"Әділ заң — аспан тірегі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әділ заң — аспан тірегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл презентацияның мақсаты — заңның қоғамдағы маңыздылығын түсіндіру және әділдік ұғымын тереңірек ашу. Презентацияда заңның әділдігі, оны сақтау қажеттілігі және қоғамдағы тәртіп пен әділеттілікті орнатудағы рөлі туралы сөз болады. Оқушыларға әділ заңның адам құқықтарын қорғау, әділетсіздікті болдырмау және қоғамның тұрақты дамуына әсер ететіндігін түсіндіру маңызды.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Әділ заң-аспан тірегі


Page 2

Заң — қоғамдағы бейбітшілік пен әділеттілікті
қамтамасыз ететін және адамдар арасындағы
қатынастарды реттейтін құрал. Ол адамның
құқықтарын зорлық-зомбылықтан, ұрлықтан
және басқа да қол сұғушылықтардан қорғайды.


Page 3

Заңдар қоғамдағы тәртіп пен тепе-теңдікті орнатады. Бауыржан
Момышұлы атамыз айтқандай, «тәртіпке бас иген адам құл
болмайды». Сондықтан, әр адамның және жалпы қоғамның басты
міндеті — ол заңға бағыну. Егер заңдар болмаса қоғамда тәртіпсіздік
пен бассыздық орын алатын еді. Мұндай ортада өмір сүру
қорқынышты болып, сізді қылмыскерлер мен бұзақылардан
қорғайтын күш болмайды.


Page 4

Барлық адамдар заң алдында тең. Ол
адамға не үшін қажет? Заңдардың
арқасында адамдар өздерін әдептілік
шеңберінде ұстап, құқық бұзушылық
әрекеттер жасамауға тырысады. Бұл
нормативтік-құқықтық актілер қоғамда
маңызды рөл атқарады. Олсыз өмірімізді
елестету мүмкін емес. Заңдар болмаған
жағдайда, біз қорғаусыз қалып, өзіміздің
және жақындарымыздың болашағына
үреймен қарайтын едік.


Page 5

30 – ТАМЫЗ ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕ АЙТУЛЫ МЕРЕКЕЛЕРДІҢ БІРІ. ТҰҢҒЫШ
ПРЕЗИДЕНТІМІЗ – ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВТЫҢ
БАСТАМАСЫМЕН ҚАЗІРГІ АТА ЗАҢЫМЫЗ ҚАБЫЛДАНҒАН КҮН. БҰЛ
ҚАДАМ ТЕРЕҢНЕН ТАМЫР ТАРТАТЫН МЕМЛЕКЕТТІГІМІЗДІ ТЫҢ ӨРІСКЕ
БАСТАП, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КҮРДЕЛІ ГЕОСАЯСИ
ЖАҒДАЙДАҒЫ ДАМУЫНЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫН АЙҚЫНДАҒАН КҮН
БОЛҒАНЫ БЕЛГІЛІ. ЕЛІМІЗДІҢ КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕЛГІЛЕНГЕН
АДАМ ҚҰҚЫҒЫ МЕН БОСТАНДЫҒЫ, САЯСИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ҚАҒИДАТТАРЫ ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ МЕН
ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ АЙНЫМАС ТҰҒЫРЫНА АЙНАЛДЫ. ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН АТА ЗАҢ - ХАЛЫҚ БИЛІГІ, ТЕҢДІК, БІРЛІК, ЗАҢ
ҮСТЕМДІГІ СИЯҚТЫ ҚАСТЕРЛІ ҰСТАНЫМДАР ҚАЛЫПТАСЫП,
ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕЛЕШЕКТЕГІ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМУ БАҒДАРЫНЫҢ
МАЗМҰНЫН АЙШЫҚТАЙ ТҮСТІ.


Page 6

Біз демократиялық, зайырлы, құқықтық
және әлеуметтік мемлекет ретінде даму
жолына түскен елміз. Біздің елде
азаматтық қоғам жүйесі қалыптасып, адам
құндылықтары басты орынға шығуда.
Ендеше, азаматтық қоғамды
қалыптастырып, ар-ожданымыздың алтын
қазығы саналған Ата заңымызда айқын
жазылған адамгершілік құндылықтарды
дамыту сіз бен біздің белсенді, игі де ізгі
амалдарымызға байланысты.


Page 7

Ел басқаруда даналық жолды ұстанған кез келген басшы
халықтың бірлігі мен берекесін, бейбітшілігі мен игілігін, ар-
ожданы мен діни сенімін жоғары қойып, адамгершілік
құндылықтарға нұқсан келтірмеуге тырысқан. Өйткені, әділдік –
барша азаматқа ортақ құндылық. Ал адам құқығы мен
құндылығының негізгі кепілі – Ата заң.


Page 8

Ата Заңымыздың алғашқы бабында
айқын жазылғандай, мемлекеттің ең
қымбат қазынасы – адам және оның
өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Тегіне, нәсіліне, ұлтына, тілі мен дініне
байланысты ешкімді кемсітуге
болмайды. Өйткені, Конституция
бойынша адамның қадір-қасиетіне қол
сұғылмайды. Сондықтан да бір
шаңырақ пен ту астын мекен еткен
халықтың тірегі һәм сүйеніші болған
Ата заңға құрмет – ұлт болашығы үшін
де аманатты іс болмақ.


Page 9

Адамзат баласы қауымдасып өмір сүруге бейім
жаратылған. Қоғамдық тәртіп орнаған қауым қашан
да өркениет көшінен қалмаған. Даңқты батыр
бабамыз Бауыржан Момышұлының: «Тәртіпсіз ел
болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды», – деген
ұлағатты сөзі көп жайтты ұғындырса керек...


Page 10

АТА ЗАҢ – ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТІП,
ХАЛЫҚТАН ҚҰРАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТЕ
ІЗГІ ҚОҒАМ ҚҰРУ ӘРБІР ПАРАСАТ
ИЕСІНЕ ЖҮК.


Page 11

Назарларыңызға
рахмет!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
15.11.2024
515
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі