Материалдар / «Әдептілік,ар-ұят - адамдықтың белгісі.» атты ашық тәрбие сағаты

«Әдептілік,ар-ұят - адамдықтың белгісі.» атты ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағатынын мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке,қарапайымдылыққа,кішіпейілдікке, әдептілікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Адам бойындағы ұнамды,ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып,үлкендерді сыйлауға,адамгершілікке баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2024
61
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беру мектебі










Ашық тәрбие сағаты





Тақырыбы:


Әдептілік, ар-ұят - адамдықтың белгісі.



10 сынып













Сынып жетекшісі: Саудабаева Н.А.
























Тақырыбы:

«Әдептілік,ар-ұят - адамдықтың белгісі.»


Күні:

30.09.2024ж

Сыныбы

11

Мақсаты:

Оқушыларды адамгершілікке,қарапайымдылыққа,кішіпейілдікке, әдептілікке,еңбексүйгіштікке,өз халқының салт -дәстүрін үйрене отырып,жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.Адам бойындағы ұнамды,ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып,үлкендерді сыйлауға,адамгершілікке баулу.

Міндеті:

Оқушының адамгершілігін,мәдениетін, ар-ұятын қалыптастыру, оның санасына адами құндылықтарды сіңірту.


Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурсы

Кіріспе

5 мин


Сәлеметсіздерме,құрметті оқушылар !

"Әдептілік,ар-ұят-адамдықтың белгісі" атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.Бұл тақырып адам баласының барлығын толғандыратын ерекше ой салатын тақырып деп ойлаймын. Тақтада түрлі - түсті қағаздарда жазылған сұрақтар бойынша тәрбиелеушілерді сұрақ-жауап арқылы сөйлетемін , ой өрісін,тіл байлығын дамытамын.

Адамның бойында алуан түрлі қасиеттер болады.Ол қасиеттер адамды жақсы және жат жағынан көрсетеді.Дүниеде жаман адам болмайды,жаман қасиеттер болады.Осы жақсы қасиеттерді адам баласы бойына ұстап ,жат қылықтарға жол бермеуі тиіс,оны жеңе білу керек.Жаратылыстың өзі қарама-қарсы нәрседен тұрады:ақ-қара,күн-түн,жақсы-жаман,ыстық-суық.

Әдептілік қасиетін шыншыл,әділ,берген уәдесіне тұру қасиеті ,еңбекқор,кішіпейіл сияқты қасиеттерді жатқызуға болады.

Ал,әдепсіздікке жоғарыда айтылған қасиеттердің кері болуы,яғни,біреуге жамандық ойлау,ұрлық жасау,біреуді алдап кету т.б. қасиеттер жатады. Ақ көңіл,жарқын жүз,ашық қабақ адамның аяулы қасиеттерінің бірі.


Сәлемдесіп, топқа бөлінеді


  1. Әдептілік деген не?

Оны қалай түсінесіңдер?

  1. Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар?

3) Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер?

4) Әдепсіз бала қандай болады?

5) Әдептілік,әдепсіздік қасиеттерге не жатады?


Топ аттары,"Құпия хат",бейнетаспа, магнитофон.

Нақыл сөздер

Сабақ барысы35 мин

1.Әдептілік,ар-ұят-адамдықтың белгісі.

2.Әдепті бала-арлы бала. Әдепсіз бала-сорлы бала.

3.Адамның сәні-өнер,білім,ақылы, Жердің сәні-жеміс - өнім,дақыл, Сөздің сәні-өнегелі,өтірік,нақыл. Пікірдің сәні-ең пайдалы мақұлы.

Адамдар бірін-бірі жақсы көрсе,сыйласа,ренжітпесе жамандық атаулы болмаған болар еді.Ендеше жақсылықты өзгеден күтпей,әр адам өзі көрсетіп отыруға құштар болған жөн.

Ал,балалар Бердібек Соқпақбаевтың шығармасына қойылған "Менің атым Қожа" фильміндегі Қожаның бейнесін талқылайық.Анасын бірнеше мәрте ренжіткен Қожаның қылықтарына мысал келтірейік.

"Ана","Әке" жайында әндер тыңдалады.

Сұрақ:1)Ата-аналарыңды,ұстаздарыңды ренжіттіңдер ме?Өзіңнің қателігіңді түсіне білесің бе?

2)Үлкендерді,ата- аналарыңды,ұстаздарыңды,достарыңды қуантқан сәттеріңді еске түсіріңдер.Қалай қуанттың?

Тәрбиеші:Ренжіткен жақсы ма?Қуантқан жақсы ма?

Сахыналық көрніс:

1) "Адамдықтың белгісі - иіліп сәлем бергені".Екі оқушы денешынықтыру сабағында жағадан алысып,ренжісіп қалды.Ертесіне құшақ түйістіріп амандасты.

Адам бір-бірімен кездесе қалса,өзара сәлемдесуге міндетті.Олар дос па,араз бабәрібір.Сәлемді естіген әрбір адам оны қабыл алып,жауап беруі қажет.Бұл-парыз. Тәрбиеленушілерге кекшілдік абырой әпермейтіндігін ұғындыру.

2) Жолда келе жатқан кісі мұздан тайып құлады.Қолындағы сөмкесінің ішіндегі заттар шашылып қалды.Балалар қасынан көмек көрсетпей өте шықты.

Сендер мұндай жағдайда қайтер едіңдер?


Топпен жұмыс,сұрақ-жауап.


Оқушылар сұраққа жауап береді




Оқушылар көзін жұмып,бір сәт ойлануға уақыт беріледі.




Оқушылар сахналық көрінісін құрады

Нақыл сөздер:


Сабақтын соңы 5 мин

Қорытынды

А.Құнанбаевтың 38-ші қара сөзін магнитофоннан тыңдаймыз.Бала барлық қасиеттерді үйреніп,жаман әдеттерден,ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.Үлкенді сыйлап,кішіге қамқорлық көрсете білудің тәрбиелік маңызы зор.Адам ең алдымен иманды,адал,әдепті де болуға тиіс.


1."Өткірдің жүзі,кестенің бізі

Өрнегін кісендей сала алмас" /Абай/

2."Досы көпті жау алмас,

Ақылы көпті дау алмас"

3."Ақылды мақтанса,іс тындырар

Ақымақ мақтанса,тіс сындырар"

4."Өтірік айтып жағынғанша

Шыныңды айтып жалын"

5."Әдепті бала- арлы бала

Әдепсіз бала-сорлы бала"

6."Әдептілік,ар-ұят,адамдықтың белгісі

Нақыл сөздердің мазмұнын айту,оқу



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ