«Әдептілік-әдемілік белгісі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Әдептілік-әдемілік белгісі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Әдептілік-әдемілік белгісі»

Мақсаты :Балаларды әдептілікке, кішіпейілдікке, адамгершілікке тәрбиелеу, жастайынынан бойларына адами құндылықтарды қалыптастыру.

Міндеттері:

1.Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу;

2.Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. ” Әдеп”,” әдептілік” туралы түсініктерін кеңейту;

3.Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

-Балалар,”Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені”дегендей, қане, бәріміз бір-бірімізге иіліп амандасайық

Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, слаидтар, техникалық оқу құралдары

Өтілу әдісі: әңгіме, ой бөлісу, сұрақ-жауап, бейнетаспа көрсету,ертегі терапиясы.

Тәрбие сағатының барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

а/Ой бөлісу

ә/Бейнетаспа: «Әдептілік»

б/ Ойын «Жалғастыр»

в/ Сергіту сәті

г/ Мақал-мәтелдер

д/ Мультфильм

III. Қорытынды


Әдеп

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.


-Бүгін біз әдептілік,әдемілік туралы әңгімелесеміз

-Әдептілік деген не? Оны қалай түсінесіңдер?

-Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар? Әдепті бала болғың келеді ме?

-Әдепсіз дегенді қалай түсінесің? Әдепсіз бала қандай болады?

-Әдептілікті бізге кім үйретеді?

Адам баласының бойында жақсы да,жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты,адалдықты, қарапайым кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді.

Біздің халқымыздың әдепті де сыйластық қарым-қатынасқа ежелден-ақ көңіл бөліп келгендігі баршамызға белгілі.Ұрпақтан-ұрпаққа туысқан бұл өнегені біз қазақтың мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерінен молдап ұштастырамыз. Қазақ халқына тән дарқан қонақжайлылық,үлкенді құрметтеу,ағайын туғанға бауырмалдық,аталы сөзді қадір тұтып,уәдеге тұра білу,жас ұрпақты әдептілікке,кішіпейілділікке тәрбиелейді.

-Олай болса,бүгінгі тәрбие сағатымыз “Әдептілік-әдемілік белгісі” деп аталады...


Әңгіме “Әдептілік”( слайд)

Әдептілік мектебі”(видео)

Адами құндылықтар”(видео)



Ойын “Жалғастыр”

Не істеуге болмайды?

-Үлкендердің алдынан.........кесіп өтуге болмайды

-Кішкентай баланы ............жылатуға болмайды

-Құстарды.................атуға болмайды

-Сабаққа.............кешігуге болмайд

-Сыныпта................айқайлауға болмайды

Не істеу керек?

-Үлкен күсіні..........сыйлау керек

-Үлкеннің тілін..........алу керек

-Үлкендерге..............сәлем беру керек

-Кішілерге..............қамқор болу керек

-Оқу құралдарды...........күтіп ұстау керек


Сергіту сәті

-Балалар,әдемі билеу де әдептілікке жатады екен.Олай болса “Қара жорға” биін билейік


Мақал-мәтелді жалғастыр

1.Сіз деген әдеп............(Біз деген көмек)

2.Әдептің не екенін.......(Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың)

3.Әдепті бала-арлы бала.........(Әдепсіз бала соры бала)

4.Аға әдепті болса,іні әдепті......(Апа әдепті болса,сіңілі әдепті)


Мультфильм “Әке мен бала”

Қорытынды (әр баланың еңбегі мадақталып, табысқа бағытталады)

-Балалар,сонымен әдептілік деген ар-ұяттың,әдеміліктің белгісі,адамдық қасиеттердің көрінісі екенін түсінген боларсыңдар :Әр адамнын өзінің ішкі дүниесінің таза,ақ болуын қадағаласа, істеген ісі соған сай әдепті,инабатты болмақ.Егер сендер бала күндеріңнен әдепті,тәртіпті болып өссеңдер,есейе келе ата-анаңның,өз Отаныңның мақтанышы боласыңдар.


Сүйме,сезбек,кейімек,

Хареқет қылмақ жүгірмек.

Ақылмен ойлап сөйлемек,

Ақыл керек,ес керек,мінез керек.

А.Құнанбайұлы







































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2021
499
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі