жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әдебиеттік оқу 54 сабақ Біз қиялдай аламыз 4 сынып
Әдебиеттік оқу 54 сабақ Біз қиялдай аламыз 4 сынып
|
Білім беру ұйымының атауы |
|
|||||||||||
|
Пәні: |
Әдебиеттік оқу |
|||||||||||
|
Бөлім: |
V. Табиғат құбылыстары |
|||||||||||
|
Педагогтің аты-жөні: |
|
|||||||||||
|
Күні: |
|
|||||||||||
|
Сынып: 4 « » |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
№54 Біз қиялдай аламыз |
|||||||||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеоролик жасау 4.2.9.1 түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету |
|||||||||||
|
Сабақтың мақсаты: |
-сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеоролик жасай алады; -түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табады , өңдеу және тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсетіп жазады. |
|||||||||||
|
Құндылықты дарыту |
Еңбек пен шығармашылықты дарыту |
|||||||||||
|
Сабақтың барысы |
||||||||||||
|
Сабақтың кезеңдері: |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||
|
Басы 10 мин |
І.Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне сенімділік қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді. «Нейро жаттығу» ІІ. Өткенді бекіту. «Балмұздақ таяқшасы»әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. Таяқшада есімі жазылған оқушыны атайды. Сол оқушы сұрақтарға жауап береді. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады. |
Тақтада көрсетілген суреттер бойынша арқылы «Нейро жаттығулар» жасайды. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады. |
«Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру. |
Слайд 1 Суреттер
Слайд 2 |
||||||||
|
Ортасы 25 мин |
Жаңа сабақ 1-тапсырма.Шығармашылық жұмыс 1. Суретке қарап, қиял-ғажайып әңгіме құрап айт. Баяғы бір заманда бір ауылда ешқандай жаңбыр жаумай,құрғақшылық болыпты.Халық жаңбырға зар болыпты.Сол ауылда тұратын Толағай атты ұл бар екен.Сол бала халқын қуанту үшін тау көтеріп әкеліп,жаңбыр жауғызыпты.Халық суға қанып,ауылдары ажарланады.Халықтың қуаныштарында шек болмайды.
Әбділда Тәжібаев (1909–1998) – ақын, драматург. Ақмешіт (Қызылорда) қаласында дүниеге келген. Балаларға арналған өлеңдері оқуға жеңіл, қызық. Ақынның табиғат құбылыстары туралы «Алтын Ай», «Көкек», «Жаңбыр», «Қыс ата», «Қыс пен жаз» т.б. өлеңдері бар 2-тапсырма Мәтінді түсініп оқиды 3-тапсырма. Кесте бойынша салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын айт.
ЕБҚ тапсырмасы Мұғалімнің көмегімен орындайды. 3-тапсырма. «Ізден» айдары Жұптық жұмыс Жырдан Толағайдың ерлігін суреттеудегі әсірелеуді тауып оқы. Арқалады ауыр тауды, Маңдайдан тер көл боп ақты. «Жеткенше дем алмаймын», -деп, Шаршаса да, тоқтамапты. 4-тапсырма «Біліміңді қолдан» айдары Әсірелеу тәсілі арқылы бейнеленген кейіпкер қайсысы? Әсірелеу тәсілі арқылы бейнеленген кейіпкер-Қобыланды батыр.
5-тапсырма. Жырды оқығанда қандай сезім пайда болды? Жырды оқығанда кеудемді қуаныш кермеді.Себебі, менде Толағай сияқты халқыма үлкен жақсылық жасағым келді.Ол өз халқына қуаныш сыйлады.Естен кетпестей ерлік жасады. ЕБҚ тапсырмасы Жырды оқиды 6-тапсырма. «Дәлелде» айдары а) Толағайдың бейнесінде қиял-ғажайып белгілер бар ма? Толағай бейнесінде қиял-ғажайып белгілер бар. ә) Толағайдың ерлігі батырлар жырындағы қай кейіпкерге ұқсас? Толағайдың ерлігі батырлар жырларындағы Қобыланды батырға ұқсас. |
Сурет бойынша әңгімелейді.
Автордың өмірі мен шығармаларымен танысады.
Кестені толтырады.
Жұппен тапсырманы орындайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Тапсырманы орындайды.
Сұрақтарға жауап береді. |
Дескриптор: -Суретке қарап, қиял-ғажайып әңгіме құрап айтады-1б -Автор туралы айтады-1б -Мәтінді түсініп оқиды-1б
Дескриптор: - Кесте бойынша салыстырады-1б -ұқсастығы мен айырмашылығын айтады-1б
Дескриптор: - Жырдан Толағайдың ерлігін суреттеудегі әсірелеуді тауып оқиды-1б Дескриптор: -Әсірелеу тәсілі арқылы бейнеленген кейіпкерді анықтайды-1б Дескриптор: -Сұрақтарға жауап береді-1б - Толағайдың бейнесінде қиял-ғажайып белгілерді атайды-1б - Толағайдың ерлігі батырлар жырындағы қай кейіпкерге ұқсас екенін табады-1б |
Слайд 3
кесте Слайд 4
Слайд 5 суреттер
Слайд 6
Слайд 7
Слайд 8
|
||||||||
|
Соңы 10 мин |
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап арқылы бекіту. Толағайдың ерлігінен кейін туған жері қалай өзгерді? Толағайдың ерлігінен кейін туған жері ажарланып, шөлдегендер суға қанды. Рефлексия
Үйге тапсырма. Оқу. Үлкендердің көмегімен Толағай тауы туралы деректі ізде. Тау еліміздің қай облысында екенін анықтап, әңгімелеуге дайындал. |
Бүгінгі сабақта алған білімдері бойынша рефлексия жасайды. |
Оқушылар 1-10 балдық жүйеен бағаланады. |
Слайд 9 |
||||||||
шағым қалдыра аласыз















