400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Шешен және шешендік сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
Шешендік сөздердің мән-мағынасы мен адам баласына пайдасы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шешен және шешендік сөздер

Қазақ халқы сөзге тоқтаған, әділдік пен ақылдың басын қосқан дана ел. Қылыштан өткір, найзадан тілді шешеннің сөзі елдің тағдырын шешкен, дауды тоқтатқан. Сөздің құдіретін ұққан халық үшін шешендік өнер – жай ғана сөйлеу емес, бұл – ұлттың рухы, жүректің үні, парасат пен тәрбие бастауы. Оның ұлтың тәрбиесі мен құндылықтарына қалдырған өзекті пікірлері жайлы не айта аламыз?

Біріншіден, шешен – қара сөзбен терең ойды жеткізе алатын тұлға. Ол халықтың жанын сөйлетеді, елдің мұңын жеткізеді. Мәселен, Қазыбек бидің атақты сөзі: “Біз қазақ деген мал баққан елміз, Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз…” Бұл – бір жағынан даналық, екінші жағынан ұлт намысын қорғайтын шешен сөз. Қазыбек би бұл сөзді Абылай хан тұсында қалмақ ханына барып, тұтқынға түскен қазақтарды босатып алу үшін айтқан. Бұл жерде оның сөзі арқылы бүкіл қазақ халқының мінезі, намысы, сабыры, мәдениеті көрінді.

Екіншіден, шешендік сөз – ұрпаққа қалған өсиет. Ол – қағазда емес, жүректе сақталар мұра. Төле би, Әйтеке би, Жиренше шешен сынды даналарымыз әрбір дау мен жанжалға дана шешім тапқан. Олардың сөздері бүгінгі күнде де құнын жойған жоқ. Әрбір шешендік арнау – елге айтылған ақыл. Әрбір шешендік толғау – өмірдің мәнін ашқан даналық. Әрбір шешендік дау – әділдікке жол ашқан шындықтың сөзі. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би – қазақтың ұлы үш биі. Олар бір қолымен ел ішіндегі дау-дамайды шешіп, екінші қолымен ел бірлігін сақтаған. Мысалға алсақ, Төле бидің: «Бірлік болмай, тірлік болмас.» Бұл сөз арқылы Төле би ел ішіндегі татулықтың, ауызбірліктің қаншалықты маңызды екенін айтып отыр. Қазақ қоғамындағы барлық жетістік – бірлік арқасында келетінін меңзейді. Қазіргі күнге дейін бұл нақыл сөз өз өзектілігін жоғалтпады.

Үшіншіден, шешендік өнер – ұлттық тәрбиенің тірегі. Шешендеріміз ұрпақты бірлікке, адалдыққа, отансүйгіштікке үндеген. Қарапайым сөзбен үлкен мақсатты ұғындырған. Бүгінгі таңда цифрлы заманда өмір сүріп жатсақ та, шешендік сөздің рухани мәні кеміген жоқ. Керісінше, сөзге мән бермейтін заманда шешендік өнер – тәрбие мен мәдениетті сақтаудың бірден-бір жолы. Тәрбиеге үндеген шешендердің бірі Әйтеке бидің: «Бай болсаң – халқыңа пайдаң тисін, Батыр болсаң – жауға найзаң тисін, Би болсаң – әділ сөйле, елді түзет!» Бұл сөз – қоғамдағы әр адамның өз орнын, өз жауапкершілігін білуі қажет екенін көрсетеді. Міні, қарапайым сөздің өзі қарапайым халыққа үндеу болардай есінде қаларда дана сөз екенін дәлелдейді.

Қорытындылай келе, шешендік өнер – тек өткеннің естелігі емес, қазіргі мен болашақтың шамшырағы. Қазақ үшін сөз – қару, сөз – тәрбие, сөз – елдік. Күймен қайғы мен қуанышты жеткізген халқымыз, сөзбен де талай тауды еңсерген. Бүгінде сол шешендік сөзді ұрпақ бойына сіңіріп, рухани жаңғырудың бір жолы етіп насихаттау – біздің міндетіміз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
29.05.2025
166
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі