Материалдар / Адамгершілік, сыйластық. 3-сынып

Адамгершілік, сыйластық. 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспарлары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2018
740
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Өзін-өзі тану сабағыМектеп «Қызыл таң» жалпы орта мектебі КММ Мерзімі: Мұғалім: Баитова Сара Тойшибековна Сыныбы: 3б Оқушылар саны: Тақырыбы: 2-сабақ. Өмірді танып білуге құштарлық Құндылық:Білуге құштарлық. Қасиеттер: Адамгершілік, сыйластық.
Сабақтың мақсаты: «Өмір» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу Сабақтың міндеттері:
  • өмірді тану туралы түсініктерін кеңейту;
  • өмірді танып білуге қызығушылықтарын арттыру;
  • өмірді сүюге, жақсы өмір сұруге тәрбиелеу.
  • Ресурстары: дәйек сөздер, түрлі-түсті суретер
    Сабақтың барысы. Позитивті ойлау.
  • 1. Ұйымдастыру кезеңі:
  • Тыныштық сәті. Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседе. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі оә келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шагады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.
    Ескерту:
  • 2. Үй тапсырмасын тексеру:
  • Күндей жадырап,Айдай арайлап,Жұлдыздай жарқырап,Судай таза көңілмен
  • Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
  • «Өзін-өзі тану белестері»
  • Халықтар бірлігі дегеніміз не?
  • Табиғатқа қандай қамқорлық бере аламыз?
  • Денсаулығымызды қалай жақсартамыз?


  • 3. Дәйексөз (Жағымды ой-пікір )Өзіңді танығың келсе, адамдарға, олардың ісіне қара» деген Фридрих Шиллердің сөзіне балалардың назарын аудару. - Нұртастың басқа адамдардың әрекеттерін көруі, ақыл-кеңесін тыңдауы, оның өз қателігін түсінуіне, өмір сүруге құштарлығын арттыруға, өзіне сенімді болуға, өмірді сүюіне көмектеседі. Ол өзін тағы бір қырынан таныды. Ал өзіңді тану арқылы өмірді танып білесің. Өмірде кездесетін қиыншылыққа да төзе білу, оларды жеңе білу әр адамның күш-жігеріне, өмірді сүюіне байланысты. Өмірді сүйген адам әрі бақытты, әрі ұзақ өмір сүреді.Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма: «Менің бақытты болуым үшін» әңгіме жазу.2-тапсырма: «Бақытты балалық шақ» тақырыбында сурет салу.Плакат
    4. Оқиғаларды әңгімелеу.С.Дәуітовтің «Адам болғым келеді» өлең жолын оқып, түсіндіремін.
  • Өмірді тану не үшін қажет?
  • Өз қызығушылықтарың туралы әңгімелеп беріңдер?
  • Дәптермен жұмыс бойынша: алтын балықтан «Өзін-өзі танудан не үйренгілерің келетінін» сұраған тілектеріңді әңгімелеп беріңдер.- Адам, ұзақ, жақсы, бақытты өмір сүру үшін өмірді сүю керек. Ал өмір өзінен, айналасындағы адамдардан, қоршаған табиғаттан, Отаннан және олармен қарым-қатынас жасаудан құралады. Сол себепті де адам осы айтылғандардың барлығын сүюі, сыйлауы қажет. Адам өмірге қандай болып келсе, өзін сол табиғи күйінде қабылдауы тиіс, жасандылық адамға жат қасиет. Өмірде көп жетістіктерге жету мен жақсылыққа, сый-құрметке, қуаныш-бақытқа кенелу адамның өмірді танып білуге, оны үйренуге деген құштарлығына байланысты. Көп біліп, білгенін орынды қолданған адамның жақсы өмір сүруі ақиқат. Өмірге адам болып келген соң, өмірдің қуанышын, бақытын, жақсылығын сезіну керек. Өйткені өмірді жақсарту, бақытты өмір сүру өз қолымызда.3. Өзіммен-өзім. - Балалар, ыңғайланып, еркін отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Бізге күн жарқырап, сәулесін мол төгіп тұр. Ауа тап-таза. Көгілдір аспан. Құстар сайрап даланың сәнін келтіріп тұр. Осылардың бәрі өз жақсылығын барлық адамға, барлық тіршілік иелеріне бірдей көрсетіп тұр. Адамдар да сондай болса екен, шіркін... Әрбір тірі жан иесі: кіп-кішкентай құмырсқалардан бастап құстар да, аңдар мен жануарлар да, адамдар да өзінің өмірі үшін құлшынып, ұрпағы үшін тіршілік етіп жүр. Бәрі де осы ашық аспан аясында, бейбіт елде өмірге келгеніне қуанышты, болашағына сеніммен қарайды. Осындай жақсы ниетпен бұрынғы қалпымызға келейік.
    Оқулықпен жұмыс
    5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. 1. Оқушыларға ақ парақтар таратып беремін. Парақтың алғашқы бетіне қатар отырған сыныптасының қандай қылықтары мен әрекеттерін жазғы демалыс кезін есіне түсіре отырып жазады. Ал екінші бетіне сол сыныптасының өзі туралы нені есіне түсіру мүмкіндігін жазады. Жазбалары сәйкес келген жұп жеңімпаз атанады.Күтілетін жауаптар: Арманның мені досыммен жарастырғанын есіме алдым. Айнұрдың мені ренжітіп, артынан кешірім сұрағаны есіме түсті. Алманың маған есеп шығарудың жолын көрсеткені есіме түсті. Сараның өз қолымен жасап, сыйлаған сыйлығына қарап жүрдім. Сыныптастарымның күлімдеп бір-бірімен сәлемдескендері көз алдымда болды. Анар үнемі, ұқыпты жүретіні есіме түсті.
  • Жарайсыңдар, балалар! Жазғы демалыста бір-біріңді сағынып, жақсы әдет, қылықтарыңды естеріңе алғандарың қандай жақсы! Жасаған жақсылық, ізгі ниет, жақсы қылықтар барлық уақытта да адамның жадында сақталады. Оған қоса бір-біріңнің мінез-құлықтарыңды, әрекеттеріңді жақсы білетіндіктеріңе қуанып тұрамын. Өзін, өзгелерді тану деген осы!
  • 2. Оқулықтағы суретпен жұмыс жүргізу.М.Төрежановтың «Алтын балық» әңгімесін кідіріспен әңгімелей отырып, әрбір ойға байланысты балалардың пікірлері тыңдалады. - Сендер кедейдің орнында болсаңдар, не істер едіңдер?- Сендер алтын балықтан қандай тілек сұраған болар едіңдер?- Кедей не себепті бірінші тілегіне денсаулық сұрады, деп ойлайсыңдар?- Адал ниет дегенді қалай түсінесіңдер? Неліктен кедей екінші тілегіне адал ниет сұрады деп ойлайсыңдар?- Таудай талап дегенді қалай түсінесіңдер? Кедей неліктен екінші тілегіне таудай талап сұрады деп ойлайсыңдар?- «Қайырымсыз мыңнан – қайырымды бір артық» дегенді қалай түсінесіңдер?- Не үшін балық «Құдайым бала берсін, бала берсе, сана берсін» деген нақылды байдың есіне түсіреді?- Байдың бақытты бола алмауы, байлығына ие бола алмау себебі неде, деп ойлайсыңдар? 3. Мәтінмен жұмыс. «Ата өсиеті» әңгімесін сұрақ қою арқылы әңгімені талдау.- Нұртастың ойына деген көзқарастарың қандай?- Қария «Өмірді сүю керек» дегенді не үшін айтты? Осы сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?- Әңгімені қалай жалғастырар едіңдер?ТүйіндемеМұратқа жету жолын білуге арналған түйіндеме ұсынылады.


    6. Топпен ән айту.Ә.Дүйсенбиевтің «Біз өмірдің гүліміз» әнін тыңдап, үнтаспаға қосыла айтуҮнтаспадан баяу музыка ойнатылады.
    7. Үй тапсырма

    8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті.- Балалар, мен де сендердің әдепті, қайырымды, сыйлы болып өсетіндеріңе, Отанын қорғайтын, елін, жерін сүйетін азамат болатындарыңа сенімдімін. «Жас ұландар жыры» үнтаспамен бірге әнді айту . Үнтаспадан баяу музыка ойнатылады.


























    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ