«Әдептілік - әдемілік»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Әдептілік - әдемілік»

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдептілік туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ульянов жалпы орта білім беретін мектебі






Тәрбие сағаты


Тақырыбы:


«Әдептілік - әдемілік»






Сыныбы: 2,3,4


Өткізген : Ешниязова Н.Ж.









2017 жыл


Сабақтың тақырыбы: «Әдептілік - әдемілік»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, қайырымды, адамдық асыл қасиеттерді игеру, әдепті болуға үйрету, саналы азамат болу үшін жақсылыққа дағдыландыру, ата – анаға деген сүйіспеншілікті арттыру, үлкенді құрметтеуге, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: тәрбие сағаты

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Қазір біз әдептілік-әдемілік атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Әдептіліктің белгісі – иіліп сәлем бергені дегендей,

-Әдептілік дегеніміз не?

-Әдепті бала қандай болады?

Әдеп

Сыйластықты іздеген

Әдеп сақтар ізгі өрен.

Сыпайылық белгісі –

Үлкендерге “Сіз” деген.

Мұғалімнің түсіндіруі:

Қазақ халқында өзінен үлкенмен, сондай –ақ жасы кіші болса да сыйлы адаммен “Сіз” деп сөйлесу игі әдетке айналған. Бұл сыпайылықты, адамға деген сыйластықты, құрметті білдіреді. Ал “біз” деген ұғым көпшілдікті білдіреді. “Жалғыз ағаш орман болмас” деген халық мақалы бар. Сол сияқты жалғыз адам бір өзі адами қасиеттерін көрсете алмайды, оның адамдығы адамдармен бірге көрінеді.

  • Үлкенге- ізет, Кішіден- құрмет

  • Атаның мейірімі естен кетпес әрқашан!

  • Үлкендерді әрқашанда құрметтеп, көмектесіп жүру сенің басты борышың

Тыйым сөздер:

Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме

Ата – анаңа қарсы келме

Кісіге , молаға саусағыңды шошайтпа

Ішегіңді тартпа, табаныңды тартпа

Босағаны керме, босағада отырма.

Ойын "Сөз тіркесін аяқта"

1.Үлкендердің алдынан –
2. Кішкене баланы –
3. Құстарды –
4. Қыз баланы –
5. Үйге жүгіріп –
6. Сабақтан –
7. Үлкен кісіні –
8. Оқу құралдарын –

Шығармашылық тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрастыр

"Адам болам десеңіз"

Абайдың 17-қара сөзі:

Ыстық қайрат – бұл еңбек, егерде кім көп еңбек етсе, соның қайраты мол. Ал ақылың нұрлы болсын дегені - біздің ақылымыздың нұрынан басқалар шуақ алу керек. Ал “жылы жүрек” дегеніміз – бұл қайырымдылық, біз осы қасиеттерді бойымызға сіңіре білсек, ЖАҚСЫ АДАМ боламыз.

«Бой сергіту»

  • Досқа қалай болу керек?

  • Әдептілікті бізге кім үйретеді?

  • Өзіңе көрсетілген ізетке, жасалған ілтипатқа, сыйға не айту керек?

  • Көпшілік орындарда, көшеде, үйде өзін-өзі қалай ұстау керек?

  • Қоштасар сәтте қандай ниет білдіресің?

Жұмбақтас проблемалық жағдаяттар.

Сен өте асығыссың. Себебі сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала жетектеп келе жатқан қария кісіні қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққаннан жылап жіберді. Сен не істейсің?


Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тапсырды. Ал сен достарыңмен ойнап жүріп бұл өтінішті тіпті ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп, өзі үйді жинап, сыпырып қойды. Сен келгенде анаң ренжулі еді. Сенің әрекетің?


Жаңыл өзінің інісі Ернармен үйдің ауласында ойнап жүр еді. Екеуінің тұсынан көрші үйдегі Гүлнардың анасы дүкеннен келе жатыр еді, Ернар: - Гүлнар бізбен ойнасын, шақырып жіберші, - деді. Жаңыл інісінің сөзіне ұялып қалып, Ернарға түсіндіре бастады. Жаңыл інісіне не туралы айтты деп ойлайсыңдар? Ернардың орнында сендер болсаңдар, не істер едіңдер?

Бүгін анаң сенің ең жақсы көретін тамағыңды жасап берді. Сен отыра қалып, іні-қарындастарыңмен қасыла жедің де, даладағы ойынға қарай жүгірдің. Сен нені ұмыттың?

Қорытынды: «Жақсыдан үйрен,



Талапты А қылды


Т е рең ойлы Талантты



Білімді

Еңбекқор

«Жаманнан жирен».


Б ілімсіз Еріншек


Ө тірікші

Ұ ятсыз


Арсыз

Еріншек


Сау болыңыздар!

































Анықтама


Ульянов ЖОББМ «Әдептілік - әдемілік» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. 2,3,4 сыныптар аралығында барлығы 7 оқушы. Әдептілік туралы мақал- мәтел, жұмбақтар айтылды. Көріністен үзінді қойылды. Әдептілік туралы постер қорғап өз ой пікірлерін ортаға салды.

Сабақтан өздеріне ұнағандарын айтып талқылады. Үлкенді сыйлау керек екенін, кішіге құрмет көрсету керек екенін түсінді.















Сынып жетекшісі: Ешниязова Н.Ж.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2018
465
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі