Адамның репродуктивтік денсаулығы. Ұлдар мен
қыздардың анатомиялық-физиологиялық
ерекшеліктері
Денсаулыктың ең маңызды
құрамдас бөлігінің бірі- репродуктивтік денсаулық (reprodutcio
-қайта өндіру, көбею). Қазақстан Республикасының Конституциясында: "Неке
және отбасы, ата-ана және бала мемлекет қорғауында",-деп
көрсетілген.
ДДСҰ анықтамасы бойынша
репродуктивтік денсаулық-бұл тек ауру жағдайының
жоқтығы емес немесе жыныс жүйесінің, оның қызметі мен процестерінің
бұзылуында ғана емес, толық дені сау, яғни денесі шыныққан, ойлау
қабілеті дамыған, әлеуметтік дұрыс жағдайда өзіне ұқсас ұрпақ
жалғастыра алу процесі.
Репродуктивтік денсаулық тіршілік жағдайына,
тамақтануға, экологияға, генетикалық тұқым қуалаушылыққа, сонымен
қатар репродуктивтік денсаулық жұмысы мен оны қорғау қызметіне
де байланысты болады.
Репродуктивтік денсаулықты қорғау қызметіне
мыналар жатады: әйелдерге кеңес беру орталықтары, босану орындары,
отбасын жоспарлау орталықтары, ауылдық жерлердегі емханалар,
фельдшерлік пунктер және т.б.
Репродуктивтік денсаулық орталық қызметтеріне
ғылыми-әдістемелік көмекті ана мен бала денсаулығын қорғаудың
Республикалық Орталығы, медициналық университеттердің акушерлік
және гинекологиялық кафедралары көрсетеді.
репродуктивтік денсаулық
қызметтері:
1994 жылдағы Халық саны бойынша өткен Халықаралық
Каир конференциясында адамның мынадай құқықтары
белгіленген:
-
жыныстардың тең
құқығылығы;
-
неке мен жанұя құру мүмкіндігінің
болуы:
-
жеке және жанұялық өмір сүруге құқығының
болуы:
-
жанұядағы бала санының қанша болу қажеттілігінің
өзі шешу мүмкіндігі:
-
білім алу және медициналық ақпаратты білу
құқығы.
репродуктивтік денсаулық орталықтарының
мақсаты отбасын құруды жоспарлау мен жүктілік кезіндегі
қауіп-қатерді болдырмау:
-
жасөспірімдік жүктілікті
болдырмау:
-
35
жастан кейінгі жүктілікті болдырмау:
-
күтпеген жүктілік (қауіпті жасанды тусіктер).
Бұлардың барлығы ана өлімі мен мүгедек қысқартады, бала өлімін
азайтады.
Ер
адамдардың жыныс мүшелеріне: аталық без, қуық асты безінен шәует
қуықшасы, ал әйел адамның- жатыр, жатыр түтіктері және аналық
бездері жатады. Ер адамдардың сыртқы жыныс мүшелеріне- аталық
жыныстық мүшелер мен ұмадан, ал әйел адамдарда- үлкен және кіші
жыныс еріндерінен, қынаптан тұрады.
Өсіп дами бастаған сайын жасөспірімдерде жыныстық
белгілер байқала бастайды. Бұл ішкі секреция бездерінің активті
қызмет етуіне байланысты болады.Бұл кезеңде барлық ағзада үлкен
өзгеру жүреді. Ұлдарда сақал-мұрт өсіп, қолтық пен шапқа да түк
шығады. Көмей аймағында шеміршекті өсінді томпая бастайды, дауыс
тембрі өзгереді. Қыздарда бөксе және жамбас жалпайады, кеуде
бездері өседі, жамбас сүйектері кеңейеді, қолтық және шапта жүн
өседі.
Жыныстық жетілу.
Жыныстық жетілу эндокриндік және жүйке
жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Бұл кезең өтпелі немесе
пубербатты кезең деп аталады. Қыздардың жыныстық жетілуі, 9-10
жаста, ал ұлдарда 12-14 жаста басталады. Жыныстық жағынан қыздар 16
жаста жетіледі, ал ұлдар 18 жаста жетіледі. Жыныстық қызметтің
тоқтауы әйелдерде 40-50-де, ал ерлерде 65-70 жасында
байқалады.
Жыныстық жетілу мерзімдері әр адамда әр түрлі
болып келеді. Бұлар көптеген факторларға тұқым
құалаушылық, тұрмыстық, әлеуметтік-экологиялық және сонымен қатар
денсаулығына тамақтануына, климат жағдайына да т.б.
жағдайларға байланысты болады. Әр түрлі қолайсыз факторлар әсерінен
жыныстық дамудың кешеуілдеуі немесе дамуда әр түрлі өзгерістері
болуы мүмкін.
Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қыздар мен
ұлдардың жыныстық дамуы Ресей Федерациясының солтүстік аударына
қарағанда ертерек болады.
Биологиялық жыныс адамды еркек не әйел етпейді.
Биологиялық сипаттар жыныстық даму кезінде іске асатын жыныстық
психологиялық сипаттап мен толықтырылуы тиіс. Жыныстық инстинктің
қалыптасуы біртіндеп жүзеге асырылады, бұл жыныстық даму кезінде
өте күшті байқалады.
Репродуктивтік денсаулыққа әсер ететін
факторлар.
Репродуктивті денсаулыққа әсер ететін факторлар
болып зиянды әдеттер (шылым, ішімдік, есірткі заттары), жыныстық
қатынасқа ерте жастан бару, жыныстық жолмен таралатын аурулар және
кіші жамбас аймағындағы жұқпалы аурулар репродуктивті денсаулыққа
зиянды әсер етеді.
Темекі шегу әйелдер мен ерлердің репродуктивті
жүйесіне өте зиянды әсер етеді. Никотиннің жыныс мүшелерінің
қызметін, жыныс жасушаларының бұзатындығы
дәлелденген.
Егер жүкті әйел темекі шексе , у плацента арқылы
оны улайды. Ұрықтың бауыры әлі қалыптасып болмағандықтан түскен
уларды залалсыздандыра алмайды. Сөйтіп, ол ағзада жинала береді.
Темекі шегу қандағы гемоглобиннің мөлшерін төмендетеді, сондықтан
ұрық оттегі жетіспеушілігіне шалдығады. Мұндай жағдайда алдымен
ұрықтың жүйке жүйесі зақымданады., соның салдарынан нәрестенің
дамуы жетіледі.
Ішімдік жыныстық жетілуге зиянды әсер ететіні
анықталады. Ішімдікті көп ішу ер адамдарда тіпті жас кезінің өзінде
жыныстық жүйе қызметін төмендетеді, кейде жоғалады. Ерлер бедеулігі
себептерінің негізгісі- ішімдікті көп пайдалану. Ер
адамдардың жыныстық жасушалары ішімдіктің әсеріне өте сезімтал,
ішімдік әсерінен сперматозоидтардың көп мөлшерінің өлуі, ұрықтану
мүмкіндігін төмендетеді. Әйел адамдардың ағзасына ішімдіктің
зиянды әсері одан да үлкен. Оларда аналық бездер мен жыныс
бездерінің қызметі бұзылады.
Адамзат тұқым қуалаушылық туралы ғылым -
генетиканың пайда болуынан көп пайдаланатын адамдар ұрпақтарының
мүгедек болып туылатынына назар аударған. Міне, сондықтан да түрлі
елдердің ежелгі заңдарды мен салттары неке құру кезінде ішімдік
ішуге тыйым салған. Кемтар балалардың туылуы, түсіктер мне өлі
туылатын нәрестелердің көп жағдайда халықтың мерекелер
кезінде болғандығы анықталған.
Мас
кезінде ұрықтанудың ауыр себептері ішімдікті ата-ананың тек
біреуінің пайдалануы кезінде де болады. Ішімдік жатыр арқылы ұрыққа
оңай енеді де, қантамырларына түседі және дамып келе жатқан ұрықты
уландырады, ол түсікке немесе мерзімнен бұрын туылуға әкеп
соқтырады, нәресте салмағының төмен болуына, баланың одан кейінгі
дамуының тежелуіне алып келеді. Жастар ерте жыныстық қатынас
салдары үшін жауапкершіліктің екеуіне де қатысты екенін ұмытпаған
дұрыс.
Жыныстық қатынасты ерте бастау жасөспірімдер үшін
аса қауіпті.
Ерте жыныстық қатынасқа байланысты туындайтын
қауіптер:
-
жасөспірімдік
жүктілік;
-
денсаулықтың бұзылуы;
-
жыныс мүшелерінің
аурулары;
-
бала денсаулығына қауіп
төнуі;
-
Жыныстық жолмен жұғатын аурулар (ЖЖҚТ), соның
ішінде АИВ/ЖИТБ.
Жастарда қорға антиденелердің салыстырмалы түрде
тапшы болуынан, яғни қорғаныштық механизмнің толық
түзелмегендігініен, олар жыныстық жолмен жұғатын инфекцияға өте
сезімтал болып келеді.
Ұлттық заңдарда, Халықаралық құқытық құжаттарда
және басқа да келісімдерде репродуктивтік құқық адам құқығының бір
бөлігі болып табылады. Бұл құқықтар барлық жұбайлар мен жеке
адамдарға еркін және жауапты түрде бала санын анықтауға
негізделген. (ББҰ, Ұлттар сан бойынша Халықаралық конференция
1994ж.)
Отбасын Жоспарлау Халықаралық Федерациясының
(ОЖХФ) бағдарламасында репродуктивтік құқық туралы жастардың
Хартиясы бекітілген.
-
Өмір сүру құқығы.
-
Жеке еркіндік пен қауіпсіздікке
құқық.
-
Дискриминациясының барлық формаларына қарсы
теңдік пен еркіндік құқығы.
-
Жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығы және
конфиденциалдық (жеке қүпиялық).
-
Көзқарас еркіндік
құқығы.
-
Ақпарат және білім алу
құқығы.
-
Некеге отыру немесе отырмау, отбасын құру және
жоспарлау құқығы.
-
Бала туу мәселесін шешу және баланың туылуын
жоспарлау құқығы.
-
Медициналық қызмет пен денсаулық сақтау
құқығы.
-
Ғылыми прогресс жетістіктерін пайдалану
құқығы.
-
Саяси жиналыстарға қатысу еркіндігі
құқығы.
-
Ауыр және қорлайтын қатынастан қорғану
құқығы.