Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адамның дене мүшелері

Материал туралы қысқаша түсінік
1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау; 1.1.2.1 адам өмірінің кезеңдерін сипаттау; 1.2.3.3 адамның өсу және даму қажеттіліктерін анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: жаратылыстану

МЕКТЕП:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тірі табиғат. Адам

КҮНІ:

Мұғалімнің аты жөні:


СЫНЫП: 1

Қатысқандар-

Қатыспағандар-

Сабақтың тақырыбы

Адамның дене мүшелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау;
1.1.2.1 адам өмірінің кезеңдерін сипаттау;
1.2.3.3 адамның өсу және даму қажеттіліктерін анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Адамның дене мүшелерін атайды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Адамның негізгі дене мүшесінің атқаратын қызметі туралы біледі

Кейбір оқушылар орындай алады:

 Адам дене мүшелерінің ерекшеліктерін тереңірек зерттейді

Бағалау критерийлері

Әр дене мүшесінің атқаратын қызметін анықтайды

Адам дене мүшелерінің маңыздылығы туралы әңгімелейді.

Тілдік мақсат

Оқушылар;

академиялық тілді қолдана отыра, адам денесінің басты бөліктері мен олардың функцияларын атайтын болады

Пәнге қатысты лексика мен терминалогия

Бас, мойын, қол, аяқ, иық, саусақ білезік, білек, шынтақ, сан, тізе, жіліншік, башпай, табан, өкше,

Диалог жазылымға қажетті тіркестер:

  • Адамның қанша дене мүшесі бар?

  • Қандай мамандықтарды білесіңдер?

  • Адамның дене мүшесіне байланысты қандай мақалдарды білесіңдер?

  • Адамның дене мүшесінің қайсысы маңызды?

  • Қалай ойлайсыңдар, адамда артық немесе кем мүшелер бола ма?

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, айналадағыларға қамқорлық көрсету, еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану /1.1.1.4/, көркем еңбек /1.2.1.1/,

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, суреттер, infourok.ru, yandex.kz/images, almaty.all.biz, krugosvet.ru, Likar.info

Бастапқы білім

Оқушылар дене мүшелерін атай білуі тиіс /бас, көз, қол, мұрын, аяқ/

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2-минут





І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

Психологиялық сәт:
- Қайырлы таң, көздерім!

- Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).

- Қайырлы таң, құлақтарым!

- Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).

- Қайырлы таң, қолдарым!

- Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).

- Қайырлы таң, аяқтарым!

- Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу) .

- Қайырлы таң, ұстазым!

- Мен ояндым!. (Күлімсіреп, күнге қолдарын созады)

Оқушылар орындарына отырады



Сабақтың ортасы




10 минут



Айтылым

Жазылым






























6-минут


Айтылым


































8-минут


Айтылым

тыңдалым













































2-минут





5 минут

Айтылым

Тыңдалым



 - Балалар, бүгін сабақта сендер дене мүшелерімен және олардың қызметімен танысасыңдар (тақырыбы мен мақсатын хабарлау)



1-тапсырма: Жеке жұмыс:

«Ойлан, тап, анықта!» әдісі бойынша тапсырма беремін.

Оқушылар әр суреттің жанына адамның ­ дене мүшесінің санын жазулары тиіс.

Сандарды жаза алмайтындарға көмектесу.

Егер оқушы дене мүшесінің санын анықтауға қиналса, сол дене бөлігін өзінен тауып санауына болады.

Тапсырманы күрделендіру мақсатында­ жаза алатын оқушы-ларға әрбір суреттің атауын жазуға ұсыныс жасаймын.


Объект 2


Жауабы:
қол — 2; аяқ — 2; бас — 1; мойын — 1; көз — 2, мұрын — 1.

Дескриптор:

  • Кескінді анықтайды.

  • Дене мүшелерінің қызметін сипаттайды.

  • Қай мүшенің қанша екеніндігін дәлелдейді


(ҚБ)  «Басбармақ» әдісі арқылы бағаланады

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.


2-тапсырма: Жұптық жұмыс:

«Бұл кім?» әдісі (ойын шарты түсіндіріледі)

Ойын шарты: Екі оқушыдан шығып біреуі кез - келген мамандыққа немесе спорт түріне байланысты суреттерді таңдап сәйкестендіреді. Ал екінші оқушы соған байланысты қимылдарды көрсетеді:  зілтемірші, балерина, шаңғышы, боксшы .

Қандай мамандықтарды білесіңдер?


Объект 3

(ҚБ)  Дұрыс жауап айтылғанда оқушылар қол шапалақтау арқылы бағаланады.


Дескриптор:

Мамандық түрлерін ажыратады.

Мамандық иесіне сай қимыл іс-әрекетті көрсетеді.


3-тапсырма: Топтық жұмыс.

Жұмбақтар шешу арқылы топтарға біріктіру

Қатуды білмейтін қос қайнар. /КӨЗ/


Бiрi – ыдысқа керек,
Бiрi – жүрiске керек. /АЯҚ/

Екі достың бірі ыңғайлы,

Біреуінен ебі жоқ.

Екеуін де бірдей көрем,

Маған артық-кемі жоқ. /ҚОЛ/

1-топ: - Көз 2-топ: - Аяқ 3-топ: - Қол

Әр топқа жеке тапсырма беріледі:

1 - топ: «Суретті толықтыр» әдісі. Суретке жетпей тұрған дене мүшелерін жапсырады.


2 - топ: «Артық затты тап». Суреттегі артық заттарды тауып қоршап қояды


3 – топ: «Ой ұшқырлығы» әдісі

Тиісті суреттерді орнына қойып, мақал құрастырыңдар

  • А дамның дене мүшесіне байланысты қандай мақалдарды білесіңдер?





Объект 4

Дескриптор:

  • Жетіспей тұрған дене мүшелерді тауып жапсырады.

  • Суреттегі артық заттарды анықтап белгілейді.

  • Сурет бойынша мақал құрастырады.

(ҚБ) Смайликтер арқылы бағалау

Сергіту сәті:

 Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Ортаға топтан бір оқушы шығып, кубикті лақтырады. Кубикте суреттегі дене мүшесін атайды, топтағы қалған оқушылар сол дене мүшесін атайды және өз денелерінен ұстап көрсетеді және қанша екенін атайды.

Мысалы: білек, санайды 2, мойын, санайды-1, аяқ, санайды – 2, тізе, санайды – 2, саусақ, санайды 10, бас, санайды – 1, т.т


4-тапсырма: Ұжымдық жұмыс: Ойлан, жұптас талқыла!  әдісі арқылы пікірталас жүргізу.

  • Адамның дене мүшесінің қайсысы маңызды?

  • Қалай ойлайсыңдар, адамда артық немесе кем мүшелер бола ма?

МК; Оқушыларға адамның дене мүшелерінің қайсысы ең маңызды екенін ойлануға ұсыныс жасаймын. Оқушылар барлығы өте маңызды және әрқайсысы өз қызметін атқарады деген қорытындыға келулері керек.

Зерделеу: Артық дене бөлігінің болатын /болмайтынын сұрау. Кей кезде адамда денесінің қандай да бір бөлігінің болмайтынын, сондай жағдайда сол бөліктің қызметін протездер немесе арнайы құрылғылар атқаратынын түсіндіру. Осы жерде мүмкіндігі шектеулі адамдар жөнінде әңгімелеймін.











ҚБ. жинағы

30 - бет





Суреттер

флипчарт А4



infourok.ru














yandex.kz/images

Рисунок 16



Рисунок 15











Суреттер

флипчарт А4



almaty.all.biz



krugosvet.ru




Likar.info























www.ZHARAR.com






infourok.ru













Жұмыс дәптері 20-бет




















Сабақтың соңы


3-минут

К ері байланыс

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша жасайды. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың, жұптың да жұмыстарын бағалайды және ұсыныстарын береді.

Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста жұптық, топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.


Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау- оқушылардыңматериалды

меңгеру

деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2- тапсырмада қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманың деңгейін күрделендіру керек.

Диалог және қолдау көрсету арқылы оқушыларға әр тапсырмада жүріп отырады.

3-тапсырмада саралаудың қарқын тәсілі бойынша кейбір оқушылар дереккөздермен және жылдам жұмыс жасауына қолдау көрсетіледі.



«Қол шапалақтау»

Рисунок 14



« Басбармақ»,




Рисунок 13

« Смайлик»

АКТ-ны, оқу құралдарын пайдалануда

Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

  • Бүгін оқушылар не үйренді?

  • Сабақ қалай өтті?

  • Қандай кедергілер болды?

  • - Не сәтті өтті?

  • - Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

  • Уақытты қалай пайдаландым?

  • Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз.

Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2018
498
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі