Әдептен озбайық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдептен озбайық

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды қоршаған ортаға жақсы қарым-қатынас жасауды үйретіп, әдеп сақтау, әдепті болу ұғымдары туралы түсінік беріп, «дұрыс әрекет» құндылығының мәнін ашу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабағының жоспары


Тақырыбы: Әдептен озбайық.

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: сыпайылық, әдептілік, тілалғыш


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қоршаған ортаға жақсы қарым-қатынас жасауды үйретіп, әдеп сақтау, әдепті болу ұғымдары туралы түсінік беріп, «дұрыс әрекет» құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  • Оқушылардың әдеп сақтау туралы түсінектерін тереңдету;

  • Қоршаған ортада өзін әдепті ұстау керектігін ұғындыру;

  • Оқушыларды сыпайы, қамқор, ілтипатты болуға тарбиелеу;

Ресурстар:

оқулық, дәптер,

қалам, түрлі –түсті карындаштар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: (амандасу, түгелдеу) 5 «Т»-ны сақтау

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Сабақ барысын талдау:




«Хрустальная грусть»

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

11 сабақ «Тістелген алма» ертегісін оқып, мазмұнын айту





  1. Дәйексөз.

« Әдепті бала ата-анасын мақтатар, әдепсіз бала ата-анасын қақсатар»

(халық мақалы)


Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

2 рет қыздарға айтқызу, 2 рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге айтып шығады.

Дәптерге жазып алу



Мұғалімнің сыйы: «Өзіңнен баста» Бейне ролик

- Біз осындай жақсылықтар жасай алып жүрміз бе?

- Әдепті ең алдымен кімнен бастауымыз керек екен?

- Бейне жазбадағы баланың іс-әрекеті туралы не айтар едіңіз?


Интерактивті тақта

  1. Шығармашылық жұмыс, жеке жұмыс

« Әдепті оқушы» тақырыбында эссе жазады.

Жазған эсселерін оқып береді, талдайды, қорытындылайды




«Жақсы адамдар»

Әні мен Сөзі А.Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.





  1. Үйтапсырмасы.

12– сабақ. «Мен әдепті баламын» тақырыбына өлең құрастыру

Шығармашылық бұрышына іледі


  1. Сабақтың қорытынды минуты.

Баяу әуен қойылады.

Еркін жайғасайық. Көзімізді жұмайық. Бүгінгі сабақтан алған әдепті сөздерді жүрегімізге сақтайық.

Рахмет! Сау болыңыздар!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2018
455
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі