Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде

Материал туралы қысқаша түсінік
2024-2025 оқу жылы, сынып сағаты. Қауіпсіздыі сағаты, жолда жүру, экологиялық білім беру барлығы қосылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып жетекшінің аты-жөні

Әуезова Қ.

Күні:

04.11.2024

Сынып: 6 «Г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде.

Мақсаты

оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан,ақылды,шыншыл,қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.

Құндылық

Қараша – әділдік және жауапкершілік айы

Аптаның дәйек сөзі

Әділдік пен жауапкершілік – біртұтас ұғым!

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)



Сабақтың барысы

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы















Сабақтың ортасы































































Сабақтың соңы

«Адамгершілік – асыл қасиет». Осы бір сөздің астарында көп мағына жатыр. Адам бойындағы бар игі қасиеттер отбасында, мектеп қабырғасында қаланады.

Ізетті, сыпайы, мейірімді болу, жақсы жылы сөз айту, адамдарды қуанышқа бөлеу, жақсы сөздерді қолдана алу адамның жақсы қасиетін білдіреді. Адам бойында қандай қасиеттер болады? ( жақсы және жаман )

Ізге ақылдылықты үлкендер үйретеді. Олар біздің ата-аналарымыз, біз оны түсініп ата-баба салт-дәстүрін үйренеміз. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.

«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген екен ғұлама Әл-Фараби. Адамның жоғарғы қасиеті – оның адамгершілігі. Адамгершілік қасиет дегенді қалай түсінесіңдер?


1. Сұрақ-жауап.

- Балалар біз жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіру үшін үлкендердің ақылына құлақ түреміз.

1. Адамға ақыл беретін кімдер? (ата-ана, дос, ұстаз)

2. Адамның ақылы қайда?

Ханнның ақылы тағында,

Әкімнің ақылы жанында,

Ғалымның ақылы басында,

Ананың ақылы жасында,

Жігіттің ақылы жақсылығында,

Ақымақтың ақылы кім көргеннің қалтасында.

3. Дос табу оңай ма?

Өмірде ақылдыға дос тау қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп. Ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ адамның қастығы аяқ астында жатады.

4. Үйдегі алтын қазық кім?

Үйдегі алтынқазық – ана. Ана ақылды болса, ала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәриесі ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың.

5. Өмір сүру үшін не қажет?

Адам өмір сүруі үшін – су, от, тұз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірдің сәнін береді, тұз астың дәмін келтіреді, ақыл – мәнін береді.

6. Достықты нығайтатын не? Достық пен жолдастықты нығайтатын ынтымақ, ірлік, теңдік, бауырмалдық. Сәлемдесуді білген кешіре де біледі, кешіре білген рақмет те айта алады. Жөн сөз көңіліңді көтереді, жөнсіз сөз өміріңді өшіреді.

2. Мақал – мәтелдерді жатқа айту.

- Балалар осы бүгінгі тақырыпқа байланысты кім қандай мақал мәтелдерді біледі? Соны тыңдап көрелік.

Оқушылар кезекпен кезек өздері мақалдарды айтады.

3. Ырымдар мен тыйымдар.

Тыйым сөздер арқылы үлкендер жаман әдет, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған.

1. Үлкеннің жолын кеспе, сөзін бөлме.

2. Көп ішінде қатты сөйлеме, қатты күлме.

3. Дастарқанды, тамақты баспа.

4. Дініңді сатпа, ұлтыңды сатпа, арыңды сатпа.

5. Үйге жүгіріп келме, үйде ысқырма.


Жақсылық жасау - адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге,жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Жақсылық жасау – жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игшілік жасаутарқылы мейірімділік таныту.


Адамда асыл, игі қасиеттермен қатар жағымсыз жаман қасиеттері де болады. Олар қандай қасиеттер? (Ызақорлық, қызғаншақтық, жалқаулық, ұрлық, өтірік айту, ұқыпсыздық, өзімшілдік).

Қорытынды.

Сонымен балалар, әдептілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау кез келген адамның бойында қалыптасатын ерекше бір қасиет. Жеке  басымызды ойлайтын жаман қасиеттерден аулақ болайық! Жақсы қасиеттерді ғана бойымызға дарытайық деп, бүгінге тәрбие сағатын мына өлең шумағы арқылы аяқтағым келіп тұр.

Үлкенге иман керек,

Кішіге иба керек.

Адамдар бірін-бірі

Құрметтеп сыйлау керек.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2024
95
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі