Материалдар / Әдіс - тәсілдер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әдіс - тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ барысында мұғалімдерге қолдануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2019
413
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әр оқушының ішкі ойы.

Әр оқушының ішінде сақталған бір сыр бар...

Әр оқушының жүрегінде сақталған махаббат бар...

Әр оқушының көңілінде ұмытылмас естелік бар... 

«Тізеде отыру» жаттығуы

Мақсаты: Команда жұмыс, сенім, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру. Өзіңізден басқаларды дөңгелектеніп тұруды сұраңыз. Кейін барлығын келесі ойыншының арқасына қарайтындай оңға бұрылуын сұраңыз. Барлығы алдында тұрған адамның иығына екі қолын қойсын. Сіз 1,2,3 деп санағаннан кейін барып, «отыр» сөзін айтуын түсіндіріңіз! Барлығы сіздің артыңызда 1,2,3 деп қайталап, «отыр» сөзін айтқаннан кейін алдағы ойыншының иығынан қолдарын алмай артындағы адамның тізесіне ақырын отыру керек. Бұл жаттығу қызықты және жақсы ынтымақтастықты тудырады. Бірақ та барлығы істей алатынына көз жеткізу қажет. Егер де, сіздің тобыңыз мықты болатын болса, сіздер дөнгелек бойымен жүре аласыз және де жаттығуды бірнеше рет қайталауға болады. Кейін ойыншылардан бұл жаттығуды орындаған кезде не сезгендерін сұраңыз. Олар бұл тапсырманы орындай алатындығын сұраңыз? Бұл шынайы өмір тәжірибесін суреттейді ме? (Есте сақтайтын жағдай: бұл жаттығуды сіздің тобыңызда өткізуге болады деп мақсат етіп шешім қабылдайсыз ба?). 

«Менің отбасым»

жобалау әдістемесі

Нұсқау: Білім алушылар «менің отбасым» тақырыбына сурет салу тапсырылады. Салынып болған суреттер жинап алынады, ата – аналары өз балаларының салған суреттерін табуы қажет.

Талқылау сұрақтары: Өз балаңыздың суретін табу қиын болды ма? Өз балаңыздың суретін қандай элементтер бойынша таптыңыз?

«Мен қандаймын және кіммін» жаттығуы

Нұсқау: ата – аналар мен мұғалімдерге алдын ала дайындалған бүктелген қағаздар таратылып беріледі. Берілген қағаздың бірінші бетіне «Кіммін», екінші бетіне «қандаймын» сұрақтарына жауап жазып, жазылған жауаптарды сәйкестендіріп оқимыз. 



Жүйрік ой

Мақсаты баланы шапшаңдыққа,байқампаздыққа, алған білімін орынды пайдалана білуге үйретеді. 
Тақырыпқа сәйкес термин сөздер жазылған парақтарды сынып бөлме қабырғаларына,орындықтардың арқа сына,шкафтардың жақтауларына скочпен ілеміз.Парақтың әр жерлеріне ұшып жүрген маса,ара ,шыбын,суреттері салынады.Қатысушыларды екі топқа бөліп екі қатарға тұрғызамын.Алдыңғы екі қатысушының қолындарына шыбын ұрғыш беріп,терминдердің ережесін оқимын.осы кезде алдыңғы саптағыекі қатысушы барып,сол термин сөзі жазылған парақтағы маса немесе араны шыбын ұрғышпен өлтіруі тиіс. Дұрыс тапқан қатысушыға бағдаршам әдісі бойынша қызыл ,сары, жасыл фишкаларды үлестіріп бағаладым.



«Кім тез?»

Оқушылардың логикалық ойлауда ширақтыққа бейімдейтін мына тәсілдерді де тақырып бойынша қолдансаңыз болады.Ойын «Кім тез?» ай аттарын дұрыс жаз.1. ңақарт 2. пақна 3.уарзын 4. рымма 5. мысума 6. рқүқыйке 7. арқаша 8. зақан 9.лежсантоқ 10.мазыт 11.деліш 12.суірә.Бұл өзіңіз өткен тақырыпқа қарай сөздерді де өзгертуге болады.


«Кездейсоқ сөйлем»


Қазақ тілі сабағында қолдануға ыңғайлы әрі сергіту сәті ретінде де қолданып жүрмін.«Кездейсоқ сөйлем» ойыны. Шарты: газеттен, журналдан алынған басқы тақырыптар беріледі. Оқушы осы тақырыпшаларды сөйлемге біріктіреді. Ол сөйлем жеңіл күлкі тудыратындай юморға құрылуы керек.

«Диалог-ертегі»

Баланың шығармашылығын арттыруда және сөздік қорын байытуда пайдасы бар деп ойлаймын.«Диалог-ертегі» ойыны. Шарты: мұғалім не оқушы шығарып, кез келген бір әңгіме - ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бірден сөйлеммен ары қарай жалғастырады. Мысалы, мұғалім былай бастайды: «Ертеде бір байдың шолжаң ұлы болыпты...» 1 – оқушы: «Сол ұлы ойнап жүріп адасып кетіпті...» десе, 2 – оқушы одан ары қарай жалғастырады: « Адасып көп жүріп,қарны ашып келе жатса, алдынан бір лақ кезігіпті»... – міне осылай ертегі жалғаса береді, ең соңғы оқушы ертегіні жалғаса береді, ең соңғы оқушы ертегіні ұтқыр шешіммен аяқтауы тиіс. Және кімде-кім ертегі ішіне қызғылықты оқиға кірістіре алса, соның еңбегі жоғары бағаланады.

3 оқушы,3 сыншы, 3 бакылаушы

Әдебиет сабағында 3 оқушы,3 сыншы, 3 бакылаушы әдісін жиірек қолданамын.3 топтан 3 оқушы берілген мәтінді баяндайды, 3 сыншы олардың қаншалықты дұрыс әрі толық айтқанына сын айтады,әрине, сын айту үшін ол мәтінді сыншылар да жақсы білу керек, бұдан соң 3 бақылаушы 3 оқушының жауабын сыншылар дұрыс сынай алды ма,олардың өздері қаншалықты білетінін бақылап баға береді. бақылаушы да дұрыс бақылау жасап,әділ баға қоя алды ма оны әр топ мүшелерінен сұрастырып талдаймыз.Балалар да қайта -қайта талданған соң тақырыпты жақсы меңгеріп шығады

“Қожанасыр қоржыны”

Қожанасыр қоржыны”ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру. Ойынның шарты: тақтаға қоржын ілінеді. Бұл қоржын Қожанасырдың қоржыны, оның іші сыйлықтармен толы екенін айтып, оқушыларға тапсырмаларды тарату. Егер оқушы тапсырманы дұрыс орындаса, қоржыннан сыйлық ұтып алады. Ойынның алдында сергіту сәтін өткізуге болады:

Кел, балалар, келіңдер,

Тамашаны көріңдер.

Бізде қызық ойын бар,

Барлығың ден қойыңдар.

Тапсырмалардың үлгілері:

сөздерді қазақшаға аудар: Кошка, дом, школа, библиотека, наш, большой, мы, огород, овощи, рыба.

Сөзді септе: жолбарыс.

Тапсырманы түрлендіре бересіз тақырыпқа сәйкестендіріп...

“Жоғалған әріптер”

Жоғалған әріптер” ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау. Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу. Мысалы: к... гершін балдыр... ан ән... ран к... тап к... ктем ... же ... ңгіме о... ушы айда... ар а... Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады.Кейде "Жоғалған буындар "деп ойнатсаңыз да болады

“Соңы кім?”

Соңы кім?” ойыны. Ойынның мақсаты: Сөздерді өрбіту, толықтыру арқылы оқушылардың сөздік қорларын молайту. Ойынның шарты: Тақтаға кез келген сөз жазылады. Мұғалім бұл сөзге байланысты басқа сөздер құрғызады. Соңғы сөзді құрған оқушы жеңімпаз атанады. Ойынды жургізу тәртібі: Жаз | ыстық | жазғы каникул | тамыз | күнге күю | шомылу



"Дұрыс*Бұрыс"

Мен үй жұмысын сұрағанда уақытты ұту үшін көбіне "Дұрыс*Бұрыс"ойыны арқылы сұраймын. Ойын шарты бойынша өткен сабақ туралы бірнеше дұрыс және қате мәліметтер жазамын, сыныпты екі топқа бөліп тұрғызып, екі орындық қоямын, дұрыс мәлімет оқылса дұрыс орындығына немесе керісінше жылдам отыру керек, кім бірінші соған смайликтер беремін, соңында қай топтың смайликтері көп санаймыз

"Үшеуіне бір мысал"

"Үшеуіне бір мысал" деген тәсіл де оқушыларды сын тұрғысынан ойлауы мен сөйлемді дұрыс құра білуіне ықпал етеді деп ойламын. Мысалы жалаң және жайылма сөйлемдерді өткенде оқушыға үш сөз немесе 3 сурет беріп сөйлем құратасыз .Мысалы: қыз,кітап,отыр. оқушы,мұғалім, тақтаның суреті,сосын,екеуіне бір мысал десем қай сөзді алып тастар едің? деп жалаң сөйлем құратасыз 

Сіз сыныбыңызды басқаларға қарағанда өте жақсы білесіз. Оқытудың миллиондаған әдістерін тиімді оқыту үшін қолданады , бірақта нақты сынып үшін қайсысын қолдану керек екенін әрбір мұғалімнің өзі шешім қабылдайды. Бұл әрбір мұғалімнің өз оқыту әдісін жасайтынын көрсетеді . Атақты Паоло Фрейре, Виктор Шаталов , Молдо Ниязда сіздер сияқты мұғалім болған . Олар оқу мақсатына жеңіл және тез жету үшін , әртүрлі әдістерді қолданды.Бізде әр түрлі әдістерді тиімді пайдаланып ,жетістікке жетейік . Әріптестер .

"Өрмекшінің торы"

"Өрмекшінің торы"әдісі менің тәжірибемде де аса сәтті өтті дей алмаймын. Біздің де жібіміз шатасып,аздап уақытты да жоғалтып алдым. Содан соң екінші рет қолданбадым. Бірақ тәлім алушы әріптесім өз сабағында өте шебер қолдана білді. Қазір Нұржамила айтқан кезде оның неге сәтті өткенін түсіндім. Өйткені ол ағылшын тілі сабағы еді және ол жерде небары 11 ғана оқушы болған еді.

«Қоржынды кім тез шешеді?»

Үлкен бір модульді аяқтаған кезде нәтиже сабақта «Қоржынды кім тез шешеді?» деген ойын ойнаймыз. Үш қатар болса (немесе 3 топ) үш қоржын дайындайсыз. Әр қоржында сөз тіркесін құру, буынға бөлу, модулға сәйкес грамматикалық тапсырма, мәнерлеп оқу, диалог болады. Қай топ тез дайындалып, дұрыс айтып шығады (7-10 минут). Бұл ойынды мұғалім белгілі бір модуль бойынша оқушының қандай деңгейде меңгергенін тексере алады.


«Сөз соңындағы ұйқас»
Мына ойындарды да мен өз сабағымда қолданып жүрмін, сіздерге де ұсынамын.«Сөз соңындағы ұйқас» ойыны. Шарты: екі команда бір-біріне кезекпен дайын ұйқас ұсынады. Қарсыластар сол ұйқастыпайдаланып, табан астында өлең шумақтарын шығаруға тиіс.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!