Адамның адамгершілік қасиеттері 9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адамның адамгершілік қасиеттері 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы

9-сынып, №10

Тақырыбы: Адамның адамгершілік қасиеттері

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: Сыпайылық, сыйластық, қайырымдылық

Мақсаты: Оқушыларға адамның адамгершілік қасиеттері туралы айта отырып, дұрыс әрекет құндылығың мәнін ашу.

Ресурстар:


  1. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №9 – сабақ. 2 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №10, «Ұлы ұстаздың соңғы лекциясы» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Мұхтар Әуезовтің рухани өзін-өзі жетілдіруінің мәнін қалай түсіндіресіздер?

2. Ұлы ұстаздың өмірінде риясыз сүйіспеншілік қалай көрініс табады?

3. Кемелденген, толық адам, ақылды, парасатты деп қандай адамдарды атайды? Мұндай тұлғаның бойынан қандай қасиеттерді атап өтесіздер?

4. Қарым-қатынастағы өзара сыйластық, түсінушілік адам бойындағы қандай құндылықтардың көрінісі?

5. Өмірде адамның шынайы адамдық табиғаты қалай көрінеді? 6. Автордың өзін және өзгені тануы мен бағалауы арқылы қандай құндылықтарды байқадыңыздар?

7. Автордың «... бірегей, бітімді бәйтерек қашанда халықпен бірге жасайды» деген тұжырымына қатысты өз ойыңызды ортаға салыңыз.

8. Өзіне сенімнің, риясыз сүйіспеншіліктің күнделікті өмірдегі көріністерінен нақты мысалдар келтіре аласыз ба?


3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Атымды Адам қойған соң қайтып надан болайын.

Абай

Сұрақтар:

  1. Адамгершілік дегенде нені түсінесіз?

  2. Адамгершілік қасиеттерге нелер жатады?

  3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Ақылды егінші

Бір күні патша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді. Тырбанып еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып, онымен сөйлесуге ықыласы ауады. Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі емес екенін, күніне 15 теңге үшін жалданып еңбек ететінін ұғады. Патша егіншінің жалақысының аздығына қайран қалады. Себебі, патша сарайының бір күндік шығыны жүздеген алтыннан көп еді. Егінші, патшаның таң қалғанына қарап:

  • Бұл ақша қанағатшыл адамға тіпті көп те болады. Мен ақшамды үшке бөлемін, – дейді.

Бір бөлігімен өмір сүремін. Бір бөлігімен қарызымды өтеймін. Бір бөлігін біріктіріп,

қор жинаймын, – дейді.

Патша бұл жұмбаққа ұқсаған сөздерден еш нәрсе түсінбейді. Ақкөңіл диқан күлімсіреп былай дейді:

Ақшаның бір бөлігімен қарызымды қайтарамын дегенім, бала кезімде үлкен қамқорлық көрсеткен әкем мен шешем ғой. Ақшамның бір бөлігін соларға беремін. Ақшамды қор ретінде жинаймын дегенім, бұл ақшамның бір бөлігін балаларымның іне төлеймін. Менің қолым, аяғым жұмыстан қалған жағдайда, олар маған көмектеседі деп үміттенемін. Қалған ақшамды өзімнің мұқтаждарыма жұмсаймын, – дейді.

Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болады. Намысты шаруаның балаларының біліміне төлейтін ақшаны өз мойнына алады.

Балалары да ер жеткен соң білімді,ақылды азаматтар болып,халқынақолдарынан келген көмектерін аямай көрсетіп,егіншінің үмітін ақтапты.

Сұрақтар:

1. Егіншінің бойынан қандай адамгершілік қасиеттер көріп тұрсыңдар?

2. Патша не үшін риза болды?

3. Сендер өз ақшаларыңды осы егінші секілді үнемдеп жұмсайсыңдар ма?

4. Ата-аналар алдындағы парыздарыңды қалай орындап жүрсіздер? Мысал келтіріңіздер.


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

6-тапсырма. Мақалдарды аяқтап жазыңыздар және оларды біріктіретін идеяны табыңыздар.

Адамның ұяты бетінде , ... .

Қайырымдылық жасасаң, ... .

Адамгершілік болмай, ... .

Айырылмастай досыңа, ... .

Өзіңді өзің сыйламасаң, ... .

«Сіз» деген – әдеп, ... .

Ұлық болсаң, ... .

Кішіпейілділік – ... .

7-тапсырма. Атақты педагог В. Сухомлинскийдің ұлағатты сөзін мұқият оқып, мағынасын түсіндіріңіздер: «Адам бойында кішіпейілділікті басқа қасиеттерден оқшау қалыптастыру мүмкін емес: кішіпейілділік, сыр мінезділік – еңбекті кісілік сипатына, рухани өмірінің бір саласына айналдырған адамның ғана қолынан келеді».


    1. Үй тапсырмасы.

1. №10 – сабақ. 3 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №11, «Шанханайдың шынары» мәтінін оқып келу.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.00.2020
1275
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі