|
Ортасы
25
мин
|
Жаңа
сабақ
1-тапсырма. Топтық жұмыс
Табиғат
құбылысын сипаттайтын сөздерді сәйкестендір. Мысалы: ашық аспан, сақылдаған аяз, ...
Ашық
аспан, гуілдеген жел, алай-түлей
боран,сақылдаған,аяз, шатыр-шұтыр найзағай,
түнерген аспан, жапалақ қар,нөсерлеткен жаңбыр, бет қаратпайтын
жел, ақтүтек боран, аспан айналып жерге
түскендей.

ЕБҚ
тапсырмасы
Мұғалімнің
көмегімен табиғат құбылысын сипаттайтын сөздерді
сәйкестендір
2-тапсырма. Өзің де далаға қарап, табиғаттың
бір бөлшегін сипаттап айт.
Дала
тып-тыныш.Айнала аппақ қар.Ақ ұлпа қар жамылған ағаштар, үйлер
көздің жауын алады.Бірі
шанамен
сырғанап,бірі аққала жасап,бірі қар атысып ойнаған балалардың
көңілді жүздері мен дауыс-
тары
ерекше көңіл-күй сыйлайды.
«Автормен танысу» айдары
Қастек
Баянбай – ақын. 1936 жылы Жетісу (бұрынғы Талдықорған) облысы
Алакөл ауданы Талдыбұлақ жерінде дүниеге келген.
Ақынның
балаларға арналған «Араша», «Ақ шағала», «Құс сүті», «Балаларға
базарлық» т.б. кітаптары
Оқулықпен жұмыс
Түсініп
оқы
Не
жауып тұр?
Бірауық-бір мезгіл
Шаш
етектен-мол, орасан көп
Аққа қарық
болу-сүт өнімдерінің мол болу
Мәтінді
оқиды. Сөздік жұмысын жазады.
3-жаттығу. Отбасы мүшелері жаңбырдан қандай
жақсылық күтеді?
Отбасы
мүшелері жаңбырдан егіннің көп және үлкен болып өсуін, көктің көп
болуын, гүлдердің жайнап, құлпырып өсуін күтеді.
4-жаттығу. Жаңбырдан басқа табиғат
құбылыстарының адамзат тіршілігі үшін қандай пайдасы
бар?
Жаңбырдан
басқа табиғат құбылыстарының адамзат тіршілігі үшін қардың да
пайдасы бар.Қар қалың
жауса,ауа
тазарады, жердің ылғалы көп болады.Егін шыққанда, көп мол өнім
береді.
5-тапсырма. Шығармашылық
жұмыс
Бұлт
суретіндегі сөздерді бос орындарға қойып, өлеңді толықтырып
оқы
көбірек,
төңірек, тезірек, бұл маңға,бұлданба,қырманда.

6-тапсырма. Жұптық жұмыс
Балалар
жаңбырға неліктен әртүрлі өтініш айтады?
Балалардың
жаңбырға әртүрлі өтініш айтуының себебі,көктем мезгілінде жауған
жаңбырдың пайдасы өте көп.Көк жақсы өсіп,егін мол өнім береді.Ал,
күз мезгілінде егіндерді жинау науқаны басталады.
Сондықтан
егіндерді жинап алғанша,жаңбыр жаума,-деп балалар өтініш
айтады.
7-жаттығу. Топтық жұмыс
«Жаңбыр
жауса – ел ырысы» деген халық нақылын пайдаланып, өлеңдердің
негізгі ойын түсіндіріңдер.
«Жаңбыр
жауса-ер ырысы», өлеңдердің негізгі ойы жаңбырдың пайдасы туралы
айтылған.
|
Топпен тапсырманы
орындайды.
Табиғат құбылыстарын сипаттайтын сөздерді
сәйкестендіреді
Табиғаттың
бір бөлшегін сипаттап айтады.
Астор туралы айтады.
Мәтінді түсініп оқиды.
Сұрақтарға жауап береді.
Бұлт
суретіндегі сөздерді бос орындарға қойып, өлеңді толықтырып
оқиды.
Жұппен
тапсырманы орныдайды.
Сұарққа
жауап береді.
Топпен
тапсырманы орындайды.
|
Дескриптор:
- табиғат құбылысын сипаттайтын сөздерді
сәйкестендіреді-1б
Дескриптор:
-
табиғаттың бір бөлшегін
сипаттап айтады-1б
-өлеңді
түсініп оқиды-1б
Дескриптор:
-жаңа
сөздердің мағынасын анықтайды-1б
-
отбасы мүшелері жаңбырдан
қандай жақсылық күтетінін айтады-1б
Дескриптор:
- Жаңбырдан басқа табиғат құбылыстарының адамзат
тіршілігі үшін қандай пайдасы барын айтады-1б
Дескриптор:
-
Бұлт суретіндегі сөздерді
бос орындарға қояды-1б
-өлеңді
толықтырып оқиды-1б
Дескриптор:
-«Жаңбыр
жауса – ел ырысы» деген халық нақылын
пайдаланады-1б
-өлеңдердің негізгі ойын
түсіндіреді-1б
|
Слайд
3
Слайд
4
Слайд
5
Слайд
6
Слайд
7
Слайд
8
|