Материалдар / әдіс-тәсілдер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

әдіс-тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2017
5853
17 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастыруда Тыңдалым

«Сөздік» жұмысы.

Сөз

Біздің анықтама

Сөздіктегі анықтама

Сөйлем























Оқушылар мәтінді тыңдайды және таныс емес сөздерді жазып алады. Сол сөздермен жеке немесе жұптасып жұмыс істейді.



«Төрт сөйлем» тәсілі. 1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.

2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.

3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.


Тыңдаған материалдан қажетті ақпаратты іріктеп алуға дағдыландырады.


«Үш қадамды сұхбат» стратегиясы.

Әр топ тақырыпқа байланысты бір-біріне тыңдалған мәтін бойынша 3 түрлі сұрақ, пікір айтып талқылайды. Негізгі ақпаратты анықтайды.


Тыңдай отыра оқушы өз пікірін айтуға, ойын дәлелдеп сөйлеуге дағдыланады.


«Болжау» кестесі.


Мәтін бөлімдері

Қандай мәселе көтеріледі?

(не болады?)

Шындығында қандай мәселе көтерілді?

(Не болды?)

І бөлім

2 сөйлемнен кем емес болжау.

2сөйлемнен кем емес ақпарат.

ІІ бөлім






Оқушы мәтіннің бір бөлімін тыңдап, болжау жасайды. Болжау аяқталған соң, сынып қабырғасына жазылған мәтін түпқұсқасымен салыстырып, ақпаратты анықтайды. Мұғалім негізгі мәселе мен ақпаратты түсінуге , болжай білуге бағыттайды


«Әдеби шеңбер» стратегиясы.

  1. Талқы себепшісі – тақырып бойынша 5 сұрақ құрастырады. (кейіпкерлері, сюжет, қарым-қатынас, автор позициясы, т.б. бойынша)

  2. Белгілеуші – тақырыптың қай бөлімі ең маңызды екенін дәлелдейді.

  3. Байланыстырушы – тақырыпты өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.

  4. Қорытындылаушы – автор позициясы мен көтерген мәселесін қорытындылайды.

Тыңдалған материал бойынша топтық жұмыста қолдану өте тиімді . Әр оқушыда жауапкершілік пайда болады.








Айтылым.

«Кубизм»

Қажетті жабдықтар: әр қырына тапсырма жазылған «ойын тасы»

Жаттығуды орындау барысы: оқушылар екі топқа бөлінеді, әр топ оқушыларына әр қырына тапсырма жазылған «ойын тасы» беріледі. Топтың әр мүшесі «ойын тасын» лақтырады. Ойын тасындағы нөмірге сәйкес шығарманың «деталін» айтады.

Талқылауға берілетін шығарма нысандары:

1. Сюжет

2. Кейіпкер

3. Оқиға

4. Мекен

5. Тақырып

6. Әдеби көркемдегіш құралдар



Тиімділігі: «Кубизм» белсенді оқыту түріні әдеби көркем шығарманы талдауға, өткен сабақты қорытындылауға тиімді.




«Ақылдың алты қалпағы» әдісі.

«Ақ қалпақ» киген оқушы қажетті ақпаратты анықтап сөйлейді.

«Сары қалпақ» киген оқушы тақырыптың тиімділігін сендіре айтады.

«Қара қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша кемшіліктерді анықтайды.

«Қызыл қалпақ» киген оқушы тақырып бойынша болжам жасайды.

«Жасыл қалпақ» киген оқушы тақырып бйынша креативті, жаңа идеялар айтады.

«Көк қалпақ» киген оқушы тақырыпқа сараптама жасап сөйлейді.

Тақырып бойынша әр оқушы ақпаратты анықтап, болжам жасауға, өз ойын айтып,сараптама жасауға дағдыланады.


Дәстүрлі әңгіме

Оқушылар қысқа әңгімеден кейіпкерлер мен олардың іс – әрекеттерін анықтайды. Олар кейіпкерлердің іс- әрекетін саралап, бағалайды. Олар сондай-ақ басқа топқа әңгіменің мазмұны бойынша 5 сұрақ құрулары керек. Әр топ әңгіме мазмұны мен кейіпкерлер туралы идеяларымен алмасады.

Кейіпкердің іс- әрекетіне баға беруде, әңгіме мазмұнын тексергенде тиімді.


«ПОПС» формуласы.

  • Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

  • Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

  • Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

  • Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім .... ».



Айтылған пікір қайталанбауы керек, дәлелмен сөйлей білу керек. Ойын тұжырымдап, нақты жеткізуге бағыттайды.











Дағдылар

Белсенді оқыту әдіс-тәсілдері

Сипаттама

Оқылым

«Дәйексөз »

Қажетті жабдықтар: Флип-чарт, түрлі-түсті қарындаштар, стикерлер.

Тапсырманы орындау барысы: Флип-чартқа өтілген шығармадан бірнеше дәйексөз жазылады. Дәйексөз жазылған флип-чарт қабырғаға ілінеді.

  • Әр топ бір дәйексөз таңдайды.

  • Топтар берілген үлгі бойынша шығарманы талқылайды:


A. Сюжет: Әңгімелеуші кім? Осы сәтте не болып жатыр? (1 ұпай)

B. Интерпретация: Үзіндінің немесе дәйексөздің маңызы неде? Кейіпкер туралы не айтылады? Тақырып. Тартыс. Өңдеңіз. (1-3 ұпай)

C. Анализ: Жоғарыдағы сұраққа жауапты автор қолданған әдеби құралдармен байланыстыру. Дикция, детальдар, суреттеу, диалог. (1-3 ұпай)

  • Топтарға дәйексөзді талқылауға 4 минут беріледі. Дайын болған топ бастайды. Жұмысын қорғауға 2 минут беріледі.

  • Топ өз жұмысын таныстырып болғаннан кейін, қалған топтардың жұмысын толықтыра алады.

  • Әр топқа өз жұмысын таныстыруға 1 минут беріледі. Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.



«Пирамидалық талқылау» стратегиясы.



Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ пікір қалыптастырады. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір - бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды.

Shape1 Shape2 Shape3 Shape4 Shape5 Shape6




«Маслоудың қажеттіліктер сатысы» тәсілі

Талдау сатылары

1. Биологиялық және физологиялық қажеттіліктер - ауа, тамақ, ішу, үй, жылу, ұйқы және т.б.

2. Қауіпсіздік қажеттіліктері – қорғану, қорғау, тапсырыс, заң, шектеулер, тұрақтылық және т.б.

3. Белгілі бір ортадағы қажеттілік, махаббат – жұмыс тобы, отбасы, махаббат, қарым-қатынастар және т.б.

4. Құрмет қажеттілігі – өз-өзін құрметтеу, жетістіктер, мамандық, тәуелсіздік, мәртебе, басқару, бедел, басқару жауапкершіліктері және т.б.

5. Білу, үйрену қажеттіліктері - білім, мағына және т.б.

6. Эстетикалық қажеттіліктер – қадір және сұлулық, тепе теңдік, түр келбеті және т.б. іздестіру.

7. Өзін-өзі тану қажеттіліктері – өз сүйіспеншіліктерін түсіну, өзін-өзі тану, жеке өсу жолының мүмкіндіктерін іздестіру және тәжірибелер.

8.Қол ұшын беру қажеттіліктері – басқаларға өмірде өз-өзін табуға көмектесу.


Мәтін беріледі.

1-қадам. 1-жақта айтылған ойды табу

2-қадам. 3-жақта айтылған ойды табу

3-қадам. Күмәнмен айтылған ойды табу

4-қадам. Сенімді айтылған ойды табу

Мақсаты – детальді оқ у және мәтіннің стилін, сөз оралымдарын анықтау.


Сұрақ қоя білу тәсілі


Мысалы кедейлі туралы мәтінді оқыған соң, мұғалім төмендегідей сұрақ түрлерін бере алады. Жауап ауызша да, жазбаша да түрде болуы мүмкін.

Негізгі сұрақ

Әлемдегі кедейлік пен теңсіздік мәселесенің шешімі бар ма?


Жанама сұрақ

Оқушылар құрастырған сұрақтарын басқа топтарға айтады және идеалды әлем туралы талдайды.


Анықтауыш сұрақтар

Алдыңғы сұрақтардың жауаптарын жазып одан тағы да сұрақ туындатады. одан көп сұрақтар қояды.


Жауаптағы детальдар негізгі сұраққа жауап бере ала ма?

Сұрақтар мен жауаптар шынайы ма? Әлде шындыққа жанаспай ма?


Стикерлермен жұмыс


Жаңа сөздерді жаттаудың бірнеше жолы бар. Яғни жазылған сөздерді бір рет оқып, 1 сағаттан кейін қайта қарау. Бір тәуліктен кейін қайталап оқып, мағынасын еске түсіру.Бір аптадан кейін тағы бір оқып шығу және бір айдан соң тағы қарау. Бұл әдісті жүйелі орындау, сөздерді ұзақ есте сақтауға мүмкіндік береді.

Жазылым

«Фишбоун» белсенді оқыту әдісі.




Пайдаланатын мақсаты: Мәселені/тақырыпты талқылауға арналған жаттығу

Орындалу барысы: басы – тақырыптың мәселесі, үстіңгі сүйектері – тақырыптың

негізгі түсініктері,

астыңғы сүйектері – себептері,

құйрығы – мәселенің шешімі.

Қаңқадағы жазулар қысқа

болу керек, олар тірек

сөздерден немесе тақырыптың

негізгі ойын ашатын фразалар болуы мүмкін.



«Қарлы кесек» тәсілі

Мысалы мақал-мәтелдер туралы мәтін оқыған соң мұғалім немесе оқушылардың өздері мақал-мәтел жазылған қағазды умаждап, бір-біріне лақтырады. Тосып алған оқушы сол мақалдың мағынасын ашып, түсіндіруі керек.

Көпшілік білетін мақалдардың тізімін жасайды. Ең көп мақал жазған оқушылар өз тізімдерін сыныпқа оқиды, ал басқалары кейбір мақалдарды немесе сол мақалдарға қатысты сұрақтарды өз тізімдеріне қоса алады.



Эссе жазуға бағытталған тәсілдер


Мысалы: Эвтаназия заңды түрде жасалынуы керек. “Әрбір адам өмір сүру жолын таңдаған сияқты, өліміне қатысты жағдайларды таңдауда бірдей дәрежеде бақылауға ие болуы керек.”


Мағына

Түсініктеме

Мысал

Мәселемен қайта байланысу.

Өзіне-өзі қол жұмсауға көмектесу ауыр қылмыс болып саналады

Эвтаназияның бір түрі өзін-өзі өлтіруге көмектесу. Бір адам жиі қатты ауырып, өз іне қол жұмсай алмағандықтан, өзгеден көмек сұрайды. Факт бойынша бұл ауруды өлтіруге көмектесуші дегенді білдіреді.

1992 жылы Дәрігер Кокс заңды ашықтан-ашық бұзып, шын көңілмен белсенді эвтаназия жасауын сұраған 70 жастағы Миссис Бойсқа келісімін берген. Дәрігер Кокс оған тыныш өлтіретін хлористі калий егеді. Дәрігер Кокска шартты жаза берілгенімен ол сот алдына баруға мәжбүр болды.

Егер адам тұрақты аурудан зардап шексе және жазылуға ешқандай үміті болмаса, бұл қалай адам өлтіру болып қарастырылады.





Эссе жазуға бағытталған тәсілдер

Эссенің негізгі бөлімін жазып алу үшін ақпаратты іріктеу үлгі кестесі:

Мақсат

Үлгі

Тіл

Ақпарат



Түсініктеме



Сендіру мақсатында берілген ақпарат



Мәтіннің құрылымын түсіну үшін:

Дәлел

Тақырып

Сипаттама



Баяндау



Бағалау



Талдау



Қайталау



Кеңес беру



Пікір білдіру








«Қақпа»

Ойынға қажетті құралдар: түсіндірмелі сөздік, қақпаның суреті

ауыстырып отырған дұрыс . Мақсаты – жаңа сөздерді оқу. Көргенін жылдам жазу арқылы мағынасын еске сақтау


Орындалу барысы:

  • тақтада қақпаның суреті тұрады;

  • сынып топқа бөлінеді;

  • мұғалім бір сөзді немесе терминді айтады;

  • топ сол сөзді кестеге толтырады;

  • 1 оқушы кестені толтырады;

  • 1оқушы сөздікпен жұмыс істейді;

  • 1оқушы гол салады.

Жұмыс барысында оқушылардың рөлдерін

Сөз

Менің аудармам

Сөздіктегі аударма

Сөйлем




















«Негативтен позитивке» тәсілі

Оқушыларға негатив жаңалықтар жазылған




Белсенді оқыту түрлері:

  1. Оқушылар бір өтірік, екі шын әңгіме айтады, қарсы жұп өтірікті тауып алуы керек.

  2. Оқушылардың туған айлары арқылы топтастыруда оқушылар мұғалімнің көмегінсіз жылдам бөліне алуы керек. Немесе оның көптеген тәсілін ойлап табу керек. Мысалы: Күзде өсетін жеміс жидектердің суретін бір партаға, шаңғы, шана, коньки суретін екінші партаға қойса, оқушылар соған топталады.

  3. Рефлекция. Сабақтағы көңіл күйін үш түрлі түс арқылы беруге болады. Жасыл түс – көңілді, сары түс – қалыпты, қызыл түс – нашар көңіл күйді білдіреді.

  4. Оқушы жұмысын бағалауда үнемі комментарий айтып отыру керек. Пікір позитивті болу керек. Мыс: мына жасағанын жақсы, бірақ былай жасасың одан да жақсы болар еді. Бағалауды, пікір білдіруді оқушылар да позитивті бере білу керек.

  5. Танысу ойыны: «Базар» ойыны. Оқушылар өз аттарын сегіз қағазға тең болатындай жазып шығады. Оларды ортасынан бүктейді, барлығын қорапшаға салып араластырады. Оқушыларды қатар тұрғызып, қораптағы сөздерді тең бөліп алады. Сосын өз аты жазылған қағазды жинап алу үшін, екінші адам оған тапсырма айтады, ол оны орындап сатып алады. (Жаңабай)

  6. «Карусель» ойыны. Оқушылар шеңбер құру арқылы жылжымалы түрде бір бірімен диалогқа түседі. Мыс: 1-ші: «Отбасы – мемлекет негізі». 2-«Менің хоббиім», 3-ші «Денсаулық» (үшеуін бір бірімен сабақтастыра екі минуттан әңгімелеу) 4-осы тақырыптарды өмірде қалай қолданасың?

  7. Оқушыларды төрт топқа бөліп, төрт тапсырманы беремін: айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым. Төрт тапсырма әр партада бір бірден тұрады. Оқушылар жылжымалы түрде белгілі бір уақыт аралығында орындап шығады. Мыс: тыңдалымды диктафонға жазады.

Әрекет неге ұқсайды?

Әрекет кезінде қандай дыбыстар шығарады?

Әрекет кезінде қандай сезімде болдыңыз?






  1. Белсенді оқыту түрлері: «Әртіс» 1. Сен сабақтан шаршап шығып барасың? Соны қалай бейнелей аласың? 2. Сен каникульдан демалып келдің. Бір біріңмен қалай амандасасың? 3. Сен үшін болған маңызды жаңалық қандай?

  2. Сергіту сәтіне арналған жаттығу: Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Ойын бастаушы: Хан уәзірлеріне «Бұйрық берді» деп бір іс әрекет жасайды. Солар әр қайсысы бір бір қимылдан жасатып шығады.

  3. «Ымды түсіну». Оқушылар шеңбер құрып қатар отырады. Тапсырма: Оқушылар әр түрлі уақытта бірінен кейін бірі тұруы керек. Егер бір уақытта екі адам қатар тұрып қалса, оған дейін тұрғандар бәрі отырады. Солай толық тұрғанша жалғаса береді.

  4. «Сөздік гол» ойыны. Сыныптың әр жеріне бес сөзді жасырып, әр топ өзара бірлесе отырып, сол сөздерді кесте бойынша толтырып, әр сөзді толық талдап біткен соң, «гол» деп айтуы керек.

  5. «33» ойны. Ережесі: оқушылар шеңбер құрып тұрады. 3 cанын немесе 3 саны бар санны4 орнына қол шапалақтап өте шығасың. Қалғанын бір, екі, шапалақ, төрт, бес, шапалақ, жеті, сегіз, шапалақ, он, он бір, он екі, шапалақ, қателессе, сол жерден қайта бастайды. Солай 33 санына дейін қателеспей жеткізу керек.

  6. Сыныптың төрт бұрышына төрт түсті жазып іліп қоямыз. Оқушыларға қай түсті ұнайды, сол бұрышқа жиналыңдар дейміз. Оқушылар сол бұрыштарына жиналып, бір бірін құшақтайды. Екінші: Кім айтқанды жақсы көрсе қызыл бұрышқа, тыңдағанды ұнатса көк бұрышқа, жазғанды ұнатса жасыл бұрышқа, оқығанды ұнатса қара бұрышқа жиналады. Солай тапсырма жалғастыра беруге болады.
































ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН БЕЛСЕНДІ

ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ


(қазақ тіліне қосымша оқу құралы)









Нурушева А.Н








КӨКШЕТАУ, 2013




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!