іс намыс, қайрат, жігер берер. Бойында ерік жігері бар болса, еңбегіңнің игілігі өзіңдікі. Міне, балалар бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды. Ешқашан да адамгершілік қасиетімізден арылмайық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ