2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Әдептілік-әдемілік

Әдептілік-әдемілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдептілік-әдемілік
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақтың тақырыбы:Әдептілік -әдемілік

Мақсаты:Оқушыларды адам бойындағы ұнамды,ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту.Әдеп,әдептілік туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекіліктері:мақал-мәтелдер, ребус,топтық тапсырма т.б.

Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі 1.Психологиялық дайындық.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

Өте тамаша, енді тақтаға назар аударайық.

2. Ребус шешу («Әдептілік - әдемілік»)

-Балалар мына ребусты шешіп көрейікші .Сандарды ретімен қойғанда қандай сөздер шығады екен.

90

70

10

40

60

50

20

80

30

80

20

40

60

30

10

50

70

к

л

Ә

п

і

т

д

і

е

к

д

м

л

е

ә

і

і

3.Тақырыбы мен мақсатымен таныстыру (Оқушылар өздері анықтайды)

1 - оқушы:-Әдептілік - әдемілік. Әдепті адам әдемі.Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі.

2 – оқушы:- Әдемі адамның бәрі әдепті бола ма?Әдептілік дегеніміз өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білу. Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе – әдепті.

3-оқушы:-Ата - ананың тілегі - адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің - әрқашанда керегің,
Әсемпаздық дегенің - әуре сарсаң әлегің.
4– оқушы :- Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай- шу.
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды қылық байқайсың.

-Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік жайлы болмақ. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысу керек.Олай болса өз топтарымызды таныстырып өтейік.Қай топ тапсырмаларды орындағанда сөздер беріп отырамын.Сабақ соңында қандай баланың бейнесін жасап шығады екенбіз.

4.Топтарды таныстыру:

1-топ: «Кішіпейілділер» тобы: Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

2-топ: «Әдептілер» тобы: Аулақ жүріп жаман қылық,әдеттен,

Үйренеміз жақсы мінез,әдептен.


3-тобы: «Ізеттілер» тобы: Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.

5.Әр топқа тапсырма беріледі.

1) 1-топ Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

2-топ Ситуациялық жағдай Әдептілік Ы. Алтынсарин
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
-Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен.

• Жарлы адам мен ғалымның кішіпейілділігі олардың қандай іс - әрекеті арқылы көрінеді?

3-топ Менің көзқарасым (сұрақ-жауап)

Сұрақтар:

  • Қандай жақсы сөздерді көп қолданасыңдар?

  • Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

  • Ал жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

  • Жақын адамдарыңа қандай жылы, жақсы сөз айтқыларың келеді?

  • Әр адамның жүрегі мейірімді де, қайырымды болу үшін не істеу керек?

Жақсы қасиетті кімнен үйренеміз?

6.Мақал-мәтелдің жалғасын табу

*Әдепті бала- арлы бала,

Әдепсіз бала- сорлы бала.

*Әдептілік белгісі,

Иіліп сәлем бергені.

*Ашу- дұшпан, ақыл- дос,

Ақылыңа ақыл қос.

*Аға әдепті болса,- іні әдепті
Апа әдепті болса, - сіңілі әдепті.

*Сіз деген- әдеп,

Біз деген- көмек.

* Ұлық болсаң- кішік бол.

* Үлкенге құрмет кішіге ізет.

*Әдепті бала ата- анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.

* Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма.

*Әдепті бала кездессе, сәлем берер бас иіп,

Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.

*Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені,
Жақындықтың белгісі көп кешікпей келгені.

*Әдептің не екенін,
әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.

*Әдепсіз бала ауыздықтанған атпен тең ,

Ақылды қария жазып қойған хатпен тең.

7. Ойын «Жалғастыр»
1 топ «Не істеуге болмайды?» Жалғасын тауып жазу.

- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
2 топ «Не істеу керек?»

- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқор болу керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

-Тәртіпті-----------------(болу керек)

3 топ «Мен саған, сен маған» ойыны:
-Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
-Әдепті екен бұл дейміз.
Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
- Ұқыпты екен бұл дейміз.
Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
Үлгілі екен бұл дейміз.

« Ақиқат немесе жалған» ойыны

Шарты: Айтылған пікір ақиқат болса, қол соғыңдар, айтылған пікір жалған болса, үндемей отырамыз.

Пікірлер:

Үлкендердің алдынан кесіп өтпеймін. Мен ұрлық жасағанды ұнатамын.

Ініме оқку үйретемін.  Кішкентай баланы ұрмаймын.

Итті аяғыммен тебемін. Ойыншығымды ешкімге бермеймін.

Сабақтан кешікпеймін. Досыма көмектеспеймін.

Нанды шашпаймын, аяғыммен баспаймын.

Бас киімді доп қыламын. Анама ренжітіп сөздер айтамын.

Дәптерлерімді, кітабымды таза ұстаймын. Әкемнің айтқанын тыңдаймын.

Үлкендерге сәлем беремін. Ешкімнің айтқанын тыңдамаймын.

Күлді баспаймын. Жақындарыма көп жақсылық жасаймын.

Жарайсыңдар сендер ізетті баласы екенсіңдер, жарайсыңдар!

8. Топтарға тапсырмалар.

1 топ ізеттілік,инабаттылыққа байланысты «алтын» сөздер жазады.Оны оқып береді.Мысалы: рақмет, кешіріңіз, рұқсат па? Т.б.

2 топ Ізеттілік,инабаттылыққа байланысты «алтын» сөйлемдер жазады.Оны оқып береді.Мысалы: Әже ертегі оқып бересіз бе ?өтінемін Кешіріңіз мына жерге отыруға бола ма?Т.б.

3 топ Ізеттілік,инабаттылыққа байланысты диалог құрастыру.

Қорытынды: Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. Әр адам өзін кез-келген жағдайда, кез –келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де, әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдептілік барлық адамға жарасатын қасиет. Олай болса, әдептілік, әдеп сақтаудан басталатынын ұмытпағанымыз абзал.


Ән: «Ұстазым»


21 Желтоқсан 2017
1170
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі