«Әдемі-ай» қыздар сайысы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Әдемі-ай» қыздар сайысы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобына сабақ тәрбиешілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әдемі-ай» қыздар сайысы.

Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізетті, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Балалардың есту, логикалық ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән қасиеттерді сахна мәдениеті арқылу дамыту. Ата- салтын ардақтайтын, өз елін сүйетін ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу.

Жүргізуші:Бай болсын қыздарымыз ізгілікке,

Жақсы дәстүр көп ішімізде.

Қол соғып, қошеметпен шақырамыз,

Мың бұралған арулар сәлем береді көпшілікке-дей отырып сахнаға аруларымызды шақырамыз.

Әуен: Ұл балалар қыздарды ерекше құрметпен ортаға алып шығады.Жүргізуші алдымен сайысқа қатысатын аруларды,сонаң соң әділқазылар алқасын таныстырады.

Асылжанның ән салғаны әдемі,

Айдананың күлген кезі әдемі.

Нариманың билегені әдемі,

Кәусәрімнің қос бұрымы әдемі.

Сайыс шарттары:

1-бөлім: «Таныстырсам өзімді» (өзін таныстыру)

2-бөлім: «Өнерлі өрге жүзеді» (өнер сайысы)

3-бөлім: «Тал бойына жарасар сәнді киім» (сән үлгісі)

Жүргізуш: Бір ғана емес қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыңдар, қасиетті аналар.

Өнер қуып арулар өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

«Әдемі-ай»-да арулар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.

(Сайысқа қатысушылар өздерін таныстырады)

Жүргізуші:

Қайсысы әнші, кім биші,

Талабына қарайық,

Кімдер зерек, кім тапқыр.

Таланттарды табайық.

Келесі байқаудың шарты бойынша аруларымыз мың бұралған биімен, тамылжыған әнімен өз өнерлерін көрсетеді. (қыздар өз өнерлерін көрсетеді)

Сымбатына киімі жарасатын,

Аспандайтын ай менен таласатын.

Өнеріне сац келіп дайын тұрған,

Аруларға қызығып қарасатын.

Келесі байқау: «Тал бойына жарасар сәнді киім» (сән үлгісі)

(Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, марапаттайды)

Балалар бәрі бірге:

Жанымызды жайнатқан,

Сіздерсіз ғой аналар.

Зор денсаулық, мол бақыт,

Тілейміз ғой балалар.

«Әдемі-ай» арулары бәрі бірге:

Арайлы таңым әдемі-ай,

Жайқалса бағым әдемі-ай.

Бұлдырап сағым әдемі-ай,

Ертеңгілік әдемі-ай.

Жүргізуші:

Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қоңбасын жанарыңа.

Осымен сайысымызды аяқтайық,

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа-дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтайық.

















«Ақсу ауылындағы «Еркетай» бөбекжай-бақшасы»КМҚК













«Әдемі-ай» қыздар байқауы

«Балауса» ортаңғы тобы

Тәрбиеші: Окапова А.С.


















2018-2019 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2021
762
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі