Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

"Әдебиеттік оқу пәнінен 3-сыныпқа арналған саралау тапсырмаларының жинағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Әдебиеттік оқу пәнінен 3-сыныпқа арналған саралау тапсырмаларының жинағы"
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ақмола облысы,Ерейментау қаласы

«Бөгенбай батыр атындағы мектеп -лицейі» КММ





Калиакпарова Зауреш Капезовна

«Әдебиеттік оқу пәнінен 3-сыныпқа арналған саралау тапсырмаларының жинағы»

Оқу-әдістемелік құралы

Picture 2

Picture 3





Баланың әсерленуі, суреттеу, ойлау, һәм сезінуі ержеткен адамнан әжептәуір басқа. Баланың бұл көріністерінің әрқайсысының жеке-жеке алғанда басқалығы болған сықылды, бұлардың бәрін тұтас алғанда да басқалық бар.

М.Жұмабаев




2023 жыл




















Калиакпарова Зауреш Капезовна

Әдебиеттік оқу пәнінен 3-сыныпқа арналған саралау тапсырмаларының жинағы»

(Оқу-әдістемелік құрал)













Калиакпарова З.К тақырыбы негізіндегі «Әдебиеттік оқу пәнінен 3-сыныпқа арналған саралау тапсырмаларының жинағы» пән бойынша дайындалған оқу-әдістемелік құралы. Ерейментау қ-сы, 2023 жыл, 35бет


Бұл оқу әдістемелік құралында мектеп мұғалімдерінің Әдебиеттік оқу пәнінен 3-сыныпқа арналған саралау тапсырмаларының түрлеріне жасап оқушылардың танымын, білімін, ойлау жүйесіне арналған тапсырмалар құрастырылған.

Оқу әдістемелік құралы бастауыш мұғалімдеріне, бастауыш әдістемелік методистерге арналған.






МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ................................................................... …………........................................... .4


І-бөлім Жанды табиғат 1-сабақ ..........................................................................................7

2-сабақ Күн шыққанда (І. Жансүгіров) ...............................................................................7

3-сабақ Есеннің кірпісі. (С.Бегалин)....................................................................................8

4-сабақ Табиғат тағылымы....................................................................................................8

5-сабақ Құмырсқаның қанағаты...........................................................................................9

5-сабақ Қанатты достарым...................................................................................................10

6-сабақ Қамқорлық................................................................................................................11

7-сабақ Туған өлке гүлдері...................................................................................................12

8-сабақ Табиғаттағы байланыс. ...........................................................................................13

9-сабақ Мен қалада тұрамын................................................................................................14

10-сабақ Бау-бақша аясында.................................................................................................15

11-сабақ Алмастың ағашы....................................................................................................16

12-сабақ Киіктің айласы. Ақсақ киік...................................................................................17

13-сабақ Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен......................................................................18

14-сабақ Жақсылық жасау – борышың..............................................................................19

15-сабақ Жақсыдан үйрен.....................................................................................................20

16-сабақ Адамдық – борышың.............................................................................................21

17-сабақ Абайдың қарасөзі...................................................................................................22

18-сабақ Батыр туса – ел ырысы..........................................................................................23

19-сабақ Том мен Бекки........................................................................................................24

20-сабақ Нағыз достық..........................................................................................................25

21-сабақ Ата сөзі – алтын сөз...............................................................................................26

22-сабақ Ғаламтор туралы ойларым....................................................................................27

23-сабақ Білім керек бәріне..................................................................................................28

24-сабақ Қазақ деген халықтың баласымын.......................................................................29

II. БӨЛІМ: Уақыт Жыл санау...............................................................................................30

25-сабақ «Жыл басы» (ертегі).............................................................................................30

26-сабақ Сәулет. Керемет күмбез...................................................................................... 31

27-сабақ Мақтанышым Астанам........................................................................................ 32

28-сабақ Сәулетті біздің Алматы.........................................................................................33

29-сабақ Әлемнің кереметтері..............................................................................................34

30-сабақ Жер астында қала бар............................................................................................35



ҚОРЫТЫНДЫ........................................................ ………...................................................36

ГЛОСАРИЙ.............................................................................................................................37













КІРІСПЕ

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған мәселелерінің бірі білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау. Осыған сәйкес бүгінгі күн талабы- баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, ӛзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптасрыу, тілін дамыту, заман талабына сай оны жүйрік етіп тәрбиелеу. Саралап оқыту-орта мектепте оқыту тәсілі. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу жоспары мен бағдарламасын оқушылардың бейімі мен қабілетіне, білім деңгейіне қарай жіктеу. Саралап оқыту оқушылардың білімін жан-жақты дамытуды, оларды қызықтыратын ғылым мен техника саласынан білім жетілдіруді, сондай-ақ мамандыққа бейімдеуді кӛздейді. Мұндай оқыту арнаулы мектепте, сыныпта, сынып ішіндегі топта жүзеге асырылады. Саралап оқыту білім деңгейі әр түрлі оқушыларды топтарға жіктеп, әр топты өз деңгейіне сай оқытып, білімін одан әрі жетілдіру үшін қолданылады. Деңгейлік саралау – оқушылардың бір сыныпта бір бағдарлама және бір оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі.

Саралап оқыту – бұл білім алушыға білім берудің қолайлы әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, білім беруге бағытталған әрекет. Бұл оқушының қабілетін, бейімділігін, қызығушылығын ескере отырып, жеке басын дамытуда қамтамасыз ететін білім беру тәсілі.

Саралап оқыту – оқуды саралаудың және баламен жекелей жұмыс жасаудың тәсілі, оқу материалын игерудің жетістігі, яғни оқушыларға дер кезінде көмек беру, қабылдау деңгейіне қарай тапсырма беру. Мұғалім сабақ жоспарлауда саралап оқытудың тәсілдерін қолдана отырып құрастырғаны жөн. Мұғалімнің қазметі оның білімі мен шеберлігіне, жоспарлаған сабақта қолданатын әдіс-тәсілдерді мақсатты, ұтырымды қолдана білуіне байланысты. Мұғалім оқушының жұмысын бақылап қана қоймай, оқушымен жеке жұмыстар жүргізеді.

Жаңартылған оқу мазмұны жағдайында оқытудағы саралаудың маңызы зор. Қазіргі таңда барлық баланы бірдей әдіспен оқыта алмаймыз.Әр баланың ерекшелігіне, қажеттілігіне қарай әдістемені қолдана білуіміз керек.

Саралап оқыту барысында барлық оқушылар қол жеткізетін, нақты өлшенетін нәтижеге қол жеткіземіз.

Саралап оқыту - баланың қабылдауын, қабілетіне, психофизиологиялық даму ерекшелігіне қарай қолданылатын тәсіл.

Саралап оқытуды жоспарлау – оқу үдерісінде әр түрлі топтарда бейімдеу үшін мүмкіндік беретін дидактикалық жүйенің бір бөлігі. Саралап оқытудың алғашқы формасы дарындылық бойынша қабілетті балаларды жекелеп оқыту болып табылады. Оқыту мен оқуда оқушылар қажеттілігіне негізделген барлық оқушыларды қамтамасыз етуді көздейтін бірегей әдіс ретінде қолданылып келеді.

Саралау тапсырмалары белгілі бір шарттар сақталғанда жүзеге асады:

- дағдылар қалыптасуы және жетілдірілген оқу жоспарының функционалды деңгейдегі диагностикалық бақылауы болған кезде;

- зерттеу нәтижелерін қолдана отырып, оқушылар топтарын құрған кезде;

- жетілдірілген оқытудың нәтижесін бағалау кезінде.

Сабақ жоспарын әзірлеу кезінде сыныптағы барлық оқушылардың қабілетін, қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін ескеруге, сондай-ақ өткізілетін тақырыптың құрылымы мен жүйесін, мазмұнын сақтай отырып, төмендегідей қағидалар басшылыққа алынады.

- күрделендіру қағидасы (сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттырады)

- тереңдету қағидасы ( зерттеу дағдыларын жетілдіреді)

- тегеурін қағидасы ( ашық тапсырмаларды шешу дағдыларын дамытады) - креативтілік қағидасы (шығармашылық дағдыларындамытуға мүмкіндік туғызады)

- жеделдету қағидасы (оқу бағдарламасын тиімді оқыту әдістері арқылы жылдам меңгерту)

Саралаудың педагогикалық және психологиялық тұрғыдағы негіздерін ескерсек, оқуды саралаудың қазіргі таңдағы білім беру саласына қосар үлесі зор. Білім берудегі саралау мақсаттары "оқушы - мұғалім" жүйесінде субьективті қарым-қатынастарға ауысу үшін қолайлы жағдайлар жасау, бірбірінің даму жағдайы мен даму құралы болған кезде психологиялық тұрғыда жүзеге асады. Ал әлеуметтік тұрғыда қоғамның шығармашылық, интелектуалды, кәсіби қалыптастыруға, мүмкіндіктерді барынша пайдалануға ұмтылу жағдайында қалыптасады. Сонымен қатар, білім берудің сыртқы және ішкі дифференциясына негізделген жаңа әдіснамалық жүйені құру арқылы оқушылардың өзекті мәселелерін шешу барысында әдістемелік тұрғыда мақсатқа қол жеткіземіз. Дидактикалық тұрғыда оқушылардың жеке қабілеттеріне сәйкес ұйымдастырылған әдістердің, формалардың және құралдардың жиынтығын іске асыру арқылы әр оқушының мүмкіндіктерін дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасауда нәтижесі айқындалады.

Әдебиеттік оқыту пәнін оқытуда саралау тәсілін қолданып түрлі жетістіктерге қол жеткізуге болады. Оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын жетілдіруде, мәтіндермен бірнеше жұмыс түрлерін ұйымдастыру кезінде саралау тәсілінің маңызы зор. ДЖИГСО әдісі негізінде ресурстарды, ақпарат материалдарын пайдалануда топтық жұмыс жасап (оқушы деңгейін анықтап алып), тапсырмаларды күрделендіріп беруге мүмкіндік туғызады. Шығармашылықпен айналысатын оқушыларды анықтау үшін сабақ барысында оқушының жас ерекшелігіне қарай белгілі бір тақырып беріп, мәтін құрау, ертегі құрастыру, өлең шығару, т.с.с. жеке жұмыстар жүргізуге болады. Кей жағдайда презентация дайындауды да тапсырма етіп беріп, зерттеу жұмыстарын іске асыруға да болады. Қабілеті жоғары оқушылар өз бетінше ізденуге, жоба құрастыруға машықтанады. Жаңадан жаңаны табу және басқа пәндермен байланыс орнату, ғылыми терминдерді қолдану, тақырып деңгейінен тыс жұмыстар жүргізу – оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілеті мен зейінін толықтыра түседі. Оқушы өз бетінше жұмыс жасауға бейімделеді.



І-бөлім

Жанды табиғат

1-сабақ

Оқуға шақыру (А. Байтұрсынұлы)

  1. Саралау тәсілі:

Барлық оқушылар: «Оқуға шақыру» шығармасындағы негізгі ой қандай?

Көптеген оқушылар: өлеңнің құрылымдық бөліктерін ажыратып, бөліктеріне тақырып қой.


  1. Саралау тәсілі: «Қарқын» арқылы жүзеге асады

Қарқыны жоғары оқушыға:

-А.Байтұрсынұлының тағы қандай шығармаларын білесің?

3. Саралау тәсілі: «Үй тапсырмасы» арқылы жүзеге асады. Берілген тұлға туралы қосымша мағлұмат жаз.


2-сабақ

Күн шыққанда (І. Жансүгіров)

  1. Саралау тәсілі:

Барлық оқушылар: өлең жолдары бойынша қандай сурет салуға болатыны туралы ой бөліс.

Көптеген оқушылар: қорытынды ой айтылған жолдарды тауып жаз.

Мәтіндегі негізгі тірек сөздерді белгіле «».

А. шырт, торғай, сәуле, өріс, білім, оқу

В. күн, ұйқы, сабақ, мектеп, білім, кітап

С. кітап, оқу, шырылдау, құрт-құмырсқа

Д. мектеп, сабақ, білім, бол, тұр, сен, мал, оқу


  1. Саралау тәсілі: «Тапсырма» арқылы жүзеге асады

Кейбір оқушыға:

- Өлеңді басшылыққа алып, өз ойыңнан өлең шумақтарын құрастыр.






3-сабақ

Есеннің кірпісі. (С.Бегалин)

  1. Саралау тәсілі:

Барлық оқушылар: Есеннің іс-әрекетіне өз көзқарасыңды білдір.

Көптеген оқушылар: Тірек сөздерді анықта және оны пайдалана отырып,өз ойыңды жеткіз.

  1. Саралау тәсілі: «Ресурс» арқылы жүзеге асады.

Кейбір оқушыға:

- Есеннің кірпісі әңгімесіндегі оқиғаның басталуын, дамуы мен аяқталуын анықта.

Оқиғаның басталуы

Оқиғаның дамуы

Оқиғаның аяқталуы





Табиғат тағылымы

4-сабақ

Шегіртке мен құмырсқа

  1. Саралау тәсілі

Барлық оқушылар: Құмырсқаның орнында болсаң, сен не істер едің?

Көптеген оқушылар: Шегіртке мен құмырсқаның бойынан адам баласында кездесетін қандай қасиеттерді байқадың?

  1. Саралау тәсілі: «Тапсырма» арқылы жүзеге асады.

- Мысалдағы басты кейіпкерлерді сипаттай отырып, екі кейіпкерге қандай ақыл-кеңес ұсынар едің?

Шегіртке Ұсыныс ҚұмырсқаShape2 Shape3 Shape4















5-сабақ

Құмырсқаның қанағаты

  1. Саралау тәсілі:

Барлық оқушылар: Мәтінде құмырсқаның қандай қасиеттері сипатталған?

Көптеген оқушылар:

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2024
407
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12