«Әдептілік – адамгершілік бастауы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Әдептілік – адамгершілік бастауы»

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖАС МАМАНДАРҒА
Материалдың қысқаша нұсқасы


А қымова

Гүлдана

Әмірқызы

106 «Ердәулет» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі


Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Әдептілік – адамгершілік бастауы»

Мақсаты: а) Әңгімені тыңдай білуге үйрету, үлкен адамның айтқан нақыл сөздеріне көңіл бөлуге үйрету.

ә) қазақтың мақал-мәтел еліндегі ұлағатты сөздерін меңгерту.

б) үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Шаттық шеңбер

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Таза ауадан алайық

Жүрек жылуын салайық

Осы жақсы лебізді

Бір-бірімізге сыйлайық.

- Бәрекелді, қандай тамаша. Мен сендер сияқты ақылды, тәртіпті, сүйкімді балалардың болғанына қуаныштымын.

Енді орнымызға отырайық.



Шеңбер бойлай тұрып, алақан арасына қимылмен көрсетіп, бір-біріне лебізді үрлейді.



Балалар тыңдайды.



Орнына жайғасады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Әдептілік» әңгімесін оқып берейін.

Бір елдің оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қатарынан жарлы кедей өтіп бара жатып, иіліп сәлем береді.

Оқымысты да одан сайын басын иіп сәлемдеседі.

Сонда бай:

- Сонша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, кедейге сонша иіліп сәлемдескеніңіз қалай?-деп сұрайды.

Сонда ғалым тұрып:

- Ешбір ғылым – білім үйренбесе де ол кісі әдептілік көрсетіп тұрса, мен одан әдепсіз болып көрінгенім лайық па? – деген екен.

Сұрақ-жауап арқылы балалардың түсінігін толықтыру.

«Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені» - дегендей әдепті адамды сәлемдесуін байқауға болады.

Әр халықтың сәлемдесу әдебі бар екен. Қытайлар қолдарын қысып, басын иіп амандасады. Яғни «Қарныңыз тоқ па? Тамақ ішесіз бе?» - дегені екен.

Ал ауған халқы бастарын ұстап амандасады. Ол «бастарың аман ба?» дегені екен. Ал біздің қонақ жай халық төс қағыстырып амандасады.

Picture 6

Сюжетті рольді ойын:

«Қонақ келді алақай»

1. Қонақты күлімдеп күтіп алу.

2. Қолға әдеппен су құю, сүлгі ұсыну.

3. Дастархан басына, төрге отырғызу.

4. Хал жағдай сұрасу.

5. Шай ұсыну (оң қолмен, басын иіңкіреп).

6. Дәмнен алып отыруын ұсыну.

7. Қонақтан бата сұрау.

8. Қонаққа кебісін, сырт киімін ұсыну.

9. Есік алдына дейін шығарып салу.

- Балалар, қонақ келгенде де қанша әдептілік, адамгершілігіңді көрсетесің!

Сергіту сәті

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса.

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болар өзі де.

- Қонаққа барсаңда, қонақ келгенде де өзіңді әдепті ұстай білуің керек.

Әдептілік жайында тағы қандай жағдайды, қасиетті көрсетуге болады.

- Үлкенге орын беру;

- Кішіге ізет көрсету;

- Дауыс көтеріп, айқайламау;

- Ең әуелі таза, ұқыпты киіну;

- Барар жерге кешікпеу;

- Үлкеннің алдын кеспеу;

- Кісі алдында есінемеу;

- Автобуста, қоғамдық орындарда әдеп сақтау;

- Тамақ ішу әдептілігі;

- Қоғамдық орында, көлікте, үйде, балабақшада тағы да барлық жерде әдептілік жағдайды көрсетіп отыру керек. Әдепсіз қылықтан аулақ болу керек.

Осы әдептілік жайында мақал-мәтел білесіңдер ме?









Мұқият тыңдайды.









































Сұраққа жауап береді.















































Амандасу салтын 1-2 баладан шығарып көрсетеді.

























Балалар ролдерге бөлініп, костюмдерін киіп ойнайды.

Қимылмен көрсетеді, бойын сергітеді.

Атап шығады.

Мұқият тыңдайды.

1. Әдепті бала – арлы бала.

Әдепсіз бала – сорлы бала.

2. Жақсы бала – ата-аналармен мақтанар,

Жаман бала – ата-анасын қақасатар.

3. Кішіге ізет

Үлкенге құрмет.

Рефлексивті түзетушілік

- Міне, балалар! «Әдепсіздіктің не екенін әдепсіз адамды көргенде ұғынарсың» дейді.

Қай жерде болмасын өзіңді мәдениетті, әдепті ұстай білуің керек.

Қорыта келе әдепті, тәртіпті болыңдар, балалар!

Әдепті болсаң егер сен,

Үлгі тұтар халқымыз.

Әдепсіз болсаң егер сен,

Төмендетер өзіңді.


Күтілетін нәтиже

Біледі: Әңгіме мазмұнын түсініп, сыпайы болуды.

Игереді: Адамның жақсы қасиетін бойына сіңіріп, қонақ күту әдептілігін.

Меңгереді: Нақыл сөздерден, мақал-мәтелдердің мағынасынан әдептілік қасиеттерін.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.08.2018
532
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі