Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Әдебиет пәні бойынша Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау 7 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мазмұны
1. Түсінік хат
2. Шығармалар тізімі
3. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау
Түсінік хат
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-сыныбына арналған қазақ әдебиеті пәнінің орта мерзімді жоспары кіріктірілген білім беру бағдарламасына негізделіп құрастырылды. Оқу жоспары 7-сынып оқушыларының қазақ әдебиеті пәні бойынша білімі мен түсіну, жауап беру, анализ және интерпретациялау, бағалау, салыстыру дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Оқу жоспарының мазмұнында қазақ әдебиеті пәнін оқыту барысында қалыптастырылатын коммуникативтік дағдыларға сілтеме, оқыту мақсаттары, оқытуда ұсынылатын әдіс-тәсілдер жүйесі, мұғалімге ескертулер мен оқыту ресурстары бөлімдері қамтылды.
5-сыныпта қазақ әдебиеті пәнін оқытудың жылдық жүктемесі - 68 сағат, аптасына – 2 сағат.
Оқу мақсаттарымен жұмыс. Оқушылар «Түсіну және жауап беру» дағдысы бойынша әдеби шығарманың жанрын, тақырыбы мен идеялық мазмұнын анықтайды. Көркем шығармадағы кейіпкердің портреті мен іс-әрекеті арқылы танылатын образын ашады. Көлемі шағын үзінділерді жаттау арқылы есте сақтау қабілеті дамиды. Көркем мәтіндерді оқу арқылы оқушыда мәтіннің мәнін түсіну, мәнерлеп оқу дағдылары қалыптасады. Көркем мәтінді оқу оқушылардың тұлғасы дамып-жетілуін, оның интеллектісі, сөйлеу әрекетінің төрт негізгі түрі (тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу) қалыптасуын, оқырмандық әрекеті мен қызығушылығы дамуын, осылар арқылы оқу әрекеттері компоненттері мен жан-жақты машық-дағдылар қалыптасуын қамтамасыз етеді. Оқушының көркем мәтінді ажырата тани алуы үшін, әрқайсысының маңыздылығын түсінуі, оны өмірлік жағдаяттарда саналылықпен қолдана алуы үшін оқудың саналы оқу, дұрыс оқу, жүгіртіп оқу, мәнерлеп оқу т.б. түрлері қолданылады. Оқушылар әдеби шығарманың құрылысын, композиция жасалу тәсілдерін, екі нәрсені, құбылысты (оқиғалар желісін, кейіпкерлерді т.б.) салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы суреттеу тәсілдерін меңгере отырып, «Анализ жасау және интерпретациялау» дағдыларын қалыптастырады. Эпикалық шығармадағы жазушының авторлық тұлғасының көріну қалпын, суреткерлік шеберлігін анықтайды. Көркем шығармаға түрлі деңгейдегі талдау жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттері (шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау т.б.) дамиды. Мәтінмен жан-жақты жұмыс жасау үдерісінде қаламгердің тілдік көркемдегіш құралдарды қолдану лабораториясына талдау жасайды. Шығармадан алған әсерін сипаттайды, авторға арналған хат, өлең жазады.
Көркем шығарманың бейнелі-мәнерлі тілдік құралдарын қабылдай алу, автор жасап шығарған өмір картинасын санасында орналастыру, көркем мәтіндегі себеп пен салдардың байланысын анықтау, көркем шығармадағы автордың көзқарасын түсіну, мәтіннің негізгі ойын, идеясын анықтау (мұғалімнің көмегімен) т.б. талдау әдістерін қолдануды меңгереді. Оқушылар орындайтын ауызша және жазбаша жұмыстар арқылы «Бағалау және салыстыру» дағдылары қалыптасады. Салыстыру тәсілінің мынадай түрлерін меңгереді:
салыстырылатын нысандардың тек ұқсастығын табуды мақсат ететін салыстыру;
салыстырылатын нысандардың тек айырмашылығын табуды мақсат ететін салыстыру;
салыстырылатын нысандардың ұқсастығы мен айырмашылығын қатар табуды мақсат ететін салыстыру. Оқушылар көркем шығармадағы жекелеген эпизодтар арқылы тарихи құндылықтар мен кейіпкерлерді талдап танып, ол құндылықтарды шынайы өмірмен байланыстыра отырып бағалайды. Шығарма кейіпкерін өзіндік құндылық болмысы тұрғысынан талдап, нәтижесінде әдеби эссе, оқырман ретінде өзінің рухани дүниесіне берген әсерін бағалайтын сыни хабарлама жазады. Көркем шығармаларға түрлі мақсаттағы салыстырмалы талдау жасау дағдысын дамыту үшін сыныптан тыс оқитын қосымша әдебиеттер тізімі ұсынылады және жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығымен байланыстыру мүмкіндігі беріледі. Қазақ әдебиеті пәні бойынша бір сабақта бір немесе бірнеше оқу мақсатын алуға болады. Мұғалім оқу мақсаттарының комбинациясын шебер пайдалана білуі керек.
Пәнаралық байланыс. Әдебиет пәні мектепте оқылатын басқа тіл пәндерімен, тарих, жаратылыстану, бейнелеу өнері, музыка және басқа да пәндермен тығыз байланыста үйлесім табады. Пәнаралық байланыс – оқытудың ерекше категориясы болғандықтан, оқушылардың әдебиеттен жүйелі білім алуын күшейтіп, оқу әдістерін белсендіреді. Әдебиет сабағындағы пәнаралық байланыс оқушылардың эстетикалық талғамын және сурет, музыка, кино өнерлеріне ұмтылысын қалыптастырады. Шығармадағы тарихи шындық пен көркемдік шешім көрінісін, топонимикалық, ономастикалық атаулардың маңыздылығын түсіне отырып, оқылған шығарманы бейнелеу және музыка өнерімен ұштастыра отырып, пәнаралық байланысты кеңінен қолдану оқушының дүниетанымын қалыптастырады.
Әдіс-тәсілдер туралы. Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың педагогикалық тұғырлары «Құндылық бағдарлы оқыту», «Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру», «Дамыта оқыту», «Тұлғалық бағдарлы оқыту», «Әрекет бағдарлы оқыту», «Саралай және даралай оқыту», «Коммуникативтік- функционалдық бағдарлы оқыту», «Ақпараттық-коммуникациялық бағдарлы оқыту» бағытында болғандықтан, осыған сай педагогикалық әдістер мен
тәсілдер жүйесі қолданылады. Атап айтқанда, әдістер жүйесі мынадай жіктемеде жүйеленді: – әңгіме, пікірталас, дәріс, кітаппен жұмыс – репродуктивтік сипаттағы танымдық белсенділікті дамытатын білімді меңгеру әдістері; – классикалық проблемалық әдіс (Дьюи бойынша), коммуникативтік жағдаяттық әдіс, идеялар банкі – ми шабуылы, дидактикалық ойындар: еліктеу ойындары, іскерлік ойындары – оқушылардың өзіндік жұмыс арқылы шығармашылық танымдық белсенділікпен проблемаларды шеше отырып білім алу әдістері; – импрессивтік әдістер, экспрессивтік әдістер, шығармашылық тапсырмаларды орындау әдістері, оқу-практикалық әдістер– оқушылардың көркем әдебиетті көркем өнердің басқа түрлерімен байланыста қабылдау арқылы танымдық белсенділігін дамыту әдістері; – көркем әдебиетті меңгеру арқылы сурет салу, проблемаларды шешудің ең оңтайлы және тиімді жолдарын шешу және таңдау әдістері – шығармашылық міндеттерді жүзеге асыруды көздейтін практикалық әдістер; - пікірталас, өзіндік жұмыс, классикалық проблемалық әдістер. Ресурстармен жұмыс. Қазақ әдебиетін оқыту үдерісінде оқу материалымен байланысты түрлі үнтаспа, бейнетаспаларды, медиаматериалдарды, бейнероликтерді, ғаламтор материалдарын, электронды оқулықтарды, АКТ құралдарын пайдалана отырып сабақтың тиімділігін арттыру көзделінеді. Сонымен қатар оқыту ресурстарының қоры театр, мұражайлар мен кітапхана, тарихи ескерткіштерге саяхат жасату арқылы кеңейеді. 7-сыныпта оқытылатын көркем шығармалар тізімі 7-сыныпта «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасында ұсынылған көркем шығармаларды толық оқу міндеттеледі. Сол арқылы оқушыға автордың идеясын толық түсінуіне, шығарманы жан-жақты талдай алу қабілетін дамытуға және оқырмандық қабілетін қалыптастыруға қосымша мүмкіндік болады. Бір шығарманы толық оқып, талдай білген оқушы өз бетімен оқыған шығармасын сыныпта меңгерген дағдылары бойынша барлық әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, ой елегінен өткізіп, интерпретация жасап, бағалай алады. Сыныпта және өз бетімен оқылатын көркем әдеби шығармалардың табиғи сабақтастығы мен байланыстылығы сақталынып отырады.
2. Шығармалар тізімі
1.Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры
2. Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»
3. Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»
4. «Қыз Жібек» жыры
5. Ш.Қанайұлы «Зар заман»
6. С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»
7. Ж.Жабаев «Зілді бұйрық»
8. М.Жұмабаев «Батыр Баян»
9. М.Әуезов «Көксерек»
10. Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала»
11. С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»
12. М.Шаханов «Нарынқұм зауалы»
13. Т.Медетбек «Тәуелсізбін» өлеңі
14. Т.Әбдіков «Қонақтар»
15. А.С.Пушкин «Ескерткіш»
7-сынып
(Барлығы – 68 сағат, аптасына 2 сағат)
№ |
Сабақтың тақырыптары |
Ұсынылатын сабақтың оқу мақсаттары |
Сағат саны |
Мерзімі |
||||
І тоқсан (18 сағат ) – «Көне күндерден жеткен жәдігерлер» |
||||||||
1 |
«Қыз Жібек» жыры |
7 |
|
|||||
1 |
1.1 |
Сөз басы. Көне күндерден жеткен жәдігерлер. |
7. Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау |
1 |
5.09 |
|||
2 |
1.2 |
«Қыз Жібек». Кіріспе. Төлегеннің жар іздеуге аттануы. |
7. Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту. |
1 |
7.09 |
|||
3 |
1.3 |
Төлегеннің Шекті еліне келіп, Қаршығамен кездесуі. Төлегеннің Шекті елінің қыздарын көруі. |
7.Б/С1.Кейіпкерлерді ң іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру |
1 |
12.09 |
|||
4 |
1.4 |
Базарбайдың теріс батасы. Төлеген мен Бекежан. Бекежан мен Қыз Жібек. |
7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді |
1 |
14.09 |
|||
5 |
1.5 |
Сансызбайдың Төлегенді іздеп шығуы. Сансызбай мен Жібектің кездесуі. |
7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу 7.Б/С4.Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу . |
1 |
19.09 |
|||
6 |
1.6 |
Троп түрлері |
7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау |
1 |
21.09 |
|||
7 |
1.7 |
Шығарманың тарихи көркемдік құндылығы |
7.Б/С1.Кейіпкерлерді ң іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру |
1 |
26.09 |
|||
8 |
1.8 |
Әдеби эссе «Жырда көрініс тапқан тарихи оқиғалар мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр» |
7.Б/С3.Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу |
1 |
28.09 |
|||
2 |
Орхон-Енисей ескерткіштері. «Күлтегін» жыры |
5 |
|
|||||
9 |
2.1 |
Орхон-Енисей ескерткіштері. «Күлтегін» жыры. Ассонанс. |
7. Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау. |
1 |
3.10 |
|||
10 |
2.2 |
Бірінші жыр (1-2) |
7. Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау. |
1 |
5.10 |
|||
11 |
2.3 |
Бірінші жыр (3-6) |
7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру |
1 |
10.10 |
|||
12 |
2.4 |
Бірінші жыр (7-9) |
7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу |
1 |
12.10 |
|||
13 |
2.5 |
Орхон-Енисей ескерткіштері. «Күлтегін» жыры |
7.Б/С1. Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттікмінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру |
1 |
17.10 |
|||
3 |
Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім» |
2 |
|
|||||
14 |
3.1 |
Жиембет жырау. Жыр. Жыршы. Жырау. Толғау Еңсегей бойлы Ер Есім. |
7. Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау |
|
19.10 |
|||
15 |
3.2 |
Жиембет толғауына талдау. |
7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау |
|
24.10 |
|||
16 |
|
Тоқсандық жиынтық бағалау №1 |
Оқушы білімін анықтау |
1 |
26.10 |
|||
4
|
ІІ тоқсан (16 сағат ) - «Толғауы тоқсан қызыл тіл» Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» |
3 |
|
|||||
17 |
4.2 |
Қазтуған жыры. Монолог. |
7. Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту |
1 |
7.11 |
|||
18 |
4.3 |
«Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» (әдеби-теориялық талдау) (Жиынтық бағалау №1) |
7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау |
1 |
9.11 |
|||
5 |
Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» |
6 |
|
|||||
19 |
5.1 |
Толғауы тоқсан қызыл тіл. Шортанбай қанайұлы. Анафора. Эпифора. |
7. Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау. |
1 |
14.11 |
|||
20 |
5.2 |
Зар заман (Мәтінмен жұмыс. Талдау) |
7.А/И2.Эпикалық, поэ зиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау |
1 |
16.11 |
|||
21 |
5.3 |
Зар заман (Мәтінмен жұмыс. Талдау) |
7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талда |
1 |
21.11 |
|||
22 |
5.4 |
Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні |
7.Б/С2. Әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру |
1 |
23.11 |
|||
23 |
5.5 |
Әдеби эссе. «Шортанбай жырларындағы зар заманның белгілері» |
7.Б/С3.Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу |
1 |
28.11 |
|||
24 |
5.6 |
.Көркем шығармадағы образ |
7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау |
1 |
30.11 |
|||
6 |
С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы» |
5 |
|
|||||
25 |
6.1 |
Айтыс. Айтыстың түрлері. Сүйінбай Аронұлы. |
7.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау |
1 |
5.12 |
|||
26 |
6.2 |
Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы. Кіріспе. Қатаған ақын. |
7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту. |
1 |
7.12 |
|||
27 |
6.3 |
Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы. Сүйінбайдың Қатағанға айтқаны. |
7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру |
1 |
12.12 |
|||
28 |
6.4 |
Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы. Сүйінбай. |
7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау |
1 |
14.12 |
|||
29 |
6.5 |
Әдеби эссе. «Сүйінбай неліктен сөздің пірі атанған?» |
7.Б/С3.Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу |
1 |
18.12 |
|||
7 |
Жамбыл Жабаев «Зілді бұйрық»
|
3 |
|
|||||
30 |
7.1 |
Жамбыл Жабаев. Зілді бұйрық (жоба жұмысына кіріспе. (Жиынтық бағалау №2) |
7.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау. 7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту. |
1 |
20.12 |
|||
31 |
7.2 |
Жоба жұмысын қорытындылау, қорғау. «Даланың дарқан көңіл ақыны» (эссе) |
7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу 7.Б/С3.Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу |
1 |
26.12 |
|||
32 |
7.3 |
Тоқсандық жиынтық бағалау №2 (ТЖБ) |
Оқушы білімін анықтау |
1 |
28.12 |
|||
ІІІ тоқсан (20 сағат ) – «Балалар мен үлкендер» |
|
|
||||||
8 |
М.Жұмабаев «Батыр Баян» |
5 |
|
|||||
33 |
8.1 |
Мағжан Жұмабаев. |
7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау. 7.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау. |
1 |
|
|||
34 |
8.2 |
Батыр Баян. Бірінші тарау. |
7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау. 7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту |
1 |
|
|||
35 |
8.3 |
Батыр Баян. Екінші тарау. |
7.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау. |
1 |
|
|||
36 |
8.4 |
Әдеби эссе. «Ар-намыс мәселесін автор «Батыр Баян» шығармасында қалай көтерген?» |
7.Б/С3.Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу |
1 |
|
|||
37 |
8.5 |
Шығарманы сатылай кешенді талдау |
7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау |
1 |
|
|||
9 |
М.Әуезов «Көксерек» |
6 |
|
|||||
38 |
9.1 |
Мұхтар Әуезов. Әңгіме. Пейзаж. Суреттеу. |
7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау |
1 |
|
|||
39 |
9.2 |
Көксерек. Көксеректің ауылға келуі. Көксеректің мінезі. |
7. Т/Ж 2. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау. |
1 |
|
|||
40 |
9.3 |
Көксеректің ауылдан кетуі. Көксеректің жаралануы. |
7.А/И1.Шығармадағ ы эпизодтар мен бейнелерді салыстыр |
1 |
|
|||
41 |
9.4 |
Көксерек пен Құрмаштың соңғы кездесуі. |
7.А/И3.Шығармадағ ы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау |
1 |
|
|||
42 |
9.5 |
Аққасқа мен Көксеректің шайқасы |
7.Б/С2.Әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру |
1 |
|
|||
43 |
9.6 |
Шығарманы әдеби талдау |
7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу |
1 |
|
|||
10 |
Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала» |
4 |
|
|||||
44 |
10.1 |
Қ.Қайсенов. Жау тылындағы бала (кіріспе). |
7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау. |
1 |
|
|||
45 |
10.2 |
Жау тылындағы бала (жалғасы). |
7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту |
1 |
|
|||
46 |
10.3 |
Жау тылындағы бала (жалғасы). |
7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау |
1 |
|
|||
47 |
10.4 |
Көркем шығарманың композициялық құрылымы |
7.Б/С1.Кейіпкерлерді ң іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру 7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан талдау |
1 |
|
|||
11 |
С.Сарғасқаев. «Тәмпіш қара» |
5 |
|
|||||
48 |
11.1 |
С.Сарғасқаев. Тәмпіш қара (кіріспе). |
7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау |
1 |
|
|||
49 |
11.2 |
Тәмпіш қара (жалғасы). |
7.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау. |
1 |
|
|||
50 |
11.3 |
Тәмпіш қара (жалғасы). |
7.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау. |
1 |
|
|||
51 |
11.4 |
Шығармадағы кейіпкерлер портреті (Жиынтық бағалау №3) |
7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру. 7.Б/С4.Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу. |
1 |
|
|||
52 |
11.5 |
Тоқсандық жиынтық бағалау №3(ТЖБ) |
Оқушы білімін анықтау |
1 |
|
|||
ІV тоқсан (16 сағат ) – «Ұрпақ тәрбиесі» |
|
|
||||||
12 |
М.Шаханов «Нарынқұм зауалы» |
5 |
|
|||||
53 |
12.1 |
Ұрпақ тәрбиесі. Баллада. Диалог. Лирикалық кейіпкер. Мұхтар Шаханов. |
7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау |
1 |
|
|||
54 |
12.2 |
Нарынқұм зауалы. Махамбеттің соңғы сөзі. |
7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту |
1 |
|
|||
55 |
12.3 |
Әке үкімі. |
7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау |
1 |
|
|||
56 |
12.4 |
Әдеби талдау |
7.А/И3.Шығармадағ ы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау |
|
|
|||
57 |
12.5 |
Әдеби эссе. «Ақын қазақ халқының рухының биіктігін қалай дәріптейді?» |
7.Б/С3.Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жаз |
|
|
|||
13 |
Темірхан Медетбек «Тәуелсізбін». |
|
3 |
|
||||
58 |
13.1 |
Темірхан Медетбек. Тәуелсізбін. |
7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау. 7.Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту. |
1 |
|
|||
59 |
13.2 |
Тәуелсізбін (талдау). |
7.А/И2.Эпикалық,поэ зиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау. 7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау |
1 |
|
|||
60 |
13.3 |
Әдеби эссе. «Тәуелсіздіктің ең басты құндылық екенін қалай жырлайды?» |
7.Б/С3.Шығарманы ұлттық құндылықтұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу |
1 |
|
|||
14 |
Т.Әбдіков «Қонақтар». |
5 |
|
|||||
61 |
14.1 |
Т.Әбдіков. Қонақтар. |
7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау. |
1 |
|
|||
62 |
14.2 |
Қонақтар (жалғасы). |
7.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау. |
1 |
|
|||
63 |
14.3 |
Қонақтар (жалғасы). |
7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру. |
1 |
|
|||
64 |
14.4 |
Шығарманың мазмұны мен пішіні |
7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу |
1 |
|
|||
65 |
14.5 |
Шығармаға әдеби сын |
7.Б/С2. Әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру 7.Б/С4.Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу. |
1 |
|
|||
15 |
А.С.Пушкин «Ескерткіш» өлеңі |
3 |
|
|||||
66 |
15.1 |
А.С.Пушкин. Ескерткіш. |
7.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау 7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау |
1 |
|
|||
67 |
15.2 |
А.С.Пушкин. Ескерткіш (биографиялық тізім). Әдеби теориялық талдау (Жиынтық бағалау№4) |
7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау |
1 |
|
|||
68 |
15.3 |
Тоқсандық жиынтық бағалау №4 |
Оқушы білімін анықтау. |
1 |
|
|||
|
Барлық сағат саны |
68 |
|