"Әдемі гүл" тех.карта

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әдемі гүл" тех.карта

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл сабақ жоспары кішкентай бүлдіршіндерімізге әдемілікті, табиғат сұлулығын, әсемдікті үйретеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдемі гүл

(І сәбилер тобы)

Білім беру саласы: «Таным».

Білім беру бөлімі: «Сенсорика».

Тақырыбы: «Әдемі гүл»

Мақсаты:

-түстер туралы ұғымын бекіту, түстердің атын білуге машықтаңдыру

-түрлі түсті бояудағы түстерді сәйкестендіруге үйрету

Міндеті:

-саусақ бұлшық еттерін дамыту.

-сөздік қорын молайту, тілдің белсенділік қызыметін артыру.

-есте сақтау, аңғарымдылық, қабылдау, ойлау, кеңістікті бағдарлауын дамыту.

Көрнекіліктер: түрлі-түсті гүлдер, панно гүлдер алаңқайы, ит, гүл тола құмыра т.б.

Алдың ала жұмыстар: түстер туралы ұғымын бекіту үшін дидактикалық ойындар: «дидактикалық қалдаша», «Балықты жина», түрлі түсті таяқшалар, «Кемпірқосақ», «Көбелектер гүлге қонды». Қимылды ойындар: «Түрлі –түсті көліктер», «Өз үйіңді тап».

Қызымет кезеңдері

Тәрбиеші қызыметі

Балалар қызыметі

Ұйымдастырушы қозғаушы қызымет түрі




«Гүл шоғы арқылы тілек» Топқа гүл тістеген күшіктің кіруі арқылы ғажайып сәт ұйымдастыру.

Шеңбер ішнде балалар қол ұстаса тұрып бір-біріне «Сәлем дос!»,-деп көтеріңкі көңіл сыйлайды. Үріп кірген күшікке тамсана қарап қызықтайды.

Ұйымдастыру –ізденушілік.













Сенсорика орталығында
















Өнер орталығында


Көркем әдебиет орталығында

Күшік аузына тістеп кірген гүл шоғын терең дем алып иіскейді де, тыныс шығарған кезде гүлдер шашырап кетеді. ---Ой, балалар, мына гүлдерім шашылып қалды сендер мүмкін маған көмектесерсіңдер? –деп сұрайды





-Біз күшікке көмек берейік, қалай ойлайсыңдар?


Ол үшін мына гүлдердің түстерін анықтайық. Мына менің үстімдегі алжапқыштың қалтасынан мен қай түсті атасам, жерде шашылып жатқан гүлдердің ішінен сол түсті жапырақты тауып гүл шоғына әкеліп саламыз.

Біз түстерді ажырата біледі екенбіз, ендеше өз бетімізше дәл көргеніміздей жұмыс жүргізелік.


Өте жақсы орындадық. Осы сүп-сүйкімді гүлдердің иісін сезген көбелектер біздің гүлдерімізге келіп қонбақшы, сондықтан да біз «Көбелек гүлге қонды» деген ойын ойнайық. «Сабалақ төбет» деген күшікке арнап ойынды ұйымдастырады, ойынға жағдай жасайды.

Балалар қиылған гүлдердің түстеріне сәйкес көбелектерді жапсырады.

Әсем түсті көп гүлдерге,

Келіп қонды, көбелектер. (тақпақ жаттайды).

Шеңбер ішінде балалар қол ұстаса тұрып бір-біріне «Сәлем дос!»,-деп көтеріңкі көңіл силайды. Үріп кірген күшікке тамсана қарап қызықтайды. Балалар күшіктің іс-әрекетіне таңдана қарап қызығады, айтқан сөздерін тыңдайды.


Балалар келіседі, күшікке көмек беріп, қамқорлық жасайды.

Балалар белсенділікпен қызыға берілген тапсырманы зейінмен, үлкен аңғарымдылықпен орындайды. Гүл шоғына сәйкес келетін жапырақтарды тауып әкеліп орналастырады.


Балалар өз бетінше есте сақтап, аңғарымдылықпен әрекет жасайды.

Балалар іс-әрекет арқылы белсенділік танытып, күшікпен бірге көтеріңкі көңілмен, қуанышты сезіммен, рахаттана ойынды ойнайды. Күшікке көмектескеніне қуанады.



Жетекші –жөндеуші.

Балалардың күшікті жақсы көріп ойнағысы келеді. Гүлдер туралы түсінігі ұлғаяды. Гүл түстерін ажыратып атайды.



Күтілетін нәтиже:

Білуі қажет: Түстерді ажыратып, аттарын (қызыл, көк, жасыл, сары), күшік және оның қалай дыбыстайтынын айта білулері керек.

Қалыптасқан түсініктер: қызыл, сары, көк, жасыл түстер туралы ұғымы қалыптасады.

Орындаушылық қабілеті: Гүлдерді өз түсін тауып орналастыра білуі, көбелекті өз түсі арқылы гүлге орналастыру арқылы саусақ бұлшық еттері дамиды, зейіні, аңғарымдылығы, есте сақтау қабелеттері артады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.07.2018
4763
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі