Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт, тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт, тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні: 01.09.2023


Сынып: 11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ» табысты ұлт»

Құндылық

Ұлттық мүдде

Мақсаттары

Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру;

Адалдық,шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету;

Адал,шыншыл болуға тәрбиелеу.



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті


Ресурстар


Ары таза адал адам мінді өмір сүреді.Оның ішінде Отанына,отбасына,қоғамға адалдық адамның өзіне,өзгеге,болашаққа деген сенімен арттыра түседі.

Адалдық әр адамның өзін  де,өзгені де сыйлауын көрсетеді.

Адалдық  бар жерде адам өзіне де,өзгеге де шындықты айтады,оны айту ауыр болғанда да ол тартынбайды.Адал болу тек қана өтірік айтпау емес,шындыққа ешбір қалтықсыз сену.

Адалдық  біздің жан дүниемізден басталады.Ол адами қарым-қатынастан және іс-әрекетімізден көрінеді.Адал адамға сенім артуға болады,оның қандай жағдайда да күмән келтіруге болмайды.Адалдығы бар адамның рақымы мол болады.

Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады. Осы тұста ұлы тұлғалардың осы тақырып төңірегінде айтқан ой толғамдарын назарларыңызға ұсынғанды жөн санап отырмыз.



Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады. Әл-Фараби

Шешен кісі сөз бастар, Адал кісі  - ел бастар. Жамбыл Жабаев

Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. Мұхтар Әуезов

Ойың адал болғанмен, орындағаның олақ болса, ұнатпадың деп өкпелей алмайсың. Ғабит Мүсірепов

Асыл қасиет – адалдық, асысл міндет – адалдық. Максим Горький

Адалдық қайда болса, тіршілік сонда. Қаюм Насыри

Жақын болудың бірінші шарты – адалдық. Михаил Пришвин

Адалдық танытатын адамға да адал бол. Плавт Тит Макций

Адал болғың келсе, жаныңда адал достар болсын. Менандр

Адалдық ұмытылса, ақыл мен ерлік – бос дыбыс. Вишакхадатта

Сүйіспеншілік пен құрмет адалдыққа әкеледі. Габриэль Оноре Марсель

Адалдық – өмірден қымбат. Ф. Шиллер

Ғұмыр бойы бақытты болғың келсе – адал адам бол. Т. Фуллер

Қазақтың нақыл сөздері:

  1. Жаным-арымның садақасы.

  2. Ашу- дұшпан ақыл- дос, ақылыңа ақыл қос.

  3. Ала жіпті аттамағанның ары биік.

  4. Адалдық ардың ісі.

  5. Ақылдың алдымен жүр, ақымақтың артымен жүр.



әр топқа сұрақтар беру талқылау.
1. Сіздер қалай ойлайсыздар өмірдегі басты адалдық не?
2. Мектепке келудегі мақсаттарың қандай? Сіздерді не үшін оқытып жатыр?
3. Өмірде қандай жетістіктерге қол жеткізгіңіз келеді?
4. Дәл қазіргі кезде қандай мақсатты көздер отырсыз?
Дұрыс айтасыңдар өмірде білімсіз есеюдің, өсудің қажеті жоқ екенін және де қазіргі кезде білімімізді жетілдірудің түрлі жолдары өте көп.
Ол үшін алдымызға мақсат, міндет, оған жету жолдарын қоюымыз керек.
Бүгінгі сабағымызда келесі ұғымдардың мағынасын ашу үшін жұмыс жасаймыз.
1. Мақсат
2. Адалдық (түрткі)
3. Әрекет жетістікке жету жолы.
4. Әділдік жолы









Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана - сезімі мен ар - ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық - этикалық жиынтығы.
Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым - түсінігі туралы Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», - дейді. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды.
Жүректен - жүрекке шеңберімен аяқталады. Оқушылар бір біріне жүрек жарды тілектерін айтып тақтаға жазады.
Рефлексия: «Сенім ағашы!» (5 мин)

Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі -қазақтың   әулиесі сол”. 

                                                                                                                 Абай. 

Әділдік-шыншылдық;турашылдық, адалдық, дұрыстық.                    

Әділдік — ізгіліктің ірге тасы.

Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ”.              

                                                                                                Абай.          

                                                  Әңгімелесу

Ойланайық,пікірлесейік”атты айдарынан берілгенсұрақтарға әңгіме жүргізу.   

1.Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?      

2.Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме?Неліктен?               

3.Әділ болу оңай ма?

 

                                                    

 

        

                                Мәтінмен жұмыс.      ( Корей ертегісі )

                                                  «Адал бала»

  Адал бала” атты мәтінді  интонациялық кідірістерді ескере отырып үлкен ықыласпен оқу. Мәтінді оқушылардың өздеріне оқыту, мазмұнын мұқият тыңдауды ұйымдастыру. Мәтіннің соңында берілген сұрақтар оқушылардың ойларын тұжырымдауға негіз блады.

                                                Мақал-мәтелдер

  Адамгершілік болмай, Әділдік болмас. 

 

  Адамның ұяты бетінде , Адамгершілігі ниетінде. 

   

 Кішіпейілділік - кісінің көркі. 

 

Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені. 

 

Әділ айтқан жеңер.


Әділ айтсаң ағайынға жақпайсың, 
Әзіл айтсаң маңайыңа жакпайсың. 

 

Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.


 Әділдіктен қашпа.

 

Әділет қылышы кескен қол ауырмас.


Әділ сөздің зілі жоқ, Көп көзінен өткен істің міні жоқ.


Әділін айтсаң — әдемі айтқаның.

                                                               

            Оқушылар жауап береді                               











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.08.2023
4402
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі