Материалдар / Әдебиет(жанрлар, ұйқас түрлері, ережелер, т.б)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әдебиет(жанрлар, ұйқас түрлері, ережелер, т.б)

Материал туралы қысқаша түсінік
Файлда әдебиет пәніне керек, барлық ақпараттар қамтылған. Файлды жүктеу арқылы, өзіңізге керек ақпарат таба аласыз
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2020
9132
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



       Эпос – өмір шындығын мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін терең ашып жан-жақты танытатын күрделі жанр.

 

Лирика – суреттеп отырған өмір құбылысына ақынның түсінігін, күйінішін, сүйінішін көрсететін көлемі шағын өлеңдер.

 

Драма – шындықты айрықша тәсілдермен, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдында қолма-қол көрсететін жанр.

 

Әдеби жанрлар

 

Эпикалық жанрға жататын шығармалар: батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, ертегілер, аңыздар, эпопея, роман, хикаят (повесть), әңгіме, очерк, новелла, т.б.

 

Лирикалық жанрға жататын шығармалар: арнау-өлең, баллада, өлең, сонет, рубаи, т.б.

 

Драмалық жанрға жататын шығармалар. трагедия, комедия, интермедия, скетч, пьеса, т.б.

 

Тілдің көркемдегіш тәсілдері

 

Ажарлау

 

Теңеу – заттың не құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу.

 

Келеді желдей зуылдап,

 

Жеткізбейді Шұбар ат.

 

Атқан оқтай зырылдап,

 

Жал-құйрығы суылдап. («Алпамыс батыр» жырынан)

 

Эпитет (айқындау) – заттың не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын, белгісін білдіретін суретті сөз.

 Алтын күнді, қара жерді сағындым,

 

Жан-жолдасым – жүйрік желді сағындым. (М.Жұмабаев, «Сағындым)

 

Ассонанс – бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталау.

 

Ашу деген – ағын су,

 

Алдын ашсаң, арқырар.

 

Ақыл деген – дария,

 

Алдын тоссаң, тоқырар. (Қазыбек би)

Аллитерация – бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау.

 

Түніменен түйіндік,

Таң атқанда тарандық.

 

Таң ағарып атқан соң,

 

Төңірек жаққа қарандық. (Махамбет, «Соғыс»)

 

Ажарлаудың бұл түрлері поэзияда да, прозада да кездеседі.

 

Құбылту – троптар

 

Метафора (ауыстыру) – суреттелген затты не құбылысты айқындай түсу үшін оларды сөздеріне ұқсас затқа не құбылысқа балау.

 

Сөз – жаңбыр, даусым – дауыл, әнім – ескек,

 

Ойнақтап басылайын аз желдетіп. (І. Жансүгіров, «Әнші»)

 

Кейіптеу – табиғат құбылыстарын жандандырып, адам кейпінде суреттеу.

 

Мөлдіреген «Жетімкөл» көкке қарап,

 

Мөлдіреген көз жасын тыя алмай тұр. (М. Мақатаев, «Аққулар ұйықтағанда»)

 

Метонимия (алмастыру) – өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздерді бірінің орнына бірін алмастыра қолдану.

 

Үйі мәз боп қой сойды,

 

Сүйіншіге шапқанға. («Абай, «Мәз болады болысың»)

 

Синекдоха (мегзеу) – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны немесе керісінше қолдану.

 

Дұғай сәлем жазамын Күйісбайға,

 

Бермек болған айғырдың көзі қайда? (Абай)

 

Аллегория (пернелеу) – адамдар арасындағы қатынастарды астарлап жануарлар мен жәндіктер әрекетімен көрсету. Аллегорияға А. Байтұрсыновтың, С. Дөнентаевтың мысал өлеңдері жатады.

 

Ирония (кекесін) – адамды, затты, құбылысты сырттай мақтап суреттеп, іштей келекелеп, мысқалдап айту.

 

Көрінсін Біржан салға ай секілді,

 

Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді.

 

Ұсынса қол жетпейтін арғымағым,

 

Біржанға баламаймын тай секілді. («Біржан мен Сара» айтысынан)

 

Гипербола (ұлғайту) – затты не құбылысты шамадан тыс ұлғайтып көрсету.

 

Литота (кішірейту) – затты не құбылысты кішірейтіп көрсету.

 

Астында мінген тарланның

 

Тұрпатына қараса,

 

От орнындай тұяқтан (гипербола)

 

Оймақтайы қалыпты. (литота)

 

Етектейін еріннен (гипербола)

 

Екі елісі қалыпты. (литота)

 

Қиған қамыс құлақтан

 

Бір тұтамы қалыпты. (литота)

 

Жалбыраған жалынан

 

Жалғыз қарыс қалыпты. (литота)

 

Бір құшақтай құйрықтан (гипербола)

 

Бір уыстай қалыпты. (литота)

 

Айшықтау

 

Арнау – автордың өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы, олармен іштей тілдесуі.

 

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

 

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

 

Жақсы менен жаманды айырмадың,

 

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың... (Абай)

 

Қайталау

1. Жай қайталау.

 

Мен, мен едім, мен едім,

 

Мен Нарында жүргенде,

 

Еңіреп жүрген ер едім. (Махамбет)

2. Еспе қайталау.

 

Сарыарқаның бір тауы бар,

 

Бір тауы бар сымбатты.

 

Сол таудан сен сыр тауып ал,

 

Сыр тауып ал, қымбаттым. (С. Сейфуллин)

 

3. Анофора – өлең тармақтарында бір сөздің немесе сөз тіркесінің жол аяғында қайталануы.

 

Атадан туған мен бір шоқ,

 

Садаққа байлар сайман жоқ.

 

Балталыдай жерім жоқ,

 

Бақалыдай көлім жоқ,

 

Алдымда менің ағам жоқ,

 

Артымда менің інім жоқ. («Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырынан)

 

4. Эпифора – өлең тармақтарында бір сөздің немесе сөз тіркесінің жол аяғында қайталануы.

 

Атадан туған мен бір шоқ,

 

Садаққа байлар сайман жоқ.

 

Балталыдай көлім жоқ,

 

Бақалыдай көлім жоқ,

 

Алдымда менің ағам жоқ,

 

Артымда менің інім жоқ. («Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырынан)

 

5. Риторикалық сұрақ – риторикалық сұраққа, әдетте, жауап күтілмейді, айтылған ойға тыңдаушының назарын аударып, екпін түсіру үшін қолданылады.

 

Айналайын ақ Жайық,

 

Ат салмай өтер күн қайда?

 

Еңсесі биік ақ орда,

 

Еміне кірер күн қайда? (Махамбет)

 

6. Антитеза (шендестіру) – кереғар екі затты не құбылысты қатар қоя отырып, келесі бір заттың, ұғымның, құбылыстың сипатын суреттеу.

 

Бұқар барсаң қолаң бар,

 

Қолаңды көр де шашым көр.

 

Зергер барсаң қасында

 

Алтыннан соққан түйме бар.

 

Түймені көр де басым көр.

 

Молаға барсаң қасында

 

Қиюлы жатқан қалам бар,

 

Қаламды көр де қасым көр. («Ер Тарғын» жырынан)

 

7. Градация (дамыту) – алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата суреттеу.

 

Сары ала туы салбырап,

 

Қабағы тастай түйіліп,

 

Аллалап Тарғын шабады.

 

Ай бетіне кіреді,

 

Күн бетінен шығады.

 

Қойға бір бөрі

 

Бөріктіре қырады.

 

Талай қалмақ құлады,

 

Ер қайратын сынады.

 

Сүйіп мінген Тарланға

 

Басты келіп дойырды,

 

Тарлан салды мойынды,

 

Толып жатқан қалмаққа

 

Тарғын салды ойынды,

 

Талай қалмақ жойылды. («Ер Тарғын» жырынан)

 

8. Параллелизм (егіздеу) – екі құбылысты немесе екі затты қатар қойып, жұптап суреттеу.

 

Асыл туған Ақжүніс,

 

Күнді бұлт қоршайды,

 

Күнді байқай қарасам,

 

Күн жауарға ұқсайды!

 

Айды бұлт қоршайды,

 

Айды байқай қарасам,

 

Түн жауарға ұқсайды!

 

Бойды байқай қарасам,

 

Қол-аяғым көсіліп,

 

Аузы-мұрным ісініп,

 

Алланың хаһ бұйрығы

 

Маған таянғанға ұқсайды! («Ер Тарғын» жырынан)

 

9. Инверсия – сөздердің орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру.

 

Қасымдағы қырық жігіт

 

Суыра алмады оғымды,

 

Тасқа кірген тартқанда. («Ер Тарғын» жырынан)

 

10. Эллипсис – сөйлем ішінде атап айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай кету.

 

Таң бозарып атқанда,

 

Таң шолпаны батқанда,

 

Ұйқыда ел жатқанда

 

«Аттан!» деген бір дауыс

 

Құлаққа сар-сар келеді... (Мұнда «Жау шапты» деген сөз тіркесі айтылмаған)

 

Өлең ұйқастары

 

Белгілі бір өлшеммен, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесін өлең дейді.

 

Өлең жолдары буын саны, тармағы, ырғағы мен мағынасы жағынан және ұйқасу үйлесімі жағынан жеке жүйе құрайды. Мұны өлеңнің шумағы деп атайды.

 

Шумақ тармақтардан, яғни өлең жолдарынан тұрады. Тармақ өз ішінен бунақтарға бөлініп, олар ырғағын тудырады. Тармақтың соңғы сөздерінің дыбыстық жағынан үндесуін өлең ұйқасы деп атайды.

 

Академик Қ. Жұмалиев қазақ поэзиясындағы ұйқастардың түрін төмендегідей көрсеткен:

 

1. Қара өлең ұйқасы (а, а, б, а)

2. Шұбырпалы ұйқас (а, а, а, а)

3. Ерікті ұйқас (а, б, в, г, б)

4. Шалыс ұйқас (а, б, а, б)

5. Егіз ұйқас (а, а, б, б)

6. Аралас ұйқас (а, а, б, в, б, в, б, б, б)

7. Шалыс ұйқас (а, б, а, б, в, г, д, г, ж, д)

 

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!