Әдебиет пен шешенсөздің айырмашылығы
Әдебиет пен шешенсөз бір-бірімен етене байланысты. Екеуі де сөздің айналасында болғандықтан ара-жігін ажырату барысында бір-біріне ұқсастығы ауызша айтылуында ғана екенін байқаймыз.
Қандайда бір оқиға болған кезде сол оқиға туралы халыққа жеткізу тәсілі деп алайық. Оқиға бізде екіге бөлінеді: әдейі ұйымдастырылған оқиға (кеңес, мәжіліс, сот, алқа т.б) және адамдардың ықпалынсыз болған оқиға. Міне, осындай оқиға барасында нақты ақпарат жеткізу шешенсөздің міндеті. Шешенсөз болып жатқан жағдай барысында дүниеге келеді. Шешенсөз айтындысы адамның дегенімен, халықтың қалауымен, айтушының қиялымен айтылмайды. Табиғи жолмен болған оқиғада өзінен-өзі дүниеге келеді немесе айтушының қажет деп тапқан ойы айтылады. Ал, әдебиетте керісінше төлиесі қалағанша қиялын қосса да, халықтың сұранысы бойынша жазса да өз еркі. Тағы бір айта кететін маңызды нәрсе уақыт кеңістігі. Шешенсөзде уақыт шектеулі. Әдебиетте жылдар бойы жазса да, өз өмірін сарп етсе де өз қалауы. Шешенсөз нақтылықты, өз ойын тиянақты әрі тікелей жеткізуді талап етеді. Әдебиет әрқашан көркемділікті, автордың жеткізер ойын образ арқылы, оқиға желісі, шарықтау шегі сияқты өз талғамы мен қиялы арқылы жеткізе алады. Айтып жүргеніміздей шешенсөз-әлеуметке ауызша айту арқылы дегенін істету. Автор сол жерде айту қажет. Сол арқылы қоғамдық санаға өзгеріс енгізу. Қоғамды белгілі бір іске, мұратқа жұмылдыру. Шешілуі қиын мәселелерді шешу үшін алқа алдында айтылған айтынды. Ал, әдебиетте шешімі тауылған әлде, болашақта ескеру керек жайттарды қозғайды. Бір істі бастауға итермелемейді. Шешенсөзде айтушы өзі айтқан кезде ғана ол пәрменді болады. Шешенсөздің авторы-айтушының өзі ( Сағатбек Медеубекұлы). Әдебиетте айтушының өзі болмауы да мүмкін. Мысалы: өсиет, насихат, нақыл авторы өзі болмаса да айтыла береді. Тағы бір тілге тиек ететін ерекшелігі шешенсөз мақам, музыкалық сүйемелдеуді қажет етпейді. Әдебиетте әуен, сазсыз, музыкасыз айтса шешендік тақпақ секілді күйге еніп, өз күйін жоғалтады. Шешенсөзде тыңдаушы біле бермейтін ақпараттарды айтып, нақты ақпарат жеткізеді. Әдебиет бір адамға немесе жалғыз өзі отырып айтса да болады. Ал, шешенсөзде мүмкін емес. Өйткені, шешенсөздің басты мақсаты бұқараны белгілі бір мақсатта әрекет ету үшін айтылады.
Қорытындылай келе, шешенсөз осы шақта айтылуы керек жерде айтылады. Себебі, оның басты мақсаты адамдарды белгілі бір өзекті мәселені шешу. Әдебиет тыңдаушының сезіміне ықпал етеді, шешенсөз санасына ықпал етеді.
Жаманбай Маржан
301
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әдебиет пен шешенсөздің айырмашылығы
Әдебиет пен шешенсөздің айырмашылығы
Әдебиет пен шешенсөздің айырмашылығы
Әдебиет пен шешенсөз бір-бірімен етене байланысты. Екеуі де сөздің айналасында болғандықтан ара-жігін ажырату барысында бір-біріне ұқсастығы ауызша айтылуында ғана екенін байқаймыз.
Қандайда бір оқиға болған кезде сол оқиға туралы халыққа жеткізу тәсілі деп алайық. Оқиға бізде екіге бөлінеді: әдейі ұйымдастырылған оқиға (кеңес, мәжіліс, сот, алқа т.б) және адамдардың ықпалынсыз болған оқиға. Міне, осындай оқиға барасында нақты ақпарат жеткізу шешенсөздің міндеті. Шешенсөз болып жатқан жағдай барысында дүниеге келеді. Шешенсөз айтындысы адамның дегенімен, халықтың қалауымен, айтушының қиялымен айтылмайды. Табиғи жолмен болған оқиғада өзінен-өзі дүниеге келеді немесе айтушының қажет деп тапқан ойы айтылады. Ал, әдебиетте керісінше төлиесі қалағанша қиялын қосса да, халықтың сұранысы бойынша жазса да өз еркі. Тағы бір айта кететін маңызды нәрсе уақыт кеңістігі. Шешенсөзде уақыт шектеулі. Әдебиетте жылдар бойы жазса да, өз өмірін сарп етсе де өз қалауы. Шешенсөз нақтылықты, өз ойын тиянақты әрі тікелей жеткізуді талап етеді. Әдебиет әрқашан көркемділікті, автордың жеткізер ойын образ арқылы, оқиға желісі, шарықтау шегі сияқты өз талғамы мен қиялы арқылы жеткізе алады. Айтып жүргеніміздей шешенсөз-әлеуметке ауызша айту арқылы дегенін істету. Автор сол жерде айту қажет. Сол арқылы қоғамдық санаға өзгеріс енгізу. Қоғамды белгілі бір іске, мұратқа жұмылдыру. Шешілуі қиын мәселелерді шешу үшін алқа алдында айтылған айтынды. Ал, әдебиетте шешімі тауылған әлде, болашақта ескеру керек жайттарды қозғайды. Бір істі бастауға итермелемейді. Шешенсөзде айтушы өзі айтқан кезде ғана ол пәрменді болады. Шешенсөздің авторы-айтушының өзі ( Сағатбек Медеубекұлы). Әдебиетте айтушының өзі болмауы да мүмкін. Мысалы: өсиет, насихат, нақыл авторы өзі болмаса да айтыла береді. Тағы бір тілге тиек ететін ерекшелігі шешенсөз мақам, музыкалық сүйемелдеуді қажет етпейді. Әдебиетте әуен, сазсыз, музыкасыз айтса шешендік тақпақ секілді күйге еніп, өз күйін жоғалтады. Шешенсөзде тыңдаушы біле бермейтін ақпараттарды айтып, нақты ақпарат жеткізеді. Әдебиет бір адамға немесе жалғыз өзі отырып айтса да болады. Ал, шешенсөзде мүмкін емес. Өйткені, шешенсөздің басты мақсаты бұқараны белгілі бір мақсатта әрекет ету үшін айтылады.
Қорытындылай келе, шешенсөз осы шақта айтылуы керек жерде айтылады. Себебі, оның басты мақсаты адамдарды белгілі бір өзекті мәселені шешу. Әдебиет тыңдаушының сезіміне ықпал етеді, шешенсөз санасына ықпал етеді.
Жаманбай Маржан
301
шағым қалдыра аласыз













