Ересек «Таңшолпан» тобы 2024 оқу жылы
«Әдемі ана» 8- наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік.
1 Музыка әуенімен залға кіру
Жүргізушілер:
1 Ана дейміз бәрімізде аңқылдап
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық,алтын бақ
2 Армысыңдар мейірімді аналарым,
Мейірбан ашық көңіл даналарым,
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құтықтайды сіздерді балаларың!
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық
Жүргізуші:
-Ал енді балалар, ертеңгілікті жұмбақ жасырумен бастайық
Ақ қар еріп
Су көбейіп! Сай- салаға толады.
Ағаш басы бүршік атып,
Гүл бәйшешек басады.
Балалар, айтындаршы бұл қай кезде болады? (Көктем)
Жүргізуші:
- Балалар дұрыс қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын ол - сиқыршы көктем. Олай болса, мерекеге ару көктемді шақырайық.
(Әуенмен Көктем кіреді)
2. Көктем аруы (музыка әуенімен)
-Сәлеметсіздер ме!
Мен көңілді көктеммін
Былтыр келіп кеткенмін
Көзін ашып бұлақтың
Түбіне ағаш еккенмін
Құстар әнін ала келдім,
Жерге кілем жаба келдім.
Жүргізуші:
Қош келдің ,төрлет Көктем аруы! Біз сені көп күттік !
Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді. Көктем аруы, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге көп рахмет. Саған арнап ,біздің балалардың орындауында «Көктем әні»
3 ән «Көктем әні»
1 Жадыратып айналаны
Көктем келді далама
Күн қунып аймалайды
Балаларды қуана
Қ-сы
Көктем ,көктем, көктем
Күлімде күн көктем
Жыл құстарым келші
Сағынып көп күткен
Қызғалдақ гүл сәнім
Құстар салған әнім
Сыйға тартқан бізге
Жақсылықтың бәрін
2 Наурыз айы жылыдың басы
Күнтізбеге қараңдар
Жер жаңарып ,күн ұзарып
Не гүл егер адамдар
4. Би» Қолшатыр (қыздар)
5. Тақпақтар
1. Көктем көктем көктемде
Құстар келіп жеткенде
Қуанып бір қаламыз
Әнмен қарсы аламыз
2 Көктем келді шуақты 3 Көктем келді бүгін
Балаларды қуантты Күнім төкті нұрын
Алақай-ау,алақай Сайрап барлық құстар
Құстар сайрап гүл атты Ән салуға құштар
4 Көктем келді жадырап 5 Далада еңбек қайнаған
Күн нұрымен таласып Құлпырып гүл-гүл жайнаған
Жайнап берші жарқырап Көктемнің гүлін қарсы алып
Жаны жайсан аналар! Бүгін елім тойлаған
6 Жаңбыр жауып басылды 7 Көлде аққу, көкте қаз
Күлімдейді көкте нұр Орманда бұлбұл сайраған
Кемпірқосақ асылды Көптен күткен көктем кеп
Өрнегіндей көктемнің Құлпырып дала жайнаған
Жүргізуші:
-Балалар қалай ойлайсындар бүгін қандай мереке?
-Балалар ең асыл жан кім?\Ана\
-Қызығыңда,бұзығында көтеретін кім? \Ана\
-Үнемі жанында періштедей қорғаштап,демеу беретін кім? \Ана\
- Сонымен бүгін қандай мейрам? \Аналар\
Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \ Иә \
Ендеше бәріміз орынымыздан тұрып аналарға арнап ән айтамыз.
6. Ән «Әдемі ана»Хор
1 .Көктемдей әсем құлырып
Мағанда анам тұр күліп
Анамның көңіл күйімен
Төгіп тұр үйге нұр кіріп
қ-сы
Күлгені қандай әдемі
Жүрегі қандай әдемі
Мағанда арнап жылы сөзбен
Көңілі қандай әдемі
2. Ол күлсе нұрын шашып күн
Махаббатыма ғашықпын
Алыс кетсем мен жанынан
Көруге оны асықпын
қ-сы
Күлгені қандай әдемі
Жүрегі қандай әдемі
Мағанда арнап жылы сөзбен
Көңілі қандай әдемі
7. Би «Жүрек шары» (қыздар мен ұлдар )
8. Тақпақтар
1 Наурыздың сегізі, 2
Баланың да тірегі
Сұлулықтың негізі. Дананыңда тілегі
Әдемі сөз баланың, Ауырмасын ешқашан
Анаға айтар лебізі. Анамыздың жүрегі
3 Әр сөзімді жаттаған, 4
Апатайым анашым
Жүрегімде сақтаған. Ақылы мол данасың
Анашым деп мақтанам, Қамқоршысы
баланың
Айналайын ақ анам Гүлі сенсің әр үйдің
5 Мен анамды
сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп
келемін.
6 Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді
7 Бізді өсірген анажан.
Енбегі де зор екен.
Құтты болсын анажан!
Құтты болсын мерекең!
8 Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең
Әр кез саған тілеймін
Ұзақ өмір жолдарын
9 Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
10 Жүре берсең қасымда 11 Ана көркі көгімнің
Айбат анам ақ анам Ана нұры жерімнің
Балам деген даусыңнан Ана бағы баламның
Мен мәз болып оянам Мақтанышы елімнің
Жүргізуші:
-Балалар, біздің ата-анамыздың анасы кім деп айтамыз?
- Балалар, бүгін тек аналарымыздың ғана емес, сонымен қатар әжелеріміздің де мерекесі.
Бізде әжелерге арнап ән, тақпақ айтып, би билеп мерекемен құттықтайық!
9. Ән: «Менің әжем осындай»
-
Құшағында өстім мен
Жақсы көрем әжемді
Ұқсамайды ешкімге
Ғажап адам өзі енді
Қайырмасы:
Ақыл айтар аппағым деп
Менің әжем осындай
Еркелетер томпағым деп
Менің әжем осындай
2.Ертелі кеш бір тынбай
Еңбек етіп жүргені
Әзілдесіп жарқылдай
Жарасымды күлгені
3.Жалқауларға жаны қас
Ақыл айтар таусылмай
Үлкейседе жаны жас
Менің әжем осындай
Ойын: «Гүлдерді себетке жинау»
Жүргізуші: Мың бұралған ақ қайындай,
Бишелер шықсын ортаға.
Қошеметпен қолқала.
10 Би «Вальс» орындайтын ұл-қыздар.
11.Тақпақтар
1 Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әрқашан біз ардақтап
Әжеге бас иеміз
2 Әжем менің, ақ әжем,
Аппақ әжем, пәк әжем.
Басқалардай емессің,
Сүйкімдісің ақ әжем!
3 Шуағыңды сепкен,
Күнімізсің әже,
Жұлдыздарың болып,
Айналамыз әже!
4 Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріне.
5 Әжелерді сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әрқаша да ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
6 Аман болсын басыңыз,
Ағармасын шашыңыз.
Шөбере сүйіп әлі де,
Жүзге жетсін жасыңыз.
7 Әжем менің жан
әжем,
Ақыл білім
үйреткен.
Аппақ әжем жан
әжем,
Тербететін
мейіріммен.
Аман болсын ақ
әжем,
Жүзге жетсін
жасыңыз
Ағармасын
шашыңыз.
8 Әжем менің ақ әжем,
Ешкімде жоқ жан әжем.
Ертегі айтып береді,
Маған да сол керегі.
9 Әжемді жақсы көремін,
Өлең айтып беремін.
Үлкен болып өскенде,
Бәрін алып беремін.
10 Әжем менің асыл жан
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді.
Әжеме ешкім жетпейді!
11 Тәттілерін сақтайды,
Немереме берем деп.
Мен тілеймін әрқашан,
Әжем аман болсын деп.
12 Шай қайнатып келейін,
Шекер салып, жан әжем.
Өзім құйып берейін.
Балдай тәтті бал әжем.
Жүргізуші:
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке,
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді,
Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігімізді келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Әдемі ана» 8- наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік. Ересек топ 2024ж
Ересек «Таңшолпан» тобы 2024 оқу жылы
«Әдемі ана» 8- наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік.
1 Музыка әуенімен залға кіру
Жүргізушілер:
1 Ана дейміз бәрімізде аңқылдап
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық,алтын бақ
2 Армысыңдар мейірімді аналарым,
Мейірбан ашық көңіл даналарым,
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құтықтайды сіздерді балаларың!
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық
Жүргізуші:
-Ал енді балалар, ертеңгілікті жұмбақ жасырумен бастайық
Ақ қар еріп
Су көбейіп! Сай- салаға толады.
Ағаш басы бүршік атып,
Гүл бәйшешек басады.
Балалар, айтындаршы бұл қай кезде болады? (Көктем)
Жүргізуші:
- Балалар дұрыс қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын ол - сиқыршы көктем. Олай болса, мерекеге ару көктемді шақырайық.
(Әуенмен Көктем кіреді)
2. Көктем аруы (музыка әуенімен)
-Сәлеметсіздер ме!
Мен көңілді көктеммін
Былтыр келіп кеткенмін
Көзін ашып бұлақтың
Түбіне ағаш еккенмін
Құстар әнін ала келдім,
Жерге кілем жаба келдім.
Жүргізуші:
Қош келдің ,төрлет Көктем аруы! Біз сені көп күттік !
Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді. Көктем аруы, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге көп рахмет. Саған арнап ,біздің балалардың орындауында «Көктем әні»
3 ән «Көктем әні»
1 Жадыратып айналаны
Көктем келді далама
Күн қунып аймалайды
Балаларды қуана
Қ-сы
Көктем ,көктем, көктем
Күлімде күн көктем
Жыл құстарым келші
Сағынып көп күткен
Қызғалдақ гүл сәнім
Құстар салған әнім
Сыйға тартқан бізге
Жақсылықтың бәрін
2 Наурыз айы жылыдың басы
Күнтізбеге қараңдар
Жер жаңарып ,күн ұзарып
Не гүл егер адамдар
4. Би» Қолшатыр (қыздар)
5. Тақпақтар
1. Көктем көктем көктемде
Құстар келіп жеткенде
Қуанып бір қаламыз
Әнмен қарсы аламыз
2 Көктем келді шуақты 3 Көктем келді бүгін
Балаларды қуантты Күнім төкті нұрын
Алақай-ау,алақай Сайрап барлық құстар
Құстар сайрап гүл атты Ән салуға құштар
4 Көктем келді жадырап 5 Далада еңбек қайнаған
Күн нұрымен таласып Құлпырып гүл-гүл жайнаған
Жайнап берші жарқырап Көктемнің гүлін қарсы алып
Жаны жайсан аналар! Бүгін елім тойлаған
6 Жаңбыр жауып басылды 7 Көлде аққу, көкте қаз
Күлімдейді көкте нұр Орманда бұлбұл сайраған
Кемпірқосақ асылды Көптен күткен көктем кеп
Өрнегіндей көктемнің Құлпырып дала жайнаған
Жүргізуші:
-Балалар қалай ойлайсындар бүгін қандай мереке?
-Балалар ең асыл жан кім?\Ана\
-Қызығыңда,бұзығында көтеретін кім? \Ана\
-Үнемі жанында періштедей қорғаштап,демеу беретін кім? \Ана\
- Сонымен бүгін қандай мейрам? \Аналар\
Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \ Иә \
Ендеше бәріміз орынымыздан тұрып аналарға арнап ән айтамыз.
6. Ән «Әдемі ана»Хор
1 .Көктемдей әсем құлырып
Мағанда анам тұр күліп
Анамның көңіл күйімен
Төгіп тұр үйге нұр кіріп
қ-сы
Күлгені қандай әдемі
Жүрегі қандай әдемі
Мағанда арнап жылы сөзбен
Көңілі қандай әдемі
2. Ол күлсе нұрын шашып күн
Махаббатыма ғашықпын
Алыс кетсем мен жанынан
Көруге оны асықпын
қ-сы
Күлгені қандай әдемі
Жүрегі қандай әдемі
Мағанда арнап жылы сөзбен
Көңілі қандай әдемі
7. Би «Жүрек шары» (қыздар мен ұлдар )
8. Тақпақтар
1 Наурыздың сегізі, 2
Баланың да тірегі
Сұлулықтың негізі. Дананыңда тілегі
Әдемі сөз баланың, Ауырмасын ешқашан
Анаға айтар лебізі. Анамыздың жүрегі
3 Әр сөзімді жаттаған, 4
Апатайым анашым
Жүрегімде сақтаған. Ақылы мол данасың
Анашым деп мақтанам, Қамқоршысы
баланың
Айналайын ақ анам Гүлі сенсің әр үйдің
5 Мен анамды
сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп
келемін.
6 Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді
7 Бізді өсірген анажан.
Енбегі де зор екен.
Құтты болсын анажан!
Құтты болсын мерекең!
8 Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең
Әр кез саған тілеймін
Ұзақ өмір жолдарын
9 Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
10 Жүре берсең қасымда 11 Ана көркі көгімнің
Айбат анам ақ анам Ана нұры жерімнің
Балам деген даусыңнан Ана бағы баламның
Мен мәз болып оянам Мақтанышы елімнің
Жүргізуші:
-Балалар, біздің ата-анамыздың анасы кім деп айтамыз?
- Балалар, бүгін тек аналарымыздың ғана емес, сонымен қатар әжелеріміздің де мерекесі.
Бізде әжелерге арнап ән, тақпақ айтып, би билеп мерекемен құттықтайық!
9. Ән: «Менің әжем осындай»
-
Құшағында өстім мен
Жақсы көрем әжемді
Ұқсамайды ешкімге
Ғажап адам өзі енді
Қайырмасы:
Ақыл айтар аппағым деп
Менің әжем осындай
Еркелетер томпағым деп
Менің әжем осындай
2.Ертелі кеш бір тынбай
Еңбек етіп жүргені
Әзілдесіп жарқылдай
Жарасымды күлгені
3.Жалқауларға жаны қас
Ақыл айтар таусылмай
Үлкейседе жаны жас
Менің әжем осындай
Ойын: «Гүлдерді себетке жинау»
Жүргізуші: Мың бұралған ақ қайындай,
Бишелер шықсын ортаға.
Қошеметпен қолқала.
10 Би «Вальс» орындайтын ұл-қыздар.
11.Тақпақтар
1 Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әрқашан біз ардақтап
Әжеге бас иеміз
2 Әжем менің, ақ әжем,
Аппақ әжем, пәк әжем.
Басқалардай емессің,
Сүйкімдісің ақ әжем!
3 Шуағыңды сепкен,
Күнімізсің әже,
Жұлдыздарың болып,
Айналамыз әже!
4 Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріне.
5 Әжелерді сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әрқаша да ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
6 Аман болсын басыңыз,
Ағармасын шашыңыз.
Шөбере сүйіп әлі де,
Жүзге жетсін жасыңыз.
7 Әжем менің жан
әжем,
Ақыл білім
үйреткен.
Аппақ әжем жан
әжем,
Тербететін
мейіріммен.
Аман болсын ақ
әжем,
Жүзге жетсін
жасыңыз
Ағармасын
шашыңыз.
8 Әжем менің ақ әжем,
Ешкімде жоқ жан әжем.
Ертегі айтып береді,
Маған да сол керегі.
9 Әжемді жақсы көремін,
Өлең айтып беремін.
Үлкен болып өскенде,
Бәрін алып беремін.
10 Әжем менің асыл жан
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді.
Әжеме ешкім жетпейді!
11 Тәттілерін сақтайды,
Немереме берем деп.
Мен тілеймін әрқашан,
Әжем аман болсын деп.
12 Шай қайнатып келейін,
Шекер салып, жан әжем.
Өзім құйып берейін.
Балдай тәтті бал әжем.
Жүргізуші:
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке,
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді,
Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігімізді келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз













