Шығыс Қазақстан облысы, Семей
қаласы,
«№19 жалпы орта білім беретін мектеп»
КММ,
Бекболатқызы Ұлпан
Тәрбие сағатының
тақырыбы: “Әдептілік – әдемілік”
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды кішіпейілдікке,
үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету.
Дамытушылық. Оқушылардың бойына жақсы
қасиеттерді сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту;
ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл
байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік. Оқушыларды әдептілікке,
сыпайылыққа тәрбиелеу
Міндеттері: Тақырыпты толық меңгеру.
Сөйлеу мәдениетіне төселдіру.
Өткізу
әдісі: RWCT жобасы
Сабақтың
көрнекілігі: сюжетті суреттер, мақал –
мәтелдер, өлеңдер.
Сабақтың
түрі: жаңа сабақ
Қолданылатын
стратегиялар: Аквариум әдісі, Т кестесі,
Ассоциативті карта
Тәрбие сағатының
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі. 1. Психологиялық
дайындық.
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз «біз»
Амансың ба алтын күн
Амансың ба көк аспан
Амансың ба достарым
Сендерді көрсем
қуанам.
I
кезең. Қызығушылықты ояту. Аквариум
әдісі.
Мұғалім: Демек, адам бойында
жақсы , жаман қасиеттер болады екен. Ақылдылықты, адалдықты,
қарапайымдылықты, кішіпейілдікті, шыншылдықты ата-аналарымыз,
ұстаздарымыз үйретеді екен. Жақсы қасиеттерді анамыздың ақ сүтімен,
бал тілімен бойымызға сіңіреміз. Жақсы бала осы қасиеттерді
үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болу
керек
II
кезең. Мағынаны таныту. Т кестесін
толтыру
Жақсы бала Жаман бала
әдепті әдепсіз
ұқыпты еріншек
таза жүреді тіл алмайды
мейірімді өтірікші
шыншыл нашар оқиды
білімді
Әдепсіз деп сөкпесін анама
айтып өкпесін.
Топтық тапсырмалар
беру.
І топ. Әдептілік сөзіне 5
жолды өлең
ІІ топ. Мақал- мәтелдер
айту.
ІІІ топ. Адамгершілік асыл
қасиет тақырыбында эссе жазу.
Проблемалық жағдаяттардан шығу ( Өз ойларын
ортаға салады.)
1-топ.
Сен өте асығыссың. Себебі сабаққа үлгеруің қажет.
Көшеде бала жетектеп келе жатқан қария кісіні қағып кеттің. Ол кісі
құлап түсті, немересі қорыққанынан жылап жіберді. Сенің
әрекетің.
2-топ.
Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып
қоюды өтінді. Сен достарыңмен ойнап жүріп бұл өтінішті ұмытып
кеттің. Анаң жұмыстан келіп, өзі үйді жинап, сыпырып қояды. Сен
келгенде анаң ренжулі еді. Сенің әрекетің.
3-топ.
Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң,
ауылдан келген туысқаның. Сенің анаң ешкімге есікті ашпауыңды
ескерткен. Сенің әрекетің.
( Жағдаятпен танысады. Топ ішінде талқылайды.
Сахналайды)
Мақал – мәтелдер.
-
Әдептілік белгісі – иіліп сәлем
бергенің.
-
Әдепті бала – ата-анасың мақтатар,
Әдепсіз бала – ата-анасың
қақсатар.
-
Сәлем – сөз анасы.
-
Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы
бала.
-
Кішіден ізет, үлкеннен құрмет.
-
Тәртіпті бала – сүйініш, төбең көкке
жетеді,
Тәртіпсіз бала – күйініш,
төмендеп басың кетеді.
7) Әдептің не
екенін-
Әдепсіз адамды көргенде білерсің.
8) « Сіз» деген -
әдеп,
« Біз» деген - көмек.
9) Кішіпейілділік - кісінің
көркі.
10) Күлме досыңа, келер
басыңа.
11) Өзіңді өзің
сыйламасаң,
Өзгеден сый
күтпе.
Т
кестесін толтыру
«Не істеуге болмайды?» «Не істеу
керек?»
Сабақтан кешігуге Үлкендерді
сыйлау керек Сыныпта айғайлауға Ата-аналардың тілін алу
керек
Кішкене балаларды ренжітуге
тәртіпті болу керек
Ысқыруға оқу құралдарын
күтіп, таза ұстау керек
Үлкендердің жолын кесуге
сабақты жақсы оқу керек
Құстарды атуға
III кезең. Ой толғау.
Ассоциативтік карта .
Көмектесу ата-ананы тыңдау рұқсат
сұрау
Тәртіптілік
Жол беру
Кешірім сұрау
ӘДЕПТІЛІК
Шыншыл болу
Қарапайым болу
рахмет айту
Еңбекті сүю адамгершілік