Материалдар / Әдебиеттік оқу "Аққу, шортан һәм шаян". А. Байтұрсынов.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әдебиеттік оқу "Аққу, шортан һәм шаян". А. Байтұрсынов.

Материал туралы қысқаша түсінік
- сынып бойынша Әдебиеттік оқу пәнінен өткізілген сабақтың жоспары берілген. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Маусым 2018
435
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Уақыты:


Сыныбы:

4 «Ә»

Сабақтың тақырыбы:

Аққу, шортан һәм шаян. А. Байтұрсынов.

Мақсаты:

Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы турал мағлұмат бере отырып, шығармаларының мазмұнымен таныстыру, мәнерлеп оқуын, түсінігін, өз ойларын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алуын және шығармашылық қабілеттерін дамыту, топпен жұмыс жасай отырып, мысалдың мазмұнын ашу арқылы оқушыларды ынтымақтастыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері:

Автор жайлы мағұлмат алады, шығарма мазмұнымен танысады, топпен жұмыс жасай отырып мысалдың мазмұнын ашады, ынтымақтастыққа, ауызбіршілікке тәрбиеленеді.

Әдіс- тәсілдері:

Қызығушылықты ояту, топпен жұмыс, сұрақ – жауап, жұптас талқыла, рөлдік ойын, кері байланыс.

Сабақтың түрі:

Жаңа тақырыпты меңгеру және алған білімді өмірде қолдану

Көрнекі құралдар:

АКТ, постерлер, таратпа қағаздар, стикерлер, маркерлер.

Негізгі ресурстар:

Әдебиеттік оқу оқулығы 4- сынып З. Муфтибекова, П.Қ. Жаманқұл

Негізгі идеялар:

Достыққа, ынтымақтастыққа, ауызбіршілікке үйрету, өз ойын жетік айта білуге және топпен жұмыс жасауға қалыптастыру.

Қамтылған модульдер

Білім берумен білім алудағы жаңа тәсілдер: диалогті оқыту әдістері

СТО, оқытуда АКТ- ны пайдалану, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Сабақтың барысы

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Әдіс-тәсілдер мен модульдер

Ұйымдастыру кезеңі


Үй тапсырмасын тексеру.




Амандасу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Сабақтың ережесімен таныстыру.

"Кубизм" әдісімен

Кубтың қырында сан жазылған. Сол санның астында үй тапсырмасының сұрақтары берілген. Бірден жауап қайтарған оқушыларды бағалау.


Оқушылар амандасады.

Сабақ ережесі:

Тыныштық сақтау

Бірін-бірін тыңдау.

Ойын ашық-анық айту.

Сұрақты оқып отырып үй жұмысына жауап беру.











Қызығушылық-

ты ояту


-Балалар, бүгінгі сабақта қазақ халқының ұлы ақыны А. Байтұрсынұлының шығармашылығымен танысамыз, әдебиеттің мысал жанры туралы сөз қозғап, мысал өлеңдердің ерешеліктері туралы оқып үйренеміз.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» айдарымен сабағымызды сайыс түрінде жалғастырамыз.
- Бұл мақалды қалай түсінесіңдер?
Сендер тек жұмыла, бірге жұмыс жасау арқылы сабақтың мақсатына жетесіңдер. Сайысқа үш топ қатысады. Барлығымыз бірлесе отырып, жұмыс атқарамыз.

Топқа бөліну: 3топқа бөлемін

Аққу, шортан, шаянның суреттері таратылып беріледі.

Тақырыпты айқындап, мақсат қоямыз.


Таратылған суреттер бойынша топқа бөлінеді.

Диалог, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу



Жалпы сыныптық топтық жұмыс


Мағынаны тану. Жаңа тақырыпты меңгеру


















Ой қозғау


Оқушылар алдын- ала берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды.

1 - топ. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі.
2 - топ. Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары.
3 - топ. Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері.

Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқып беремін. Бірнеше оқушыға мәнерлетіп оқытып, сұраққа - жауап аламын.
- Балалар, олар қалай өмір сүреді?
- Олар не істемек болды?
- Олардың жүктері неге қозғалмады?
- Ақын бұл кейіпкерлер арқылы қандай адамдарды бейнелеп отыр?
Оқушылар, мысалда автордың айтайын деген негізгі ойы болады дедік.
Негізгі ой дегеніміз - ақынның айтар өсиеті.


1-топқа: Бұл мысалда кейіпкерлер не істемекші болды?
2-топқа: Олар жүкті неге орнынан қозғалта алмады?
3-топқа: Мысал бізді неге шақырады?

1-топ: Аққу қандай құс?
2-топ: Шортан қандай балық?
3-топ: Шаян жайлы не білесіңдер?

































1-топ: Аққу
2-топ: Шортан
3-топ: Шаян суреттерін бейнелеңдер.


Сергіту сәті:

1.     Шаршадым (уф)

2.     Қорықтым (ой, ой)

3.     Өкіндім ( эх,эх)

4.     Таңғалдым (о,о,)

5.   Қуандым (ура)


Топ оқушылары бір - бірден шығып үй тапсырмаларын қорғайды.





Сұрақ –жауап арқылы мәтін не туралы екенін талқылайды.




















- Аққу – сұлу, нәзік, өте сезімтал, сақ құс. Ол көлде сырғып жүзеді. Аққу қамыстың ішіне ұя салады. Оның өзгеше сұңқылдаған дауысы бар. Аққулар табиғаттың аса ғажап, қазір сирек кездесетін туындысы. Біздің елімізде оларды аулауға тиым салынған.


- Шортан - ірі жыртқыш балық. Қазақстанның барлық табиғи су айдындарында кездеседі. Дене пішіні жебе тәрізді, басы жалпақ, түсі тіршілік ететін ортасына байланысты құбылып отырады. Қорегін шөп арасында жасырынып тұрып, атылып барып ұстайды. Дәмі, еті үшін көп ауланады.

- Шаян - қысқа құйрықты, басы кішкентай, мұрттары қысқа. 4000-нан астам түрлері бар. Олар теңіз, тұщы су қоймаларында және құрғақта өмір сүреді. Олар өлексе және омыртқасыздармен қоректенеді.


Топпен сурет салу.





Балалар мұғалімнің айтқанын дыбыстап қайталайды.


Топпен жұмыс. СТО

Жұптық жұмыс


Топтық жұмыс


























СТО

Ой толғаныс

Мысалды сахналық қойылым етіп көрсету.
Автор:Бір күні Аққу, Шаян, Шортан үшеуі кездесіп қалады. Олар үстіне жүк
тиелген үлкен арба тауып алып, қатты қуанады.
Аққу: - Достар, келіңдер мына арбаны әуеге тартып шығарайық.
Шортан: - Мұны көлге апарайық.
Шаян: - Жоқ, одан да мұны құмға апарайық.
Автор: Сөйтіп үшеуі үш жаққа тартып, арбаны орнынан қозғалта алмайды.

«Қалпына келтіру»

Мақал-мәтелдер:
1-топ: «Бірлік ........, тірлік ..........».
2-топ: «Бірлігі жоқ ..... тозады,
Бірлігі күшті ел ........».
3-топ: «.......... болмай іс оңбас».

Әр топ сахналық қойылым көрсетеді.














Мақал-мәтелдерді толықтырады.
1-топ: «Бірлік болмай, тірлік болмас».
2-топ: «Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады».
3-топ: «Ынтымақ болмай іс оңбас».


















Постер жасау

СТО

Бағалау

Мұғалім оқушыларды сумативті бағалайды

Кері байланыс орнату

Оқушылар өз-өздерін бағалайды.

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы кері байланыс

ОүБ

Үйге тапсырма

«Бірлік түбі - тірлік» тақырыбына эссе жазу.
Мысалды оқу, соңғы шумағын жаттау.


«Бірлік түбі - тірлік» тақырыбына эссе жазады. Мысалды оқу, соңғы шумағын жаттайды.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!