Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдеби кеш Мүқағали Мақатаев "Соғады жүрек"

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Мақатаев өмірі мен шығармашылығына арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Соғады жүрек

Мақсаты: ғасырлар тоғысында «ғасыр ақыны»атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру .

Оқушының сөз мәдениетін дұрыс меңгеріп, жырларды мәнерлеп оқуға баулып, рухани танымын кеңейту. Туған халқының талантын ақынына, әдебиетіне,туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Жоспары:

1 «Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім» (өмірдерек)

2 « Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» (ақынның әр тараптағы өлеңдері.)

1 «Аққулар ұйықтағанда» (поэмадан үзінді)

2 Күнделік сыр шерткенде ( ақын күнделігіне шолу)

3 Қорытынды: «Есіңе мені алғайсың» «қарасаз», «Майгүлге», «Сәби бақыты»

Көрнекілікетері: ақын портреті, ақын өлеңдерінен үзінділер, ақын туралы ақын-жазушылар естеліктері буклет. «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» кітап көрмесі.

Барысы


1-Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ұзтаздар қауымы мен оқушылар! Бүгін сіздер мен біздер қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жарқырап өткен ақиық ақын М. Мақатаев жайлы оның өрелі өлеңдері жайлы ой өрбітпек мақсатта бас қосып отырмыз.


2-Жүргізуші: Бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақтың ұлы ақыны М. Мақатаев бізге ұлан ғайыр мұра қалдырып кетті.


1-Жүргізуші: Бүгінгі кеште сіздермен бірге өмірге іңкәр өмірді жалындай сүйіп жырлап өткен сыршыл да сезімтал ақын жайлы сыр шертіп, ақын әлеміне өлең атты құдіретті мұхитқа сапар шексек, оның өлеңдеріне өрлеген сұлу сазға тербелсек деп отырмыз

Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім

Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім-деп ақынның өзі де, өшпей ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.


2-Жүргізуші: Аламан бәйгеде озып шауып, өлең жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз енді бір сәт оның өмірінен деректерге жүгінсек. Ақын өмірбаяны. Оқушы баяндамасы тыңдалды.

(Сағындыққызы Ақниет)

1-Жүргізуші: Осы орайда ақынның «Менің анкетам» атты өлеңі айтылғандарды нақтылай түседі деп ойлаймын. «менің анкетам» өлеңі оқылды (Ғабитқызы Ақтоты)

2-Жүргізуші:

Бұл жастық қой, білемін таныс жайды

Махаббат бейуақытта табыспайды.

Махаббатты үлкендер үлесін ап

Жастықты інілерге табыспайды


1-Жүргізуші: Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандарымен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын-ала сезді ме?

Ақ қырау тұрған ақпанда

Ағаштар сырға таққанда

Бозарып тұрып ақ таңда

Есіңе мені алғайсың-деп толғанады. Л. Әбдіхалықова осы өлеңге ән жазады. «Есіңе мені алғайсың» әні орындалады. Орындайтын: Малқайдарқызы Гүлсая және Ермекбаева Нұрдана


2-Жүргізуші:туған жерге, туған елге халқына,Отанына деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеген ақын.

Түзу-түзу жыртылған аңыздайын

Аңызыма неге нәр тамызбайын

Қара өлеңі қазақтың қаза болса

Қара көзден неге жас ағызбайын-дейді ақын «Үш бақытым» «Елім барда» , «Қарасаз» өлеңдері оқылады. (Өтепбергенов, Жақсылықов, Сәдуақасова)


1-Жүргізуші: Мұқағали ағамыз әрі ақын, әрі батыр Махамбетті пір тұтқан, ұлы Абайдың мақсатын өз мақсатым деп білген екен. Оған дәлел «Махамбеттер ,Абайлар-ай» өлеңі.


2-Жүргізуші: Ақын жүрегі нәзік, сезімтал. Кей-кейде өмірден безініп, ол өзіне сүйеніш ,тірек болар адамды іздейді.Кез келген адам ақын жолын түсіне бермейді.


1-Жүргізуші: «Сүйікті балаларым менің! Ақылсыз болмаңдар! Өмір тола қауіп, абай болыңдар! Өмірдің әрбір құбылысына байыппен, ақылмен қараңдар!-деген ақын сөзі оқушылар жадында жүрсе екен деймін. Өкінішке орай, оның Майгүл атты қызы аяқ астынан қазаға ұшырайды. Осы қызына арнап жазған өлеңдері бар.





2-Жүргізуші: Ақын шығармашылығының үлкен бір саласы – оның поэмалары. Ең асылы, ең биігі-«Аққулар ұйықтағанда» Бұл поэма 1973 жылы «Жалын» жинағында жарияланды.Ендігі кезекте поэмадан үзіндіге назар аударыңыздар.

Көрініс: «Аққулар ұйықтағанда»

Мұқағали Тиын әжесінің бауырында өсті. Тиын әжесі мейірлі, кісілігі мол, адуынды да бола білетін адам еді. Әжесіне арнап ақын өлең жазды да Нұрғиса Тілендиевтен ән жазуын сұрады. Ән тамаша болып шықты. «Әжем, ұлы әжем, еңбегің ақталды» деп қатты қуанды, қуанып тұрып жылады

1-Жүргізуші: Ақын өлеңдерін толқи тебірене оқи отырып, өмір шындығы, уақыт тынысы, жүрек ырғағы сезім сырлары қабаттаса өрілген өлең жолдарындағы ақындық рухқа тағы да бас иеміз.Мұқағали балаларды жанындай жақсы көретін. Қандай ашуы келсе де, балаларды көргенде майдай ериді екен. Оған «Тоқта, балам ,атаң келеді артыңда» «Сәби болғым келеді».

2-Жүргізуші: Мұқағали аға ерте өліммен емес, жырдағы ерекшелігімен, тұп-тұтас дара талантымен, ақындықтағы қыран қимылымен жыр дүниесінде, біздің есімізде мәңгі сақталмақ.

Қорытынды

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.02.2019
1232
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12