Адамгершілік-асыл қасиет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адамгершілік-асыл қасиет

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушы үшін маңызды, оқушыларды адамгершілікке баулу мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Адамгершілік – асыл қасиет.

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа, кішіпейілділікке үйрете отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, даналар суреті сөзімен, гүлдер, стикер.

Әдісі: сұрақ – жауап, әңгіме.

Кіріспе сөз:

«Сынық құмыры» бейне көрініс.

Шаттық шеңбері: әр оқушы өз есімінің бас әрпінен басталатын жақсы қасиеттерді айта отырып, гүл ала отырып бүгінгі сынып сағатының тақырыбын білетін боламыз.

Мұғалім: «Адамгершілік - асыл қасиет» туралы ойымызды толықтырайық. Осы бір сөздің астарында көп мағына жатыр. Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халықта, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет – ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс – тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан, күнделікті адамдармен қарым – қатынасынан бойына сіңіреді. Қазақ халқы ертеден адамгершілікті, мейірімділікті, қайырымдылықты, жоғары бағалай білген. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді. Біздің ата – бабаларымыз да адамгершілік туралы көп айтқан. Соның бірі А.Құнанбаев «Талап, теңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап қой», «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ» - деген. Әл – Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі тиіс, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың хас жауы» - деп айтқан.

  • Балалар бойларыңда қандай адамгершілік қасиеттер бар?

  • Адамгершілік дегеніміз не?

  • Адамгершілік қасиеттерге қандай қасиеттерді жатқызар едіңдер?


Бейне көрініс: Оқушылар мақалдарды интербелсенді тақтадан оқушылар оқиды.

«Гүл теру» әдісі. Бәйшешек гүлін теру арқылы жақсы қасиеттерді вазаға салып өзімізге қалдыру, жаман қасиеттерді жинап вазаға салып қоқысқа лақтырамыз.


Үлкенді сыйлау

Ізет көрсету

Өтірік айтпау

Адал болу

Құрметтеу

Қоршаған ортаны ластамау

Өтірік сөйлеу

Салақтық

Еріншектік

Үлкенді тыңдамау

Кішіге күш көрсету

Үлкенді сыйламау

Алдау


Ата – аналармен жұмыс: «Сауал сізден, жауап бізден» әдісі

  1. Балаларыңдың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргілеріңіз келеді?

  2. Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға балады?

  3. Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі неде деп ойлайсыз?

  4. Адамгершілік қасиеттерді қаншалықты бағалап жүрміз?

  5. Сіз өзіңіз жіберген қателігіңізді мойындай аласыз ба?


Әдеби сазды бағдарлама.

Кері байланыс: Стикерге жақсы жаман қасиеттерімізді жазып, жақсы қасиетімізді жүрекке салып, жаман қасиетімізді ет тартқышқа саламыз.



Алғазы орта мектебі

Сынып жетекші: Имангалиева М.М



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.10.2018
425
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі