400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әдептілік әлемі. Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдептілік әлемі. тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп


Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Әдептілік әлемі


Сабақтың мақсаты:

Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрете отырып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар


Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Психологиялық тренинг жүргізеді

Мақсаты: Оқушылардың қиындық туындаған жағдайда кімге сенәм артып, көмек сұрайтынын анықтау.



Жаңа сабаққа кіріспе


Миға шабуыл:

· әдептілік дегеніміз не? Қалай түсінесің?

· әдепті бала қандай болу керек?

· әдепті бала болғын келеме?

· әдепсіз бала қандай болады?

· әдептілікті кім үйретеді?

«Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан» - деп

Абай атамыз айтқандай, кішіге мейірімді, досыңа қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң, өсе келе ата - анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың. Бүгін, балалар, біз «Әдептілік әлемі» деген тақырыпқа ертеңгілік өткізгелі отырмыз


Ереже қабылдау. Тақтаға ілу.

1. Тыныштық сақтау.

2. Бірін - бірі тыңдау.

3. Қол соғу.

4. Ойын ашып айту.

Әдепті бала - арлы бала,

Әдепсіз бала - сорлы бала.

Татулық - табылмас байлық.

Сіз деген әдеп,

Біз деген көмек, деген тақтадағы мақалдарды оқып, оқушылармен бірге талдау




Сабақтың ортасы

26 мин.

Оқушылар, сонда адам бойындағы жақсы мен жаман қасиеттер болады екен. Сол қасиеттерді, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті үлкендер үйретеді.

Оны бізге ақ жаулықты аналарымыз, ақ сүт бере отырып, ана тілімен үйретеді. Адам болатын бала жақсы қасиеттерді үйреніп, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуы керек екенін мына өлеңдерден аңғаруға болады.


Саят:

Ата - ананың тілегі,

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі,

Адал болып өскенің.

Инабат:

Қалдыратын ұятқа,

Жалған сөзге төзбеймін.

Жеткізеді мұратқа,

Тек шындықты көздеймін.

Кенжебек:

Алдын орап кісінің,

Кесіп өтпей көлденең

Ізетімен кішінің,

Сәлемдесіп қол берем




Жалғастыр ойыны

Не істеуге болмайды? Осы сөз үлкен етіп жазып, тақтаға ілінеді. Мұғалім бастапқы сөзін бастап айтады, оқушылар жалғастырады.









Не істеу керек?


1. Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.

2. Есікті керуге болмайды.

3. Бейуақытта ұйықтауға болмайды.

4. Ауызды ашып есінуге болмайды.

5. Қатты дауыс көтеріп күлуге болмайды.

6. Үйге жүгіріп кіруге болмайды.



1. Үлкенге ізет, кішіге көмек көрсету керек.

2. Үлкендерге қол беріп сәлемдесу керек.

3. Аналар мен қыздарды құрметтеу керек.

4. Қателігінді қашан да мойындау керек,

5. Досқа адал болу керек.



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Р ефлексия

7 мин.


Қорытынды. Оқушылар, бүгін біз сендермен әдептілік жайлы әңгіме қозғадық. Әр адам өз - өзін кез - келген ортада тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуге тәрбиелеуі қажет. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баулап, өзінің ақылдылығын танытып отырады. Сонымен «Әдептілік әлемі» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті деп мен сендермен қоштасамын.

Рисунок 23






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
172
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі