«Бекітемін»
Оқу ісінің орынбасары:
«-----------»-------------2020 ж
---------------------------------
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп. Үстірт орта мектебі Мерзiмі: 12. 02.2020ж
№ 21 сабақ Тақырып: Адами қарым-қатынастар әлемі
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: кішіпейілділік , ізеттілік, әдептілік.
Мұғалiм: К. Идирисова
Сынып: 5 «а», «ә», «б», «в»
|
Сабақ мақсаты: оқушыларға айнала қоршаған ортамен қарым-қатынастың маңызын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері : Білімділік: оқушыларға ізгі қарым қатынастың мәнін түсіндіре отырып, кішіпейілділік қасиетіне түсінік беру; Дамытушылық: оқушылардың айнала қоршаған ортаға ізгі қарым –қатынас жасау мәдениетін әдептілік қасиеттері арқылы арттыру; Тәрбиелік: кішіпейілділік , ізеттілік, әдептілікке тәрбиелеу. |
Ресурстар: оқулық, дәптер,А-4 ақ қағаз, маркер, стикер, плакаттар, үнтаспа |
|
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. ( 5 «Т» сақтау) Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіз нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын да таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін тек жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқындап және шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: біздің «Бөбек» орталығына, біздің гимназияға, барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын». Осындай Нұр,Махаббат, және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Енді жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет! Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 21-сабақта Ә. Табылдының «Салем» әңгімесін оқып мазмұндап келу
|
Сабақ барысын талқылау: |
|
Дәйексөз Кішіпейілділік - кісінің көркі Халық нақылы Ұлдарға хормен оқыту. * Қыздарға хормен оқыту. * Дәптерлеріне жаздыру, мағынасын аштыру. * Оқушылардың жауабына сүйене отырып, қорытынды жасау. |
Қанатты сөздер |
|
Әңгiмелеу (мұғалім сыйы) Ш. Құдайбердиев Адам өмірін қалай түзеуге болады? Адам қайткенде тату тұра алады?... Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ. Әрине, адам оқып, біліп үйренуі қажет. Білім-ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жаратуы керек. Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Ал арлы, ақылды, адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтануды білмейді және істемейді. Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен-бірі тату тұруында сөз жоқ.
Өзіңнің жақсы қасиеттерің мен құндылықтарыңды қалай көрсетесіңдер? |
|
|
Шығармашылық (топтық) жұмыс. 1-тапсырма: «Әдепті адам қандай болуы тиіс?» тақырыбында ереже құрастыру. 2-тапсырма: 3- тапсырма: 4- тапсырма: |
|
|
Топпен ән айту. Бала тілегі С.Молдасанұлы Бал-балалық, балдырған шақ сан арман, Барлық бала армандауға жаралған. Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер, Гүлденсін деп атамекен қара орман. Болашақтың иесіміз бәріміз, Туған жердің түрлендірер нәріміз. Алтын бесік – ұлан- байтақ елімде, Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. |
|
|
Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 23-сабақта Серік Үсенұлының «Артылған ақша» әңгімесін оқып мазмұндап келу |
|
|
Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. Бүгінгі өткен сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар! |
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Адами қарым-қатынастар әлемі

шағым қалдыра аласыз