Материалдар / "Әдептілік әдемілік белгісі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Әдептілік әдемілік белгісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
пән мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2019
498
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану сабағының жоспары


Мектеп: Құрманғазы Сағырбайұлы ат жом

Мерзімі: 05.02.2019 жыл

Мұғалім: Г.Абуева

Сыныбы: 3 « б » Оқушы саны:

Тақырыбы: «Әдептілік - әдемілік белгісі» ашық сабақ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Әдептілікке, сыпайылыққа


Мақсаты: Оқушыларға әдептіліктің маңыздылығын түсіндіру арқылы дұрыс әрекет құндылықтарының мәнін ашу.

Міндеттері:
1.Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу;
2.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту;
3.Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;





Ұйымдастыру кезеңі

5 «Т» ережесін еске түсіру

- Сәлеметсіздер ме, балалар, көңіл- күйлерің қалай? Сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне жинала қояйық. -Балалар, «Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені» дегендей, әдепті адамға ең алдымен сәлемдесу қажет. Әрбір халықтың сәлемдесу әдебі бар екен. Қытайлар қолдарын қысып, басын иіп амандасады екен. Айтқан сөзінің мағынасы, яғни ол «Қарныңыз тоқ па? Тамақ ішесіз бе?» дегені екен. Ал енді ауған халқы бастарын ұстап амандасады екен. Ол «Бастарың аман ба?» дегені екен.Ал біздің қазақ халқы қалай амандасады? Иә, өте дұрыс. Біздің халық төс қағыстырып амандасады. Қане, бәріміз бір-бірімізбен амандасып алайық. (Бәрі осылайша амандасады). - Ал, енді амандасып болсақ, мына үстел үстінде 3 түсті қима қағаздар тұр. Оның ішінде әннің тақырыбы жазылған. Енді, балалар, кімге қандай әннің тақырыбы түсті? Қолдарыңыздағы тақырыптары бірдей әндері барлар топтаса қойыңыздар. Топтасып болсақ, қолымыздағы әніміздің тақырыбы бойынша ән шырқап, орнымызға отырайық. Сынып оқушылары 3 топқа бірігеді: «Достық», «Мейірім», «Инабат».

Жақсы, рахмет, орнымызға жайғасып болсақ, үйге қандай тапсырма беріліп еді? Әр топ ортаға шығып, жағдаятты сахналаймыз. Қалған топ талдайсыздар. 1-топ. Мектеп дәлізіндегі әдептілік («Достық» тобы) 2-топ. Сынып ішіндегі әдептілік («Мейірім» тобы) 3-топ. Мәдени-көпшілік орындағы әдептілік («Инабат» тобы) Осы жағдаяттар бойынша әр топ көрініс сахналап, қалған топтар бір-бірінің көрінісін талдап, өз ойларын айтады.Міне, балалар, өздеріңіз сахналап талдап отырған жағдаяттарыңыз осы өмірде кездеседі екен. Өз іс-әрекетіңізден ұялған кезіңіз болды ма ? 1.Әдепті адам бойында қандай қасиеттер болуы қажет? 2.Адамгершілік деген не? 3.Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер? Әдепсіз бала қандай болады? Қандай ой түйеміз? І топ - Дәлізде жүгірмей мәдениетті жүру керек. - Үлкендерге орын беру - Кішілерге ізет көрсету - Дауыс көтеріп айқайламау

ІІ топ - Сабаққа кешікпеу - Тыныштықты сақтау - Амандасу

ІІІ топ - Ең алдымен таза, үйлесімді киіну керек. - Кешікпей бару керек. - Кешіксеңіз, көрермендерден кешірім сұрай отырып, өз орныңызды табыңыз. - Қатты қол шапалақтап, ысқыру – әдепсіздік белгісі. - Концерт аяқталмай орныңнан тұрып кетпеу керек. - Қоғамдық орындарда тыныштық сақтау керек.


Дәйексөз Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі
Халық мақалы

Дана сөзді оқу Дана сөздің мәнін ашу . Оқушыларға дәйексөзді 3 - 4 рет қайталату және дәптерге жазу, жаттау.


Мұғалім сыйы Әдептілік
Ы. Алтынсарин
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен.
• Жарлы адам мен ғалымның кішіпейілділігі олардың қандай іс - әрекеті арқылы көрінеді?
• Әңгімеден қандай ой қорытуға болады?


Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?» Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі.Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)


«Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)


Шығармашылық жұмыс
Сурет бойынша әңгімелету. Суреттерді бояу. Адамгершілік, сыпайылық қарым - қатынас қасиеттерді үйрену керектігін әңгімелеу.


«Құпия хаттарға» жауап беру
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі.Жауабын әр топ ойланып , ақылдаса отырып айтады.
Хоттардың мазмұны:
1 хат.Құрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?
2 хат.Құрметті достар!Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
3 хат. Құрметті достар!Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді.
Мен не істеуім керек?


Топпен ән айту. Мен әдепті баламын

Сөзі – У. Бекетовтікі

Әні – И. Нүсіпбаевтікі

Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,

Мінезімнен теріс қылық таппайды.

Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,

Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.


Қайырмасы: Айтқан тілді аламын,

Айтқан жерге барамын,

Мен әдепті, мен әдепті баламын.


Тілін алып кішінің де кәрінің, Айтқанынан шығып жүрмін бәрінің . Ата – ананың айтқанынан шығуды, Әдептілік белгісі – деп таныдым.


Қайырмасы: Айтқан тілді аламын, Айтқан жерге барамын, Мен әдепті, мен әдепті баламын.


Үй тапсырмасы Әдептілікке байланысты мақал – мәтелдер жазып, жаттап келу.


Соңғы тыныштық сәті.

  • Балалар, бүгінгі сабағымызда өз ойларыңызды ортаға салдыңыздар. Адамгершіліктің қатып қалған қағидасы жоқ. Әр адам адамгершілікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғатынан бойына сіңіреді. Сіздер өмірде қиындыққа мойымай, еш кедергісіз алға қадам басыңыздар. Ғабиден Мұстафин «Адамшылықты айта бергеннен гөрі көрсете біл» деген. Біздің мектебімізде адамгершілігі мол оқушылар көбейе берсін деп сабағымызды аяқтаймыз.






Оқу ісінің меңгерушісі: Л.Қалиева

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!