Эссе
жазу (жеке жұмыс)
Оқушылар жеке шекараның
маңыздылығы, оның түрлері (физикалық, эмоционалдық, психологиялық)
туралы 1-2 бет эссе жазуы керек.
Эсседе келесі сұрақтарға жауап
беру қажет:
Жеке шекара дегеніміз
не?
Жеке шекараның қандай түрлері
бар?
Жеке шекараларды сақтау
неліктен маңызды?
Сіз өз шекараларыңызды қалай
қорғайсыз?
Топтық
талқылау (топтық жұмыс)
Оқушылар 4-5 адамнан топтарға
бөлінеді. Әр топ жеке шекараларды қорғаудың әдістері мен ережелерін
талқылайды.
Топтар келесі аспектілерді
қамтитын презентация дайындауы тиіс:
Жеке шекаралардың
түрлері.
Жеке шекараларды қорғаудың
негізгі ережелері.
Өз тәжірибелерінен
мысалдар.
Рөлдік
ойын (топтық жұмыс)
Оқушылар топтарға бөлініп,
жеке шекараларды қорғауға байланысты сценарийлерді рөлдік ойын
арқылы көрсетеді.
Әр топқа жағымсыз жағдайлар
(буллинг, қысым) беріледі, және олар өз шекараларын қорғау
стратегияларын қолдана отырып, осы жағдайларға қалай жауап
беретіндерін көрсетеді.
Күнделік
жазу (жеке жұмыс)
Оқушылар өздерінің күнделікті
өмірінде кездескен жеке шекараларын қорғауға байланысты жағдайлар
туралы жазып, өз тәжірибелерін бөліседі. Күнделік жазу барысында
олар қандай стратегияларды қолданғандарын және бұл тәжірибеден не
үйренгендерін жазады.
Тапсырманың бағалау
критерийлері:
Эссенің мазмұны мен
құрылымы.
Топтық жұмыстың белсенділігі
мен шығармашылық деңгейі.
Рөлдік ойынның орындау сапасы
мен қатысу белсенділігі.
Күндікте жазылған
тәжірибелердің тереңдігі мен
түсініктілігі.
•
• Жеке шекараны қорғаудың
негізгі ережелері:
• Өз шекараларыңызды айқындау:
не нәрсеге рұқсат беріледі, не нәрсеге
болмайды.
• "Жоқ" деп айту дағдыларын
дамыту: өз пікіріңіз бен сезімдеріңізді
білдіру.
• Басқалардың шекараларын
құрметтеу: олардың құқықтары мен
шекаралары.
• Коммуникация дағдылары: ашық
және адал сөйлесу, сұрақ қою.
• Стресс жағдайында өз
шекараларыңызды қорғау әдістері.
|