400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адами мінез-құлық. Сыныптағы қарым –қатынас.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың мінез - құлық туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды бір -біріне құрметпен қарауға үйрету. Сыныптастарға қол көтеру салдарын түсіндіру.Өзімшілдік, менмендік, қатыгездік, тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК




«Бекітемін»: _________

колледждің әдіскері:

Кабимолдина А.К.

«Келісемін»: _________

сынып жетекшісі:

Буянбаева А.А.








САБАҚ ЖОСПАРЫ

ТАҚЫРЫБЫ:

. Адами мінез-құлық. Сыныптағы қарым –қатынас.










Өтетін орны:№ 8 мектеп КММ

Сынып: «9г»

Мерзімі: 08.10.21.

Тобы: 24

Машықкер: Муканова Дана Даулетовна

Баға: «__»___________





Семей, 2021 жыл


Сабақтың тақырыбы: Адами мінез-құлық. Сыныптағы қарым –қатынас.

Мақсаты:

  • Оқушылардың мінез - құлық туралы түсініктерін кеңейту.

  • Балаларды бір -біріне құрметпен қарауға үйрету. Сыныптастарға қол көтеру салдарын түсіндіру.

  • Өзімшілдік, менмендік, қатыгездік, тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.

Көрнекілігі:Әдептілік туралы жазылған қанатты сөздер.

I.Сабақ барысы:

Сыныпты шаттық шеңберге шақыру.

Жүректен жүрекке (балалар бір – біріне тілектерін айтады)

Жүрекшені оқушылар жылы сөздер айтып, бір-біріне береді.

Нақыл сөздермен жұмыс. Талқылау. Сұрақтар:

  • Осы нақыл сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Мінез-құлық дегеніміз не? Ол қандай болу керек?

Яғни, балалар, бүгінгі тақырып қандай деп ойлайсыздар?

Сұрақ-жауап.

  • Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?

  • Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?

  • Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсыз?

  • Қалай ойлайсыздар, біздің сыныпта жаман мінезді оқушылар бар ма?

Біздің кейбір оқушылар сыныпта жаман мінезің көрсетеді. Осы мәселені мен сіздермен шешкім келеді. Біреулер басқа оқушыларға қол көтеруге дәті барады. Сіздердің осындай іс-әрекеттеріңіз үлкен зардапқа алып келуі мүмкін. Қылмыс жасалған кезде 14 жасқа толған адам дене жарақатын салғаны, ұрлық, тонау, бопсалау, ауыр бұзақылық және басқа да қылмыс түрлері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сіз басқаларға қол көтеруге ешкімнің құқығы жоқ екенін түсінуіңіз керек. Сондықтан, осындай іс-әрекеттеріңізді доғарыңыздар!

Пікірталас.

Зере мен Жанерке сыныпта ұрысып қалды. Жанерке үзіліс кезінде кітаппен Зеренің басынан ұрды. Осыдан кейін олар төбелес бастады. Сіздің ойыңызша, бұндай мінез -құлық мектепте қолайлы ма? Жанеркенің іс-әрекеті дұрыс па? Жәнеркенің орнына сіз не істеуші едіңіз? Бұл жағдай қайталанбас үшін қандай шаралар қолдану қажет?

Балалар өз ойларын айтады және бір ортақ шешімге келеді.

Ал енді, біз сіздермен топпен жұмыс жасайық. (Топқа бөліңді)

II.Шығармашылық тапсырма: (балалар тапсырманы постер ретінде орындайды)

1 топ – Адамның бойындағы жақсы қасиеттерді жазу,

2 топ – Сыныптағы жақсы қарым-қатынас болу үшін не істеу керек?

3 топ - Жаман мінезді адамды сипаттау.

4 топ – Қол көтеру мәселесі.

Топтар постерді қорғайды.

III.Қорытындылау (рефлексия)

Бүгінгі сабақ сізге пайдалы болды ма? Сіз бүгін нені үйрендіңіз?

Сіздердің алдыларына мен стикер тараттым. Соған сіз бүгінгі сабақтан алған әсеріңізді жазыныздар. Және тұрып «Табыс ағашына» жабыстырыңыз.

Сабақ жалпы ұнады ма? Сіздерге сабаққа қатысқан үшін рахмет! Келесі кездескенше. Сау болыңыздар!























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.01.2022
505
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі