Материалдар / Әдебиеттік оқу: Ботақаным. Түйе.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әдебиеттік оқу: Ботақаным. Түйе.

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2020
1029
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп:Қазақ орта мектебі. 19 сабақ Бекітемін:___________Тақырыбы:Кешіре білуді үйренеміз. Мұғалім: Юсупбаева Балжан Мухаметкалиевна Құндылық : Ішкі тыныштық Қасиеттері: ашуланбау,шыдамдылық,сабырлы болу. Күні

Сыныбы: 2 «К».

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адамдардың бір-бірін кешіре білу керектігін , кешірімнің өмірде маңыздылығын түсіндіре отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Оқушыларға кешірімді болуда ашуланбаудың мәнін түсіндіру.

Адамдармен қарым-қатынаста сабырлы болуға ықпал ету.

Оқушыларға адамдармен қарым –қатынас кезінде шыдамды болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

Үнтаспа, оқулық , түрлі түсті бояулар,үлестірме қағаздар, бейнеролик.

Сабақтың барысы:

1 .Ұйымдастыру кезеңі.

(5 Т ережесі: тәртіп,талап,тазалық,татулық,тыныштықты бақылау)

Тыныштық сәті : Нұрға саяхат.

Бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Біз қазір нұрға саяхат жасаймыз..Біз нұрға қол созамыз,нұр сендерге қолын созады.Бір –бірлеріңнің қолдарыңды сезініңдер.Бір-біріңе күлімдеп қарап, сүйспеншіліктеріңді білдіріңдер.Осылай жанымыздағы адамдарға нұр сыйлаңдар,оларға « біз нұрмыз» деп айтыңдар..Оларды жақсы көретіндеріңді айтыңдар.Енді нұрды жүректеріңе орналастырыңдар. Өздеріңнің бақытты,мейірімді,бір-біріңмен дос екендеріңді ешқашан ұмытпаңдар. Жаттығу аяқталды енді бір- біріңе күлімдеп қарап, бір –біріңе нұр сыйлағандарың үшін алғыс айтыңдар.

1.Қандай сезімде болдыңдар?

Сабақты жағымды күйге келтіру (баяу әуенмен)

2.. Үй тапсырмасын тексеру: : Шіріген картоп

  • Әкесі балаларына неліктен мұндай тапсырма берді деп ойлайсыңдар?

  • Балалар әкесінің тапсырмасынан қандай сабақ алды?

  • Өкпе-реніш неліктен сасыған картопқа ұқсайды?

  • Өздеріңнің басқаларға Өкпе-реніштеріңнің себебіне үңіліп көрдіңдер ме?

  • Сендер өкпе-ренішті қалай жеңесіңдер? Әңгімелеп беріңдер.

Өзін –өзі тану кітабы.2-сынып Өсиет әңгіме.62-63 бет


3. Дәйексөз : «Кешіре білген адам – күшті адам».

  • Дәйексөзден не түйдіңдер?

  • Кешіре білген адамда қандай қасиет болады?

  • Күшті адам қандай болады?

  • Дәйексөздің мағынасын түсініп оқып, жаттап алыңдар.

Нақыл сөз

Топпен жұмыс.А4 қағаз,желімдер

4.Мұғалімнің сыйы: «Кешірім сұрау». Бейнефильм

  • Ағасының іс әрекеті дұрыс па?

  • Ұста өз ісімен екі ағайындыға қандай жақсылық жасады?

  • Інісі өз қуанышын қалай білдірді?

  • Кешірімшіл адамның бойында қандай қасиеттер болады?

Интернеттен алынған.«Асыл арна»

«Кинометафора» әдісі

Бір мәселе бойынша бейне сюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.

5. Шығармашылық жұмыс:


1-тапсырма.3 топқа «Сабыр» сөзі беріледі.Берілген сөзді талдау.


2-тапсырма. Кешіре білудің жолдарын жазыңдар. Дәптерге

жазыңдар.


Топпен жұмыс.А4 қағаз,желімдер.




Дәптермен жұмыс.45-бет

6. Топпен ән айту:

Теріп едік жемісін сезім бақтың,

Сыйластықтың алауын өзің жақтың.

Сенің думан тойыңның әнін естіп,

Есігіңді шыдамай өзім қақтым.

 

[Қайырмасы]

Бүгін қандай тамаша 

Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын 

Бақытты бол, жан досым!

 

Бір тамаша отырдың өмірге еніп,

Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп.

Есігіңнен мен кіріп келгенімде

Қуандың ау балаша мені көріп.

 

[Қайырмасы]

Бүгін қандай тамаша 

Көңілді күн 3-рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын 

Бақытты бол, жан досым!  -


Ән. «Көңілді күн». Әйгерім Қалаубаева

Әнін жазған: Ұ.Жолдасов

Сөзін жазған: А.Дүйсенбі



7.Үй тапсырмасы: Өткел.


Иван Василенко.

Оқып келу.67 бет

8. Қорытындылау сәті. Тыныштық сәті.


Сабақтан не үйрендік? Сабақтан не түсіндік?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!