Әдептен озбайық !

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдептен озбайық !

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Әдептілік – әдемілік белгісі.
Мақсаты:
Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептлікке, өз халқының салт – дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Оқушылар бойында әдеп әліппесін дамыту, таным белсенділігін арттыру. Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Әдістері:
сұрақ – жауап, көрініс көрсету, баяндау, ой толғау.
Көрнекілігі: мақал жазылған тірек сызба, көрініске арналған көрнекіліктер, жүрек сұлбасы, доп.

Шаттық шеңбері: Балалар, «Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені» дегендей бәріміз дөңгеленіп, бір-бірімізбен амандасайық. 
Сәлем Күн – Анамыз! 
Қуанатын күн бүгін. 
Қайырлы таң! Қайырлы күн! 
Күліп шықты күн бүгін! Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. 

  1. Кіріспе сөз.
    Әсемпаз болма әрнеге
    Өнерпаз болсаң әрқалан!
    Сенде бір кірпіш дүниеге
    Тетігін тап та, бар қалан!, - деп Абай атамыз айтпақшы бүгінгі заманда яғни сендер «Сегіз қырлы , бір сырлы» болып өсулерің керек. Оның ең бастысы адамгершілік екен. Бір адам болып қалыптасу үшін әр бір бала жеке бас гигиенасын сақтау керек. Мысалы: шашы өспей, тырнақтары алынған, киімін дұрыс ұқыптап киюі керек.
    Балалар, болашақ сендердікі сондықтан білім алған жолдарыңнан бастап, мектеп өңірінде болып жатқан тәрбие жұмыстарына назар аударып, ұстаздардың берген тәлімдерін өз бойларыңа жинап, өнегелі болып өсулерің керек.
    Яғни адам болып өсу үшін тек өз бойымызға жақсы қасиеттерді жинап өсуіміз керек. «Жақсыдан үйрен - жаманнан жирен» деген сөз.
    Ата-анаңның тілегі - сенің жақсы адам болып, азамат болуың.
    Сенің Отан сүйгіштігің, оқу мен еңбектегі табыстарың ата-ана үшін шексіз бақыт. Ата-анаңның алдында шыншыл бол! Кішіге мейірімді, досыңа қайырымды бол!
    Бойында осындай қасиеттер бар баланы біз қандай бала дейміз?
    - тәртіпті, әдепті, үлгілі т.б.
    Ақын:Ермек Өтетілеуов шумақтарында былай дейді.
    «Жабырқауды білмейміз.
    Жалқаулықты сүймейміз,
    Біз таланты жас ұлан
    Үлгі аламыз жақсыдан», деген екен.

Оқушы:
- Ойдағы мен қырдағың, құлақ қойып тыңдасын.
Әдепті бала бастасын, ертеңгіліктің бастауын.
1 - оқушы:
Тәрбиенің аңсары
Абай атам айтқандай.
Әдептілік бастауы
5 асыл боп табылған.
Көптің ойын бүрлетіп,
Әдеп жайын қозғасын.
Бастайық сол үлгі етіп,
5 Асылдан сөз басын.
2 - оқушы:
Ғылым таппай мақтанба.
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба.
Ойнап босқа күлуге.
5 нәрсеге асық бол!
5 нәрседен қашық бол!
Адам болам десеңіз.
3 - оқушы:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ.
Бес дұшпанын білсеңіз!
4 - оқушы:
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз!
Бәрі саған керек қой,
Ұлы өмірің ертеңгі.
Бес асыл іс бұл арлы
Үлгі болған ғасырдан
Ардақтап өс жасыңнан!
5 - оқушы:
Байқаусызда біреумен,
Қақтығысып қалсаң сен.
Не ағаттық сөз айтсаң.
Не дер едің оған сен?
Оқушылар:- КЕШІРЕРСІҢ деу керек
6 - оқушы:
Әкең сенің үстелге
Қант, кәмпит қойды мол.
Жұрттан бұрын ыдысқа,
Өз бетіңмен салдың қол.
Не дегенің жөн еді?
Оқушылар:- РҰҚСАТ ПА? деу керек

7-оқушы:

Әдеп ізет иба да,

Шар айнасы жаныңның.

Әдептіні сыйла да,

Тәңіріңдей табынған

Әдеп алтын сабырың,

Жетелейтін мұратқа.

Әдеп – талап жалының,

Ақ желкенін құлатпа.

8- оқушы:

Шарапаттан тұратын,

Мен боламын рақым.

Тек жақсылық жолында,

Салтанатын құратын.

Сыйып ізгі махаббат,

Тигізерім шапағат.

Кішілерге қамқор бол,

Қартқа тұрам аталап.

9-оқушы:

Қыран қанат құстаймын,

Талабыңды ұштаймын.

Зерделіге достаймын,

Дарындыны қостаймын.

Ақылы азға қонбаймын,

Солғой менің зор қайғым.

Саңылауы бар түйсігі,

Торғай екеш торғайдың.

10-оқушы:

Таудай болса талабың,

Бағың болып жанамын.

Мен бар жерде болмайды,

Алынбас еш қамалы.

Миға шабуыл: әдісі

Әдептілік деген не? 
Әдепті бала қандай бала? 
Әдепсіз бала ше? 
Әдептілікті бізге кім үйретеді? Сұрақтарға жауап береді. 

Бейне ролик: Әжемнің әңгімесі.
Көрініс: «Жүрек, қайрат, ақыл, күш»
Жүрек:
- Мен адам баласын алаалмаймын. Жаманшылықтан жиреніп, тулап кететұғын – мен. Әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен таралады.
Қайрат:
- Ей ақыл! Амал да, айла да – бәрі сенен шығады, жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені – сен, екеуінің де іздегенін тауып беріп жүресің- соның жаман.
Ақыл:
- Ей, қайрат! Сен де жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің – соның жаман.
Білім:
- Сенің үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Осы үшеуің басыңды қос, соның ішінде билет.
- Үш – ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Біреуіңнің күні
ң жоқ, біреуінсіз. Осы төртеуміз арқылы адам тәртіпті әдепті, мәдениетті білімді яғни барлық жақсы адами құндылықтарды бойларына сіңіреді. Төртеуміз бірге жүрелік. Келістік пе? Келістік.

Ойын: «Жалғастыр...» Не істеуге болмайды? 
Үлкендердің алдынан .... (кесіп өтуге болмайды). 
Кішкене баланы ...(жылатуға болмайды). 
Құстарды ... (атуға болмайды.) 
Қыз баланы ... (ренжітуге болмайды) 
Сабақтан ... (кешігуге болмайды) 
Сыныпта ... (айғайлауға болмайды). 
Дәлізде ....(жүгіуге болмайды). 
Не істеу керек? 
Үлкен кісіні ... (сыйлау керек) 
Үлкеннің айтқанын ...(тыңдау керек) 
Кішіге ...(қамқор болу керек) 
Оқу құралдарын ...(күтіп ұстау керек) Жеке –жеке жауап береді. 

- Ендігі кезекте ұлдар мен қыздар болып сайысып көрейік.


1. Сұраққа – жауап:
1.Мектептен шығысымен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты, сен не істер едің?
- Үлкен кісімен амандасып, жол беремін.

2.Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда не істеу керек?
- Үлкендердің әңгімесін бұзып, сөзге араласпайды.
3.Көшеде біреу жөн сұраса не істейсің?
- Асықпай түсіндіріп беру.

4.Автобуста егде адамдарды көргенде не істейсің?
- Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.

5.Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?
- Үлкен кісімен «сіз» деп сөйлесу керек.

6. Күнде таңертең мектепке келгенде не істейсің?
- Мұғалімдермен, достарыңмен амандасамын.

7.Тамақ ішіп болғаннан кейін не істеу керек?
- Аспазшыға, анама рахмет айтамын.

8.Әдептілік қайдан басталады?
- От басынан, кішкентай кезден басталады?

9. Әдепсіз адам бола ма? Болса дұрыстауға бола ма?
Болады. Бірақ көп уақыт кетеді. Өзін - өзі жеңе білу қажет.

10. Көркіне, киіміне, ақшасына қарап әдепті деп айтуға бола ма? Не ақшаға сатып алуға бола ма?
Жоқ.

11.Сонда әдептілік деген не? (екі топқа да қойылады)
Әдеп - ол адамдардың жүріс – тұрысы мен өзара қарым – қатынастың ережелері. Бұған елгезектік, тіл алғыштық, сыпайылық, көрегендік жатады. Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата – анаңның өз Отанынның мақтанышы боласың.
Әдеп - адамдармен қатынас барысында, әңгімелесу кезінде шамадан тыс аспау, сөзіміз бен ісіміз сөйлесіп тұрған адамның көңіліне тимеуін ойлау, сыпайылық шегінен шықпау.
Әдеп- барлық жағдайда сыпайлық шегінен шықпау.
Әдеп барлық жағдайда қатынас жасап тұрған адамның жеке ерекшілігін ескеруді талап етеді.

2.Қане, ойланайық:
1. Айнұр көрші апайға күнде көріп жүрмін ғой, бүгін амандаспайыншы,- деп ойлап қасынан өте шықты. Сонда көрші апай.... Жалғастыр...
2.Көшеде келе жатқан атаға бір бала әдейі соқтығысты. Жалғастыр...

4.Кім көп біледі?
(Әдептілік, тәрбие туралы мақал – мәтел айтып жарысу)


Ұлдарға сұрақ:
1. Қыз балаға қандай мінез – құлықтар тән?
2. Қыз бала туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?
Қыздарға сұрақ:
1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды?
2. Ұлдар туралы қандай мақал –мәтел білесіңдер?
3. Ұлдардың мінезі қандай болу қажет деп ойлайсыңдар

VI. Ситуациялық жағдаяттар.
« Әдептілік » тобы
1. Автор. сіз отырсыз. Үлкен қарт адам кірді.Бос орын жоқ.
Не істер едіңіз?
2. Көшеде бір қарт адам құлап қалды.Не істер едіңіз?
3. Сіз мектепте біреудің сөмкесін тауып алдыңыз.Не істер едіңіз?
«Әдемілік» тобы
1 Сіз дүкенде кезекте тұрсыз.Сіздің артыңызда әжей тұр.
2 Көшеде, мектепте, үйде таныс кісілер, мұғалімдер кездессе не деу керек?
3 Үлкен кісі қолындағы затын көтере алмай келе жатыр оған не деу керек?
V. Мақал-мәтелдер. (Әдептілік туралы)
1.Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.
2.Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
3.Әдепсіз бала
Ауыздықтан атпен тең
Ақылды қария
Жазып қойған хатпен тең.
4.Әдептің не екенін
Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.
5.Аға әдепті болса,- іні әдепті
Апа әдепті болса, - сіңлі әдепті.
II. Сөзжұмбақ.
«Әдептілік» тобы
1. Анаңның анасы саған кім?(әже)
2 .Оң аяқ, сол аяқ
Кезек оны тебеді.(доп)
3.Бала тәрбиесі (бесіктен)
4. Жеті күн. ( апта)
5. Мектептегі екінші анаң.(ұстаз)
6.Бірлік болмай (тірлік)болмас.
7. Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар өзінде.(қалам)
8. Сүттен жасалатын тағам.(ірімшік)
9. Қабат, қабат қаптама,
Ақылың болса аттама. (кітап)
«Әдемілік» тобы
1. Үйреткен ілімді қырық екі білімді. (әліппе)
2. Жұмыс бізді үш жамандықтан құтқарады.
ауырудан, жоқшылықтан,( зерігуден)
3. Жақсыдан үйрен - жаманнан (жирен)
4. Білім ордасы не? (мектеп)
5. Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін не? (білім)
6. Бала тілі - (бал)
7. Үлкенге құрмет - кішіге (ізет)
8. Күн күледі,
Түн түледі. (көктем)
Мақал-мәтелдің жалғасын тап.

2 топқа мақалдың басын бастап беремін, оқушы жалғастыру керек.
1-топ: 
Әдептілік белгісі --------------------
Әдепті бала-арлы бала-------------------
Әдепсіз бала 
Ауыздықтан атпен тең ---------------------
2-топ:
Әдептің не екенін ----------------------------
Аға әдепті болса- ---------------------
Апа әдепті болса------------------------- Оқушылар мақалдың жалғасын табады.

ІІІ Қортынды
- Балалар, сонымен әдептілік деген ар – ұяттың, әдеміліктің белгісі, адамдық қасиеттердің көрінісі екенін түсінген боларсыңдар. Әр адам өзінің ішкі дүниесінің таза, ақ болуын қадағаласа, істеген ісі соған сай әдепті, инабатты, жүрегі мейірімге толы болмақ. Егер сендер бала күніңнен әдепті тәртіпті болып өссең, есейе келе, ата – аныңның, өз Отаныңның мақтанышы боласыңдар. Адам болу үшін Абай атамыз айтқандай :
Сүйме, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек
Ақылмен ойлап сөйлемек
Ақыл керек, ес керек, мінез керек,- дей келе «Әдептілік – әдемілік белгісі» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.


 

ІІІ.Әдептілікке, адамгершілік – сыпайылыққа байланысты мақал –мәтелдер.

Әдепті бала — арлы бала,
Әдепсіз бала — сорлы бала.
Өзіңді-өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.
Тәрбиелі адам — тағалы атпен тең.

Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,
Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.
Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.
Адам әдебімен көрікті.
Әдеп басы – тіл.
Әдепті дегенше, әдемі десейші.
Әйел — әдептің әліппесі.
Тәрбие басы — тал бесік.
IV. Ойын «Күн шуағы»

Балалар әдептілікке байланысты сөздерді күн сәулесіне жазады.

Әдептілік — адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Әдептілік қағидалары — мінез-құлык нормасы болып табылады. Ал, мінез-құлық - адам бойына сүтпен кіріп, сүйекпен шығатын қасиет. Олай болса, адамды әдептілікке жастайынан баулу керек.

Әуелі адам әдептіліктің не екенін жақсы біліп, ол жайында жеткілікті түсінікке ие болуы қажет. Адам әдептілік туралы дүрыс түсінік пен білімге канық болғанда ғана оның нормаларына бой үсынудың қажеттілігіне көз жеткізеді.

«Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, дүмше, - деп жазды В. А. Сухомлинский,

Әдептілік ережелері
• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс аййтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
•Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі. 
Инабаттылық - әдептіліктің әсем көрінісі.
Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершілік. Инабатты, биязы мінезді қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтадыИмандылық қасиеттер:
Қарапайымдылық,Сыпайылық, Мейірімділік, Кішіпейілділік, Ізеттілік, Адалдық


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.00.2018
976
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі