Материалдар / әдебиеттік оқу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

әдебиеттік оқу

Материал туралы қысқаша түсінік
ашықұ сабақ боран тақырыбы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2018
670
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Ақ боран. Жекен Жұмаханов.
Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға Жекен Жұмаханов туралы шағын түсінік беру. Жазушының шығармаларымен таныстыру. Әңгіме мазмұнын ашу, негізгі кейіпкерді айқындата отырып, идеялық мазмұнын түсіндіру.
    2. Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерімен жұмыс істеу, ой-өрісін дамыту, білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Өзіндік талдау, жинақтау жасау, жеке топтық жұмыста шапшаңдық танытуға, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.
    3. Туған жерін, табиғатын сүйе білуге, табиғат құбылыстарын бақылай білуге тәрбиелеу.
    Сабақтың түрі: Аралас сабақ
    Сабақтың өту әдісі: Ой қозғау, бес жолды өлең, әңгіме құрастыру, топпен жұмыс. Тіл дамыту, сұрақ-жауап әдісі.
    Сабақтың көрнекілігі: Қыс көрінісі, суреттер.
    Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.

Әрбір адам- туысым,досым,жұрағат.

Әрбір сабақ- үйрену,ұғу,ұлағат.

Әрбір ісім- талап, тілек,адамдық.

Әрбір сөзім- шындық,бірлік,адалдық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Дүрбелең» өлеңін рөлге бөліп оқып,сахналау.

(Оқушылар сахналық көрініс қояды)

  • Дұрыс,балалар,Бектай өтірік ауырып,кінасын мойындады. Өтірік айту жақсы қасиет емес.
    ІІІ. Жұмбақтар шешу. Оқушыларды 2 топқа бөлу.

«Ой қозғау» ойыны. Жасырынған топтың атын табу.

1-топтың аты: түбірі «тапты» деген сөзде,жұрнағы «қасқыр»,жалғауы «балалар» деген сөзде. (Тапқырлар)

2-топтың аты:» түбірі «өнерші деген сөзде, жұрнағы «аспаз», жалғауы «қыздар» деген сөзде. (Өнерпаздар).
(Тақтада осы сөздер ілініп тұрады,оқушылар топтың атын табады.)
Жұмбақ шешу.

1. Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым.         (Шаңғы)
2. Таусылмайтын ақ мақта,
Қысы-жазы тау жақта.        (Қар)
3. Тоңғақты таниды,
Беті-қолын қариды.           (Аяз)
4. Көрінбейді өзі,
Айтатын жоқ сөзі.
Ысқырып тұрады,
Серуен құрады.                   (Боран)
Боранның ысқырып соққан үнін үнтаспа арқылы оқушыларға тыңдату.
Ой қозғау.
Ауызша сұрақтар:
1. Қандай дыбыс естідіңдер?
2. Ненің дыбысы деп ойлайсың?
3. Қай мезгіл елестеді?
Бұл үскірік соққан боранның дыбысы. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ақ боран».

- Балалар,боран қай мезгілде болады? (Қыс мезгілі суреті ілініп тұрады.)

Shape1

қыс

Қыс мезгіліне ассоцияция жасау. Оқушылар қыс мезгілі туралы білетіндерін айтып береді.




- Қыс мезгіліне байланысты кім өлең біледі? (Абайдың «Қыс» өлеңің бір оқушыға оқыту.)

- Ауа райы қыс мезгілінде қандай болады?

- Қыс мезгілінде ауа райы әр түрлі болады,табиғат құбылыстары боран соғу,аяз,қар жауады. Біз ауа райын қайдан білеміз? Яғни жаңалықтардан,ауа райын зертейттін мете.... бізге ауа райының қандай болатынын айтып отырады.

ІV. Жаңа сабақ.
1. Жазушы Жекен Жұмаханов туралы түсінік беру.
А. Жекен Жұмаханов өмірі мен шығармашылығы жайлы түсінік беру.
Жекен Жұмаханов 5 желтоқсан 1913 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. Семейдегі педагогикалық техникумді бітірген.
1941 - 1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Кеңес Одағының Батырлары Әлия мен Мәншүкті көзімен көріп тілдескен. Олар жайында очерктер жазған.

2. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді 3 бөлікке бөліп оқыту. 1-бөлімді 1-топ оқиды,басқа топқа мазмұндайды,2-топ оқиды,мазмұндайды,1-топ оқиды- мазмұндайды.

3. Оқушылардың тізбектей оқуы. Іштей оқу.
4. Сұрақ-жауап әдісі.

Екі топ кезек –кезек сұрақтарды оқып,жауап беріп отырады.

  1. Әңгіменің басында қыстың қатал мінезі қалай берілген?

  2. Қасым қайда оқиды?

  3. Жерге құлағын тосқан кезде Қасым не естіді?

  4. Қасымның аты қандай белгі берді?

  5. Автор боранды қандай боран дейді? Оның себебі не деп ойлайсың?

  6. Боранға адамның қимылын бере суреттеген жолдарын тауып оқы.

-сонымен,бұл әңгімеден біз қыс мезгілінің тағы бір сырымен таныстық. Яғни автор табиғат құбылысын жандандырып,адам сияқты күлдіріп,билетіп суреттеген. Бұл әңгімеден кейіптеуді байқауға болады. Кейіптеу дегеніміз табиғат құбылысын адам сияқты күлдіріп,қуантып,жылатып,т.б. кейіпте суреттеуді айтады.

Сөздік жұмыс. «Алтын сандық» ішінен сөздерді алып оқу,мағынасын түсіндіру.

Ышқынады- мұнда* қатты соғады.

Екілене- желдің екпінді соғуы

Бүлкек- аттың желпіп жүруі


Сергіту сәті.

Қарға –қарға қарғалар

Қар үстінде жорғалар

Боран соқса үрпиіп

Ағаштарға тығылар.


6.Шығармашылық жұмыс. Топпен жұмыс. Әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі.
І топ. – тапқырлар . Қыс туралы мақал- мәтелдер жазу,мағынасын түсіндіру.


ІІ топ.-өнерпаздар. Қыс мезгіліне байланысты «Бес жолды» өлең құрастыру.

Ұйқас бойынша өлең құрастыру.
………………………………….   даламыз,
………………………………….   баламыз.
………………………………….   шанамыз,
………………………………….   қаламыз
.


Жаңа сабақты қорытындылау. «Ойландырар сұрақтар» ойыны. (Сұрақтарға жауап беру арқылы жылқының суретін құрастыру)
а/ Мәтіннен қыстың суретін беретін жолдарды тауып оқы.
ә. Қасымның боранда адасып қалмауына не көмектесті?
б/ Қасымның орнында болсаң не істер едің?

В. Қасымның жолда келе жатқан кездегі ішкі ойын мәтіннен тауып оқы.
в/ Автор бұл әңгімені неге жазды деп ойлайсыңдар?

Д. Әңгімеден Қасымның қандай бала екенін аңғаруға болады? Оны мына кесте бойынша дәлелдеп айтып көр.

Қасым

Дәлел

Үлкеннің сөзін тыңдайтыны


Байқағыштығы


Шыдамдылығы



- Сонымен,қорытындылай келе осы әңгімеден қандай үлгі алуға болады?

Үлкендердің сөзін тыңдау,ауа райын бақылап жүру.

Кесте толтыру. (тақтаға кестені іліп қоямын.)

Авторы

Шығар

маның аты

Кейіпкер

Оқиғаның негізгі түйіні

Шығармада басты шешімді кім жасады?

Оқиға қалай аяқталды?

Өз ойың














  1. Топтастыру. Жылқы жайында не білесің?
    8. Халық болжамдары:
    Бұлт желге қарсы жөңкісе, қар жауады.
    Күзде ағаштың жапырақтары ерте түссе, қыс қатты болады.
    Үйрек бір аяғымен тұрып, басын қанатының астына жасырса, аяз болады.
    Қыста тауық ерте қонақтаса, күн суытады.
    V. Қорыту
    - Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?

Не ұнады?

Не үйрендім?

Не білгім келеді?


Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау.

Тапсырма өз тобы басқа топтар мұ,ғалім қорытынды баға

Үй тапсырмасы

Топппен жұмыс

Шығармашылық жұмыс


Оқушылардың өзін-өзі бағалауы. Әр топқа ұшақ,машина,велосипед суреттері беріледі.

Әр оқушы сабаққа қатысуына қарай өздерін сол көліктердің біріне отырғызады. «өте жақсы»- ұшаққа, «жақсы»- машина, «орташа»- велосипедке.



Үйге тапсырма:
1. Мәтінді оқып,мазмұнын айту. 2. Жылқы туралы өлең жазу,сурет салу






























Қырыққұдық ауылы орта мектебі







Ашық сабақ


Әдебиеттік оқу пәні

Тақырыбы: Ж.Жұмаханов. Ақ боран







4 «А» сынып


Өткізген мұғалімі: Нурлыбек Г.





















2015-2016 оқу жылы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!