Әдептілік - әдемілік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдептілік - әдемілік

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Әдептілік - әдемілік»
Мақсаты:

1. Оқушыларды адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;
2. Оқушылардың сөздік қорларын молайту, әдептілік пен әдепсіздік туралы өз ойларын қорытып, тұжырымдай білуге үйрету.
3.
Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу
Көрнекілігі: Әдептілікке байланысты сөздер суреттер, слайдтар,постерлер,маркерлер
Сабақтың жоспары
1. Кіріспе:

Топтарды таныстыру:

1-топ: «Кішіпейілділер» тобы: Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

2-топ: «Әдептілер» тобы: Аулақ жүріп жаман қылық,әдеттен,

Үйренеміз жақсы мінез,әдептен.

3-тобы: «Ізеттілер» тобы: Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.

4-тобы: «Инабаттылар» тобы: Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.

2. Ребус шешу («Әдептілік - әдемілік»)
3.Тақырыбы мен мақсатымен таныстыру(Оқушылар өздері анықтайды)

1 - оқушы:-Әдептілік - әдемілік. Әдепті адам әдемі.Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі.

2 – оқушы:- Әдемі адамның бәрі әдепті бола ма?Әдептілік дегеніміз өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білу. Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе – әдепті.

4.Негізгі кезең:

3-оқушы:- Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере лтырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсек.

4-оқушы:- Мектепке біз барғанда
Жолыққан бар жандарға
Ақниетпен пейілмен,
Қайырлы таң!- дейміз біз
Күндіз де елді елейміз
Қайырлы күн!- тілейміз.
3-оқушы: -Тағам дәмді тұзбенен
Үйдің сәні қызбенен
Деген сөзді естігем
Қыз боламын есті мен
Тазалықты қалаймын
Үйдің ішін жинаймын.

4-оқушы:-Ата - ананың тілегі - адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің - әрқашанда керегің,
Әсемпаздық дегенің - әуре сарсаң әлегің.
5– оқушы :- Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай- шу.
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды қылық байқайсың.

Мұғалім: -«Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс - әрекетті айтамыз?
6- оқушы:-Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей - ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
7-оқушы:- Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір - бірімізге кешірімді болу керек, ол да - әдептілік. Кейде кешірмейтін мінез құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді тезге салып, тез түзеу керек.

8- оқушы:- Үлкен адамға сәлем беру кіші адамның міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қария сәлем береді» деген бар. Ал кездескен кезде кіші адам үлкен сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік, сәлем беру имандылық, инабаттылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.

9– оқушы: -Сәлемдескенде, сәлем бергенде, әркім дауыстың дабырламауына, үнінің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, салмақпен, әдеппен сөйлеуге міндетті. Сөз басы сәлем дегеніміз сол.

10-оқушы:- Сыйлап сәлем беремін, 
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін, 
Апама айтып өкпесін.

11- оқушы:- Әдептілікті бізге кім үйретеді?

12-оқушы:

«Атам маған әманда»       

13-оқушы:-Әдеп, ізет, иба да - Әдеп - алтын сабырың, 
Шарайнасы жаныңның жетелейтін мұратқа.
Әдептіні сыйла да, әдеп - талап, жалының, 
Тәңіріңдей табынғын. Ақ желкенін құлатпа.

14-оқушы:- Жас - кәріге сіз деген
Жақсы үлгі іздеген.
Дос боламыз біз деген,
Ізетті ұл мен қызбенен

15-оқушы:- Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
16– оқушы :- Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ - табақты.
17– оқушы :- Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны сол қолмен.
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын
Салдыр - салақ болмағын.

5. «Мен саған, сен маған» ойыны:
-Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
-Әдепті екен бұл дейміз.
Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
- Ұқыпты екен бұл дейміз.
Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
Үлгілі екен бұл дейміз.

18-оқушы:-«Жақсы мен жаман» Қ.Баянбай (Әдебиеттік оқудан шығармаларды еске түсіру)

19-оқушы:- Абайдың «Адам болам десеңіз»өлеңін талдау

8.Ойын «Кім тапқыр?»

Шарты: Әр топ өз атынан сөздер құрастырады(1минутта)

9. Әдептілік туралы мақалдар :

10. Ассоц. карта.
«Әдептілік» тобына. Не істеуге болмайды?
«Ізеттілер» тобы: «Сыпайы сөздер»

«Инабаттылар» тобы: «Мектептегі әдептілік»
11. «Мен әдепті баламын» әні орындалады.

Хормен: - Біз Отанның балдырған ұланымыз,
Әдептілік, батылдық ұранымыз.
12. Қорытынды: - Балалар біз бүгін не туралы әңгімелестік?
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?(Сезімдерін тақтаға жүрекше- стикерлер ілумен білдіреді)
-Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Мен сендерді бүгінгі тәрбие сағатынан үйренген, білгендеріңді өмірде пайдаланып, әдепті, жақсы адам болады деп сенемін.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.08.2018
570
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі