Материалдар / Адамның дене мүшелері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адамның дене мүшелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға түзеті сабағын өткізуге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2018
1178
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ПДТ

Айлық тақырыбы: Кім болам?

Сабақтың тақырыбы: Адамның дене мүшелері.

Сабақтың мақсаты: а) түзете – дамытушылық: Балаларға өз дене құрылысын білуді, адамның бір-бірінен айырмашылығын салыстыру, ажырата білуге көмектесу, адамның дене мүшелерінің құрылысымен таныстыру, олардың өз атауы бар екенін білу, айтып ажыратуға үйрету.

Математикалық жаттығулар орындату арқылы, есте сақтауларың, ойлауын, зейінін дамыту. «Жоғалған дене мүшесін тап» ойының ойнату арқылы көңіл- күйін көтеру.


ә) тәрбиелік: Балаларды жастайынан өз денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір сүруге баулу, гигиеналық талаптарды орындауға тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Адамның денесі және жеке дене мүшелері салынған плакаттар, қуыршақ, таяқшалар, ілгектер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

1. Амандасу.


2. Тіл дамыту.

Қуан, шаттан! Алақай,

Қуанатын келеді күн.

Қайырлы күн! Қайырлы күн!

Күліп шықты бүгін күн!

ІІ. Негізгі бөлім.

Түзету тапсырмалары. ПДТ – 4-6 жас.

1.Адамның дене мүшелерімен таныстыру, оны айыруға үйрету.

-Мен кәзір саған бір жұмбақ жасырамын соңы шешіп көрші

Жер бетінде ең ақылды, ең күшті кім? (Адам)

-Өте дұрыс

Адам табиғаттың ең керемет бөлігі. Адам өз өмірін сақтау керек, сондықтанда ол өзін танып білуге міндетті. Бүгін біз сабақта дене мүшелерімен танысамыз, яғни сабағымыздын тақырыбы «Дене мүшелері». Олай болса мен саған қызықты ертегі айтып берейін тыңда. Бас бірінші болып былай дейді:

«Мен бәріне баспын менде көз, ауыз, құлақ, мұрын бар. Мен болмасам ештеңені көрмейді, естімейді, иісті де сезбейді, сөйлейде алмайды, тіпті аштан өлер еді.»

«Егер мен болмасам сені арлы-берлі жан-жаққа бұрар еді»- деп мойын да дауласа кетеді.

Осы кезде «Достар білесіңдер ме, егер де біз болмасақ жүкті әрлі-бері тасу , тамақ дайындау, ішу, кірді жуу, жазу, сурет салу, ойнау да өте қиын болар еді»-дейді қол.

Көп ойланып кеуденің де шыдамы кетті: «Мен, мен ше?! Егер мен болмасам адам болар ма еді.»

«Егер мен болмасам не істер еді адам. Сіздер ешқайсысыңыз аяқсыз ешқайда да бара алмайсыңдар, күні бойы біз сіздерді бақшаға , дүкенге , жұмысқа апарамыз. Күні бойы жүгіреміз, сонда да рахмет алмаймыз»- дейді аяқтар. Бұл айтыс дау ұзаққа созылар еді, ұйықтап жатқан Арман өз түсінен өзі шошынып, оянып кетті.

-Ал, сен қалай ойлайсың адамға ең керегі басы, мойыны, қолдары, денесі немесе аяқтары ма?(Бәріде керек)

-Өте дұрыс адамға барлық дене мүшелері керек екен яғни: бас, мойын, денесі қолдары және аяқтары соңымен ишки ағзалары олар: жүрек, бауыр, өкпе, шектері т.с.с.

- Ендеше мына суретке қарап , адам дене мүшелерін атап көрсетейік.

2. Адам суреттерін пластилин арқылы бастыру. (Бас киімін)

3. Ойын «Жоғалған дене мүшесін тап!»

Қыстырғаш арқылы дене мүшелерін қыстырту.

(аяқ, қолдарын)

ІІІ.Сергіту сәті.

«Сұр қоян жуынып жатыр»

Бармақ болып тоғайға,

Сұр көжек жуынды.

Басын жуды, көзін жуды,

Құлағын жуды, беті-қолын жуды.

Аяғын да жуды,

Сілкінді, сүртінді

Тап-таза боп бір тынды.


1,2,3 қолға алам жинап күш,

Қарындашты аламыз әдемі етіп саламыз.

4. Қарындашпен жұмыс.

Қоянға көмек беру.Сызықтарды бастыру арқылы қоянға сәбізді жеуге көмек беру.

5.Математикалық жаттығу орындату.

1) 1-5-ке дейінгі санға ілгектер қою.


2Shape1 )Геометриялық пішіндер,таяқшалар арқылы адам құрастыру.


Shape2 Shape3 Shape4


Shape6 Shape5


3) Дәнді дақылдардан дене мүшелерін тауып, адамды құрастыру.


4) Ойын: «Жалғыз. Не екеу?» ойынын ойнаймыз.

Балалар : Ауыз жалғыз, бас жалғыз, кеуде, мұрын, ерін, мойын.

Екеу:Көз екеу, қас-қабақ, қол-аяқ, құлақ.


6. АКТ -мен жұмыстану.

Ноутбукпен жұмыс.

«Жамауды тік» қуыршаққа көйлегін тігуге көмек беру.

ІҮ.Қортындылау.

-Сабақта не туралы айттық?

-Адамның дене мүшелерін аташы?

Мадақтау.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!