Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛ ТӘЖІ
Материал туралы қысқаша түсінік
АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛ ТӘЖІ
Адамзаттың асыл тәжі - Аллаһ Тағаланың сүйікті құлы әрі елшісі Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) екендігі даусыз. Бұл кітапта Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) дүниеге келгенге дейінгі Арабстанның жалпы жағдайы, Пайғамбардың дүниеге келуі, балалық және жастық шағы, пайғамбарлықты қабылдап алуы, алғашқы мұсылмандардың басынан кешкендері және Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) 622-623 жылдар аралығындағы Мәдинаға көшіп барғаннан кейінгі өмір жолы қызықты оқиғалар желісімен жатық тілде баяндалады.
Кітап қалың оқырманға арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
16 Қазан 2021
8437
54 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Дамира Өмірзаққызы Ибрагим
АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛ ТӘЖІ
Мұхаммед (с.а.у) пайғамбардың өмірі.
МЕККЕ - МӘДИНА КЕЗЕҢДЕРІ
2. Басылым
«Алтын қалам»
Алматы 2004
ББК 86.3
И 15
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы
Сараптау комиссиясы мақұлдаған.
Ибрагим Д.Ө. Адамзаттың асыл тәжі.
Мұхаммед пайғамбардың өмірі.
Мекке - Мәдина кезеңдері.
ІSВN 9965-9519-3-4
Адамзаттың асыл тәжі - Аллаһ Тағаланың сүйікті құлы әрі елшісі
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) екендігі даусыз. Бұл кітапта Хазіреті Мұхаммедтің
(с.а.у.) дүниеге келгенге дейінгі Арабстанның жалпы жағдайы,
Пайғамбардың дүниеге келуі, балалық және жастық шағы, пайғамбарлықты
қабылдап алуы, алғашқы мұсылмандардың басынан кешкендері және
Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) 622-623 жылдар аралығындағы Мәдинаға
көшіп барғаннан кейінгі өмір жолы қызықты оқиғалар желісімен жатық тілде
баяндалады.
Кітап қалың оқырманға арналған.
0403000000
И
00(05)-04
ББК 86.3
ІSВN 9965-9519-3-4
© "Алтын қалам" баспасы., 2004
2
МАЗМҰНЫ
АЛҒЫ СӨЗ..............................................................................................................7
КІТАПТЫҢ БІРІНШІ БАСЫЛЫМЫ ЖАЙЫНДА БАСПАСӨЗ
БЕТІНДЕ ЖАРИЯЛАНҒАН ПІКІРЛЕР.........................................................10
ҒИБРАТ-ҒҰМЫР................................................................................................11
МЕККЕ КЕЗЕҢІ
I ТАРАУ
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ
ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕНГЕ ДЕЙІНГІ ТАУАРИХ
Жалпы әлемнің және адамзаттың халі................................................................16
Арабстанның жағдайы..........................................................................................17
Пәк шежіре.............................................................................................................25
Хазіреті Абдуллаһтың үйленуі және өлімі.........................................................32
Піл оқиғасы............................................................................................................34
II ТАРАУ
МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ
Пайғамбарымыздың дүниеге келуі......................................................................38
Пайғамбарымыз дүниеге келген сәттегі қилы-қилы оқиғалар..........................39
Пайғамбарымыздың сүтанасына табысталуы....................................................42
Пайғамбарымыздың туған шаңырағына қайта оралуы.....................................50
Хазіреті Әминаның мәңгілік сапарға аттануы....................................................51
Хазіреті Мұхаммед атасы Әбдімүттәліптің қамқорлығында............................53
Пайғамбарымыз көкесі Әбу Тәліптің қолында...................................................56
Шамға сапар...........................................................................................................59
III ТАРАУ
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ЖАСТЫҚ ШАҒЫ
"Хылфул фудул" қоғамының құрылуы...............................................................64
Пайғамбарымыз екінші рет Шам жолында.........................................................65
Пайғамбарымыздың Хазіреті Хадишамен үйленуі............................................67
Пайғамбарымыздың Зәйд ибн Харисаны азат етуі............................................70
Пайғамбарымыздың Хазіреті Әлиге қамқорлығы..............................................73
Қағбаны жөндеу.....................................................................................................74
IV ТАРАУ
ХАЗІРЕТІ МҰХАММЕДКЕ ПАЙҒАМБАРЛЫҚ МІНДЕТІНІҢ
ЖҮКТЕЛУІ
Ғайыптан естілген дауыстар.................................................................................78
Дүниенің сұлтаны-Хира үңгірінде.......................................................................79
Уахидың біраз уақыт толастауы, кейіннен қайта келе бастауы........................82
3
V ТАРАУ
АЛҒАШҚЫ МҰСЫЛМАНДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БАСЫНАН
КЕШКЕНДЕРІ
Ең бірінші мұсылман- Хазіреті Хадиша..............................................................86
Хазіреті Әлидің мұсылман болуы .......................................................................86
Хазіреті Әбу Бәкірдің мұсылман болуы..............................................................88
Хазіреті Біләл Хабашидың азапталуы.................................................................91
Хазіреті Осман мұсылмандар қатарында............................................................93
Талха ибн Убайдуллаһтың мұсылман болуы......................................................95
Халид ибн Саидтың Исламға кіруі......................................................................96
Саад ибн Әби Уаққас та - мұсылман...................................................................97
Әбу Зәрр Ғифаридің иманға келуі.....................................................................100
Аллаһ жолындағы азап та тәтті .........................................................................102
VI ТАРАУ
ХАЗІРЕТІ МҰХАММЕДТІҢ ПАЙҒАМБАРЛЫҒЫН ПАШ ЕТУІ
Ұлы істің кіріспесі...............................................................................................106
Ағайынның басын қосқан екінші жиын ...........................................................107
Сафа төбесінен айтылған үндеу ........................................................................110
Пайғамбарымызға жасалған зұлымдықтар.......................................................111
Хазіреті Мұхаммед пен мұсылмандар Дарул Әркамда...................................118
Хазіреті Әбу Бәкірге жасалған қиянат..............................................................118
Ясир отбасының басынан кешкендері ..............................................................120
Мүшріктердің Әбу Тәліпке арыздануы.............................................................123
Хабашстанға хижрет...........................................................................................128
Хазіреті Хамза мұсылмандар қатарында..........................................................129
Мүшріктер ұсынысы...........................................................................................132
Хазіреті Омар – қырқыншы мұсылман.............................................................136
Хабашстанға екінші көш.....................................................................................140
Хазіреті Әбу Бәкір мен Үбәй ибн Халаф..........................................................146
Муғжиза: айдың екігежарылуы..........................................................................148
Мұсылмандарға қарсы бойкот ..........................................................................150
Қайғыға толы жыл...............................................................................................153
Пайғамбарымыздың Хазіреті Айшамен некелесуі...........................................158
Пайғамбарымыздың Хазіреті Сәудамен үйленуі.............................................161
Пайғамбарымыздың Тайфқа сапары ................................................................162
Исра және Миғраж муғжизалары......................................................................166
Өзге тайпаларды Исламға шақыру....................................................................168
VII ТАРАУ
ИСЛАМ ШЕҢБЕРІНІҢ КЕҢЕЮІ
Мәдиналық алғашқы мұсылмандар...................................................................171
Бірінші Ақаба келісімі........................................................................................174
Екінші Ақаба келісімі ........................................................................................175
Хижрет бағыты - Мәдина...................................................................................178
4
Омар бастаған мұсылмандардың көші..............................................................180
Дарун-Нәдуаның қорқынышты қаулысы..........................................................181
Пайғамбарымыздың хижреті..............................................................................182
Құба мешіті және алғашқы хұтбалар.................................................................191
Пайғамбарымыз Мәдинада.................................................................................194
Мекке кезеңін түйіндейтін болсақ ....................................................................197
МӘДИНА КЕЗЕҢІ
VIII ТАРАУ
МӘДИНАҒА ОРНЫҒУ
Мәдина - мұсылмандар мекені...........................................................................203
Иман - бауырластық бастауы.............................................................................204
Пайғамбар мешітінің құрылысы........................................................................206
Алғашқы азан.......................................................................................................207
Пайғамбар отбасының Мәдинаға келуі.............................................................209
Суффадағы сахабалар.........................................................................................209
Ислам тарихындағы тұңғыш ата заң.................................................................211
Шайқасуға рұқсат................................................................................................213
IX ТАРАУ
ХИЖРЕТТІҢ ЕКІНШІ ЖЫЛЫ
Бәдір шайқасы......................................................................................................216
Құбыланың өзгеруі..............................................................................................229
Мунафиқтардың пайда болуы............................................................................230
Қайнұқа яһудилерімен айқас .............................................................................235
Осы жылдағы өзге де маңызды оқиғалар..........................................................237
X ТАРАУ
ХИЖРЕТТІҢ ҮШІНШІ ЖЫЛЫ
Жорықпен басталған жыл...................................................................................241
Ухуд соғысы.........................................................................................................242
Өзге де маңызды оқиғалар..................................................................................264
XI ТАРАУ
ХИЖРЕТТІҢ ТӨРТІНШІ ЖЫЛЫ
Рәжи оқиғасы.......................................................................................................266
Мауна маңындағы бәлекет.................................................................................269
Надрлар жұртына жорық....................................................................................271
Кіші Бәдір жорығы..............................................................................................276
Пайғамбарымыздың Хазіреті Үммү Сәламамен үйленуі................................277
Осы жылдың өзге маңызды оқиғалары.............................................................278
XII ТАРАУ
ХИЖРЕТТІҢ БЕСІНШІ ЖЫЛЫ
Мусталықтарға қарсы жорық.............................................................................283
5
Пайғамбарымыздың Хазіреті Жуайриямен үйленуі........................................288
Хазіреті Айшаға жабылған жала........................................................................289
Хәндек шайқасы..................................................................................................295
Құрайза жорығы..................................................................................................309
Осы жылдың басқа да басты оқиғалары...........................................................312
XIII ТАРАУ
ХИЖРЕТТІҢ АЛТЫНШЫ ЖЫЛЫ
Умра сапары.........................................................................................................315
Рыдуан серті.........................................................................................................322
Худайбиядағы бейбіт келісім.............................................................................322
XIV ТАРАУ
ХИЖРЕТТІҢ ЖЕТІНШІ ЖЫЛЫ
Ел билеушілерін Исламға шақыру.....................................................................333
Хайбардың алынуы.............................................................................................342
Умраның қазасын өтеу........................................................................................351
XV ТАРАУ
ХИЖРЕТТІҢ СЕГІЗІНШІ ЖЫЛЫ
Қара жамылып келген жыл.................................................................................356
Мәшһүр мүшріктердің мұсылман болғаны туралы.........................................356
Мута шайқасы......................................................................................................358
Меккенің алынуы................................................................................................364
Хунайн шайқасы..................................................................................................375
XVI ТАРАУ
ХИЖРЕТТІҢ ТОҒЫЗЫНШЫ ЖЫЛЫ
Тай пұтханасын қирату.......................................................................................385
Нәжашидің өлімі..................................................................................................386
Тәбүк - соңғы жорық...........................................................................................386
Қажылықтың парыз болуы.................................................................................393
XVII ТАРАУ
ХИЖРЕТТІҢ ОНЫНШЫ, ОН БІРІНШІ ЖЫЛДАРЫ
Алғашқы және соңғы қажылық..........................................................................396
Пайғамбарымыздың сырқаттануы және дүниеден өтуі...................................400
Хазіреті Әбу Бәкірдің халифалыққа сайлануы.................................................406
Пайғамбарымыз үшін қолданылған сипаттар мен атаулар.............................410
Кейбір атаулардың түсіндірмесі........................................................................411
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................415
6
Адамзаттың ардақтысы
Біз, бәріміз де Құдайдың құлы, Мұхаммедтің (с.а.у.) үмметі
болғанымыз үшін ерекше шүкіршілік етсек керек?! Біздің пайғамбарымыз
Аллаһтың соңғы елшісі - ең сүйікті құлы, бүкіл әлемге түсірілген Құран
кітаптың иесі, олай болса, Мұхаммед те (с.а.у.) - күллі ғаламның пайғамбары
екендігі даусыз.
Аллаһтың құдіретімен айрықша жаратылған жанның туғаннан өмірден
өткенге дейінгі өмірбаянын әрбір мұсылман көкірегіне түйіп, көзінің
қарашығындай сақтап білсе, нұр үстіне нұр болары хақ. Өйткені мүбарак
пайғамбарымыз адам баласына аса қажетті екі дүниенің пайдасы мен зиянын
жібекке тізген меруерттей етіп мөлдіретіп толғап айтқан. Мұхаммедтің
(с.а.у.) (хадис) - киелі сөздерінің әр лебінен шипа, пенденің ауыр жолына
тура бағыт-бағдар сайрап тұр. Осы саладағы олқылығымызды
толтырарлықтай дер кезінде екі том кітап жазған (Мұхаммедтің (с.а.у.)
өмірбаяны) Дамира Өмірзаққызы Ибрагимге ризамыз.
Бірінші кітап «Мекке кезеңі» деп аталып, керемет жанның қалай өмірге
келгені, ата-анасы, туған-туысы кім еді, сол кездегі араб халқының ішкісыртқы жағдайы қалай еді, мұның бәрі аталған еңбекте тұтас қамтылған.
Ұлы жанның әкесі - Абдуллаһ тумай тұрып қайтыс болса, анасы Әмина алты жасында көз жұмады, содан атасы - Әбдімүттәліптің тәрбиесінде
өскен. Мұхаммедтің (с.а.у.) ата-бабасында қасиетті жандар көп болған, олар
сонау Ибраһим (а.с), Ысмайыл (а.с.) секілді ірі тұлғаларды, одан бері Құсай
мен Әбдімүттәліпті де атар едік.
Мұхаммедке (с.а.у.) қырық жасында пайғамбарлық қонды, «Құран
Кәрім» түсті. Бұл ғажайып жағдайлар Дамираның бірінші кітабында табиғи,
әдемі суреттелген. Аллаһтың шын сүйген құлына аян келе бастағаннан оның
қасында болған – жан жары Хадиша еді, ол пайғамбарымызға шын жанымен
дем беруші, жәрдемші, жанашыр бола білді.
Ал, екінші кітап «Мәдина кезеңі» деп аталады, пайғамбарымыздың осы
аталған қалаға орналасуы, Мешіт салуы, Алғашқы азан, Умра сапары, Мута
шайқасы, Меккенің алынуы, т.б. көптеген келелі мәселелер қарастырылған.
Осының бәрінде Мұхаммедтің (с.а.у.) терең ақылдылығы, ұстамдылығы,
кішіпейілділігі, парасаттылығы жан-жақты көрінеді, әр қырынан шебер
әңгімеленеді.
Дамираның аталған еңбегі үш мың данамен жарық көрген еді, кітап
қалай шықты, солай тарап кетті, бұл - жұмыстың құндылығын көрсетеді.
Енді көпшіліктің ұсынысы бойынша, кітап қайтадан шығып отыр. Алдыңғы
басылымдағы артық-кем кеткен жерлері түзетіліп, толықтырылып екінші рет
баспа жүзін көруде. Бұған біз шын жүрегімізбен қуанамыз, бұл біздің елдің
талғамының өсіп, ой-өрісінің жетілгендігін көрсетеді.
Бір ескерер мәселе, пайғамбарымыздың «Мұхаммед» деген атының өзі
жан баласы қызығарлық «мақтаулы» деген мағынаны береді. Бұл жөнінде біз
сөз етіп отырған кітапта былай делініпті: «Дүниенің сұлтаны 7
пайғамбарымыз туылған сәтте атасы Әбдімүттәліп Қағбаның жанында
Құрайыштың ақсақалдарымен бірге әңгіме-дүкен құрып отырған. Сүйінші
хабар оған жетті... Торсық шеке немересін құшағына ала салып емірене
аймалады... Ұлы Әбу Тәліпке ұстатып тұрып: «Осы баланы саған аманат
еттім, мәртебесі биік, ерекше құрметке бөленетін жан болады»,- деді.
Шаранаға ат қою құрметі атасына берілді, атасы ойланбастан:
«Мұхаммед болсын»- деді. Арабтарда жаңа туған сәбиге ата-бабаларының
атын қою рәсімі ежелден бар, көпшіліктің «Неге аталарымыздың бірінің
атын қоймадың?»- деген сауалына атасы: «Ұлымның өмірінің ғибратты да
баянды болып, Аллаһ тарапынан да, адамдар тарапынан да мақтауға лайық
болғанын қалаймын»,- деп жауап берді...»
Осы кішкентай ғана үзіндінің өзінен пайғамбарымыздың туа салып
жұрттың назарына іліккенін көреміз.
Мұхаммедтің (с.а.у.) бүкіл тірлігі адам баласына үлгі-өнеге, ғылымға
толы. Бұл Аллаһтың нұры жауған киелі жанның істеген әрбір ісі, сөйлеген
әрбір сөзінде (хадис) мүлтік жоқ таза, айрықша шындығымен ерекшеленеді.
Дамираның осы біз сөз етіп отырған екі том дүниесі мүбарак жанның адам
қызығарлық сыртқы сұлу бейнесін, ішкі жан тазалығын барынша қазқалпында қазақтың айшықты тілімен жеткізуге тырысқаны көрініп тұр. Бұл
еңбекті оқи отырып, пайғамбарымыздың биік пайым-парасатына,
алғырлығына, ақылының түпсіз тереңдігіне, досына адалдығына, әсіресе,
сабырлылығына дән риза боласыз. Мысалы, Бәдір соғысында қасында азғана
сахаба, қару-сайманы да мардымсыз, көлік те жоқтың қасы. Жасанған,
мұздай қаруланған, өзінен бірнеше есе көп жауға қарсы тұру қандай қиын.
Бұл жағдайды оқып отырып, біз күйіп-пісіп жанымызды қоярға жер
таппадық, ал Мұхаммед (с.а.у.) болса, өзін салмақты да сабырлы ұстайды,
өзім білем, «айттым бітті, кестім үзілді» деп тұрған жоқ, қайта
жолдастарымен ақылдасып, қиын істің түйінін оңай шеше білді. Алланың
арқасында алынбайтын қамалды алды, жеңілмейтін жауды жеңді. Жұрт айтса
сенбейтін даңқты жеңіске ие болды.
Біз әлімсақтан бері мұсылман халықпыз, Құдайдың құлы, Мұхаммедтің
(с.а.у.) үмбетіміз, ол - анық дүние. Ата-бабамыз ислам дінін құрметтеп,
баласын сүндеттеп, ақ некесін ардақтап өткен. Осы орайда Бұқар жырауға
құлақ ассақ, ол:
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз,
Ер шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз,
Үшкілсіз көйлек кимеске.
Төртінші тілек тілеңіз,
Төрде төсек тартып жатпасқа.
Бесінші тілек тілеңіз,
Бес уақытта бес намаз,
8
Біреуі қаза болмасқа!
Кешегі өткен көзі қарақты жанның бәрі де Алланы - бір, пайғамбарды хақ деп білген. Бұлар тілімен ғана емес, ділімен де нағыз Хаққа берілген
шынайы мұсылмандар еді. Біз бұл аталарымыздың өлең-жырларынан да,
үлгілі мінез-құлқынан да үйренуге тиіспіз.
Біздің ауыз әдебиетіміз де Алланың бірлігін жырлайды, осыған қарап
халқымыздың шынайы мұсылман болғандығына көңіліміз орнығып, көзіміз
жеткендей болады.
Дамира Пайғамбарымыздың муғжизаларының («Құран Кәрім»,
«Миғраж», «Құбыланың өзгеруі») кереметтігін де түсінікті тілмен әдемі
баяндаған. Ол жан-жақты ізденген, көп оқыған, пайғамбарымыздың
«Бесіктен бейітке дейін ғылым үйрен» деген өсиетін ұстанған, ары да, жаны
да таза жан екен. «Адамзаттың асыл тәжі» еңбегінің ендігі жерде ел-жұрты
оқып қызығын көрсін, Аллаһ еңбегін жандырсын, алдағы жақсы істеріне де
сәттілік тілеймін.
Сәрсенбі Дәуітұлы
Филология ғылымының докторы,
Д.А.Қонаев атындағы университеттің
профессоры, Жазушылар одағының мүшесі.
9
Кітаптың бірінші басылымы жайында баспасөз бетінде жарияланған
пікірлер
«Адамзаттың асыл тәжі» кітабында пайғамбардың өмірі өте жатық,
келісті тілмен баяндалғанын ерекше атап өткім келеді. Мұхаммед (с.ғ.с.)
пайғамбардың өміріне қатысты, ислам жолындағы табанды күрестеріне
байланысты тарихи деректерді мол келтіруімен кітап аса бағалы еңбек болып
отыр. Туындыгер Құран Кәрімге қатысты көл-көсір еңбектерді ақыл-ой
сүзгісінен өткізген. Әсіресе түркі тіліндегі шығармаларды ыждаһатпен
оқығанын көреміз. Осы қос томдық еңбекте Мұхаммед пайғамбардың
кемеңгер тұлғасы, адамгершілік болмысы, асыл қасиеттері, тұрмыс-тіршілік
жолындағы істері, қимылдары жан-жақты суреттелген.
Өз басым кітапты оқығанда Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды көз
алдымда жүргендей сезімге ие болдым. Мұхаммед пайғамбардың қою қара
шашы, күмістей ақ маңдайы, нұр көзі, мүбәрак денесінің хош исі - бәрі-бәрі
жадымда, жүрегімде. Тіпті Мұхаммед пайғамбардың ең соңғы «Ұлы Досқа»
қауышамын деген асыл лебізін қазір естіп тұрғандаймын. Оқымысты
қарындасымыз Дамира Алланың арыстанын мейлінше терең қабылдаған
болуы керек, оқырманның жүрегін толғатып тебірентеді.
Еңбектің танымдық, тарихылық және руханилық мәні өзгеше.
Серік Негимов,
Филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы
Әлемдегі 100 ұлы адамды іріктегенде, ең бірінші орынды Мұхаммед
(с.ғ.с.) пайғамбарымыз иеленіпті. Адамдардың пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с.)
жайында қалам тербеген автордың бұл еңбегі үлкен ерлік. Ақиқаттың ақ
жолымен жүрген пайғамбардың өмірін оқып отырып, оқырман мына өмірдің
жалғандығын, не үшін өмір сүру керектігін түсінеді. Кітапта әділеттіліктің,
адамгершілік қасиеттердің шынайы жазылғаны соншалық, бойыңда тек
жақсы қасиеттердің, мінез-құлықтың қалыптасуына мән бере бастайсың.
Әсіресе жүрегі Алла деп соққан жанға бұл кітаптың берері көп.
«Адамзаттың асыл тәжі» адамдарды пайғамбардай көркем мінезді,
жаны нәзік, сабырлы, мейірімді, жомарт, әділетті, шыншыл болуға
тәрбиелейді.
Берікбай Сағындықұлы,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, филология ғылымдарының
докторы
Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайында қазақ тілінде түсінікті етіп жазылған
кітап бірен-саран ғана болатын. Сол кеңістікті Дамира екі томдық кітабымен
толтырды. Мен айтар едім, кітап кез келген оқырманды бей-жай
қалдырмайды. Себебі қарапайым, түсінікті тілмен жазылған кітапта қызықты
фактілер келтірілген. Бұл кітап сонысымен құнды.
Асылан Жақсылықов,
Филология ғылымдарының докторы, профессор
10
Ғибрат - ғұмыр
Адамзаттық асыл тәжі - екі дүние пайғамбары, Аллаһ Тағаланың
сүйікті елшісі Хазіреті Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уа сәллам) екендігі
даусыз.
Ол өзіне дейінгі бүкіл пайғамбарлардың жоғары қасиеттері мен ұлы
жолын жалғастырушы, толықтырушы әрі тәмамдаушы ретінде келді.
Ол келмес бұрын дүниенің халі мүшкіл, адамзат өмірі түнекте
болатын.
Оның нұры күллі ғаламға сәуле боп төгілді. Хазіреті Мұхаммедтің
келуімен көңілдерді перделеген қараңғылық серпіліп, саналарды тұмшалаған
тұман сейілді. Иман кәусарына қаныққандар жаратылыстың мәнін ұға
бастады.
Небары жиырма үш жыл ішінде Ол екі дүниеде өшпейтін, өлмейтін
киелі мұра қалдырды. Арадан он төрт ғасыр өтсе де, Оның мирасын жүрек
түкпірінде сақтаған түрі мен тілі басқа бір жарым миллиардтан астам
үмметінің қатары күннен күнге көбейе түсуі - осының айғағы. Оның үмметі
күн сайын есімін атап, Оған салауат айтып қана қоймай, өмір жолын,
мінез-құлқын өнеге етіп келеді.
Әрбір адам өз бойынан табылуын қалайтын сабыр, ұстамдылық,
қанағат, дархандық, кішіпейілділік, батылдық сияқты көркем мінезқұлықтар бар. Бұл — адамды нағыз адам ететін асыл қасиеттер. Ардақты
қасиеттердің, әсем мінез-құлықтың барлығы бойынан табылатын өнегелі
тұлға - екі дүние пайғамбары Мұхаммед (с.а.у.) екендігіне шүбә
келтірмейтініміз ақиқат. Оның жоғары керемет көркем мінез-құлық иесі
екендігі Аллаһ Тағаланың қасиетті кітабы Құранда былайша сипатталады.
"Сен үшін түгесілмейтін қазына бар. (Өйткені) Сен керемет көркем
мінез-құлыққа иесің." (Қалам сүресі,4-аят)
Құранда "Аллаһ Расулының бойында сендерге үлгі боларлық
керемет қасиеттер бар" (Ахзаб сүресі, 4-аят) деу арқылы барша
мұсылмандарды Одан өнеге алуға үндейді. Иә, шындығында да, оның
парасат-пайымы, өмір жолы, сөзі мен әрбір әрекеті - біз, мұсылмандар үшін
таптырмас үлгі.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) өзі де "Мен тек жоғары көркем
мінез-құлықтың үлгісін көрсету үшін жіберілдім" деп, бұл дүниеге келу
мақсатын нақтылай түседі.
Оның мінез-құлқын Аллаһ Тағала мадақтаған. Өзіне дейінгі діндерді
тәмамдап толықтырушы исламның негіздері жазылған Құранды түсірген
кезде, ондағы айтылғандарды іс жүзінде адамзатқа паш ету үшін Аллаһ
Мұхаммед пайғамбарды таңдаған. Құранда баяндалған ғажайыптардың
бәрін пайғамбарымыздың өмірі дәлелдей түседі. Пайғамбардың айнымас
серіктері, сахабалар Хазіреті Айша анамыздан Мұхаммедтің (с.а.у.) мінезі
жайлы айтып беруін өтінгенде ол: "Сендер Құранды оқыған ба едіңдер?
Оның мінез-құлқының өлшемі - Құран ғой ",- деп жауап берген екен.
11
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) өмірі барша әлеуметтік және
қоғамдық топтың өкілдері үшін өнегеге толы. Айталық, әрбір дәулетті
адам хижретінен бірнеше жылдан кейін бүкіл Арабстанға әкім болып,
молшылыққа кенелген, алайда, бар дүниесін кедей-кепшікке үлестіріп берген
пайғамбарымызды өнеге тұтуы керек.
Жанашыр ешкімі жоқ, халі мүшкіл, бауыр-туысы тастап кеткен
жарымжан кісілер, Меккеде адам айтқысыз азаптарға душар болып, өз
ағайындарынан жәбір көрген пайғамбарымызды есіне алып, қиыншылыққа
мойымауы тиіс.
Тәрбиеші, ұстаздар мешітінің ауыз бөлмесінде бүкіл жауапкершілігін
өз мойнына алған шәкірттеріне дәріс беріп, тәрбиелеген шапағатты
пайғамбарымызды әрдайым жолбастаушы деп білгені дұрыс.
Ал, әрбір шәкірт Аллаһтан түскен Құранды Жебірейіл періштенің
құзырында отырып оқып-үйреніп, іске асырған Аллаһ Расулынан өнеге алуы
керек.
Әрбір жеңімпаз әскербасы, саны аз әскерімен ұлы жеңістерге қол
жеткізген, Меккені алған тұста кішіпейілдігінен басын барынша иген
пайғамбарды үлгі етуі қажет.
Әрбір саудагер жұбайы Хазіреті Хадишаның саудасына көмектесіп,
сауда-саттықта қара қылды қақ жарған әділ пайғамбарымыздан сабақ
алғаны дұрыс.
Жетімдіктің зардабын тартқан әрбір адам ана құрсағында әкесінен,
алты жасында аяулы анасынан айырылып тұл жетім қалған
Расулаллаһтың өмірін өнеге түтуы керек.
Әрбір жасөспірім намыс пен әдептің үлгісі, шыншыл да турашыл
Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) өмір жолын үлгі деп білсін.
Халыққа уағыз айтып, адалдыққа насихаттайтын әрбір адам
мешітте сахабаларына шешен де көркем тілімен ақиқатты ұғындырған,
тура жолға бағыт сілтеген, дүйім жұртты ұйытқан Аллаһтың сүйікті
құлы-Мұхаммедтен (с.а.у.) өнеге алғаны дұрыс.
Біз, бақытты ұрпақ екі дүние пайғамбары Мұхаммедтің (с.а.у.)
үмметі болуды нәсіп еткен Аллаһқа мың да бір шүкірімізді айтып,
пайғамбар жолынан адаспауды, оның шапағатына бөленуді тілейміз.
Өйткені адамзат Оны тануға мәжбүр.
Оны танып - білмей, өмірлік принциптерінен үлгі алмаған жағдайда
рухтар семіп, өмірден тұңілу пайда болады.
Айналамыздағы қаптаған проблемалардан арылудың, тынығудың
бірден бір жолы -рухқа иман нәрін егу.
Осынау ұлы тұлғаның өмірі жайлы қалам тарту - бақытты міндет.
Қазақ деген ғажап халықтың руханиятын асқақтатуға, ұзақ жылдар бойы
ұмыттырылмақ болған ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға
тамшыдай да болса үлес қосу-қасиетті борыш.
Бұған дейін де Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбар өмірі жайлы қазақ және
орыс тілдерінде көптеген еңбектер жарық көргені оқырманға мәлім. Атап
айтар болсам, Шәді Жәңгірұлының «Сияр шәріп», Мәшһүр Жүсіп
12
Көпейұлының «Хаятбақшы» дастандарында жыр сүйер қазаққа назым
тілімен пайғамбар (с.а.с.) өмірі баяндалса, кеңестік дәуірде жарық көрген
шешелі-балалы В.Панова мен В.Вахтиннің «Жизнь Мухаммеда», Ирвингтің
«Мұхаммед пайғамбар», Мәскеудің «Сантлада» баспасынан шыққан
«Житие пророка Мухаммеда», Осман Кескіоғлының «Соңғы пайғамбар
хазірет Мұхаммедтің өмірбаяны» (Аударған: Сәуле Дағайқызы) және осы
жылы ғана оқырман қолына тиген А.Құнтөлеуұлының «Мұхаммед
пайғамбар: өмірі және ислам діні» атты дүниелер менің көлемді еңбегімнің
ізашары болғанын жоққа шығармаймын.
Шығыс тіліндегі әдебиеттермен қоса осы еңбектерді оқып, зерделеп,
тарихи деректерді нақты ала отырып, пайғамбар өмірінің қыр-сырына
қатысты оқиғаларды қазақтың айшықты тілімен көпшілікке түсінікті
қазақы сөз орамдарын пайдаланып, қал-қадерімше жазып шықтым.
Қолжазбаны ең алғаш оқып шығып, «Жұлдыз» журналында екі жыл
бойы үзбей жариялануына мұрындық болған жазушы-ғалым Мұхтар
Мағауинге, кітаптың алғысөзін жазып, әрдайым ағалық ақылын аямаған
Д.Қонаев атындағы гуманитарлық университеттің профессоры, ғалым
Сәрсенбі Дәуітұлына, қолжазбадағы аяттар мен хадистерді, тарихи
мәліметтерді ғылыми сараптамадан өткізіп, мақұлдаған бас мүфти
Әбсаттар Дербісәлі басқаратын Қазақстан Мұсылмандары Діни
Басқармасына шексіз алғыс айтамын.
Имандылық бастауы - дін десек, мәдениет - діннің бір тармағы. Дін
мен ділді нығайту мақсатымен дайындалып, оқырман қолына тиіп отырған
кітаптың рухани кем-кетікті толтыруға пайдасы тиіп жатса, еңбектің
ақталғаны.
Осы туындының жарыққа шығуына септігі тиген баршаға
алғысымды білдіріп:
"Уа, құдіреті күшті Жаратқан Аллаһ!
Жер жүзіне тыныштық, адамзат баласына иман байлығын нәсіп ет.
Елімізді шарапатыңмен есірке. Екі дүниеде халқымыздың жүзін жарқын
етіп, Хазіреті Мұхаммедті (с.а.у.) шапағатшы қыл. Әмин!"- деп аяқтағым
келеді.
Дамира Өмірзаққызы Ибрагим
Алматы
13
МЕККЕ КЕЗЕҢІ
14
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ
ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕНГЕ
ДЕЙІНГІ ТАУАРИХ
І ТАРАУ
15
ЖАЛПЫ ӘЛЕМНІҢ ЖӘНЕ АДАМЗАТТЫҢ ХАЛІ
Біздің эрамыздың алтыншы ғасыры аяқталуға жақын.
Бұл ғасыр - адамзат әлемінің күпір мен азғындық атаулыға құшақ
жайған заманы. Күштінің әлсізді қанауы, дәулеттінің жарлы-жақыбайға әңгір
таяқ ойнатуы осы шақтың үлесіне тиген.
Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) пайғамбарлық түскенге дейінгі жалпы жер
жүзінің және адамзаттың руханиятының деңгейін білуде пайда бар. Сонда
ғана Расулуллаһтың адамзат баласын қалайша рухани, пікір түнегінен, саяси
шытырмандардан және қоғамның қою қараңғылығынан, азғындықтан аз
уақыт ішінде алып шыққанын бағамдай аламыз.
Ол тұстағы ең мықты мемлекеттер мыналар: Византия, Иран, Мысыр,
Үндістан, Александрия, Месопотамия, Қытай, т.б.
Бұл елдердің қай-қайсысында да:
А) Дұрыс наным-сенім жүйесі жоқ болатын.
Белгілі бір таухит сенімнің болмауы адамзат руханиятын шөктіргені
сондай, азғындықтың небір түрі етек алып, адамдардың адам атауынан басқа
қасиеттері жойылып біткен-ді.
Барша болмыстың Жаратушысын бар екенін біле тұра, адамдар табиғат
құбылыстарына табынып, Аллаһтың әміріндегі жер мен көкке, жұлдыздарға,
Ай мен Күнге сыйынып, рухтан ада тақтай мен тастардан жасалған пұттарға
сәжде қылатын.
Адамзат баласының ар-ұжданы, рухы Аллаһқа иманнан мақұрым
қалғандықтан "Бар жаратылыс иләһи құдіреттің нәтижесі" деуді білмей әбден
адасқан, ақылды орынды қолданбау салдарынан көз байланып, көңілдер
тұмшаланған.
Иман, рух байлығы деген қазыналардан ауылы алыс қалған бұл
байғұстар бір сөздің, бір кітаптың жазушысы, ойлап шығарушысы
болатынын, кішкентай иненің де ұстасыз жасалмайтынын біле тұрып,
мыңдаған сырға толы, керемет жіңішке есеппен жаратылған мына дүниенің
Жаратушысы бар дегенге сенбейтіндей дәрежеде парықсыз еді...
Осындай мүшкіл халдегі дүние, тәухид сеніміне, Аллаһтың барлығы
мен бірлігін паш етіп, соған илануға үндеушіге аса мұқтаж болатын.
Күпірлік пен азғындықтан арылудың жолын көрсетіп, бағытын
сілтейтін жолбастаушыға деген қажеттілік, күллі әлемнің пайғамбарға
зәрулігі күн өткен сайын сезіле түскен.
Ә) Барлық жерде адамдар таптар мен топтарға бөлінді
Иләһи өлшемдерден мақұрым адамзат бай - кедей, күшті-әлсіз,
қожайын-құл, ақсүйектер мен қаралар болып көптеген топтарға бөлінді. Бай
мен кедейдің, билеуші мен бағыныштының арасындағы айырмашылық жер
мен көктей еді. Билік басындағылар мен қарапайым халық арасындағы
алауыздық шегіне жеткен. Үстем топтағылар қарапайымдарды жансыз заттан
төмен көретін.
16
Б) Бұл елдердің қай-қайсысында да құлдыққа алып-сату қағидалары
бар еді.
Адам - құрметті, қадірлі тіршілік иесі. Мұның астарына үңілу тек
ақиқат иман арқылы жүзеге асады.
Имандылықтан ада, көңілдерін кір шалған сол кезеңнің адамдары
адамзаттың жер бетіндегі ең тұғырлы тұлға екенін аңдамақ былай тұрсын,
оны алып-сататын мүлікке есептеп, жабайы күйге ене бастаған.
Құлдың айуаннан төмен саналатыны да аз емес. Қожайын құл мен
күңіне ойына келгенін жасауға құқылы болған.
Осынша азғындықтан алып шығар тұлғаға адамзат әлемі зәру еді. Бұл
қажеттілік күн сайын біліне түсті.
В) Діндер, мәзхабтар арасындағы алауыздық
Христиан дінін ұстанатын елдерде христиандықтың Иса пайғамбар
арқылы келген түпнұсқасы, яғни бір жаратушыға сенім жойылып, үштік
(үшқұдайшылық - тәслис сенімі) жайлай бастағанды.
Аллаһтың бірлігіне сенім.
Дін басылары Хазіреті Исаның дініне ойдан небір толықтырулар
енгізіп жан-жаққа тартып бақты.
Әсіресе, Шығыс Рим империясында дін атын жамылып, зұлымдық пен
азапты арттырғандар көбейе түсті.
Иранда сол кездегі үстем дін — маздеизмнен бас тартқандар не діни
ғұрыпқа мойынсұнбағандар аяусыз жазаланатын. Көз ою, асу, таспен
шөкелеу, ас-сусыз аштан өлтіру дағдыға айналған.
Г) Ол дәуірде адамгершілікті ауызға алудың өзі - ерсі
Имандылық жоқ жерде адамгершілік туралы сөз қозғаудың өзі ерсі. Арнамыс аяққа тапталып, нәпсіқұмарлық адамдардың басты машығына
айналған. Ұрлық, жезөкшелік, адам өлтіру жайлаған қоғамда адамзат атты
ұлы есім жойылғандай. Мысалы, Византия императорының өз қарындасымен
үйленуі - азғындық емей не?!
Иә, адамзат - жетім, дүние - мұңлы. Жер жүзі азалы алып алаң іспетті.
Адамдар бір-біріне дұшпан, мәнсіз тірліктен жеріп жансыз мақұлық кейпіне
енген.
Жолбастаушысы жоқ тұлдыр қоғам ащы өксікке булыққан. Барша
әлемді шірктің, надандық пен күпірдің қара қошқыл бұлты басқан. Дүние
осы бұлтты ысырып, сәулеге кенелтетін Нұрлы тұлғаға зәру. Сол бақыт нұры
түскенде ғана адамзаттың назырқанған көңілі шалқып, кемерінен тасары,
жылаңқылықтың орнын жайдарылық басары сөзсіз еді.
Адамзат та жаратылысының, жалған дүниедегі жолаушылығының
мәнін ұғып, Аллаһты танып, иман келтіріп, ғибадат етудің қажеттілігін
түсініп, баянды бақытқа қол жеткізіп, тірліктің тұтқасын ұстар еді.
АРАБСТАННЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Дүние жүзі картасынан саяси, географиялық және сауда-саттық
жөнінен маңызды орын алған Арабстанның да өзге елдерден айырмашылығы
17
қалмаған еді. Мұнда да тіл мен әдебиеттен басқа салалардың бәрінде кері
кетушілік, жамандық үстемдік жүргізе бастаған.
Діни ахуал
Наным-сенім мәселесінде анархия белең алып, адамның ақылына
сыймайтын небір сенімдер пайда болған.
Халықтың бір бөлігі ештеңеге сенбейтін, тек осы өмірдің қызығын
тамашалап қалуды көксейтін. "Өмір адамға бір-ақ рет беріледі, екінші рет
тірілу мүмкін емес. Ақыры өлеміз, сондықтан мына дүниеде тояттап қалуға
тиіспіз" дейтін олар ойларына келгенін істейтін.
Ардақты Пайғамбарымызға Аллаһтан уахи түсе бастағанда осындай
адамдар жайында Құран Кәрімде мынадай аяттар жолданады:
"Ей, Расулым!
Оларға былай деп айт: Аллаһ сендерге өмір сыйлады. Кейін Ол
сендерді өлтіреді, сосын шүбәсіз болатын қиямет күнінде бәріңді
жинайды. Бірақ адамдардың көбісі бұл ақиқаттан мүлде бейхабар"
(Жасия сүресі, 26-аят).
Сондай-ақ, арабтардың кейбіреуі Аллаһқа, бір Жаратушының
барлығына сенетін, бірақ адамдар арасынан пайғамбар шығатынына
иланбайтын.
Пайғамбардың адамдар арасынан шыққанына сенбей, бұл ақиқатты
ақылдарына сыйғыза алмай, пайғамбар періштелерден ғана шығуы мүмкін
деген бұл топтағылардың қисынсыз пікірлеріне Құранның төмендегі аяты
жауап береді:
"Ей, Расулым!
Егер жер жүзін (адамдар емес,) періштелер мекендейтін болса, біз
сонда ғана олар үшін (жер бетіне) пайғамбарды періштелерден таңдаған
болар едік" - де (Исра сүресі, 95- аят).
Арабтардың арасында Аллаһқа сенгенмен ақырет күнінің болатынына,
өлгеннен кейін тірілуге, жәннат пен жәһаннамның бар екеніне сенбейтін бір
топ бар еді. Құран Кәрімнің оларға жауабы мынадай:
"Олар (кәпірлер) өздерінің (бір тамшы судан) қалай
жаратылғанын ұмытып, бізге "Шіріген сүйектерді кім тірілте алады?"
деп мысал келтірмек болды. (Ей, Расулым!) Оларға былай де: "Оны әу
баста кім жаратқан болса, қайтадан сол тірілтеді. Бар нәрсенің
жаратылысын жалғыз Сол ғана (Жаратушы) біледі" (Ясин сүресі, 78-79
аят).
Енді біреулері пұтқа табынатын. Халықтың ең көп бөлігін құрайтындар
да осылар. Тастан, тақтайдан, кейде кәдімгі халуадан өз қолдарымен жасаған
пұттарына табынып, онысымен де қоймай былай дейтін:
"Бізді Аллаһқа жақындата түссін деп осыларға табынамыз" (Зумәр
сүресі, 3-аят).
Иә, арабтардың көпшілігі қолдарында бар материалдарынан пұт жасап
алып, жансыз заттардан медет тілейтіндей бейшаралыққа дейін барды. Жер
18
бетіндегі тәухидтің тұңғыш тұрағы - Бәйтуллаһты (Қағбаны) осы
нанымдарының көрінісі ретінде сансыз пұттармен толтырған-ды.
Исламның кәусарымен сусындап, мұсылман болу бақыты бұйырғаннан
соң күллі әлемге қара қылды қақ жарған әділдігімен әйгілі болған Хазіреті
Омар жәһилия (Аллаһ тарапынан соңғы Пайғамбар жіберілгенге дейінгі надандық жайлаған дәуір)
кезеңінде пұттарға табыну турасында басынан өткен оқиғаларды былайша
баяндайды:
"Жәһилия кезеңіндегі екі ісіміз есіме түссе, біреуіне - қайғырып
жылаймын, екіншісіне - күлемін. Жылайтыным - сол кезде ақымақтығымыз
сондай, әйелдеріміз қыз туса тыжырынып, қыз баладан құтылғанша асығып,
бейкүнә, мейірімге мұқтаж шараналарды тірідей көметіндігіміз. Осы
қылығымыз есіме түссе, жүрегім қан жылайды.
Күлетінім - пұтқа табынатын едік. Әрқайсысымыздың үйіміздің
төрінде қолдан жасаған пұттарымыз тұратын. Соларға табынып,
құрметтейтінбіз. Сапарға шыға қалсақ, пұттарымыздың бейнесін ұннан
немесе халуадан жасап, өзімізбен бірге алып шығатынбыз. Жол ұзап,
қарнымыз ашса, табынып, алдында құрдай жорғалаған жансыз халуапұттардан кесіп алып жейтінбіз. Осыдан асқан күлкілі оқиға бар ма енді?".
Осынша жағдайларға қарамастан, Арабстанда бір кездері Хазіреті
Ибраһим (а.с.) үндеген тәухид дініне - Аллаһт

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!