Материалдар / Әдептілік - әдемілік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әдептілік - әдемілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру мақсатында өткізілетін сабақ. Класс жетекшілер ашық тәрбие сағатын өткізуге қолдана алады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Әдептілік-әдемілік

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Оқушылардың жеке тұлғалық қабілетін  қалыптастыру, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.

Дамытушылық: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері:

1.Нақыл сөз:«Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі»

«Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала»

2. Слайд көрсетілімі.

Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты

Сабақтың әдісі:топпен жұмыс, сұрақ-жауап, әдеби-монтаж, ойын, пікірсайыс.

Сабақтың жоспары:

  1. Кіріспе

  2. Сәлемдесу рәсімдері.

  3. Әдептілік қағидалары.

  4. Саяхатқа шығу ойыны.

  5. Тренинг «Ауызша волейбол».

  6. Пікірсайыс «Адамгершілік – асыл қасиет».

  7. Ой толғаныс.

  8. Қорытынды.

1.Кіріспе. Қоғамның ең үлкен байлығы әдепті адам, себебі шағын ұжымда, тіпті сыныпта әдепсіз бір адам болса, ол өзіне ғана емес сол ұжымға жаман ат келтіреді. Бұны халқымыз «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» дейді. Әрбір адамның жақсы адам болып шығуының жолы әдептілік, инабаттылық үрдіістерін бойына дарыту, үйрену болып табылады. Әдептілік нәсіл қуатын нәрсе емес. Халқымыз

«Баулытынды батыр болады,

Үйретінді шешен болады.

Көре-көре көсем болады,

Сөйлей-сөйлей шешен болады» дейді. Адам өзінен-өзі жақсы адам болып шыға келмейді. Әдептілік өскен ұясынан, жүрген ортасынан, мектебінен, достарынан, ұстаздарынан алған тәрбиесінен болады. Грек философы Демокрит «Жақсы адам болып қалыптасу үшін жаратылысынан гөрі жаттығудың рөлі зор» дейді. Сондықтан біз сендер алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан бері халқымыздың ғасырдан ғасырға сұрыпталып келе жатқан салт-дәстүр, әдет ғұрып, ырымдар мен тыйымдар, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерін қолдана отырып, имандылыққа, адамгершілікке, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеуге жұмыстар жүргізіп келеміз.

2.Сәлемдесу рәсімдері.

1-оқушы: «Әдептілік сәлемдесуден басталады» дейді дана халқымыз. Амандасу- әр халықтың мәдениетінің алғашқы беташары. Амандасу- бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі. Алғашқы кезде адамдар «Міне көрдің бе, қолымда дәнеңе жоқ, қарусызбын» дегенді білдіріп оң қолды көтерген. Осындай ізгі ишара біртіндеп амандасу рәсіміне айналған. Қазақ халқында амандасу рәсіміне ерекше мән беріледі. Әдетте кіші үлкенге, аттылы жаяуға бұрын амандасады.

2-оқушы: Мұсылман халқында амандық салты «Ассалаумағалейкүм» деген сөзден басталады. Ол «Сізге Алланың нұры жаусын» деген сөз. Жас адам жолы үлкен, жасы үлкен адамға алдымен ұмтылып қос қолын ұсынады. Ол «Алланың рақым нұры маған бір есе жауса, сізге екі есе жаусын» деген сөз. Осылай қол алысып сәлемдесуден кейін амндасушылар алма-кезек «Дені-қарныңыз сау ма?.. Мал-жаныңыз, қора-қопсыңыз аман ба?.. Еліңіз тыныш па?» деген сияқты амандасу сұрағын жалғастырады.

3-оқушы. Ертелі-кеш өзіңе таныс адамдарды көргенде немесе мұғалімді көргенде «Сәлеметсіз бе ?» дейміз. «Сәлеметсіңдер ме?» деп бізге жауапқайтарады. «Сәлем-сөздің анасы» деп халқымыз осыған сүйеніп айтқан. Сәлем беру-адамдар жүрегіне бастайтын жол. Ал сырттан үйге кірген кісі қандай жастағы адам болса да үй ішінде отырғандарға өзі бұрын сәлем беруі керек. Амандасу рәсімінің бірнеше түрлері бар: қол беріп амандасу, төс қағыстырып амандасу, қолдан, көзден, маңдайдан сүйіп амандасу. Қол беріп амандасқанда бетті бөтен жаққа бұрып немесе теріс қарап амндасуға болмайды. Амандасушылар бір-бірінің көзіне тура қарап шын пейілмен, жылы жүзде амандасқандары жөн. Әйел адамның немесе қыз баланың қол беруі міндетті емес. Төс қағыстырып амандасу ер жігіттердің, батырлардың шынайы достығын білдіреді. Қариялар немерелерін, жасөспірімдерді, бөбектерді қолынан, көзінен, маңдайынан сүйіп амандасады.

4-оқушы. Көпшілік отырған жерге, дастархан басына келген кісі жұрттың бәріне ортақ бір ғана сәлем береді. Тамақтанып отырған кезде, ас үстінде қол ұсынбайды. Қолғапты, бас киімді шешіп амандасу да адамды құрметтегендіктің белгісі. Көпшілік орындарда даурығып сәлемдесу, өзіңнен алыста отырған таныс адаммен айқайлап амандасу әбестік болады, жай бас изесіп амандасу керек.

5-оқушы. «Сәлеметсіз бе?» Кішігірім ғана бір ауыз сөз. Бұл «Мен сені аман-есен ұшырастырып тұрмын, ағайын. Пейілің жарқын, жүзің ашық болсын, мен сені сыйлаймын, сені де сыйластық танытады деп білемін. Өз басым саған денсаулық, амандық, бақыт тілеймін» деген бірқауым ойларды білдіреді. Телефонда адам алдымен сәлемдесіп алып, сосын өзін таныстырып, шаруасын айтады. Сәлемдескенде дауысты көтермей, жылы шыраймен ізет көрсету-сәлемдесу әдебінің шарты. Басқа біреуге қарап тұрып амандасу әдептілікке жатпайды. Кездескенде кіші үлкенге сәлем бермей кетсе, ол көргенсіздік, әдепсіздік болады.

6-оқушы. Сыйлап сәлем беремін
Көршілерді көргенде.
Ізетпен бас иемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.
3.Әдептілік қағидалары.

7-оқушы. Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады. Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын  – еліміздің дәстүрін ата- ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.

8-оқушы. Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті. Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс.Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.

9-оқушы. Рұқсат сұрау – адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн. Имандылық – әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

10-оқушы. Кешікпеу – бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек. Сабырлылық – адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді. Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.

11-оқушы. Ата-ананың тілегі- адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі адал болып өскенің.

Әдептілік дегенің- әрқашанда керегің,

Әсемпаздық дегенің- әуре сарсаң әлегің.

12-оқушы.Тәртіпті бала сүйініш,

Төбең бір көкке жетеді.

Ұрыншақ бала жанында,

Ұрыс пен керіс айқай шу.

Ұстамды бала маңынан,

Ұнамдылықты байқайсың.

13-оқушы. Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

4.Саяхатқа шығу ойыны. Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде үлкен қалалар бар: Астана, Ақтау, Шымкент, Атырау, Өскемен, Семей.

Ал, балалар, өздеріңе қай қалалар ұнайды? Ұнаған қаладағы сұрақтарға жауап беру керек. Сұрақтар:

1.Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? Үлкен кісімен амандасып жол беремін.

2.Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?

Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды. Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.

3.Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің? Асықпай түсіндіріп беремін.

4.Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн? Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.

5.Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек? Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.

6.Әдептілік деген не? Адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қарым-қатынасының ережелері.

5.Тренинг «Ауызша волейбол» .Допты бір-біріне берген кезде адамгершілік қасиеттер туралы сөздер айтылуы керек. Мысалы шыншыл, ұстамды, әдепті, мейірімді, тәртіпті, кішіпейіл, қайырымды, әділетті, үлгілі.


6.«Адамгершілік – асыл қасиет» пікірсайысына кезек береміз.

1.Ортаға Альмираны шақырамыз. Оның пікірінше, «Адамгершілік қасиеттерді барлық адамның бойынан байқай аламыз» дейді. Жалпы адамгершілік қасиеттерге не жатады? Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады? Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі неде деп ойлайсың?

2.Ортаға Досжанды шақырсақ, оның пікірінше «Әр адам өзінің адамгершілік қасиетімен таныла біледі». Адам бойындағы қандай адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайсың? Адамгершілік асыл қасиеттер жайында қандай мақал-мәтел, нақыл сөздер білесің?

3.Енді Надияның пікірін ортаға салайық, ол «Адамгершілік қасиеттерді дұрыс бағалау керек» дейді. Адамгершілік қасиеттерді қаншалықты бағалап жүрміз?

Сен өзің жіберген қателігіңді мойындай аласың ба? Адам адамнан несімен ерекшеленеде?

Осымен пікірсайысымыз аяқталды, бәріміз бірге қорытындысын жасайық.





7.Ой толғаныс

Венн диограмасы

Жақсы Жаман

Shape2 Shape1

Өтірік айту

Ұрлық жасау

Еріншектік

Жалқаулық




8.Сабағымызды қорытындылау мақсатында «Адамгершілік»  тақырыбында сөзжұмбақ шешеміз. Сұрақтары:

1. Ақыл және сана, бостандық иесі болып табылатын табиғаттың бір бөлігі (адам).

2. Жеке адам ұғымын білдіретін сөз (индивид).

3. Адамды аңдар қауымынан ажырататын сөз (сана).

4. Адамның өмір сүру ортасы (қоғам).

5. Адам бойындағы жарамсыз қасиеттердің бірі (қатыгездік).

6. Ішкі рухани адамгершілік қасиеттердің бірі (сенім).

7. Адамды билейтін де, илейтін де нәрсе (орта).

8. Адамгершілік қағидаларының бірі (шыншылдық).

9. Адам іс-әрекетін қозғаушы күші (қажеттілік).

10.Адам дарынының қасиетін анықтайтын сипаты (психология).

11.Адам бойындағы асыл қасиет (әділдік).

12. Ең асыл қасиеттердің бірі (ерлік).


Мұғалім: Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез-келген жағдайда кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек . Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!