Тақырыбы: Əдептіліктің алтын ережелері
Мақсаты:Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа,
кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, сыпайылыққа, өз
халқының салт–дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға
тәрбиелеу. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата
отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным
белсенділіігін арттыру.
Әдісі: пікір алысу, ойын, жағдаяттарды шешу,
көріністерді талқылау.
Көрнекілігі: «Әдептіліктің алтын ережелері»
презентациясы, шарлар, гүлдер, даналық сөздер жазылған
плакаттар.
Пән
аралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиеті.
І.
Ұйымдастыру
Топқа бөлу (топ аттарын қанталапай ойыны арқылы
қойылады)
Топ
аттары: Әдемі, Көркем, Адал, Мейірім.
ІІ.
Ой шақыру
Тақтада әр түрлі суреттер көрсетіледі, соған
қарап оқушылар өз ойын айтады.
Әдептілік — адам бойындағы
жағымды қасиет, оның қоғамда
қабылданған әдеп талаптарын мінсіз
орындауы. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында
Ә-кеерекшемәнберіледі. Әбу Насрәл-Фараби “Қайырымдық ала
адамдарының көзқарастары” атты еңбегінде Әдептілік әрбір жеке
тұлғаның рухани байлығы деп есептейді. Ғұламаның
этика жөніндегі тұжырымдарында жақсылық, мейірбандық
категориясы басты орын алады. Сондықтан мейірбандық әдептілік
ұғымын толықтыра түседі, оны ұдайы жетілдіріп отырады.
М. Жұмабаев 1922 жылы жазған “Педагогика” оқулығында:
Әдептілік мәдениеттілік, тәрбиенің нақты іске асқан үлгісі екенін
айтқан. Педогогика ғылымында әдептілік гуманистік әдептілік,
демократиялық әдептілік және діни әдептілік болып
бөлінеді.
а)
Гуманистік әдептілік — оқу-ағарту жүйесін және жоғары
мәдениеттілікті арттыруға негізделген;
б)
Демократиялық әдептілік — қоғамның рухани дамуы мен экономикалық
жетілуінің басты мәселесі ретінде шешуші рөл
атқарады;
в)
Діни әдептілік — гуманистік және демократиялық
әдептілікті жүзеге асырудың бір тірегі болып
табылады.
-
Біздің халқымыздың әдепті де сыйластық қарым-қатынасқа ежелден-ақ
көңіл бөліп келгендігі баршаңызға белгілі. Ұрпақтан-ұрпаққа туысқан
бұл өнегені біз қазақтың мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерінен молдап
ұштастырамыз. «Әдептілік иесі – иіліп сәлем бергені. Ұлық
болсаң-кішік бол, Кішіпейілділік – кішілік емес кісілік» - деп ой
тарқатып, сөз маржандары халқымыз ұстанған тәлім-тәрбиенің жүйелі
бағдарын меңзейді. Қазақ халқына тән дарқан қонақжайлылық, үлкенді
құрметтеу, ағайын туғанға бауырмалдық, аталы сөзді қадір тұтып,
уәдеге тұра білуге, жас ұрпақты әдептілікке, кішіпейілділікке
тәрбиелеу тұрғысындағы озық дәстүрлер қазіргі кезде де ұнасымды
жалғасып, бүгінгі өмірімізбен үйлесім тауып отыр
Негізгі бөлім:
ІІІ. Мақал
сөздің-мәйегі (бірінші топ келесі топқа мақалдың басын айтады,
келесі топ жалғасын айтады)
Әдепті бала — арлы бала,
Әдепсіз бала — сорлы бала.
Жақсыдан үйрен - жаманнан жирен
Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені,
Жақындықтың белгісі — келіп – кетіп жүргені.
Аға әдепті болса - іні әдепті
Апа әдепті болса - сіңлі әдепті
Ұқыптының тоны тозбас,
Ұқыпсыздың ісі оңбас.
Ұлық болсаң..Кішік бол
Жақсыдан үйрен… Жаманнан жирен
Атаңның баласы болма… Адамның баласы
бол
Не
істеуге болмайды?
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
-
Құстарды ...........................(атуға
болмайды.)
- Қыз
баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға
болмайды.)
Не
істеу керек? (бұл да сол сияқты жүргізіледі)
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау
керек.)
«Құпия хаттарға» жауап
беру
Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып
беріледі.Жауабын әр топ ойланып, ақылдаса отырып айтады.
Хаттардың мазмұны:
1 хат. Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі
өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп
ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?
2 хат. Құрметті достар! Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап
жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен
онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос
болайын ба, айтыңдаршы?
3 хат. Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады.
Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді.
4 хат. Құрметті достар! Мен далада досыммен ойнап жүр едім, доп
досымның басына тиіп кетті, досым маған ашуланып ұрсып жіберді,
менде ашуланып қатты қатты сөз айттым енді досым менімен ойнамайды.
Бірақ менің ойнағым келеді, не істесем болады?
Шығармашылық
жұмыс
Парталарыңыздың үстінде екі парақ қағаздың біріне
адам бойындағы жаман қасиеттерді жазыңыздар. Екінші параққа адам
бойындағы жақсы қасиеттерді жазасыздар.
Жазып болсақ, жаман қасиеттерді жазған қағаздарыңызды бүктеп қоямыз
да ал жақсы қасиеттерді оқимыз
Мұғалім: осы жаман қасиеттерден аулақ болу үшін манағы жазған
жағымсыз қасиеттерді жыртып тастайық.
Балалар, енді әдептіліктің алтын ережелері туралы не айта
аласыңдар? Соны алдарыңыздағы плакатқа жазамыз және де осы ережені
бұзған оқушыларды қалай жазалаймыз?
(постерлерді қорғау 10 мин)
Қорытынды: Балалар, енді осы өздерің
жасаған «Әдептіліктің алттын ережелеріне» бағынып, оны бұзбай
орындауға сөз бересіздер ме? «Әдепті бала арлы бала, әдепсіз
бала сорлы бала» демекші, әдепті, тәрбиелі, мейірімді, ата ананың
сөзін жерге тастамай, кішіпейіл, ұқыпты, үлкенді сыйлап, кішіге
ізеттілік танытып жүрейік. Достарымызды сыйлап, кешірімді болғанда
ғана біз еліміздің
азаматы мен азаматшасы
боламыз.